Абдолла-Әлилә Нұсқабаевтар: Ажырасу дегенді білген жоқпыз

    Олар – жетпіс жыл қол ұстасып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешіп келеді. Олар – он бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты ата-ана. Олар – 32 немере мен 21 шөбере сүйіп, шөпшек күтіп отырған ардақты ата-әже. Олар – республикалық “Мерейлі отбасы” байқауының Гран-При иегерлері. Олар – ұлағатты ұстаз, екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Абдолла ата мен Әлилә әже Нұсқабаевтар.

    Ата, жеңісіңіз құтты болсын! “Мерейлі отбасы” республикалық байқауында Гран-При алған кезде қандай күйде болдыңыз?
    Айналайын, көңіл-күйіміз жақсы. Алла берген бақыт қой бұл да. Мінекей, әжең екеуміз қол ұстасып осындай бақытты дәуренді басымыздан кешіп
    отырмыз. Тәубе дегеннен басқа не айтамын! Балалар өсіп, ер жетті. Әрқайсысының өз отбасы бар. Балаларымның өздері ата болды. Байқаудан жеңіске жету мақсатымыз емес, осы бас амандығымыздың өзі қандай қуаныш?! Бірақ, егеменді еліміз елеп ескеріп, осындай байқауға қатысуға мүмкіндік берді. Қатыстық, құдай қолдап жеңіске де жеттік. Мына әжең екеуміз үнемі Алладан бір ғана нәрсе сұрап отырамыз. Ол – балаларымыздың амандығы. Ұлықпан да ұрпағымен жүз жасаған. Баға жетпес бақытты тек баладан ғана табуға болады. Осы балалардың арқасында он алты облыстан келген отбасылардың ішінен суырылып алға шықтық. Алдымен Ақтөбеде, сосын Астанада мерейіміз тасып, мәртебелі жеңіске де қол жеткіздік. Аллаға шүкір!

    Құдай көпсінбесін дейміз ғой, дегенмен он бала өсіріп жеткізу, немере бағу қиынға соқпады ма?
    Жасымда әскери қызметкер болдым. Офицер едім. Майданның бел ортасында жүрдім, соғыстың басынан соңына дейін фронтта болдым. Ажалмен бетпе-бет келген, қиян-кескі ұрыстарда талай боздақтың қыршынынан қиылып кеткенін көз көрді. Артында ұрпағы жоқ, жат жерде сүйегі қалған талай сарбаздардың өлімін көрдім. Алла амандығын беріп, елге оралған соң отбасын құрдым. Соғыстан 20 жасымда оралдым. Елге 1946 жылы келдім. Соғыстан келген соң, араға бір жыл салып, 1947 жылы мына әжеңмен шаңырақ көтердік. Ол кезде өмірлік сыңарымызды шешеміз таңдайтын. Бұл әжеңнің анасы мен менің шешем құрбылар еді. Бір-бірімен келісіп, екеумізді үйлендірді. Шешелеріміздің шешіміне қарсы келген жоқпыз. Оған өкінген де кезіміз болған емес. Елмен бірге тұрмыс тауқыметін де тарттық, соғыстан кейінгі ауыр жылдарда бел шешпей еңбек еттік. Балалы болдық, ұрпақ сүйдік. Өзім соғыстан кейін өмір бойы мектепте ұстаз болдым. Бала оқыттым. Әжең колхозда есепші болды. Ешкімнен кем болып немесе артып кеткен жеріміз жоқ. Осы күнге дейін қол ұстасып бірге келеміз. Алты ұл мен төрт қыздың ата-анасы болдық. Ол кездер өте ауыр уақыттар еді. Ақша жоқ. Колхозда күні-түні еңбек етеміз. Соғыстан кейінгі ауыр жылдар, тойып тамақ ішсең, соның өзі үлкен олжа еді. Барымызды балаларымызға бердік. Осыларды оқыттық, қатарынан кем қылғымыз келмеді. Аллаға шүкір, балаларымыз жерге қаратпады. Әрқайсысы өз жолын тауып, әр саланың белді маманына айналды. Қазақта “бір қозы туылса – бір түп шөп артық шығады” деген жақсы сөз бар. Балаларымыз ырыс-несібесіз болған жоқ. Рас, қиын болды. Бір-бірінің киімін киіп, үлкені кішісін бағып, бір-бірін жетектеп ер жетті. Одан жаман болған жоқ. Бауырмал, елгезек болып өсті барлығы. Бір-бірінің жан дүниесін бірден ұғып, бірінің басына түскен ауыртпалықты барлығы бірге көтеріп, жұмылған жұдырықтай болды. Балаларымның осы мінездеріне тәнті боламын. Бір-бірін демеп, кез-келген уақытта көмегін аямай, алып-ұшып тұратын бауырмалдықтарына ризамын. Демек, кемпірім екеуміздің өміріміз текке кеткен жоқ, берген тәрбиеміз дұрыс болғаны деп ойлаймын.

    Қазір жастар арасында ажырасу көп. Бүгін көтерген шаңырақтарын ертең ортасына түсіріп, екі жаққа кетіп жатады. Сіздің ойыңызша, мұндай үрдіске не себеп? Жас-тар тұрақсыз ба, әлде заман дұрыс емес пе? 70 жыл бойы бір шаңырақ астында өмір кешіп келесіздер. Берік отбасы болу үшін адамға не керек?
    Расында, жастар арасында неге ажырасу көп екенін өзім де түсіне алмаймын. Адамның өмірі ойыншық емес қой. Үлкен өмірге серік болатын адамыңды орта жолда қалдырып кету немесе жаққан отыңды өзің үрлеп өшіру қандай өлшемге салсаң да, құпталмайтын нәрсе, қарағым. Жетпіс жыл бойы бір отбасы болып келеміз. Осы уақыт ішінде ойымызға “ажырасып кетейін” деген ой кіріп те шықпапты. Тіпті, “ажырасуға болатынын” білмедік те. Үйлендің бе, бір адамды таңдадың ба, бітті, сол адаммен өміріңнің соңына дейін бірге болуға міндеттісің деген қағидамен ғұмыр кештік. Отбасы болған соң, ұрыс-керіс те, талай жанжал да болды. Соның бірде біреуі жұбайым екеуміздің екі бөлек кетуімізге себеп болмапты. Қазір артқа көз тастап
    отырсам, расымен өте қиын заманда өмір кешкен екенбіз. Киер киім мен ішер астың өзіне жарымаған уақытта шаңырақ көтеріппіз. Сондай қиын-қыстау заманда отбасылық дәуренімізді сүріп, баламызды туып, өсіріп осы күнге жеттік. Қазіргі жастардың заманы деген нағыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман емес пе?! Осындай мамыражай уақытта, айдың, күннің аманында шаңырағынан безу деген не сұмдық? Оны түсіне алмайды екенмін, балам. Жетпіс жыл бойы бір отбасы болудың құпиясы жоқ. Тек сабырлы болу керек. Қандай қиындық пен ауыртпашылық кезіксе де сабыр сақтау керек дер едім. Сабыр – бақытты отбасы болудың алғышарты. Отбасы ішінде түсіністік пен сыйластық болуы керек. Сонда бақыт құралады. Ал бақыт деген бала-шағасы көп, тату тұратын, бір-бірін түсіне алатын отбасында болады. Қазақта “Отан – отбасынан басталады” деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым — отбасы ғой. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды жер. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы жерде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. “Үйлену оңай, үй болу қиын” десек те, бақытты отбасының басты шарты – екі жақтың да сабырлы , төзімді болуы.

    Қазіргі жас келіншектер бала санын шектеп туады. Көп балалы болғысы келмейді. Неге деп ойлайсыз?
    (осы жерде сөзге Әлилә әже араласты)
    Қызым, атаң дұрыс айтып отыр, әр баланың Алла берген өз несібесі болады. Құдай ешбір пендесін ырыссыз, несібесіз қалдырмайды. Өз басым кіндіктен екі ағайындымын. Ағам екеуміз ғана бармыз. Ол кезде соғыстан кейінгі уақыт. Әкеден ерте қалдық. Сол себептен, көп балалы болудан қашпаған ләзім. Өзім ешуақытта “балам көп” деп күпірлік етпедім. Алланың бергені, бары жақсы. Бергеніне тәубә!

    Әңгімелеріңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Аз қамтылған отбасы балалары мектепке тап-тұйнақтай дайын
  • Ақтөбеде өткізілген “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының жеңіпаздары анықталды
  • Борис Байжарқынов: Менің көргенімді ешкімнің басына бермесін...
  • Отбасылық кеңесші: қазақы тәрбиені заманиландыру керек
  • Жетесовтер: Біз өте бай адамдармыз
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге