Болат АТЫРАУБАЕВ: Ұлттық құндылық бизнеспен шектелмеу керек

    Оның жасаған ұлттық бұйымдары облыста брендке айналған. Ол – сапалы дүниелерімен көпшілік ризашылығына бөленген зергер. Ол – ескі жәдігерлерді жаңаға айналдырған шебер. Ол – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы, зергер Болат Атыраубаев

    Жалпы қолөнер, кәсібіңіз туралы айтсаңыз.
    - Қазақтың киіз үйінің өзі тұнған өнер, музей деп айтуға болады. Аспап, домбыра, қобыз, ыдыс-аяқ бәрі күмістелген, бәрі ерекше, біздің қолөнер бұйымдарын ешқандай елдер қайталай алмайды. Әр қазақтың қанында өнер бар. Мен ата-бабамыздың ұстанған кәсібінен алыстамауға тырысамын.
    Бір затты тездетіп жасап, соны тез сатсақ деген менде мақсат жоқ. Мен бұйымдарымды бір-екі данадан ғана жасаймын. Толтырып жасау деген жоқ. Қытай мен Түркияда бір сақинаның түрін мыңдаған дана қылып жасайды. Ондай дүниелер дүкендерде, базарларда толып тұр. Ұлттық топтамалар толып тұр. Аз ғана ақшаға бір комплекті алуға болады. Арзан дүниелерде зиян металдардың қоспасы болады. Кейбіріне арзан дүние керек. Бағалай білетін адамдар арнайы іздеп келеді. өздеріне керектілерін айтады. Біріне өңіржиек керек болса, екіншісі шолпы, қыз жасауына қосатын әшекейлер, құдаларға сыйлайтын бұйымдарға тапсырыс береді. Ал кейбіреулері, тіпті ғасырлық , тарихи құнды дүниелерін жаңартуға әкеледі. Бұдан он жыл бұрын шолпы-шашбаудың не екенін білмеуші едік. Қазір жас қыз-келіншектер келіп тапсырыстар береді.
    Кезінде аталарымыз бай болып, мыңдаған жылқысы, малы болды. Бірақ алтынға құмар болмаған. Қазір күмістен алтын бағалы. Бірақ күмістің өз қасиеті бар. Ата-бабаларымыз таза күмістерді тазалық үшін пайдаланған. Бұрын көбісі ұлттық әшекейлерді сәндік ретінде тақса, қазір мұралыққа қалдыру үшін таза күмістерге тапсырыс беріп құнды заттар істетеді. Қолдан соғылған дүниелер ешқашан құнын жоймайды.
    Қазір базарға сату үшін, ақша табу жолында істелетін дүниелер болады.

    Осы кәсіппен айналы-сықаныңызға неше жыл болды?
    -Зергерлікпен айналысқаныма он жылдай уақыт болды. Мен ұсталықты кәсіп етемін деп жоспарлаған жоқпын. Қанымызда бар. Кезінде анамның әкесі көрік ұстаған. Қобда ауданында Искра деген жерде ұста болған. Көрік – қазақтар үшін киелі құрал. Сыйға бермеген. Мен де осы кәсіпке қатты қызығушылық болды. Содан кітаптардан оқып, қарап, іздестіріп, жан-жақты зеріттедім. Зергерлік көп айтылмай қалған кәсіп. Кеңес кезінде Байғанин, Ойыл, Шалқар жерлерінде мықты шеберлер болған. Ол кезеңдегі өнер, асыл металмен жұмыс істеу заңмен қудаланған. Ол кезде саясат басқа болды. Ұсталар өз өнерлерін өзгелерге үйрете алмады.
    Ашаршылық кезінде де бір уыс бидайға қымбат бұйымдарын алмастырғанын айтады апаларымыз.
    Қазір өзіңіз де байқап отырсыз. Менің шеберханамда компьютер, автоматика, станок дегендер жоқ. Бәрі ертеден келе жатқан әдіспен, қолмен жасалады. Санаулы құралдармен өте күрделі жұмыс істеуге болады. Десек те, әлі күнге дейін мен бұрынғы шеберлердің деңгейіне жеткендерді көрген жоқпын. Сапалы, әдемі әшекейлер жасайтындар бар, бірақ күрделі бұйымдар жоқ.
    Осыдан он-жиырма жыл бұрын ұлттық әшекейлер, зергерлік бұйымдарды ешкім таққан жоқ. Ал қазір іздеп келетіндер көп.
    Ұлттық өнерге тек бизнес ретінде емес, сүйіспеншілікпен қарау керек. Зергер сапалы дүние істегісі келсе, кітаптан іздестіріп, терең зеріттегені дұрыс.

    Өткен ғасырдың әшекейлерін әкелгендер болды ма?
    -Иә. Менің қолымнан біраз дүниелер өтті. Ескі дүниелерді бір кездері көп жинадым. 18-19 ғасырдың зергерлік бұйымдарын. Қапсырма, күрделі істелген өңіржиектер, салмақты білезіктер болды. Жалпы Батыс өңірінің дүниелері салмақты, күрделі болып келеді. Ақшасына қарамай сатып алдым. Ол дүниелерді зерттеп, біраз нәрсе үйрендім. Кейін коллекционерлер мен музейге бердім. Ата-әжелерімізден қалған дүниелер музейде тұрғаны дұрыс. Оны жұрт көріп, білу керек.

    Қымбатқа өткен дүниелеріңіз бар ма?
    -Бұл маған жиі қойылатын сұрақ. Мен үшін бәрі құнды. Кішкентай жүзік болсын, күрделі өңіржиек болсын. Бар өнеріңді салып, шын ниетіңмен істелген дүниелердің бәрі қымбат. Тоғыз ай бала көтергендей, бәрі де іштен шыққан дүниелер...
    Әр әшекей түр-көлеміне қарай, жұмысына қарай бағаланады. Кейде әжелеріміз ертеректегі күмістерін әкеліп тапсырыс бергенде, жетпей қалып жатады. Ондайда “мен күміс қосып едім”демей, алдын-ала келісілген бағаға бересің. Әр заттың өз несібесі бар. Сапасы жағынан базардағы заттардан артық болғанымен, бағалары бірдей. Таза күміс, өзіңнің ойыңдағы үлгімен қолдан соғылған. Барына шүкір!
    Ал негізінен құны миллионға тұратын әшекейлер де бар. Бірақ оны бәрінің қалтасы көтермейді. Тек тапсырыспен ғана жасауға болады.
    2008 жылдары гобелень тоқып жүргенде сатып алушылар бағасына қарамайтын. Қазір кризис... Бәрінің жағдайын түсінуге тырысамын.
    Қазір бір жылдай болды өз қолымнан шыққан дүниелерге “АБ” деген белгі соғамын.

    Қандай тастарды көп пайдаланасыз?
    -Ертеде аталарымыз бай болса да, алтын, бриллиантты көп пайдаланбаған. Мұсылман әлемінде жылтыраққа көп қызықпаған. Қарапайым тастарға, оның ішінде ақыққа қызығатындар көп. Алғаш рет Араб Әмірлігінде көрмеде болғанда арабтар ақыққа қызығушылық танытты. Ол – мұсылман әлемінде Пайғамбар тасы деп есептеледі. Жасыл, көгілдір түсті тастарға да құмарлар көп. Кейбіреулер, тіпті, жұлдызнама бойынша іздеп жүреді.
    Жалпы тастарды арнайы жерлерден тапсырыспен алдырамын. Біздің хандар, билер, батырлар күмістен жасалған бұйымдар мен қарапайым тастарды пайдаланған. Әйел адамдар алтыннан араластырып жасатқан. Біздің әжелеріміздің сапалы жасалған күміс дүниелерінің қасында бриллианттар жолда қалады.

    Күмістерді қайдан аласыз?
    - Тапсырыспен алдырамын. Көбіне клиенттер өздері ала келеді. Ескі заттарды алып келеді. Міне, мыналар 19-20 ғасырдың дүниелері. Қарайып кеткен. Кейбірінің атын да білмейтіндер болады.
    Көне заттарды қалпына келтіру жаңадан жасағаннан да күрделі. Өте күрделі, қиын жұмыс. Бірақ ешкімде жоқ, керемет бұйым болып шығады. Жалпы күмістің қарайғаны жақсы. Ол адам бойындағы барлық токсиндерді өзінің бойына сіңіреді.

    Тапсырыс берушілер көп пе?
    -Бұрын тек шетелдіктер ғана қызығушылық танытатын. Ал қазір тек қазақтар емес, өзге ұлт өкілдері де келіп, әшекейлерге тапсырыс береді. Тек тойларға ғана емес, күнделікті тағып жүру де сәнге айналған. Бір отбасы тұрмысқа шығатын қызына күмістен барлық әшекейлерін жасатқан. Шашбауға тапсырыс беретіндер де бар. Қонақтарға сыйлық ретінде алады. Қазір құдағиларына арнайы жүзік дайындатады. Көбіне өздерінің руларының таңбасын салып, тарихи дүниелерге тапсырыстар береді. Ол ертең әкеден балаға қалып отыратын құнды дүние болып қалмақ.
    Ертеде адамның әлеуметтік жағдайын зергерлік бұйымдарына қарап ажырататын болған.

    Бұйымдарыңызды шетелге шығарып көрдіңіз бе?
    -Иә. Иран, Ресей, Араб Әмірлігінде өтке көрмелерге қатыстым. Кілемдерім ТМД елдерінің жартысынан көбіне, Франция, Польшаға, Англияға кетті. Еліміздің жеке колликционерлері алды.
    Халық берген бағаға ешқандай атақ-дәреже жетпейді.
    Алла қаласа, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалып жатырмын. Қазір облыста он шақты қолөнер шеберлері бар. Бәріміз өз бұйымдарымызды дайындап жатырмыз. Аймақтың абыройын асқақтатуға тырысамыз. Десек те бізге қиындық тудыратын бір жағдай – шеберханалардың жоқтығы. Біріміз осындай кішкентай бөлмеде, біріміз саяжайда тірліктерімізді істеудеміз.

    Отбасыңыз туралы айтсаңыз
    -Әлімнің ақ кетесінен тараймын. Қобда ауданының Калиновка деген жерінде дүниеге келдім. Көпбалалы отбасы болдық. Әкем ерте қайтыс болды. Механизатор болған еді. Сегізімізді жеткізу үшін анам екі жұмыс істеді. Ауылда сауыншы болды. Қосымша ауыр жұмыстар істеді. Жастайымыздан қиындық көріп өстік. Бәріміз бауырмал болып өстік. Ауызбіршілігіміз мықты. Кішкентай кезімнен сурет салуға құштар болдым. Мектепте жүргенде редколлегия болдым. Институтта бейнелеу өнері факультетінде оқыдым. Сурет те салдым, кілем де тоқыдым. Қазір міне зергерлікпен айналысып жүрмін.
    Жолдасым жарнама саласында қызмет етеді. Екі балам бар. Үлкені студент. Қытайда оқиды. Мендегі барды ұлыма үйреттім. Ол де қолөнерді жақсы меңгерген. Баланы кішкентайынан үйрету керек. Отбасымда “спартандық” тәрбие. Айналамыздағылар балаларға қатты қарайсыңдар дейді. Қазір бала түгіл үлкендердің өзі балға мен шеге ұстау білмейді.
    Біз баланы “менің балам” деп меншіктейміз. Оны елдің баласы деп тәрбиелеу керек. Ол өскесін еліне, жеріне, бауырына қамқор болатындай мақсатта тәрбие беру керек. Ұлттық менталитетті жоғалтпауымыз керек.

    Спорттан да құралақан емесіз.
    -Спортпен жастайымнан айналысамын. Қазір аптасына екі рет жүгіруге шығамын. Турникке тартыламын. Ауладағы жастармен бәстескенде асып түсемін. Спортпен айналысқанда баламды ертіп жүремін. Көрсін, қайталасын, үлгі алсын деп. Оны турникке тартып, қасында темекі шегіп тұрсам, бұным тәрбие болмас еді. Сондықтан балама тәрбие беру үшін алдымен өзіңді тәрбиелеуің керек.
    Жас кезімізде шығыс жекпе-жегі сәнді болды. Каратэ, таэквандо, айкидо... Қара белбеу иесі де болдым. Спорт – үлкен тәрбие.

    Сұқбатыңызға рақмет! Кәсібіңізге береке тілеймін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алтынгүл СҰЛТАНГЕРЕЕВА: Мен үшін әр өнімім қымбат
  • ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
  • Болат Атыраубаев: Мен енді мемлекеттік қызметке келмеймін
  • Болат Атыраубаев халықарарлық көрмеден оралды
  • Әділғали БАЯНДИН: Маған қыздардың күлкісі шабыт береді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге