Арнұр Мәденов: “Шетелде “қазақ студенті” деген бренд бар”

    Ол – бала кезінен өте белсенді болды. Ол – оқушы кезінен-ақ өнерімен көзге түсті. Ол – музыканы жақсы көрді. Ол білімге құштар болды. Ол – “Болашақ” бағдарламасымен оқып келген ақтөбелік жігіт. Ол бар білімі мен тәжірибесін туған жеріне жұмсағысы келеді. Ол - Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Арнұр Мәденов.

    Арнұр, әңгімеміздің әлқиссасын өзіңізден бастайық. Туған жеріңіз, балалық шағыңыз туралы айтып кетсеңіз.
    Кіндік қаным осы Ақтөбеде тамған жігітпін. Ақтөбеде туып-өстім. Әкем Байғаниннің Оймауыт деген жерінен, анам бұрынғы Мағаджан, қазіргі Табанталдың тумасы. Қаладағы №14 орта мектептің түлегімін. Бала кезден музыкаға жақын болдым. Менің нағыз бозбала шағым “Superstar kz” жобасының енді ашылып жатқан уақытына дәл келді. Алғашқы қатысушылар қатарында, он сегіз жасымда Ақтөбеден жалғыз өзім осы жобаға қатыстым. Марқұм Батырхан Шүкенов біздің мэнтр болды. Негізі әнші болатын жігітпін ғой (күледі - ред). Іріктеулердің барлығынан сүрінбей өтіп, алғашқы елуліктің қатарына енген едім. Қазір сахнада жүрген Айқын, Қайрат Түнтеков, Алмас Кішкенбаев, Мақпал Исабековалармен бірге сайысқа түскен болатынмын. Олармен әлі күнге байланысымыз үзілген жоқ. Әлі күнге дейін хабар алысып тұрамыз, тату дос болып кеттік. Айтайын дегенім, әнші болып, сахна төрінде жүруге аз ғана қадамдар қалған кез еді. Мектепті бітіріп, өмір жолын қай бағыттан бастасам екен деп алабұртып тұрған уақытым. Алдымда сахна мен білім атты екі жол жатты. Мен екіншісін таңдадым. Оған өкінген кезім болған емес. Солайша 2004 жылы Евразия ұлттық университетіне грантпен оқуға түстім. Осылай білімнің даңғылына түсіп те кеттім. Музыканы түбегейлі тастап кеттім дей алмаймын. Музыка – әлі күнге дейін айнымас серігім. Тіпті, музыкаға құштарлығым қазіргі жұмысыма кәдімгідей көмегін де тигізіп жүр. Ел алдында, әсіресе шетелден келген қонақтардың, оқушылардың алдында өзімді еркін ұстауға, сахнада өз ойымды еркін жеткізуіме кәдімгідей септігін тигізді.

    Сіз “Болашақ” бағдарламасымен оқып келдіңіз. Жалпы шетелде оқу саналы түрде мақсатыңыз болды ма әлде кездейсоқтық па?
    Кездейсоқтық деп айта алмас едім. Жалпы мектепте өте белсенді оқушы болдым. Қоғамдық шаралардың бәріне, түрлі тақырыптардағы дебаттарға қатыстым. Осы дебаттардың бірінде Талғат есімді жігітпен таныстым. Талғат біздің дебат ойынымызға әділқазы ретінде қатысты. Ол жігіт Америкаға барып келген білімді азамат екен. Талғаттың келбеті, сөйлеген сөзі, өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, айтқан ойлары маған өте қатты әсер етті. Сол кезде мен де шетелге барып оқысам деген арман пайда болды. Бір сөзбен айтқанда, менің арманымды жүзеге асыруыма стимул болған адам сол Талғат. Өзіміздің Ақтөбенің баласы, осынша жасында шетелге барып, білім алып, өз білімін туған жерінде пайдаға асырып жүр екен. Осыдан кейін, ағылшын тіліне деген қызығушылығым күрт өсті. Кәдімгідей қызығып, бар ынтаммен оқыған бір сабағым болса, ол ағылшын тілі еді. Негізі баланың қызығушылығын тудыру – ұстаздың шеберлігі дер едім. Ал менің ұстазым Дана Мұхаметжанқызы өте білгір, өз кәсібінде үнемі ізденісте жүретін, оқудан, білуден ешуақытта бас тартпайтын, өте еңбекқор адам болды. Сол кісі шет тілдің қызық әлеміне ертіп әкеліп, балалық қызығушылығымды дамытуға себепкер болды. Кейін студент болғаннан кейін де ағылшын тілін үйренуді, жетілдіре түсуді доғарған жоқпын. Кейін Бостон қаласындағы Гарвард университетіне “халықаралық экономика”саласы бойынша тәжірибеден өтіп келдім. 2010 жылы “Болашақ” стипендиясына ие болдым.
    Бір жыл Ұлыбританияда Абердин қаласында магистратураны оқып келдім.

    Шетелде оқитын қазақ студенттері туралы түрлі әңгімелер бар. Олардың кейбірі тіпті, өте жағымсыз сипатта өрбиді. Сол ортадан келген студент ретінде не айтар едіңіз?
    Шетелде “қазақ студенті” деген бренд бар. Мұның өзі біраз дүниеден хабар берсе керек деп ойлаймын. Шетелде оқитын жерлестеріміз абыройға ие. Олар өздерін мойындатқан, шынайы, білімді қыздар мен жігіттер. Шетелдіктер қазақ студенттерінің қабілеттеріне қатты қызығады. Қазақстаннан барған жастар ортаға тез бейімделеді, қандай тапсырма алса да тыңғылықты орындайды, жауапкершіліктері мол, білімге деген құштарлықтары басым. Ал мұндай мінезге ие адамдарды шетелдіктер төбесіне көтереді.

    Шетел көріп келген адамның санасында түбегейлі өзгеріс болады дейді... Сіз не дейсіз бұған? Шетелдегі мұғалімдер мен біздің ұстаздардың айырмасы қандай?
    Шетелде тайм менеджмент деген ұғым бар. Яғни, олар уақыттарын өте мұқият пайдаланады. Пәлен уақытта келем дей ме, дәл сол уақытта келеді. Ал келе алмайтындай жағдай болса, екі сағат бұрын ескертіп айтады. Сосын олар өте ерте оянады. Яғни, таңғы уақыттарын да пайдамен өткізуге тырысады. Бірақ, біздің қазақтар сияқты олар бауырмал емес. Біздің қазақтың ең керемет қасиеті – бауырмалдық қой. Қазақ танымайтын адамына да жаны ашып, кешіріммен қарайды. Тіпті, танымайтын адамға көмектесіп жібереді. Шетелде ондай жоқ. Бірақ, олар өте кішіпейіл. Мысалы, Қазақстаннан алғаш рет барған адам шетелдіктердің тым кішіпейіл екеніне күдікпен қарауы мүмкін. Бірақ, олардың менталитеті сондай. Ал екі ел ұстаздарын салыстырмалы түрде алсақ, біздің мұғалімдер өте білімді. Шетелдің мұғалімдері тек өз саласын ғана жақсы біледі, басқа нәрсеге басын ауыртпайды. Керісінше, біздің ұстаздар баланы жан-жақты тануға, баламен тіл табысуға тырысып, алдындағы әр баладан бір-бір тұлға дайындап шығуды өздеріне басты мақсат етіп қояды. Біздің ұстаздар шет тілін меңгеріп, жаңа технологиялармен жұмыс жасай білсе, қазақстандық мұғалімдерге теңесер адам болмас еді. Білім ешуақытта артық болмайды. Үнемі білуге ұмтыла беру керек.

    Өзіңізді білімді адаммын деп есептейсіз бе?
    Жоқ. Білетінімнен білмейтінім әлі көп. Ішкі анализ жасап тұрамын. Бірақ білім деген ешуақытта артықтық етпейді. Сондықтан, үнемі білімімді толықтыруға, үнемі ізденісте жүруге тырысамын. Кішкентай қызымды да осындай тәртіпке баулып жатырмын. Білімнің артықтығы болмайды. Қандай білім алсаң да, ол білімің тап қазір пайдаңа аспай тұрса да, ешуақытта артық етпейді.

    Отбасыңыз бар ма? Қандай әкесіз?
    Отбасым бар. Екі кішкентай қыз өсіріп отырған әкемін. Жақсы немесе жаман әке деген ұғымның өзіне қарсымын. Әке деген сөздің өзі ешқандай анықтамасыз-ақ өте қасиетті. Келіншегім қазір кішкентай сәбиімізбен үйде, декреттік демалыста. Жолдасыммен Америкада танысқанбыз. Көкшетаудың қызы. Бес жылдай көңіл қосып, достасып жүріп, 2010 жылы шаңырақ көтердік. Бір қызығы, үйленгеннен кейін 3 айдан соң екеуміз де шетелде оқуға грант ұтып алып, екі жаққа кеткеніміз бар. Мен “Болашақ” стипендиясымен Ұлыбританияға, келіншегім қытай грантын жеңіп алып, Сиьянь қаласына оқуға кетті. Оқып келгесін, Ақтөбеге оралдық. Өйткені, қайда жүрсем де Ақтөбеге оралғым келіп тұратын. Ақыры туған жеріме келіп, қазір еңбек етіп жатырмын. Үйде балаларымызбен қазақша сөйлесіп, ағылшынша мультфильм қараймыз. Баланы кішкентайынан бірнеше тілге құлағын үйретіп өсіру керек деп есептеймін.

    Өміріңізде сатқындық көрдіңіз бе?
    Өмір болғасын бәрі де болады. Бірақ, соншалық есте қаларлық сатқындыққа ұшырадым деп айта алмаймын. Достарым көп, құдайға шүкір. Ата-анам аман, отбасым, балаларым бар. Сүйікті жұмысым бар. Бақытты адаммын деп есептеймін өзімді. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын. Адам баласына жамандық ойламаймын. Шәкірттерімді жақсы көремін. Балаларға білім беруден артық бақыт жоқ сияқты. Бала – бәрін бойына сіңдіре беретін тал шыбық секілді. Сол себептен, тек қана жақсылық, ізгілік пен теңіздей білім беру - ұстаздың басты қағидасы деп есептеймін.

    Әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ербол Шыма: Шетелде оқығым келеді
  • “Болашақ” түлектері мемлекеттік қызметке шақырылмақ
  • Марта Малайдарова: Оқушы өз үйінде бақытты болмаса, қоғамға пайдалы болмайды
  • Гүлмирам Сражова: Тағдырластарымның қажетіне жарағаныма қуанамын

  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге