Ербол Шыма: Шетелде оқығым келеді

    Ербол Шыма:  Шетелде оқығым келеді

    Ол – жастайынан жақсы істің басында жүрді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Ол – теледидар арқылы көпшіліктің көзайымына айналды. Ол – шетелде оқып, білімін шыңдағысы келеді. Ол – “Ақтөбе жастары” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ербол Шыма

    Ербол Маралұлы, қазіргі қызметіңіз туралы айтып өтсеңіз.

    -Қазіргі қызметіме желтоқсан айынан бері келдім. 2011 жылы алғашқы еңбек жолымды “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында консультант болып бастадым. Қосымша “Жас Отан” жастар қанатының облыстық филиалының атқарушы хатшысы болып қызмет еттім. “Қазақстан Ақтөбе” телеарнасында тақырыптық бөлімде редактор болып жұмыс істедім. Қазіргі таңда қосымша “Қазақстан еріктілер” жалпы ұлттық қозғалысының Ақтөбе облысы бойынша координаторымын.
    Телеарнада жұмыс істеп жүргенде қалалық әкімдіктен ұсыныс түсіп, қазіргі қызметіме келдім. “Ақтөбе жастары” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директор болдым. Жұмыстың бағытын көрсетті. Алғашқы бағыты маған ұнады. Маған жалпы қоғамдық жұмыстар, халықпен жұмыс жасаған қатты ұнайды.
    Біздің мекемеде жиырмаға жуық қызметкер жұмыс істейді. Мақсаты – жастар саясатын дамыту, қала бойынша аула клубтарын ашып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу үшін спорт, шығармашылық бағыттарын дамыту.
    Заң бойынша 16 мен 29 жасқа дейінгілер жастар болып есептеледі. Заң бойынша...
    Мекеменің жұмыс істеп жатқанына көп бола қойған жоқ. Жарты жылдың ішінде аула клубтары ашылып, жұмыс істеп жатыр.
    Аула клубтарындағы спорттық секциялардың бәрі тегін жұмыс істейді.
    Міндетіміз – қала бойыныша әрбір оқу орнында қанша жас бар, олар немен айналысады, қандай бағытқа бейім, соны анықтап, жас-тармен жұмыс жасау.

    Көмек сұрап келген жастар болды ма?

    -Ондай жағдайлар әлі бола қойған жоқ. Бірақ көмек сұрап келетіндер болса, қолымыздан келгенін аямаймыз. Жұмыс іздеп жүрген жастар болсын, денсаулығына байланысты ем іздеушілер болса біз бағытын көрсетеміз. Сол мәселелермен айналысатын мекемелерге жібереміз. Біз бағыт-бағдар берушіміз.

    Қазіргі жастар туралы Сізден артық білетін ешкім жоқ. Жалпы жастар туралы не айтар едіңіз?

    -Қазіргі жастарға қызығам. Оларға барлық жағдай жасалған. Мектептердің өзінде үш тілді тереңдетіп оқуға мүмкіндіктері мол. Менің кезімде қазіргі жастарға істеліп жатқан мүмкіндіктің бірі болған жоқ.
    Жалпы замандастарыма айтарым, әр адам өзіне сену керек. Сен өзіңе өзің сенбесең, саған басқа адам сене ме?! Алға қойған мақсаттарына жету үшін ерінбей еңбек ету керек. Қай кезде де қосымша білім алуға тырысу керек.
    Қазіргі адамдар жан-жақты болу керек.
    Қазір айшылық жерден жылдам хабар жеткізетін әлеуметтік желі бар. Мен де оны қолданамын. Бірақ ештеңе жазбаймын. Тек сырттай бақылап отырамын. Пікір қалдырғанды ұнатпаймын. Қажетті жаңалықтарды оқып, сонымен шектелемін.

    Қызметкерлеріңізге қандай талап қоясыз?

    -Берілген тапсырманы уақытылы орындап, әр ісіне жауапкершілікпен қарау керек. Қызмет бабында өтірік айтып, жалған сөйлегендерді ұнатпаймын. Мәселе шешілмей жатыр ма, тапсырма уақытылы орындалмаса да шындықты жасырмай, ескертіп отыру керек.
    Қазір біздің мекеме қызметкерлерінің ең үлкені қырықта болса, ең жасы жиырмадан асқандар. Талап бәріне бірдей.
    Ешкіммен сөзге келмеуге тырысамын.

    Телеарнаға шақырса қайтып барар ма едіңіз?

    -Мүмкін. Алдағы он жылда. Егер басшылық қызметті ұсынса, барамын. Қарапайым журналист болып қызмет етуге шақырса бармаймын. Себебі, қазір қызметім бар.
    Кезінде республикалық телеарналарда қызмет еткім келген кездер болды.
    “Қазақстан”, “Хабар” телеарналарында өтетін кастингке қатысып көрейн деген ойлар болды. Оны жүзеге асырғаным жоқ. Тек ойладым да қойдым. Әрі қарай әрекеттенгенім жоқ. Менің халыққа қызмет ету саласында жұмыс істегім келеді. Адамдармен етене араласып, қолымнан келгенін жасап, жаңа жобаларды жүзеге асырғым келеді. Қазіргі қызметім өзіме ұнайды.

    Ата-анаңыз, отбасыңыз туралы айтсаңыз? Қай жердің тумасысыз?

    -Жасым 24-те. Туған жерім Ырғыз, руым – шөмекей. Ал мектепті Ойыл ауданында бітірдім. Әкем қызмет бабымен сол ауданға ауысқан еді. Мектептен соң Ақтөбе политехникалық колледжінде оқыдым. Негізгі мамандығым – бағдарламашы. Бірақ бұл кәсіп бойынша жұмыс істегенім жоқ. Кейін жоғары оқу орынын да осы сала бойынша бітірдім. Колледжде оқып жүрген кезімде өзімнің жеке кәсібімді ашып, мамандығым бойынша жұмыс істегем. Студент кезімде “Жас Отанның” белсенді мүшесі болдым. Соңғы курста сонда қызметке шақырды.
    Үйдің кенжесімін. Апам мен ағам бар. Олар Ойыл ауданында тұрады, сол жақта қызметте. Әкем де сол ауданда мемлекеттік қызметте. Анам – ауруханада жұмыс істейді.
    Мектепте жақсы оқыдым. Шектен шыққан тентек болдым деп айта алмаймын. Ұстаздардың айтқанын сол бойда қағып алатын едім. Қазақ әдебиеті, тарих пәндері мен үшін қиын болған жоқ. Ал орыс тілі пәнінен қиналдым. Тіпті, бір рет диктант болатын күні сабаққа да бармай қалғанмын. Математиканы өте жақсы көрдім. Ата-анамның берген тәрбиесінің арқасында көптеген жетістіктерге жеттім.
    Қазір балам әлі кішкентай, тілі шықпаған сәби. Бірақ осы кезден “болатын”, “болмайтын” нәрселерді үйретіп жатырмыз.

    Бала күніңізде қандай мамандық иесі болуды армандап едіңіз?

    -Менде “осындай кәсіп иесі болсам” деген арман болған жоқ. Мен армандарымды жүзеге асыруға тырысамын. Белгілі бір уақыт аралығында қол жеткізе алатындай алдыма мақсат қоямын. Сосын соған жетуге тырысамын. Қазір ойлаған армандарыма қол жеткізіп келемін деп айта аламын. Аз уақыттың ішінде белгіленген нәтижеге қол жеткізіп келемін.
    Колледжде оқып жүргенде “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы болдым. Кейін телеарнада жұмыс жасасам деген алдыма мақсат қойғам. Оған да қол жеткіздім. Ізденіс пен еңбегімнің нәтижесі деп ойлаймын, басшылық қызметтемін.
    Ал ендігі арманым – “Болашақ” бағдарламасы бойынша білім алу. Шетелде оқығым келеді. Мен мектепте оқып жүргенде шеттілдерін оқыту қазіргі кездегідей қарқынды жүрген жоқ. Қазіргідей мотивация да болған жоқ. Қазір бәрі басқаша. Мектеп жасындағы балалардың өзінде мүмкіндік мол.

    Сіз жассыз. Дегенмен кезінде жіберіп алған мүмкіндіктеріңіз, өкініп қалған жерлеріңіз болды ма?

    -Иә. Болды. 6 сыныпта оқып жүргенде қаладағы физика-математика мектебіне оқымақ болып емтихан тапсырдым. Екі турынан жақсы өтіп, үшінші кезеңде біліп тұрған есебімді білмеймін деп ауылға қайтып кеткен едім. Балалық қой. Сол әлі күнге дейін есімде. Дәл сол уақытта әр ауданнан жақсы оқитын оқушыларды Астана қаласына экскурсияға жіберетін болып, мен іліккенмін. Бар ойым сол Астанаға бару болды. Қалада қалсам Астанаға бара алмай қаламын деп ойлаған шығармын.

    Өз отбасың туралы айтып өтсең. Болашақ жарыңа қандай талап қойдың?

    -Екі жыл бұрын үйлендім. Ертай атты кішкентай ұлым бар. Болашақ жарымды бір көргеннен ұнатып, осы менің әйелім болады деген ой болды. Есімі – Адия. Қандыағаштың қызы. Жолдасым бала күтімімен үйде отыр. Балабақшаның реті болса, өз мамандығы бойынша жұмысқа шығады. Есіпші ол қытай тілін де жақсы меңгерген.
    Қай жағынан да үлгілі бала, адал жар, ардақты әке болуға тырысамын. Балаларды жақсы көремін. Бұйырғаны болады. Шектеу жоқ.
    Бар демалысымды отбасыммен өткізуге тырысамын. Бірақ жаңа қызметке келгелі бос уақыт жоқ деп те айта аламын. Бұған дейін демалыс күндері отбасымды алып, ауылға кететінмін. Ата-анамның қасына.
    Достарыммен бірге қыдырғанды жақсы көремін.
    Алдағы уақытта, арманым орындалып, “Болашақ” бағдарламасымен шетелге баратын болсам, отбасымды да ала кетемін. Ендігі арманым сол.

    Әңгімеңізге рақмет! Арманыңыз орындалып, абыройыңыз асқақтай берсін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Болашақ” түлектері мемлекеттік қызметке шақырылмақ
  • Салтанат ҚОЖАХМЕТОВА: Арықтау үшін бес мезгіл тамақтану керек
  • Ардагер УАЙДИН: Әкемнің атына кір келтірмеуге тырысамын
  • Алмаз Әлімбаев: Бір тойымның болатынын білемін
  • Юрий Логвиненко: Биыл шаңырақ көтеремін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге