Салтанат ҚОЖАХМЕТОВА: Арықтау үшін бес мезгіл тамақтану керек

    Ол – қаладағы тәжірибелі мамандардың бірі. Ол – адамның тәні ғана емес, жаны да сұлу болу керек деп есептейді. Ол – фитнес жаттықтырушысы Салтанат Қожахметова.

    Бұл салаға қалай келдіңіз?
    -Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Фитнес клубқа 18 жасымда келдім. Ал жалпы спортпен жеті жастан бастап айналысамын. 16 жасқа дейін ұлттық би биледім. Өнердегі алғашқы жеңісіме он жасымда жеттім. Болгарияда өткен байқаудан жүлдемен оралдым. Көп қалаларды араладым. Өте пысық болдым. Ал спортқа мені алғаш рет анам әкелді.
    Мектеп бітірген соң колледжге финанс саласы бойынша оқуға түстім. Бірақ бұл менікі емес екенін бірден білдім. Бұл салада жұмыс та істеген жоқпын. Кейін 18 жасымда тұрақты жұмысқа орналасып, еңбек жолымды бастадым. Алғаш фитнес бойынша кастингке қатыстым. Қатысушылар өте көп болды. Мен біздің қалада осыншама көп спортшы бар деп ойламаппын. Екі жүзге жуық адам бір залда бес сағат бойына өзімізді көрсетуге тырыстық. Қиын жаттығулар жасадық. Мен де бағымды сынап көрмек болдым. Бұған дейін бимен айналысқан мен үшін бұл бір жаңалық болды. Үш ай арнайы оқытты. Біз адамдарға жаттығу жасауға көмектесіп қана қоймаймыз, оған үйретуіміз керек. Ол үшін арнайы әдістерін меңгердім. Бастапқыда бәрі қиын болды. Бірақ төзімділік пен өз ісімді қатты жақсы көретіндігімнің арқасында көп нәрсе үйреніп, басқа адамдарға үйретіп жүрмін. Менімен келгендердің көбісі кетіп қалды. Өзгеге үйрету үшін өзің бәрін білуің керек. Таңнан кешке дейін жаттығып жүрдік. Қазір бұл салада жүргеніме он жылға жуық уақыт болды.

    Қалада фитнеспен айналысатын әйел адамдар көп пе?
    -Иә. Өте көп деп айтуға болады. Біздің қыз-келіншектер зілтемірлерге, басқа да алып темірлерге көп жоламайды. Олар бимен, басқа да жеңіл жаттығулармен айналысады. Әйел адамдар ерлер секілді бұлшықеттерін шығарып, ауыр темірлермен жаттығатындар аз. Олар көбіне арықтау үшін немесе формасын ұстау үшін жаттығу залына келеді.
    Келушілер арасында 15 жастағы балалар мен алпыстан асқан адамдар да бар. Үлкендер көбінесе жеңіл жаттығу түрлерін таңдаса, 25 жастан асқандар дене бітімдеріне қарай ауыр жаттығуларды таңдайды.
    Арықтық пен шымыр дененің айырмашылығы жер мен көктей. Үйде өзіңді кейбір тамақтардан шектеп, ешқайда бармай-ақ арықтауға болады. Ал жып-жинақы дене-бітімнің болуы үшін көп еңбектену керек. Қазіргі жастар үшін фитнес сәнге айналған. Қазір арық дене емес, шымыр дене сымбатты болып есептеледі.
    Жаттығуға келетін әйелдер – отбасылы және отбасын құрмаған болып бөлінеді. Тұрмыс құрмаған қыздар үшін талапқа сай тамақтану қиынға түспейді. Ал отбасылы әйелдер балаларына тамақ әзірлейді. Қазақтың дастарқаны бай ғой. Бауырсақ, ет, сорпа, қазы-қарта болу керек. Одан қалды келіп-кететін қонақтары бар. Сондықтан диета ұстау қиынға түсуі мүмкін.

    Келушілер арасында бодибилдингпен айналысқысы келетіндер болды ма?
    -Жалпы маған келушілер арасында бодибилдингпен айналысқысы келетіндер болған жоқ. Біздің тұрғындардың көбісі жаттығу залына арықтау үшін келеді.
    Жалпы жаттығудың нәтижесін үш айдың ішінде байқайсыз. Ол үшін жаттықтырушының айтқанын екіетпей істеу керек. Күнделікті тағамдарыңыздың құрамын да өзгертуге тура келеді. Бұл үш айда сіз армандаған нәтижеге қол жеткізесіз деген сөз емес. Тек үш айдан кейін жаттығудың нәтижесі көріне бастайды.
    Таразыдағы салмақ көрсеткіші – бұл басты мәселе емес. Салмақ азаймаса да, белдің, санның көлемі кішіреюі мүмкін. Оны арнайы лентамен өлшеп білуге де болады.
    Салмақ тастау – бұл тамақ жемеу деген сөз емес. Керісінше тамақты көп жеу керек, бес мезгіл тамақтану керек. Сымбатты болу үшін ағзаға пайдалы тамақтарды жеу керек және мұны әдетке айналдырған дұрыс.

    Сіз жақсы дене-бтімге қол жеткізу үшін үш ай керек дейсіз? Ал жарнамада екі аптада арықтадым деп жатады...
    -Жоқ. Бір айға дейін адамның денесіндегі артық сұйықтық кетеді. Күдікті диеталардан денсаулығың да құриды. Ал егер ондай диетаны тоқтатсаң, бұрынғыдан да артық салмақ қосып аласың. Тері астындағы майды кетіру үшін үш айдан көп уақыт керек. Май, су кеткесін дене өзінің формасын жоғалтады. Салбырай бастайды. Мен жаттығу залына баратын адам мен үйде өз бетінше арықтаған адамды бірден байқаймын. Әсіресе әйел адамдардың қолына, санына жиналатын май, арықтаған кезде теріні салбыратып жібереді. Соларды тартып, әдемі формаға келу үшін жаттығу керек.
    Ерлер мен әйелдер фитнеске қатысуындағы мақсаттары екі түрлі. Бірі салмақ қосу үшін келеді, ал нәзік жандылар салмақ тастау үшін қатысады.

    Қандай тағамдарды ұнатасыз?
    -Қуырылған картопты жақсы көремін. Бірақ бұл тағамды жемегеніме үш-төрт жылдың жүзі болыпты. Мен тек суға піскен тағамдарды пайдаланамын. Жеміс- жидектер, жаңа сығылған шырындар ағзаға өте пайдалы. Спорт – денеге күш түсіретін болғандықтан уақытылы әрі табиғи тамақтарды жеу керек. Кез-келген диетаны ұстауға болмайды.
    Қонаққа барғанда ет тағамдарын және қияр мен қызанақ салаттарын жеуге тырысамын. Ал менің қонаққа жаятын дастарқанымда әрдайым жаңа піскен қияр мен қызанақтың салаты, ет тағамдары болады.

    Жұмысыңызда қиыншылықтар бола ма?
    -Жаттығуға келушілермен қарым-қатынасымыз жақсы. Олармен қиындықтар болып көрген жоқ. Жалпы мен таныстарымыз болсын немесе бұрын келіп-кеткендер кеңес сұраса, бар білгенімді айтуға тырысамын. Барлық клиенттеріме әлеуметтік желі арқылы 24 сағат бойы деп айтуға болады, ақылдасып, хабарласып отырамын.
    Егер алдыңа мақсат қойсаң ештеңенің қиындығы жоқ. Өз кәсібіңді сүюің керек. Мен ертеден кешке дейін жаттығу залындамын. Төрт жыл қатарынан ораза ұстап келемін. Әрине, ораза кезінде физикалық күш түсіретін жаттығуларды азайтамын. Себебі, кейбір жаттығу кезінде жиырма минут сайын су ішу керек. Бұл жаттығудың заңы.”Менің жұмысым сондай” деп сылтаулатқан емеспін. Әрі фитнеске келушілерді де міндетті түрде дәрігер тексереді. Сол бойынша жаттығу жасауға көмектесеміз.

    Болашақ жарыңызға қандай талаптар қояр едіңіз?
    -Отбасы – мен үшін киелі ұғым. Егер жүрегім қаласа ешқандай талап қоймаймын. Тіпті, құлай сүйіп тұрсам дене бітіміне де қарамас едім. Ең бастысы адамгершілігі мол, еңбекқор болу керек. Ал қалғанын өзім ретке келтіріп аламын деп ойлаймын.

    Менің негізгі мамандығым – дене шынықтыру пәнінің мұғалімімін. Бұл мамандығым бойынша шәкірт тәрбиелегенім жоқ, бірақ балаларыма пайдасы тиері сөзсіз.

    Фитнес – шыдамдылықты, еңбекқорлықты қажет ететін спорт. Адам өзге үшін емес, өзі үшін еңбектену керек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Салима Науанова: Жас көрінгісі келетін адам ерінбеу керек
  • Бір мезетте он мың адам жаттығу жасады
  • Райса Байлиева: Жеңіске жетуімнің сыры қазы-қартада
  • Тегін жаттығыңыздар!
  • Спорт клубтарында ақысыз жаттығуға болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге