Әскердегі ұлына ақша аударған ақтөбелік алаяққа алданды

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы алаяқтар "жалған" аккаунттарын жасайтын жағдайлар жиілеп кетті.

 Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

 27 мамырда 50 жастағы Алға ауданы тұрғынының   Whatsapp мессенджеріне  әскерде қызмет ететін ұлынан хабарлама келген.

  • Ұлы әкесінен ұялы телефон сатып алу үшін  40 мың теңге ақшаны картаға аударуын өтінген. Кейінірек  ұлынан кері байланыс болмай, әкесі алаяқтарға тап болғанын түсінген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдіктіні анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде. Азаматтар алаяқтық туралы күнделікті ескертулерге қарамастан, осындай жағдайларға тап болуда.

Құрметті азаматтар, ақша аударуға асықпаңыз: алдымен туыстарыңызға немесе достарыңызға қоңырау шалыңыз және оларда бәрі жақсы екеніне көз жеткізіңіз. Банкинг қызметтеріне қол жеткізу құпия сөздерін үнемі өзгертіп отырыңыз, төлем жүйелерінде бар қауіпсіздік шараларын қолданыңыз. 

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды, әсіресе ақшалай қаражатқа  сақ болуды сұрайды.

Әлеумет
09:00, 02 июнь 2022
551
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив