Алтынгүл СҰЛТАНГЕРЕЕВА: Мен үшін әр өнімім қымбат

    Ол – өңірімізде ұлттық қолөнердің дамуына үлес қосып келеді. Ол – табиғи өнімді ұлттық технология арқылы өңдеуді мақсат еткен шебер. Оның қолынан шыққан көрпе жастықты Елбасы мақтаған. Ол – ұлттық қолөнер шебері Алтынгүл Сұлтангереева

    Алтынгүл апа, Сіз өңірімізде ұлттық қолөнердің дамуына көп үлес қостыңыз. Бұл кәсіпке қалай келдіңіз?
    -Негізгі мамандығым – кескіндеме, сызба. Кезіне Алматыдағы оқу комбинатын “5” деген бағаға бітіріп шыққанмын. Әйел адамдардың және балалардың сырт киімдерін пішу бойынша мамандандым. Ұстазым – Анатолий Кленк деген неміс болды. Аудан орталығының жолдамасымен бардым. Бұл бағамен жоғарғы оқу орнына емтихансыз қабылдануға болар еді. Бірақ кеш естіп, ол мүмкіндіктен қалып қойдым. Содан Саралжын ауылына келіп, 3 мың адамға қызмет көрсету мақсатында ашылған ателенің меңгерушісі болдым. Кеңес үкіметі кезінде белгіленген жоспар болды. Соны асыра орындап, марапаттарға да ие болдым.
    30 жылдан астам уақыт осы кәсіппен айналысып келемін.
    Тоқсаныншы жылдардың басында қалаға көшіп келдік. Сол кезде Ақтөбеде алғаш рет Елбасының шыршасы өтті. Балаларға арналған. Сол шыршада өнер көрсететін адамдарға ұлттық киімдер тіктім. Ол кезде №36 орта мектепте жолдасым еңбек пәнінен сабақ берді. Ал мен мектеп басшылығымен қазақ ұлттық киімдерін тігуге келісіп, бір бөлмесін берді. Өзім бесінші балама аяғым ауыр еді. Осылай жұмыс істеп, мектептің тапсырмасын орындай отырып, кішкентайлы да болдық.
    Алматыдан оқу бітіріп келген соң, ауылда жұмыс істеп жүргенде Қалиев Өміржан деген азаматпен тұрмыс құрдым. Тұғышымыз – бір ұл, бір қыз егіз бала болды. Қазір алты баламыз бар. Бәрі өсті, қызметте. Өзімнің білгенімді балаларыма да үйреттім. Күміс алқа иегерімін. Балалар тату болса, аман болса, ата-ана үшін содан асқан бақыт жоқ.

    Қай жердің тумасысыз?
    - Ойыл ауданының Көптоғай елдімекенінде дүниеге келдім. Қарапайым отбасынан шықтым. Он балалы отбасының тұңғышымын. Қазір алтауымыз қалдық. Байұлы Нұрымтаз руынанмын.

    Қазір ұлттық қолөнерге деген сұраныс көп пе?
    -Иә. Алғаш кәсібімізді бастаған кезде, яғни тоқсаныншы жылдары біздің ұлттық қолөнерді ешкім мойындамайтын. Ол кезде біздің тауарымызға тек шетелдіктер ғана қызығушылық танытатын. Венгрлер, немістер, американдықтар елдеріне сувенир ретінде алатын. Тойға, онда да көп емес, тапсырыс беретін. Ал қазір ұлттық қолөнер халықтық үрдіс алды. Мемлекет тарапынан қолдау тапты. Халықтың қызығушылығы артты. Шетелге шыққан азаматтар ұлттық киіммен барғанда, талай құрметке ие болғандарын да мақтанып жеткізді. Америкаға ұзатылған қызына жасау дайындатқан отбасы құдаларының біз дайындаған көрпеге қатты қызыққандарын айтты.
    Калифорнияда оқып жатқан жастар интернет арқылы өлшемдерін, киім үлгісін, түсін жіберіп тапсырыс берген. Соларға тігіп беріп жібердім. Түрлі байқауларға қатысатын өнерпаздар келеді. Өз киімім үшін ұялмайтындай қылып істеймін. Ал бағасына келгенде қазақтың “түйе сұрап, бие ал” деген қағидасына сүйенемін.
    Сатылымға көп шығармаймыз. Тапсырыспен тігеміз. Балаларым көмектеседі. Үлкен көрмелерге балаларды ертіп те бардық.
    Әр заттың сапасына үлкен мән беремін. Тапсырыстар әртүрлі болады. Бір тапсырысты бір-екі ай істеген кездерім болды. Тіпті бір жыл бұрын берілген тапсырыстар қабылдадым. Оны асықпай, ойымды күн сайын толықтырып, ұнамаған жерін қайта қарап шығамын.
    Ал кейде аз уақытта киім тіккізгісі келетіндер болады. Шабытым келіп, бір түнде бір керемет дүние істейтін кездері де болады.
    Бұдан жиырма жыл бұрын айлап тігетін киімдерді қазір бірнеше күнде бітіруге болады. Қазір технология дамыған. Тапсырысты алыс жерлерден оңай қабылдай бересің. Қазір жұмыс істеу өте қолайлы әрі оңай.

    Сіз өзіңіз тіккен киімдерді ғана киесіз шығар?
    -Жоқ. Керісінше, көбіне сатып алып киемін. Себебі өзіме көйлек тігуге уақыт жоқ. Бір киімді тігіп, киіп алайын деп бастаймын. Бірақ тапсырыс алғаннан кейін ысырып қойып, жұрттың киімін бірінші бітіруге тырысамын. Сөйтіп өзіме бір көйлек тігудің өзі ұзаққа созылып кетеді.
    Арнайы шақыртуларға тіккен шапаным бар. Ал жолдасым өзі оюлап тұрып “миллионерша” деген матадан киім дайындап берген. Көбіне өзіме киім тіге бермеймін.
    Мен негізі киімді пішудің маманымын. Бір киімді тігіп шығу үшін де бірнеше маман керек. Қазір бір адам істей салады. Сондықтан дүкеннен алған заттың тігісіне көп көңіл бөлемін. Жұрттың үстіндегі киімдерінің де дұрыс тігілмеген жерін бірден аңғарамын. Көзге көрініп тұрады. Қазіргі киімдерде қателіктер көп. Сондықтан денеге қонымды киім табу қиын.
    Қазіргі жастардың да ойы ұшқыр, бірақ технология жағынан қате көп. Дизайнер дейді. Ол тігудің барлық технологиясын меңгеру керек. Бірақ қатені іздей берсең табасың. Сондықтан олардың жетістіктеріне жол берген дұрыс. Қолдау керек.

    Алда қандай жоспарыңыз бар?
    -Менің ойымда бір керемет дүние бар. Соны жасап шығарғым келеді. Ол ешкінің терісі мен қолдан тоқылған алашадан сандық жасау. Екеуінің технологиясын терең меңгеріп жатырмын. Осы дүниені жасау арманым . Оның пішіні, түр-түсі көзалдымда. Оның технологиясы ешқандай кітапта жазылмаған. Ешжерде жоқ. Екі табиғи материалды біріктіре отырып жасау керек.
    Мақсат, жоспар көп. Тағы бір жоспарым, Ақтөбеде таза былғары киімдер тігетін цех ашу. Таза жүннен, теріден. Отбасыммен осы істі қолға алып жатырмыз. Теріні дәстүрлі әдіспен, бұрын ата-бабамыз қалай өңдеді, солай өңдемекпіз.
    Қазір жолдасым, балаларыммен бірге отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында “Дуксар” деп аталатын шағын кәсібімізді дамытпақпыз. Жолдасым да осы кәсіппен айналысады. Оның өз алдына ашқан жеке кәсібі де бар. Талай көрмелерге қатысып, марапатталған. Ұлттық киімге салынатын ою-өрнекті қиып, матаға тігетін де жолдасым. Әрбір тігілген киімге үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Сол сияқты ондағы бейнелеген ою-өрнектің де үлкен мағынамен салынғаны дұрыс.

    Жолдасыңыз да осы кәсіппен айналыса ма?
    -Ол оюды ойып, матаға тігеді. Өрнектердің алуан түрлі болуы – сол кісінің еңбегі. Қошқармүйіз – оюлардың атасы. Тек соны әртүрлі көлемде пайдаланамыз. Кезінде мәдениет министрлігінің қызметкерлері біздің пайдаланатын оюларды сақ дәуірінің өрнектеріне жатады деп баға берген. Киімдегі болсын, көрпе-жастықтағы болсын оюлардың бәрі қолмен қиылып, тігіледі.

    Таза табиғи материалдан жасалған киімдер қандай болу керек?
    -Ондай киімді тек қолымен ғана тігеді. Оған ата-бабамыздың қолданған технологиясын пайдалану керек. Мата қынамен боялады және таза жүннен жасалады. Ал жүнді өңдеу үшін де біраз уақыт кетеді. Ол қыста тоңдырмайды, жазда ыстықты жібермейді. Жүн – тірі талшық. Малдың иленген, өңделген терілері. Міне, осындай табиғи өнімдерден қолымен жасалған дүниелер ғана құнды болады. Қазір шетелдіктер біздің ата-бабаларымыздың технологиясын меңгеріп алып, сонымен жұмыс істеп жатыр. Ал атақтылардың қолынан шыққан таза брендтер тек үлгісімен ғана емес, матасымен де бағалы болады. Олар тек киім үлгісін ғана емес, материалдарды да өздері ойлап, құнды болу үшін тер төгеді.
    Біз біле бермейміз, таза жүннің адам денсаулығы үшін пайдасы мол. Ол буын ауруларына ем. Ал синтефонның қалай жасалатынын білесіздер ме? Ол кәдімгі пластмассадан жасалған талшық. Ондай материалды киім ретінде пайдалануға болмайды.

    Сіз өз ісіңіздің нағыз шеберісіз. Өз қолыңыздан шыққан заттар үшін уайымдаған, толқыған кездеріңіз болды ма?
    -Бұдан бес-алты жыл бұрын Президент резиденциясына ұлттық оюмен көрпе-жастық тіктім. Бұл – мен үшін ең бір жауапкершілігі көп жұмыс болды. Бұрыннан істеп келе жатқан ісім болса да толқыдым. Таза мақпалдан екі түспен – қызыл мен жасылдан тіктірді. Кейін күтіп алған адамдардан Елбасының жастықтағы оюларды сипап “неткен керемет ою-өрнектер!” деп мақтағанын естідім. Облыстық өлкетану музейінде де менің тіккен бұйымдарым бар.
    Байқауларға, көрмелерге қатысуға шақырады. Президенттік мәдениет орталығында өткен көрмеге қатыстық. Бірнеше рет республикалық “ Қанатты әйел” идеялар мен тауарлар жәрмеңкесіне қатыстым. Елбасының Алғыс хатын да алдым. Ал жолдасым республикалық конкурста лауреат атанып, ҚР индустрия және сауда министрінің дипломымен марапатталды.
    Ең бастысы – өз ісімізді адал атқарып, еңбек ету.

    Әңгімеңізге рақмет! Ісіңізге берекет пен шығармашылық табыс тілейміз!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Салима Науанова: Жас көрінгісі келетін адам ерінбеу керек
  • Мектеп формасы орталығы ашылды
  • Не киіп жүрсің, студент?
  • ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
  • Құрақ құраушы шеберлердің көрмесі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге