Ертай АШЫҚБАЕВ: ...Түн ішінде жарқырап, көзге онша түспеймін ғой күндіз мен...

    Ол – “ду қол соққан дүрмектің” ақыны. Ол – жастар мойындаған, өмірлі өлең жазатын ақын. Ол – шетел əдебиетін “қазақша сөйлеткен” аудармашы. Ол – өзін əсіре мақтауды ұнатпайтын кірпияз жан. Ол – Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты Ертай Ашықбаев.

    Ертай аға, “поэзия махаббатпен басталып, парасатпен аяқталады” дейді ғой. Қазір қандай өлең жазып жүрсіз?
    —Қанша естіп жүрсем де, махаббат пен парасат туралы осы цитатаны мен онша түсіне алмаймын. Одан гөрі маған Абайдың анықтамасы жақындау тәрізді: “Өлең, шіркін, өсекші, жұртқа жаяр...”. Қалай басталып, қалай аяқталса да, түптеп келгенде, сіздің махаббатыңыздың да, парасатыңыздың да қандай дәрежеде екенін сол өлең жеткізеді ғой жұртқа. Мен де, әрине, өзімнің қазіргі парасатыма лайық дүниелер жазып жүрмін, рас, өте аз жазып жүрмін. Аз дүниені алдын ала жарнамалап қайтемін, нағыз өтімді “өсекші” болса, кейін онсыз да жұртқа жайылар...

    Сіздің өлеңдеріңіз, әсіресе, жастар арасында кең танымал, оқырмандарыңыз іздеп жүріп оқиды десек қате айтқандық емес. Өлең қай уақытта жазылады?
    —Басқаларды қайдам, мен өлеңді тек жайма шуақ көңіл-күйде отырған кезімде жазамын. Қабағыма сәл кірбің түссе, немесе әлдебір шаруаларым келіспей жатса, қағазға да, қаламға да жоламаймын. Тіпті, ішінде әлдебір реніштер мен өкпелер бар өлеңдердің өзін сол реніштерім мен өкпелерім тарқап кеткеннен кейін барып жазамын. Ал жазылу уақытына келсек... Мен ғұмыр бойы газетте қызмет етіп келемін ғой. Сол себепті күндіз өлең жазып жарытқан емеспін. “...Сол себепті түн ішінде жарқырап, Көзге онша түспеймін ғой күндіз мен” дейтін жолдардың қағазға түсу реті солай.

    Басқа қалаға бара қалсақ, жөн сұрасқан адам “Ертайдың ауылынан екенсің ғой” деп жатады. Ақтөбеден Астанаға кеткіңіз келмей ме?
    —Мен Астанаға кетсем, мына аяулы Ақтөбем “Ертайдың ауылы” болмай қалады ғой. Әрине, мұным әзіл. Расына келсек, мен әсіре ұраншыл патриот емеспін, Ақтөбе де, Астана да өз шаһарларымыз, ал қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейтіні белгілі. Дегенмен, Астанаға көшуді әзірге жоспарыма кіргізе қойғам жоқ.

    Сіз ақын ғана емес, сондай-ақ, балалар әдебиетіне де біраз үлес қостыңыз, шетелдің қаламгерлерін “қазақша сөйлеттіңіз”. Әрі облыстық газеттің тұтқасын ұстап отырған жанның бірісіз. Шығармашылыққа қалай уақыт табасыз?
    —Тым еңбекқормын. Ең бастысы, бәлкім, өкініштісі, көлденең шаруалармен айналыса беретіндей пысықай емеспін. Қызметтен кейінгі уақытымды жазу-сызумен, оқумен өткізгенді жақсы көремін. Жалпы ақындарға күні бойы (ең кемі сегіз сағат) жұмыс істегеннің, соның ішінде газетте жұмыс істегеннің пайдасы зор. Менің пайымым былай. Күндіз қара мақаладан қажыған адам кешке әдеби дүниелер жазуға кіріскенде, әрине, таныс, бірақ басқаша бір тылсым әлемге енеді. Мен өлеңді сондай жағдайда ғана жазуға дағдыланғанмын. Мысалы, мен жыл сайынғы еңбек демалыстарымның кезінде қарық қылып өлең жазып көрген жоқпын-ау деймін.

    “Мына жақта жүрегім жүз ұлыды,
    Алматының тәтті еді... Күзі... Мұңы...
    Көп еді аңқау аға, қызық іні,
    Әрине, көркем еді... Қызы... Гүлі....” дейсіз. Алматыны сағынасыз ба?

    —Бәлкім, сағынатын шығармын... Бірақ “сағыныш” дейтін сөз де бұл сезімді толық бейнелеп бере алмайды. Ақын Есенбай ағамның бозбала кезімнен бері қанша рет оқысам да жалықтырмайтын “Қыз ұзатқан үй” дейтін өлеңі: “...Ақиқатқа сыймас түк, Қаралы деу бұл үйді. Сонда да бір қимастық, Көкіректе ұлиды” деп сабақталушы еді. Алматы туралы ойларым осыған сәйкес келіңкірейтін секілді.

    “...Ай, жөн еді Алматыны көрмеген, Алматыға бармағаным жөн еді”, — дейсіз тағы бірде. Неліктен?
    —Өткен жылы Шымкент облыстық “Оңтүстік Қазақстан” газеті де дәл осы сауалды қойған. Міне, оқып көрші: “Сөйте тұра “…Ай, жөн едi Алматыны көрмеген, Алматыға бармағаным жөн едi” дейсiң…”. Сонда былай деп жа-уап берген екем: “Ақсұңқар неге қонбайсың, Дариға-ай, жайған торға?” дейтiн өзек өртейтiн ән бар емес пе?! Қазақтар “Жалт еттiң де, жоқ болдың, Көрген түстей, сағымдай” деп және қисындаған. Сол секiлдi Алматы қолға ендi қайтып қонбайтынын сезiнген бiр сәттерде тiлге iлiккен елжiреуiк жолдар ғой. Әйтпесе басымнан (менiң де, курстастарымның да) сипаған, қателiктерiмiздi кешiрген, талай құпияларымызды әлi күнге дейiн ешкiмге айтпай жүрген Алматыны көргенiңе, Алматыға барғаныңа, Алматыда бес жыл тәттi ғұмыр кешкенiңе өкiнуге бола ма?!”

    Қазір өлең жазатындар көбейді. Интернетке жариялайды-дағы, ертесіне ақын болып оянады. Сіздіңше, бұл үрдіс әдебиетке қандай әсерін тигізуі мүмкін?
    —Ешқандай да әсерін тигізбейді. Өлең жазатындар қай кезде де көп болған, соның ішінде халтурщиктер де жеткілікті болған, олар да кәдімгідей кітаптар шығарған. Бірақ әдебиет олардың жетегінде кеткен жоқ қой. Мысалы, біз әдебиетке араласа бастаған ХХ ғасырдың халтурщиктерін бүгін кім тізімдеп бере алады? Әрине, тізімдеп бере алмайды. Олар ұмытылды. Бүгінгі интернеттегі шалажансар өлеңдер де солардың микрокөшірмелері іспетті. Менің оптимистік пікірім осындай.

    Ал оқырман талғамы ше?..
    —Тағы да солай. Қай кезде де талғамшыл оқырман татымы бар дүниелерге ғана назар аударған. Ал көп жариялану оқырманды көбейте алмаған, көбейте де алмайды. Жалпы дәмсіз шалапқа (сөз етуге тұрмайтын шумақтарға) сусыны қанатындарды оқырман санатына қосу да қиын. Қосқан күнде де ондай оқырмандардан келер-кетер пайда да жоқ.

    Қазір өлеңді түсініксіз тіркестермен суреттеу белең алып кетті. Әсіресе, жас-тар шым-шытырық тіркестер мен ұйқастар қолданып, өлең жазуды мықтылық деп санайды. Сіздің ойыңыз қандай?
    —Өлең, қалай болғанда да, өз заманының көрінісі. Түсініксіз тіркестер мен шым-шытырық ұйқастар өлеңде ғана ма?.. Сол себепті мұндайда біржола қатал үкім кесу де қиын. Дегенмен, ең қиыны ол да емес, түптің түбінде боран басылар, тұман ашылар, ең қиыны — түсініксіз өлең (егер өлең деуге келсе) жазатындардың сол түсініксіз дүниені дереу түсінуіңді талап етуі.

    “Қос мең” атты өлеңіңіз жарыңызға арналғанын білеміз. Зайыбыңызға арнаған өлеңдеріңіз көп пе?
    —Көп емес. Рас, арнау өлеңдер жоқ. Дегенмен, бірқатар өлеңдерімнен сол кісіні кездестіріп қалуға болады. Мысалы,
    “...Ақтөбенің шаттығын үзбегей күн. Мынау Күләй ханымның мойнындағы Жоғалмайтын ақ моншақ тізбедеймін”. Әйтпесе”Дос ақыным Аманхан Әлімов пен Мен... таңдаппыз қос қызды Күләй деген”. Немесе “Рас айтса әйелім, күрмектердің ішіндегі — күрішпін, асықтардың ішіндегі — сақамын”... Осылай кете береді.

    Жалпы, Ақын деген кім? Ол қандай болуы керек?
    —Ақын — өлең жазатын адам. Ол, басқасын өзі білер, бірақ, ең бастысы, дұрыс өлең жазуы керек. Дегенмен, ҚазМУ-дің журналистика факультетінде қатар оқыған, қазір де бір газетте қызметтес болып жүрген досым Нұрмұханбет Дияровтың ақындарға беретін өз бағасы бар. Бұл Нұрекең бірер жүз грамм ащы судың градусымен көшеде шайқалақтаңқырап келе жатқан немесе отырыс-думандарда ешкімге сөз бермей есіле сөйлеп отырған, әйтпесе қияли әңгімелерімен бас ауыртатын адамдарға кезіксек, “Әй, мынауың ақын сияқты екен” дейді.

    Өлең сынап көрдіңіз бе?
    —Ертеректе аз-кем ондай жағдайлар болған. Қазір қойдым. Жаман өлеңді сынағаннан гөрі жақсы өлең туралы жылы лебіз айтқан әлдеқайда пайдалы іс екенін ұқтым. Себебі, жаман өлеңнің иесі жауығады, ал жақсы өлеңнің авторы қанаттанады. Оған қоса халтурщик сен сынады екен деп ешуақытта классик болып кетпейді ғой. “Қайран сөзің қор болады” да қалады...

    Ең алғашқы өлеңіңіз есіңізде ме?
    —Есімде жоқ. Алғашқы өлеңім, сірә, төртінші не бесінші кластарда жазылған болуы керек. Ондай жастағы баланың өлеңі не туралы болатыны белгілі ғой: мектеп, ана, әке, туған жер, көктем... Менің де алғашқы өлеңім осы тақырыптардың бірін қамтыған болуы керек.

    Ең алғашқы жинағыңыз шыққанда қандай көңіл-күйде болдыңыз?
    —Өзімді кәдімгідей ақын сезіндім. “Мені неге Мұхтар қойған?” дейтін өлеңінде Мұхтар Шахановтың жазатыны бар емес пе еді “...Менің титтей елеусіз кітабымды Ұлы томның қасына қойды апарып”. Ұлы томы — Мұхтар Әуезовтің “Абай” романы ғой. Хош. Енді менің кітабыма келейік. Былтыр жарық көрген екі томдығыма әлгі алғашқы жинағымдағы 45 өлең мен 1 поэ-мадан тек төрт өлеңімді ғана кіргізуге болатынын ұққанымда ұялыңқырап қалдым.

    Биыл 60 жасқа келдіңіз. Өміріңізде қатты өкінген, қуанған сәтіңіз болды ма?
    —Қайсысын айтып тауысарсың?! Мысалы, біздің заманымызда ҚазМУ-дің күллі Қазақстан бо-йынша жалғыз ғана журналистика факультетіне жыл сайын тек 50 студент қана қабылданатын. 1978 жылы сол елудің бірі болғаныма мықтап қуандым. Ал күні кеше, 2014 жылы алғаш немерелі болғандағы қуанышым, тіпті бөлек болды. Ал өкінген сәттер... Өкінішсіз ғұмыр кешкен пенде бар ма?! Лайым қуаныш азаймасын.

    Сатқындық пен достық деген не?
    —Сатқындық дегенді, тіпті әңгіме де еткім келмейді. Ал достық дегеніңіз – ішкі сезімнің нәзік пернесі ғой. Басқа жақты білмеймін, біздің мектепте оқушы кезімізде әрбіріміз тілек-альбом дәптер ашып, бір-бірімізге жылы сөздер арнайтынбыз. Сонда аппақ параққа “Доссыз өмір — тұзсыз ас” дегенді айшықтап жазуды жақсы көретінбіз. Сол рас па деймін?!

    Қазіргі әдебиеттен, жастар шығармашылығынан кімдерді ерекше атар едіңіз?
    —Былтыр Алматыдағы “Дәстүр” баспасынан 240 беттік “Өлең мен өмір” деп аталатын әдеби мақалалар кітабым жарық көрді. Сол кітапта 19 мақала бар екен. Ал әр мақалада қыруар ақын-жазушылардың, оның ішінде жастардың (мысалы, Индира Кереева мен Гүлжайнар Қалдинаның) есімдері бар. Сол есімдердің барлығын қағазға түсірсем газеттің бір бетіне сыймайтын тізім пайда болар еді. Шүкір, ешқайсымызды ұятқа қалдырмайтын қазақ әдебиеті бар, қазақтың талантты жас ақын-жазушылары бар, бола да береді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үмбетбай УАЙДИН: Сылдырлаған медалім болмаса да, алғыстан құралақан емеспін
  • Қайнар Алагөзов: Ағаларыма теріс жағымнан көрініп қалған сияқтымын
  • Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл
  • Мақсым Меңкешев: Соңғы кездері күй шығарып жүрмін
  • Төрежан МӘНДІБАЙ: Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге