Татьяна Острецова: Қай салада да кәсіби мамандар тым аз

    Ол – жарты ғасырдан астам ғұмырын бала медицинасына, бала психологиясына арнаған. Ол – зейнет жасына келсе де, әлі де тынбай еңбек етіп келеді. Ол – “Қазақстан отбасы дәрігерлер бірлестігінің” Ақтөбе облысындағы филиал директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Татьяна Острецова.

    Cіз қай жердің тумасы боласыз?
    -Қиыр Шығыстағы Свободное қаласында дүниеге келдім. Көп жылдар бойы Ресейде тұрдым. 1972 жылы Воронеж мемлекеттік медицина университетін педиатрия мамандығы бойынша тәмамдадым. Содан кейін клиника ординатурасын бітірдім. 1987 жылы Мәскеудегі Педиатрия институты тұсында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғадым. Балалар неврологиясын зерттеумен айналыстым. Соңғы 30 жылға жуық уақытта Қазақстанда тұрып келемін.

    Қазақстанға қалай келдіңіз?
    -Қазақстанға аяқ астынан келіп қалдым. “Медицина” газетінде белгілі бір уақыт аралығында бос жұмыс орындар туралы хабарламалар шығып тұратын-ды. Ол уақытта менің диссертациям да дайын болған. Сабақ беруді қатты ұнаттым. Сөйтіп, Ақтөбені таңдай салдым. Неге екенін өзім де білмеймін. Бәрі күледі. 1986 жылы Ақтөбеден ұсыныс түсті. Келуге лайық па деп ұзақ ойландым. Ақыры нартәуекелге барып, осы қалаға келдім. 1987 жылы 1 наурыздан бастап Ақтөбе медицина институтындағы жұмысқа кірістім. Алғашында білікті арттыру бойынша факультетінің педиатрия кафедрасында сабақ бердім, кейін отбасы медицина кафедрасына ауыстым. 2001 жылы Британия кеңесінің жобасы бойынша Ұлыбритания мен Алматыда отбасы медицинасы жөнінен білктілігімді еселедім. Үш жыл бойы медицина университетінде отбасы медицина кафедрасының директоры болдым. 2003 жылы университеттен кетіп, өзімнің жеке оңалту қайырымдылық орталығында жұмыс істедім. 2006 жылдан бері “Қазақстан отбасы дәрігерлер бірлестігінің” Ақтөбедегі директоры болып саналамын.

    Медицина саласында оқитын студенттердің қазіргі мен бұрынғы білім сапасында айырмашылық бар ма?
    -Бұрында интерндер қағазға үңілмей, тікелей халықпен жұмыс істеп, білім алды. Яғни әрбір интерннің мойнында бір үй тіркеулі болды. Ол дәрігер ретінде қызмет көрсетті. Өте жақсы кез болған еді. Ал қазір интерндер көбіне лекция тыңдаумен шектеледі. Басқаша айтқанда, олар университетте оқығандарын интернатурада қайталайды. Яғни олар өз бетінше жұмыс істеуге үйренбеген.
    Сондай-ақ, біз студенттермен бірге балалар мен қарттар үйіне, балалар колониясына жиі баратынбыз. Ешкім ешқандай ақшаны, жобаны талап етпейтін еді. Қазір мұндай шаралар қоғамдық бояумен сырланып, әр түрлі жобаға, әлеуметтік тапсырысқа айналып кеткен.

    Қазір отбасы медицинасын дәрігерлер қолданады ма?
    -Өкінішке орай, отбасы медицинасының қажеті шамалы деп ұйғарым қабылданды бір кездері. Қазір біз соны қалпына келтіруге тырысудамыз. Бұл өте баяу жүріп жатыр. Отбасы медицинасы адамның тек қана физиологиясын емес, сонымен қатар оның психикалық күйін де зерттейді. Сондай-ақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көрсеткендей, отбасы медицинасы дәлелдемелі медицинаға негізделеді. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, дәрігер науқасқа белгілеген дәрі-дәрмектің 80 пайызы негізсіз жазылады, яғни артында дәлелі жоқ болса да, науқасқа дәрі-дәрмек жазыла береді. Бұның себебі, біріншіден, фармацевтикалық өнеркәсіп есірткі мен қару-жарақ сатумен бақталасады. Екіншіден, мемлекетіміз дербес атанып, көп затқа рұқсат етілгеннен кейін елімізге пайдасы жоқ көптеген дәрі-дәрмектер ағылды.

    “Қазақстан отбасы медицинасы бірлестігінің” қызметі қандай?
    -Бірінші кезекте, отбасы медицинасын дамыту, паллиативті көмек (қатерлі ісікке шалдыққандарға психологиялық көмек) көрсету. Білікті арттыру мақсатында медицина қызметкерлеріне, психологтар мен әлеуметтік жұмысшыларға көмектесеміз. 4 жыл бойы аз қамтылған отбасыдан шыққан балалармен жұмыс істедік. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден сақтау, жүрек қан тамыр жүйесі ауруының алдын алуы секілді жобаларымен айналыстық.

    Жүзеге асырған жобаларыңыз нәтиже беріп жатыр ма?
    -Көп жағдайда жұмысымызға қанағаттанбаймыз. Көбіне бұл білім беру жобаларына қатысты. Мұндай жобаны үш айдың ішінде жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл уақыт пен қаражатты зая кетіру дегенді білдіреді. Біз өз жұмысымызды жоғары деңгейде орындасақ та, керемет мамандарды шақырсақ та, бұл жүйелі түрде емес, бір рет өткізілетін шара болғандықтан, уақытымыз босқа кетеді. Мәселен, суицидтің алдын алу шарасы. Үш айдың ішінде біз балалармен 2 рет те кездесе алмаймыз. Мемлекеттік сатып алу порталында барлық сипаттама бойынша сәтті өттік. Дегенмен биыл жергілікті жобаның біреуін де алған жоқпыз. Мемлекеттік сатып алу – түкке тұрмайтын іс. Бұл жерде сенің біліктілігің, тәжірибең емес, ұсынған бағаң басшылыққа алынады. Мәселен, мен паллиативті көмек көрсетумен көп жылдар бойы айналысып келемін. Паллиативті көмек туралы шамалы хабары бар біреу менен 100 теңге арзан бағаға өзінің қызметін ұсынса, сол тендерді ұтқан болып есептеледі. Жалпы зияткерлік қызметтерге келгенде асықпау керек.

    Қазақстаннан кететін ойыңыз жоқ па?
    -Кеткім келсе, баяғыда кететін едім. Ресейде, тіпті Еуропада да тұратын жерім бар. Түсінесіз бе, мен Қазақстанға жастық шағымда келдім де, қоғамда өзімнің белгілі бір орнымды таптым. Қазір мен зейнеткер жасына жеттім. Ресейдің бір пәтерінде жалғыз өзім терезеге қарап, отырғым келмейді. Сондай-ақ, мен бұл елге үйреніп қалғаным соншалық, Ақтөбені, оның тұрғындарын сүйемін. Бұған қоса, миым әбден тоқтап қалғанша, әлі қоғамға пайда тигізермін деп ойлаймын.

    Ақтөбеде жалғыз өзіңіз тұрасыз ба?
    -Иә, жалғыз өзім. Қызым Мәскеуде тұрады. Мен үйсіз қалған мысықтар мен иттерді асырап аламын. Олардың саны өте көп. Бірақ қанша екенін айта алмаймын. Өйткені ертең учаскелік полицей маған айыппұл салып жүрер. Қараусыз қалған ит-мысықтар тақырыбын қозғағым келеді. Себебі, бұл менің қызметімнің бір бағыты – адамдарды хайуанаттардан, хайуанатты адамдардан қорғау. Өздерін хайуанаттардан қалай қорғау керектігін балаларға үйреткенбіз. Өйткені 90 пайыздық жағдайда адамның өзі кінәлі. Бірақ жануарға тиіспеу керектігін бала түсіне ме? Алайда ересек адамдар да хайуанға қалай қарау керектігін білмейді. Мәселен, мысықтарды қымбатқа сатып алады. Кейін оның үйді бүлдіргеніне шыдамаған адам мысықты далаға лақтырады. Мынадай қарама-қайшылыққа тап болып отырмыз: жыл сайын қараусыз қалған ит-мысықтармен күресу үшін қыруар ақша бөлініп жатыр, бірақ хайуанаттардың саны азайып жатқан жоқ. 8 миллион, 11 миллион, 15 миллион, 16 милион, міне биыл 31 миллион теңге қаражат бөлінді. Жануарлармен хайуанша күресетін қоғамды өркениетті деп атау өте қиын. Біз тек жануарларға емес, адамдарға да солай қараймыз. Сондықтан таңғалатын еш нәрсесі жоқ.

    Қазіргі заманның жастарына көңіліңіз тола ма?
    -Қазіргі жастар біз ала алмаған білімді, ақпаратты алып отыр. Бірақ өте тиімсіз пайдалануда. Мәселен, жас дәргерлер дәрі-дәрмек туралы мәлімет, оның дәлелі жайында ақпарат іздеудің орнына, жалғыз фармкомпанияның мәліметіне сүйеніп отырады. Ертеректе реферат жазу үшін көптеген әдебиеттерді ақтаратын едік, қазір жастар ашық күйінде көшіре береді. Осылайша, көптеген адамдардың бойында сараптама жасауға, сыни пікір айтуға дағды қалыптаспаған. Кітап оқуды мүлде қойған. Қазір кім бай, соның беделі жоғары. Өкінішке орай, білімді болу сәннен кеткен. Қай саланы алмаңыз, кәсіпқойлар тым аз. Сенбесеңіз, өзіңіз қараңыз. Құқық қорғау органдары... Бұл кәсіби деңгейге жата ма? Денсаулық сақтау саласы: егер бәрі дұрыс болса, онда халықтан көптеген арыз-шағымдар түспес еді! Мектеп, сәулетті алып қараңыз. Қаланың басты көшесінде орналасқан ғимаратты кәсіпқой маман ақшыл көкке боятқызар ма?
    Жастардың емтиханды пара беру арқылы тапсыратындығын естіген сайын төбе шашым тік тұрады. “Ағылшын тілін 50 мың теңге беріп тапсырамын” дегенді мен түсінбеймін. Жастар тариф туралы айтуға да ұялмайды. Бір сұрақ – 1 мың, жүз сұрақ – 100 мың теңге... Мұндай көзқараспен үш тілдік жүйеге қалай келеміз?! Бұндай түрімізбен соңғыдан айрыламыз. Орысша сөйлей алатын адамдар да сиреген.

    Мәселен, біреу “Мен не істей аламын? Бұл жүйе” деп айтуы мүмкін. Ешқандай жүйе жоқ. Егер мен белгілі бір қызмет үшін ақша бермесем, онда параны күткен адам да ақшаны алмайды. Егер бәріміз сөйтсек, онда мұндай дерт өздігімен жойылады. Дегенмен бәрі жемқорлықпен күресуге дайын, сонымен бірге заңды да айналып кеткілері келеді.

    Көп жылдық тәжірибесі бар педиатр маманы ретінде бала тәрбиелеуде қандай кеңес бересіз?
    -Бірінші кезекте баланы сүю керек және жауапкершілікті түсіну қажет. Кеше болған оқиғаны суреттеп берейін. Автобусқа отырдым. Анасы бір жарым жастағы баласымен бірге автобусқа кірді. Анасының қолында смартфон, баласының қолында ойыншық смартфон. Екеуі бір-біріне қарамайды. Бала бірнеше мәрте ойыншығын автобустың лас еденіне түсіріп ала берді. Анасының мазасы қашты да, ойыншықтағы кнопканы басып, балаға қайтадан берді. Бала “сәлем-сәлем-сәлем” ойыншықтан шыққан дыбысты тыңдап отырды. Баламен әңгімелеспесе, ол сөйлеуді үйрене алады ма? Барлығы жауапкершіліктен басталады. Сосын аналар балаларымен бірге қыдыруға жалқауланады. Олар бір жарым жастағы балаларын әлдеқайдағы дамыту орталықтарына береді. Ана баласымен бірге отырып, әңгімелесу арқылы оны дамытудың орнына, дұрыс білім алмаған қыздардың қолдарына тапсырады. Ол жақта бір жарым жастағы балаға математика үйретеді екен. Кешіріңіз, бірақ бұдан жақсы ештеңе шықпайды. Ал зияны көп болуы мүмкін. Баланың ауырмауы, әр түрлі сектаға түспеуі, шатырдан секірмеуі үшін оны алдымен сүю керек, оның намысын, ойын қадірлеп, жауапкершілікті түсіну қажет.

    70 жасқа таяп қалдыңыз. Өміріңіздегі барлық жоспар мен мақсат-міндеттер орындалды ма?
    -Өмір сүрудің орташа ұзақтығы бойынша жоспарды әлдеқашан орындадым. Әркім өздігінше өмір сүреді. Ол жақсы әлде жаман өмір сүрді ешкім айта алмайды. Келесі жылы қандай да бір қорытынды жасаймын. Өйткені келесі жылы Қазақстанда тұрып жатқаныма 30 жыл болады.

    Сұқбатыңызға рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Маман: интернет дертке айналған
  • Қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа шындықты айту керек
  • Көмек алып, жұмысқа орналасыңыз
  • Болат Дженалаев: Мен үшін ең үлкен сыйлық – науқас баланың ауруынан айыққаны
  • Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге