Баян БОРАШ: Шәкірт шыңға көтерілсе, ұстаз үшін сол бақыт

    Ол – жарты ғасырдан астам ғұмырын білім мен ғылымға арнаған ұстаз. Ол – бірнеше ғылыми кітап жазған профессор. Ол – “Абайтану” саласына еңбек сіңірген азамат. Ол – құрметті профессор, аға ұстаз Баян Бораш

    Баян Тәліпұлы, қай жердің тумасысыз?
    -Мен 1938 жылы Темір ауданы Шибұлақ елді мекенінде қарапайым отбасында дүниеге келдім. Анам 14 құрсақ көтерген, 12 сәбиі дүниеге келе салысымен шетінеп, солардын арасынан тек Әбділда есімді ағам және мен ғана қалдым.
    17 жасымда Н.Байғанин атындағы педагогикалық институтқа түсіп, кейін қалған оқу жылдарын Орал, Гурьев қалаларында жалғастырдым. Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтты тарих-филология факультетін, қазақ тілі әдебиеті және орыс тілі әдебиеті мамандығы бойынша аяқтадым.
    Мәскеудегі жеке батальонында, әскери жүктерді қамтамасыз ететін бөлімде отан алдындағы борышымды өтедім. 4 айға жуық Калинин қаласында офицерлік курсын оқып, елге лейтенант шенімен оралдым. Отан алдындағы борышымды өтеу кезінде Кеңес одағының барлық елдерін аралап, сол елдердің біраз тыныс- тіршілігімен таныстым. Қиыр Шығыстағы орманды, нулы аймақтардың табиғи ерекшелігі, сұлулығы әлі күнге дейін көз алдымда.

    Ең алғашқы еңбек жолыңызды қай жерде бастадыңыз?
    -Арал өңірінде Қасқауын деген шағын ғана арал бар. Сол аралда 5000 халық орналасқан. Сол жерде балық зауыты болды. Сонда барып, қазақ тілі мен орыс әдебиеті пәнінен сабақ беріп, ең алғашқы қызметімді бастадым. Ол кездері оқу бітіре салысымен бізді дипломмен бекітілген аймақтарға екі жыл жұмыс істеуге жіберетін. Қасқауын елді мекенінде мен бір жарым жыл еңбек еттім.
    Әскерден оралған соң Қандыағаш қаласындағы аудандық партия комитетінде қызмет етіп, кейін нұсқаушы, сектор бөлімінде жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істедім.
    1990 жылы ұстазым Мұхтар Арынның шақыртуымен педагогикалық институтқа келдім. Міне, содан бері отыз жылға жуық осы жоғарғы оқу орнында қызмет етіп келемін.
    Бірнеше жыл қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болдым.
    Ұлы ақын Абайдың 150 жылдық құрметіне орай арнайы үлкен шара өткізу үшін, Семейге барып, көптеген құнды материалдар алып келдім. Мұхтар Арынның бастамасымен “Абайтану” кабинетін аштық. Бұл менің оқу ордамдағы ең бір нәтижелі жұмысым болды.
    Кейін М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер университетінде кандидаттық, ал 2000 жылы Еуразия Ұлттық Университетінде докторлық лауазымын қазақ әдебиетіндегі “Хандар бейнесі” тақырыбы арқылы қорғап шықтым.

    Қазіргі қоғамда жастар арасында сізді қандай жағдайлар аландатады?
    -Қазіргі ұрпаққа сапалы білім беруі үшін, біз – алдыңғы буын аға ұстаздар болашақ жас мамандардың әр оқу кезеңін мұқият қадағалап, болам деген баланың бетін қақпай, жол нұсқауымыз қажет. Қазіргі кезде қоғамда, жастар арасында көптеген түсініспеушілік, алауыздық, бәсекелестік деңгейі өршіп тұр. Бәсекелестік деңгейі болған дұрыс! Бірақ орнымен. Ол үшін сапаны, білімді арттыру қажет. Кітапты көп оқып, Алаш арыстарының өмір шеңберімен танысып, тарихты терең біліп, әрқашан ізденісте болу керек.
    Қазіргі студент жастарға көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Шетелде мемлекеттік бағдарламамен білім алу, мобильдік жүйесі бар. Міне осындай мүмкіндіктер арқылы қазіргі студенттердің білім деңгейі біршама өсетінін аңғаруға болады. Себебі бұл кезде студент 2 ортаның білім деңгейін алып шығады. Ал ізденісте жүрген студент уақытын босқа өткізбейді.

    Үш тілдік білім беру жүйесі туралы ойыңызбен бөліссеңіз.
    -Мен бұл жүйеге оң көзқарастамын деп айта алмаймын. Себебі біздің жас өрендер ең бірінші өзінің ана тілін, жылдар бойы үздіксіз келе жатқан мемлекеттік мәртебемізді өсіретін қазақ тілін ең бірінші жетік меңгеруі тиіс. Елдің мүддесін ойлайтын, өскелең ұрпаққа дұрыс бағдар беретін, патриоттық рухты сездіретін, бір елдің мәртебесін жоғары деңгейде көтеретін дүние – ол біздің мемлекеттік тіліміз. Соңдықтан өз ана тілімізді ең алдымен құрметтеп, дәріптеуіміз керек. Тілдің құдіретін кең көлемде насихаттап жүрсек, бұл өскелен ұрпақ үшін ең бір асыл дүние болар еді.

    Сіздің арнайы дайындаған шәкірттеріңіз болды ма, болса олардың жетістіктері қандай деңгейде болды?
    -Мен сабақ берген студенттердің бәрі маған шәкірт болады ғой. Бакалавр деңгейінде білімін аяқтап, кейін магистратуралық деңгейде қорғаған студенттерімді шәкіртім десем болады. Берік Нұрмұхаммедов, Ақзер Сүгіралина т.б белді студенттерім өз білімдерін шыңдап, диссертацияларын жоғары деңгейде қорғап шықты.

    Жалпы адам баласы өмірге келгенде не аламын деп емес, “болашақ жас ұрпаққа не қалдырамын, не үйретемін және қандай жақсы игі амалдарды бойларына сіңірте аламын” деп өзіне талап қоя білген жөн. Мен болашақ жас ұрпаққа не үйреттім, қандай бағыт-бағдар жасадым ол әр уақыттың еншісінде өзіндік бір жұмбақ болып қалмақ. Бірақ шүкіршілік етемін, сабақ берген студенттерім жолығып, еңбегімді елеп-ескеріп жатады. Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу қиын. Ал сол шәкірттерің ұстаз тілін алып, тәртіпке бағынып, үлкен биік шыңға көтерілсе, міне, сол – бақыт. Ол – ұстаздың үлкен бір ерен еңбегі. Менің де, басқаның да профессор болуы, доктор атануы, ұстаз деген ұлы атақты арқалап жүруі, ол көзі ашық, көкірегі ояу шәкіртті тәрбиелеп соның жемісін көруі. Сондықтан ұстаз бен шәкірт арасында өзіндік түсінік пен тәртіп және сыйластық болуы шарт. Бір сөзбен ұстаз бен шәкірт те егіз ұғым, өзара байланыс.

    Отыз жыл бұрынғы және қазіргі студенттер арасында қандай айырмашылық бар?
    -Мен алғаш институт қабырғасына келгенде, Кеңес одағының кезі болды. Кейін араға жыл салып, тәуелсіз ел атандық. Ұстазым Мұхтар Арынның бес бастамасының бірі болған асыл дінімізді, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды, салт-дәстүрімізді құрметтеуді қолға алдық. Өз әдебиетімізді зерттеп, дамыту – біздің ең маңызды шаруаларымыздың бірі болды. Міне, жиырмасыншы ғасырдың 90 жылдарынан бергі заман, ұлттық дүниелерімізді қалыптастыру, одан әрі күшейту мақсатында жұмсалды деуге болады.
    Ал қазіргі ұрпақ, шүкір, технологияның дамыған заманында өмір сүріп жатыр. Қазір көбісі электрондық жүйеде. Ал сол электрондық жүйені меңгеруде талпынысы бар студент үшін бір жұмыс. Қазіргі жастар білімге, әдебиетке құмар. Өйткені заман талабы сол. Әдебиетті, құнды байлықты, өркениетті, тарихты білмесең, тұлға болып қалыптасамын деу – бос әурешілік. Сондықтан “ұстаздан шәкірті озар” деген қазақта тауып айтқан текті сөз бар. Бұл сөздің астарында, яғни сеннен кейін өсіп келе жатқан жас ұрпақ ізденіс үстінде, білімді деген мағына жатыр. Мен қазіргі жастар шеберлігін шыңдап, елдің бір дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін.

    Өзіңіз ұстаз ретінде кімді ерекше үлгі тұтасыз?
    -Менің жоғары оқу орныңда сабақ беріп, ұстаз болып қалыптасуыма себепкер болған кісі – Мұхтар Арынұлы. Ол кісінің өмірге, қоғамға деген көзқарасы ерекше, биік таудай болды. Мұқанның ''Бес анық'' деген кітабы жарыққа шықты. Ол кітапта адамның:
    Бірінші анық – тілі.
    Екінші анық – діні,
    Үшінші анық – дәстүрі,
    Төртінші анық – тарихы
    Бесінші анық – атамекені, - делінген.
    Міне, мен сыйлаған ұстаз осындай қағиданы ұстаған. Аталған бес анықтың осалы жоқ. Бәрі де ұлт пен ел тағдырының маңызды бір бөлігі. Ұстазымның ерекше сыйлайтын қасиеттерінің бірі – мәнді әңгіме кеңестері, ақылы, ұстанымдылығы адамға бір серпіліс, күш қуат беретін. Менен жасы бар-жоғы 2 жас үлкен болсада, мен Мұқаңды ұстаз ретінде сыйлаймын. Себебі ұстазы жақсының ұстанымы жақсы. Мен сол ұстаз таңдауда, болашаққа деген ұмтылысыма ерекше серпін беруде, жалпы ұстазды таңдауда қателеспедім деп нық сеніммен айта аламын. Шәкірттің әр белесі – ұстаздың қажырлы еңбегі және сол еңбегінің еленгені, оның қуанышы мен бақыты.
    Ал Мұқаң қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылығы, өлеңдерімен ерекше танысты, терең оқыды.
    Бір қызықты айтайын Абай Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келіп, 1904 жылы 59 жасында дүниеден өткен. Ал Мұқаң 1936 жылы Жетісу өңірінде дүниеге келген. Мұхтар Арын да 1995 жылы Абайдың 150 жылдығын Жидебайдағы елді мекенде атап өту үшін бара жатқан жолда, Абайдың жасында жүректен қайтыс болды.
    “Қазақтың бағдаршамы - Абай! Абайды тану - адамды тану” деп өзінің ғұмырында ұлы ақынды ерекше сыйпаттап, құрметтеп өтті.

    Жарты ғасырдан астам еңбек жолыңызда, өзіңіз жазған кітаптар шықты ма?
    -Он жыл бұрын ‘‘Фольклор мен ақын жыраулар поэзиясындағы хандар бейнесі’’ деген кітабым жарыққа шықты. Кейін бұл кітап өңделіп, толықтырып, қайта жаңартылды. 2012 жылы университеттің тапсырысымен, Білім және ғылым министрлігіне таңдаулы ғылыми жұмыстарым республикадағы жоғары оқу орындарына таратылды.
    ‘‘Қазақ фальклорындағы хандар бейнесінің повестері’’ мен ‘‘Хандар тұлғасы’’ авторлық әдебиеті былтыр жарыққа шықты.
    ‘‘Ежелгі дәуір әдебиеті’’ мен ‘‘Электронды оқу құралы’’, ‘‘Қазақ поэзиясындағы адам өмірінің кезеңдері’’, тағы басқа онға жуық кітаптарым жарыққа шықты.
    Жазған кітаптарымнан бөлек 1000 -ға жуық әдеби, тарихи кітаптар жинадым.

    Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз?
    -Өмірлік серігім Зәкия екеуміз 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірдік. Қазір 7 немерем бар. Балаларым анасының жолын қуып, экономика саласында қызмет істейді. Үлкен немерем Әнуардан Мағжан есімді шөбере сүйіп отырмын. Алдағы уақытта осы шөберем ізімді жалғастырады деп ойлаймын.

    Әңгімеңізге рақмет, аға!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бірінші сыныптың білімі балдық жүйемен бағаланады
  • Марта Малайдарова: Оқушы өз үйінде бақытты болмаса, қоғамға пайдалы болмайды
  • Конфуций институты - достық көпірі
  • Нағашыбай Ердәулетов: Мен мұғалімдерді үшке бөлемін
  • БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге