КОБА: Zello.aktobe – коммерциялық ұйым емес

    Ол өзі туралы айтқысы келмейді. Ол, тіпті, өзінің бет-жүзі мен шын аты-жөнін жұрттың білгенін қаламайды. Ол үнемі псевдониммен жүреді. Ол – халыққа кең танымал Zelloны жасаушы. Ол интернеттегі Zello.aktobe тобын құрушы. Ол – Коба.

    Коба, айтыңызшы, неге үнемі бүркеншік есіммен, елден жасырынып жүресіз?
    -“Зеллоны” өз-өзімді жарнамалау үшін құрған жоқпын. Өмірімді атақ пен даңқтан сақтағым келеді. Ешкім де, ешнәрсе де кедергі келтірмей, тып-тыныш өмір сүргім келеді. Кейбір жазылушыларымыз ЦОН туралы, көліктердің жаңа нөмірлері, қай көлік қашан шыққаны туралы сұрап жатады. Мен де сіздер секілді қарапайым ақтөбелікпін. Зеллоның мүшесі болғаным үшін, мен жер бетіндегі барлық ақпаратты білмеймін ғой. Адамдар солай ойлайды. Елден жасырынып жүрмеймін, мені танитын адамдар көп. Жай ғана жер –жаһанға өзімді айтып, жар салғым келмейді.

    “Зелло” қалай құрылды?
    -2015 жылдың 10 қаңтарында Ресейде осындай бағдарлама бар екенін жаңалықтардан естіп қалдым. Орыстардың бағдарламасы «Zello-рация» деп аталады екен. Ол арнада жол апаттары, МАИ қызметкерлері туралы мәліметтер, жалпы жолдағы жүргізушілердің өмірі туралы хабар таратады екен. Біз осы идеяны алдық та, өзіміздің ақтөбелік жүргізушілердің «Zello ақтөбе жүргізушілері» атты каналымызды құрдық. Кейін әлеуметтік желілерде біздің «Зеллоға» жазылушылар көбейді. Кейін бәріміз кездесіп, достаса бастадық. Көп ұзамай, бұлай кездесіп босқа уақыт өткізудің дұрыс емесін түсіндік. Қатарымыз көбейген сайын, қоғамға пайдалы істер жасағымыз келді. Ең алғашқы сондай сапарымыз 2015 жылы басталды. Жайсан мектеп-интернатына қайырымдылық шарасын өткіздік. Күні бүгінге дейін осы ісіміз үзілген жоқ. Әлі күнге дейін жалғасып келеді. Тіпті өзіміздің шағын дәстүрімізге айналып барады. Біз қазіргі ең танымал әлеуметтік желілерде жұмыс жасаймыз. Вконтакте, Инстаграм, Фейсбук – бұлардың бәрінде Зеллоны білмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Ең басында оншақты адаммен құрылған топта қазір адам санынан жаңылуға болады. Модераторлардың әрқайсысының өзіндік жауапкершілігі бар. Бірі әлеуметтік желілерді бақыласа, енді бірі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады, бірі демалыс, спорттық жұмыстармен айналысады. Біздің жазылушыларымыздың ішінде де белсенді оқырмандарымыз бар. Олар да үздіксіз өз ойларын ортаға салып отырады.

    “Зеллоның” сонша танымал болғаны сонша, өздеріңздің арнайы жапсырмаларыңызды жасай бастадыңыздар. Олардың қандай пайдасы бар?
    -Біз атаулы жапсырма-наклейкаларды қандай да бір пайда көрейік деген оймен жасаған емеспіз. Қаладағы кейбір салондармен, сауда нүктелерімен байланыс жасап, біздің жапсырма иелеріне жеңілдіктер жасалса дедік. Сондай-ақ, Ақтөбе жүргізушілеріне жол мәдениетін сездіргіміз де келген. Мысалы, төтенше жағдай болып қалып, жол апаты бола қалған жағдайда, жүргізушілер бір-бірімен ұрыспай, біздің жапсырманы көріп, өзіміздің адамдар екеніне көз жеткізсе деген ойымыз болды. Шынын айту керек, бұл ойымыз да жүзеге асып жатыр. Жақында бір оқиға болды: Мәртөк ауданында жолда көлік бұзылып қалып, өтіп бара жатқан машина иесі көмектескен. Танымайтын көлікке көмектесуге себеп болған Зеллоның жапсырмасы екен.

    “Зелло” қаладағы БАҚ – тан бұрын жаңалықтар таратады. Ақпараттарды қайдан аласыздар?
    -Бұл бір адамның жұмысы емес. Біз тұтас ұжымбыз. Санымыз өте көп. Оның үстіне, әр салада таныстарым өте көп. Ақпараттың басым бөлігі жазылушылардан келеді. Кейбірін тексеруге тура келеді. Кейбіреуін тіпті шығармаймыз. Бірақ, ресми БАҚ болмағаннан кейін, кейбір ақпараттар тексерілмей де шығып кетіп жатады. Мысалы, жазда болған террорлық оқиғалар кезінде террористердің суреттері деп мүлде басқа адамдар шығып кетті. Мұның бәрі, әрине, үлкен қателік. Дегенмен, бәрі де тәжірибемен келеді. Тек WhatsApp желісі арқылы күніне 50-ге жуық маңызды ақпарат келеді. Басқа желілердегі жазылушыларымыз да белсенді.

    Қалада неше “Зелло” бар?
    -Біреу емес. Бірнеше Зелло бар. Ең алғашында біздің бір серіктесіміз паролін өзгертіп, «Зеллоны» өзі жүргізе бастады. Кейін оның бұл қылығынан соң бір күнде 3000 адам шығып кетті. Артынан өзіміздің Zello.aktobe тобын құрдық. Әлгі “досымыз” бір ғана белгісін ауыстырып, Zello_aktobe болды. Хромтау жолында қалың қардан шыға алмай қалған көліктерге көмектескенімізде, облыс әкімі бізге мақтау қағазын берген болатын. Әлгі досымыз соны өзінің тобына жариялады. Бірақ, тобында жарнамадан басқа ештеңе жоқ. Басқа Зеллолардың бәрі фейктер. Олар тек клиентпен жұмыс жасайды, ақша алады. Ал біздің Зелло – ол команда.

    “Зеллодан” пайда бар ма? Сіздердің жалақыларыңыз немесе қандай да бір табыс көздеріңіз бар ма?
    Зеллодан ақша таппаймыз десем де болады. Тапсақ та өте аз. Бұл басында коммерциялық жоба емес еді. Модераторлардың өз жұмыстары бар, әр салада қызмет етеді. Зелло – тек хобби. Жарнаманы бізге көмектесетін серіктес фирмаларға жасаймыз. Жиі конкурстар өткізіліп тұрады. Олардан түскен ақшаның бәрін жазылушыларымызға жұмсаймыз.

    “Зеллодан” басқа қандай хоббиіңіз бар? Достарыңыз бар ма? Жоспарыңыз қандай?
    Жалғыз емеспін. Достарым бар. Кейбір достарым Зелло туралы тіпті білмейді де. Маңызды қоғамдық жұмыспен айналысып жүргенімді біледі, бірақ жай-жапсарын сұрап, өміріме араласпайды. Алдағы уақытқа жоспарымыз көп. Барлығын жүзеге асырғымыз келеді. Ашып айтпай-ақ қояйын, барлығын Зеллодан көріңіз.

    Әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Салтанат ҚОЖАХМЕТОВА: Арықтау үшін бес мезгіл тамақтану керек
  • Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят
  • Лайкомания – сырқат
  • Интернетте фейк аккаунттар көбейіп келеді
  • “Zello” жүргізушілердің ынтымағын арттырды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге