Понтий Пилат: Арманым күн сайын орындалады

    Ол – мұқтаж адамдардан көмегін аяған емес. Ол – Ақтөбені жанындай жақсы көреді. Ол – ақтөбеліктердің барлық салада дамығанын қалайды. Ол – “Ақтөбе-Оnline” интернет қауымдастығын құрған блоггер. Ол – Понтий Пилат.

    Сізді интернетте Понтий Пилат ретінде жақсы таниды. Бұл псевдоним бе? Өзіңіз туралы айтып-өтсеңіз.
    Негізгі шын есімім - Юрий Гончаров. Дұрыс айтасыз, интернет әлемінде Понтий Пилат лақап атымен танымалмын. Жасым 38-де. Бірнеше жоғары білімім бар. Отбасылымын, үш бала тәрбиелеп отырған бақытты әкемін. Менің ойымша, адам бұл өмірге өзіндік із қалдырып кетуге міндетті. Шығармашылық пен өнер, жұмыс пен карьерада өсу керек. Бірақ, өмірде қалдыратын ізің – артыңда қалатын ұрпағың деп білемін. Әр адам өз баласын лайықты азамат етіп тәрбиелеу қажет деп түсінемін. Өзіме келер болсақ, қырықтың белесін аттағалы тұрсам да, өз-өзімді дамытудан, білуден, оқудан шаршаған емеспін. Мақсатым сондай. Күн сайын өз әлеміме бір жақсылық енгізгім келіп тұрады. Жапондық Кайдзен стратегиясында “Күн сайын жасаған титімдей жақсылығың алдыңнан тау болып қарсы алады” делінеді. Менің де өмірлік басты қағидам осы. Үш ұлым бар. Олармен кез-келген уақытта бірге көше аралауға шығамын. Біраз жер жаяу жүреміз. Таза ауа-мен демаламыз, бір-бірімізбен сырласамыз. Ішіміздегі ойларымызбен бөлісеміз. Ұлдарыммен бірге болған уақытым мен үшін медитациямен бірдей.

    Қай жердің тумасысыз. Балалық шағыңыз қалай өтті?
    Ақтөбе қаласында өмірге келдім. Балалық шағым өте бақытты өтті. Үйдің кенжесі болдым. Сол себепті ата-анамның да, бауырларымның да ықыласы маған көбірек ауып тұратын. Бірақ, ешуақытта шектен шыққан ерке, есерсоқ болған емеспін. Менің ата-анам қай уақытта да жақсыны жақсы, жаманды жаман деп айыра білуге баулыды. Қандай жағдай болса да, адамдық қалыптан ажырамауға тәрбиеледі. Осы уақытқа дейін ата-анам салып берген даңғыл жолдан тайған емеспін. Дұрыс тәрбие алғаныма сенімдімін. Қазір өзім де балаларымды солай тәрбиелеудемін. Ата-ананың қадірін балалы болғанда түсінеді екенсің. Шынымен солай.

    Балалық арманыңыз қандай еді?
    Шынымды айтайыншы, есімде жоқ. Менің арманым – күн
    сайын орындалып жатады. Тіпті армандап та үлгере алмаймын. Бастысы, жақсы нәрсеге сену, жақсылық ойлау, айналаңа жылылық тарату. Жамандықтан қашып жүру деп ойлаймын. Сонда алынбас асу болмайды.

    Естуімізше, сіз депутат болуға талпындыңыз. Неге мұндай таңдау жасадыңыз? Және ол неге сәтсіз болды?
    Менің депутат болғым келгені рас. Тіпті тиісті құжаттарын жинадым да. Депутат болғым келгені – қарапайым халыққа биліктің қандай болатынын көрсеткім келген. Яғни, бәрі де қарапайым халықтың қолында екенін, барлығы да тікелей өзімізге байланысты екенін жеткізгім келген. Бірақ... Өкінішке орай, депутаттық мандат бұйырмады.

    Сіз өте белсенді адамсыз. Қоғамда болатын барлық шараларға белсене қатысасыз. Сізге күш беретін не нәрсе?
    Өмірімнің осындай тым белсенді өтіп жатқанына қуанбасам, өкінбеймін. Рас, үйде диванда шалқамнан жатып, теледидар қарайтын уақытым болмауы мүмкін. Рас, өзіме ұнамайтын кей жұмыстарды да жасауым мүмкін. Бірақ, осының бәрі менің өмірімнің бір орында тұрмауына, өмірден барлық қуанышты сәттерді сезіне білуіме өз әсерін тигізеді. Интернеттегі “қызметімнен” бөлек, тағы да бірнеше жобаларым бар. Олар интернетке байланысты емес, бірақ жоғары технологиялармен жұмыс жасаймын. Осы сала маған табыс әкеліп отыр. Менің қоғамдық белсенділігім аяқ астынан пайда болған жоқ. Өзімнің қайда, қандай жолмен келе жатқанымды білетінмін. Өмірімде болған қандай да бір сәтсіздіктерге ешкімді кінәлаған емеспін, жақсылыққа жетсем де, сүрінсем де – өз кінәм, өз жолым. Әр ақтөбелік қаланың өміріне араласуы керек. Ақтөбе ONLINE арқылы көп достар таптым, ол үшін тағдырыма рахмет айтамын.

    “Ақтөбе ONLINE” интернет қауымдастығын құрдыңыз. Мұндай топ құруда нені көздедіңіз? Өзіңізді жұлдыз санайсыз ба? Көшеде танып жататындар бар ма?
    Бұл менің – интернеттегі “балам”, тұңғышым. Аз ғана уақыттың ішінде осынша оқырман жинап үлгергенімді – жанымдағы командамның арқасы деп есептеймін. Жұдырықтай жұмыла атқарған іс қашан да сәтті болады, табысты болады. Мен жаныма өз ісін сүйетін, еңбекқор, керемет идеялары бар жандарды жолдас еткені үшін тағдырыма ризамын. Өзімді ешуақытта жұлдыз санап көрмеппін. Қарапайым ғана ақтөбелік жігітпін. Ақтөбені сүйемін, әлемдегі керемет қалалардан өзімнің Ақтөбемді бір саты биік қоямын. Оның дамығанына, алға ұмтылуына өзімнің үлесімді қосқым келеді. Көшеде танып, арнайы келіп амандасатын жерлестерім бар. Бірақ, әзірге ешкім қолтаңба сұрай қойған жоқ (күледі – ред.)

    Өзіңізді шығармашылық адамымын деп ойлайсыз ба? Романтиксіз бе?
    О, иә! Романтикпін! Адамға жылулық сыйлағым келіп тұрады. Жанымдағы кісілердің көңілді жүргенін қалаймын және олардың қуаныштарына себеп болғым келеді. Бәлкім, өмірдің мәні деген де осы шығар. Ал шығармашылық адамымын деп айта алмас едім. Бар болғаны өз ісімді сүйемін және бар потенциалымды сол жұмысыма саламын.

    Дәтіңіз жетпейтін, батылыңыз бармайтын нәрсе бар ма Сізде? Жалпы өмірде неден қорқасыз? Немесе Сіз не нәрсеге балаша қуанар едіңіз?
    Жоқ, бақытыма орай, өмірде талай нәрсені көріп, ешнәрсеге таң қалмайтын болып кеткенмін. Өмір сабағын жақсы өткен болсам керек. Әрине, түрлі аурулар, сырқаттар, жақын адамыңның басындағы келеңсіз жағдайлар қынжылтады. Бірақ, өмір сонысымен қызықты. Мен қай уақытта да көмекке келуге дайынмын, ол солай болған және бола да бермек! Ал, балаша қуануға келсек, әр жақсылыққа шын ниетіммен қуанамын. Расымен! Адамдардың титімдей болса да бір жақсылыққа тап болғанын көрсем өзімнің шаттығымдай қуанамын.

    Сіздіңше, адам қандай болуы керек?
    Қиындау сұрақ екен... Бір қызығы, жер бетінде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Әрбіріміз қайталанбас уникумдармыз. Меніңше, адамдар бір бірін толықтырып жүрулері керек сияқты. Көңіл-күймен, эмоциямен бөлісіп тұрған дұрыс. Тіпті ол негатив болса да. Бастысы, кек сақтамау. Әзілдесіп жүру де өмірді жеңіл ететін тәсіл. Жалпы, адамзат аман болсын.

    Жиі қайырым-дылық жасайсыз. Бұл пиар ма әлде сіздің өмірлік қағидаңыз ба?
    Қайырымдылықтың қай түрі болса да пиар. Ешкімге көрсетпей жасасаң, әрине, пиар деуге келмес. Бірақ, қазір бәрі қайырымдылықтарын жаханға жар салып, көрсетіп жасайды. Демек, бұл пиар. Әлемде соғыс, қылмыс көбейгенше, осындай “пиар” болса да, қайырымдылықтың жиі болғанын қалаймын. Жүректер қатайып кетпес үшін, адамдар үміт деген ұлы күштің барына сенуі үшін қайырымдылықтың көп болғаны дұрыс. Бұл, әрине, өз ойым. Менімен біреу келіспес, келісер. Дегенмен, Понтий Пилат осылай ойлайды.

    Ақтөбеліктердің қоғамдағы белсенділігі қандай?
    Қиын сұрақ. Қазір Ақтөбенің өміріне белсене араласамын деген адамға кедергі жоғын білемін. Бәрі өз қолымызда. Бастысы ниет керек. Сүйікті қаламыздың дамуына бірдей үлес қосуға еш кедергі жоқ. Оған сеніңіздер!

    Әңгімеңізге рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ербол Шыма: Шетелде оқығым келеді
  • Марта Малайдарова: Оқушы өз үйінде бақытты болмаса, қоғамға пайдалы болмайды
  • Дина Ниязова: Сахнада өліп-тірілгендей боламын
  • Әлімбек Балмағамбетов: Нағыз бапкер стратег болу керек
  • Әділғали БАЯНДИН: Маған қыздардың күлкісі шабыт береді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге