Елтай Кемал: Қызым – менің мақтанышым

    Елтай Кемал:  Қызым – менің мақтанышым

    Ол – өңірімізге танымал өнер иесі. Ол – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін азамат. Ол – жас-тарды үлкен өнерге баулып жүрген ұстаз. Ол- режиссер, мерейтойына республикалық театр фестивалінің “Ең үздік Исатай” номинациясының иегері, VІІ халықаралық “Шабыт” фестивалінің театр жанры бойынша “Ең үздік классикалық роль” номинациясының иегері, театр-өнер магистрі, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының режиссеры, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ “Кемал” театр студиясының көркемдік жетекшісі Елтай Кемал

    Жұмыс істегеніне аз уақыт болса да өзін көрсете білген “Кемал” жастар театры туралы айтып өтсеңіз.
    - Осы жылдың ақпан айында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жастар бөлімінің жанынан театр құрылды. Университет басшысына мың да бір рақмет. Барлық жағдайымызды жасап, базасын беріп, “Жастар сарайында” дайындық жасаймыз.
    Театрда көбіне басқа мамандықта оқитын студенттер. Әртүрлі факультеттен 28 студент-актер бар. Театрдың жұмыс істеп жатқанына бес-алты айдың шамасы болды. Ақтөбеде өткізілген жастар және студенттер театрлары арасындағы республикалық фестивальда “Кемал” театр студиясы “Ең үздік режиссер”, “Ең үздік актерлық дуэт”, “Ең үздік музыкалық көркемдеуші” номинациясын жеңіп алдық. Біздің алдымызға тек Тұңғышбай ағамыздың театры ғана шықты. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 4 курс студенттері бірінші болса, біз екінші болдық. Бұл – біздің құрылғанына екі ай болған жас театр үшін үлкен жетістік. Мәдениет пен өнерге жаны ашитын азаматтар үшін, болашақта Ақтөбені “Театр қалашығына” айналдыруға болады деген ой тастадық.
    Театр жастары өздерін көрсетті, дәлелдеді, енді жалпы Батыс өңірінің жастары үшін Ақтөбеде үлкен жастар театры ашылса деймін. Келген қонақтар біздің студенттерге сүйсініп кетті. Екі актерымыз Астанадағы Қазақ ұлттық университетіне Асхат Маямировтың класына шақырту алды. Балалар жазда барып шығармашылық емтихан тапсырып, жоғары балл алып, қазір кешенді тестілеудің нәтижесін күтіп отыр.
    Жаңадан бастау алған осы жастар театры жоғарыдағы азаматтардың қолдауына ие болса деймін. Біздің балалар жоқтан бар жасады.
    Жалпы театр саласында жұмыс істегеніме 20 жыл болды. Махамбеттің 200 жылдық мерейтойына арналған театр фестивалінде лауреат атандым. “Шабыт” халықаралық фестивалінде театр жанры бойынша Мұқағали өлеңдеріне моноспектакль қойып, “Ең үздік классикалық роль” номинациясын жеңіп алдым. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасының бұрын актеры болдым, қазір режиссері болып қызмет етіп жүрмін.

    Өзіңіз бейнелеген образдарда жүрегіңізге жақын кейіпкерлер бар ма?
    -Мен белгілі бір кейіпкерді сомдауды армандаған емеспін. Маған режиссер роль тапсырды ма, ол қандай болса да жан-тәніммен соны алып шығуға тырысамын.
    Ал жаныма жақын рольдер – Исатай, Тахауи Ахтановтың “Антындағы” Әбілқайыр ролі, “Қозы Көрпеш-Баян Сұлудағы” жағымсыз кейіпкер, Жантықтың ролі. Мен Жантыққа дейін жағымды, махаббатқа толы кейіпкерлерді ойнадым. Ал мен ойнаған алғашқы жағымсыз кейіпкер мен үшін актерлық өсуіме үлкен әсерін тигізді. Әрі қызығушылығымды тудырды.
    Театр – тірі организм. Спектакль кезінде жалған сөйлей алмайсың. Өтірік күліп-жылай алмайсың. Сахнада көрерменнің алдында тұрғанда қателесуге болмайды. Театрға нағыз кәсіби мамандар керек. Ал кино режиссердың шеберлігіне байланысты.

    Киноға түстіңіз бе?
    -Иә. Басты рольде емес, әрине. Эпизодқа түстім. Айгүл Бажанованың әніне клипке түстім.
    Жас келе талғам мен ой да өзгеретін шығар. Бала кезімізде Д Артаньян, басқа да мықты кинокейіпкерлерге ұқсауға тырысатынбыз. Бала кезімізде үнді фильмдерін көп көретін едік. Соңғы кездері киноға көп шақыртулар болды. Бірақ бастарттым. Маған лабороториялық эксперименттік фильмдер ұнайды. Оған ұсыныс та бар. Қаржы жағын қарастырып жатыр. Егер сол фильм болашақта түсірілетін болса, мен барлық шаруамды ысырып қойып, сол киноға түсуге дайынмын.
    Қазір түсіріліп болмаған фильмдерді интернет арқылы жариялап, суреттерін салып, мезі етіп жібереді. Жалпы, көптің ұнататынын мен ұнатпауым мүмкін, ал менің ұнататынымда көпшілік ұнатпауы мүмкін. Тарихи фильмдер жаныма жақын. Жеке студияларда түсіріліп жүрген жеңіл-желпі дүниелер бар. Мейлі, түсірсін. Олар үкіметке алақан жайып, ақша сұрап отырған жоқ. Ол да қоғамға керек. Әркім керегін алады.

    Қай жердің тумасысыз?
    -Мен Шалқар ауданының Мөңке би ауылында дүниеге келдім. Шектінің ішіндегі Тілеу-қабақ, Мөңке бидің тікелей жетінші ұрпағынан тараймын. Отбасында жеті ағайындымыз. Мен – үйдің кенжесімін. Әкем – Тамабай, мен туған жылы қайтыс болған. Содан анам – Бибатпа жалғыз өзі жеті баланы өсіріп, тәрбиелеп, бәрімізді жоғары оқу орнында оқытты. Қазір анам менің қолымда. Әкемнің туған ағасының тәрбиесінде болдық.
    Әкем домбырада шебер ойнаған. Мен де бала кезімнен домбыраны серік еттім. Әкем сапарға шыққан сайын бізге кітап әкелетін болған. Сонау ауданның түкпірінде тұратын біздің үйде әлемге танымал классиктердің кітаптары болды. Ауылда алғаш болып, пошта ашқан әкем өте сауатты кісі болған. Анам ауылға пошта таратты. Кеңес заманындағы газет-журналдар үйде тау болып үйіліп жататын. Біздің оқуға, білімге деген құштарлық осы газеттерден басталды. Қазір көбісінің аты өзгерді. Мәскеуден келетін журналдардың да атаулары әлі есімде, көз алдымда. Анам екі тілде де еркін сөйлеп, жазады. Нағашыларым Татьяна Иркутскінің қызы еді. Ауыл адамдары менің анама келіп, поштамен зат алдыртатын. Поштамен мотоцикл алғандар да болды. Ал ауылда алғаш болып теледидар, радио біздің үйде болды.
    Мектепте жүргенде-ақ ауыл мені еркелетіп, “Елтай сері”, “Елтай сал”, “Елекем сал” деп атады. Арманшыл, қиялшыл бала болдық. Негізі актер боламын деп ойлаған жоқпын. Әнші болуды армандадым. Облыстық телеарнаға шығып, домбырамен ән айтып жүрдім. Халық шығармашылық үйі ауылға таланттарды іздеп баратын. Мен де солардың қатарына қосылдым. Маржан Қорғанбаева ол кезде талдырмаш қыз, жас маман 30 баланы ертіп Алматыға апарды. Мен термелерімді орындадым. Бірақ нота білмейтіндігім консерваторияға қабылдануыма кедергі болды. Консерваториядағылар сырт-келбетіме қарап, Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтына, актерлыққа бар деп кеңес берді. Киноға түсемін деген қызығушылықпен оған да бардым. Сол жылы драма мен кино актерлығы бөлімі студент қабылдамайтын болып шықты. Тек қуыршақ бөлімі қабылдайтын болды. Одан бірден бастартып, ауылға кеттім. Ауылда мәдениет бөлімінде жұмыс жасай жүріп, келесі жылы театр институтына қайта барып, актерлық бөлімде оқыдым. ҚР халық әртісі, профессор, Есмұқан Обаевтан төрт жыл білім алдым. Ақтөбеге келуіме Есмұқан ағай қарсы болды. Үш күнге дейін дипломымды бермей, Алматыда қалуымды қалаған еді. Бірақ “кенже бала қара шаңырақ иесі, әкем ерте кеткен соң, анамды бағуым керек” деген мақсатымнан аттап кете алмадым. Драма театрға жұмысқа орналасып, анамды ауылдан көшіріп алдым.
    Осы өнер шаңырағында болашақ жарым Данила мен таныстым. Екеуміз отау көтеріп, Нарқыз, Айшолпан есімді қыздарым дүниеге келді. Бірақ, өмірдің маңдайыма жазғаны болар, Данила 25 жасында екінші баламызды босану үстінде қайтыс болды.
    Екінші қызым нағашыларының қолында өсіп жатыр. Жолдасым бір үйдің жалғыз қызы еді. Босанған бойда екінші қызымды нағашылары бауырына басты.
    Ал үлкен қызым өзімнің қолымда өсті. М.Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебінде оқыды. Қазір Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінің кино және драма актерлығында оқиды. Менің жолымды қуып келеді.

    Қызыңыздың таңдауына бірден келістіңіз бе?
    -Бірден келістім. Анасы да “менің қызым актриса болады” деп армандайтын. Мен ең алдымен Даниланың аманатын орындағым келді. Екіншіден, өнер адамдары туралы басқаша ойлау, ол “қазақбайшылыққа” жатады. Қазақта театр болған жоқ деген бос сөз. Хан сарайындай болмаған мен, одан кем емес, алты қанатты, он екі қанатты дала театры болған. Қыз ұзату, келін түсіру, адамды соңғы сапарға шығарып салу рәсімдері – трагедия, комедия.
    Мен қызымды ойланбастан актерлыққа кішкентайнан өзім баулыдым. Ол қазір әрі студент, әрі Айгүл Иманбаеваның “А.И.” театрында жұмыс істейді.
    Мен қызыма өзімнің қолым жетпегенді беруге тырысып келемін. Үш тілде де сауатты. Бірінші курсты аяқтады. Болашақта кәсіби шыңдалу үшін шетелге барып, көріп-білу керек. Еліміздің театрларына жаңашылдық әкелсе деп армандаймын. Жаңа жүйеде жұмыс істейтін режиссерлар өте аз. Мен қызымды қазақтың ұлттық болмысын бойына сіңірген жаңашыл өнер иесі ретінде көргім келеді.

    Қызыңызды өзіңіз өсірдіңіз, тәрбиеледіңіз. Қиналған кездеріңіз болды ма?
    -Әрине. Анам кішкентайынан арқалап өсірді. Қыз бала үшін ананың орны ерекше. Анасы болмаған өте қиын. Отбасым осы баланы өсіруіме көмектесті. Қолымнан келгенше қазақилыққа тәрбиеледім. Шашбауды мектепте жүргенде тағып, көпке де үлгі болған. Мен басында мұғалімдер қарсы болатын шығар деп ойлағам. Кейін ұстаздары қолдап, құрбылары да шашбауларға тапсырыс беріп таққан.
    “Қызға қырық үйден тыйым” деген бар. Қазақ қыз баланы босағаға отырғызбаған. Төрге отырғызған. Қыз бала аз сөйлеп, көп тыңдау керек. Қай жағынан да шебер болу керек. Есімде, Алматыда магистратурада оқып жүргенде сол жақтан қызыма тігін машинасын арқалап келгенім бар. Бір кездері қызым дизайнер боламын деген. Әжесінің тойдан жинаған маталарын сандықтан шығарып, қуыршақтарына киім тигетін. Мен үшін қызымның әрбір ісі – мақтаныш. Ол кезде жетінші сыныпта оқиды. Ақтөбеге жиі келемін. Жол жүріп бара жатқанда керемет қылып тамағымды дайындап берді. Сол кезде мен төбем көкке жеткендей қуанғанмын. Балам үшін мақтандым. Тәрбие – ақыл айта беру емес, іспен көрсету. Алдымен баланы емес, өзіңді тәрбиелеуің керек.

    Отбасын құру туралы ойланған жоқсыз ба?
    -Бұл сұраққа былай деп жауап берейін. (Күлді-ред.) Басым бос, танысқысы келетін қыздар хабарласуларына болады...
    Менің жасымда махаббат, қыздар туралы айту ыңғайсыз.
    Достарыңыз көп пе?
    -Адам талғамына, жасына байланысты өз ортасы болады. Өнерімді бағалағандармен, сыйлағандармен көбірек араластым. Сегіз жыл Алматыда оқығасын, достарымның көбісі Алматыда, Астанада. Сәбит Әбдіхалықов, көкшетаулық курстастарым, астаналықтар бар. Әлі күнге дейін отбасымызбен араласып тұрамыз. Ақтөбеде де жанашыр достарым көп. Қайғылы жағдайға тап болғанда достарым жанымда болды. Олардың бәрі де елі үшін жаны ашитын азаматтар.
    - Қыз бала ақылына көркі сай болу керек. Қыз баланың тәрбиесі дәстүрімізден алыстамағанын қалаймын. Кейбіреулер “келінімді қызым деп атаймын” деп жатады. Мен бұнымен келіспеймін. Келін келін болып, ене ене болып, күйеу бала да бәрі өз орнында болу керек. Себебі олардың өз міндеттері бар.

    Әлеуметтік желіні көп пайдаланасыз ба?
    -Міндетті түрде. Бірін әлемдік жаңалықтардан тыс қалмау үшін, ал екіншісін өз театрымның жаңалықтарын енгізіп отырау үшін пайдаланамын.

    Қандай жоспарыңыз бар?
    -Еліміздің әр өңірінде қазаққа танымал тұлғалары бар. Көкшетауда Абылай хан, Оралда Жәңгір хан. Атырауда Махамбет, Алматыда Райымбек секілді біртуар батырлары бар. Бізде Әбілқайыр хан. Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойына арнап, басшылық қолдап жатса, Тілеу батырды сахнаға шығарғым келеді. Ол 17 мың әскермен Шалқардан Түркістанға барып, Тәукені хан сайлап, елі үшін мерт болған батыр. Оның әскери ұйымдастырушылық қабілетінің өзі неге тұрады?! Сол арқылы батырмен қоян-қолтық араласқан Кіші жүздің батырларын насихаттағым келеді. Тәуелсіздіктің өзі осы бабаларымыздың ерлігімен де келді. Солардың арманы болды.

    Әңгімеңізге рақмет. Шығармашылық табыс тілеймін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде “Балауса” фестивалі өтіп жатыр
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Тахауи театры халықаралық фестивальге барады
  • Жас режиссерлердің республикалық фестивалі басталды
  • Ахтанов театры шақырады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге