Жалғас САНДЫБАЕВ: Жат ағымның өкілдері сұсты келеді...

    Ол – Ақтөбе облысына келген делегацияның мүшесі. Ол – араб, түрік тілдерін жетік меңгерген маман, Шығыс ғұламаларының еңбектерін қазақша сөйлеткен аудармашы. Ол – философия ғылымдарының кандидаты, “E-Islam.kz” порталының бас редакторы Жалғас Сәдуақасұлы Сандыбаев.

    Жалғас Сәдуақасұлы, Ақтөбеге арнайы топпен келіп, жұмыс істеп жатсыз. Бұған дейін қай қалаларда болдыңыз?
    -Біз алғашқы сапарымызды Ақтөбе өңірінен бастап отырмыз. Алға ауданына бардық. Ол жерде халықпен, әкімдік қызметкерлерімен, оқушылармен кездестік. Облыста бес ауданды қамту жоспарланып отыр. 200-ге жуық маман келді.
    Рас, бұндай іс-шараның Ақтөбеден басталуы тегін емес. Жалпы мұғалімдермен, орган қызметкерлерімен кездескен кезде, Әбу Қанифа мазхабындамыз, ақидамыз дұрыс деген сияқты діни теминдерді айтып жатады. Бұл да халықтың көзі біршама ашықтығын байқатады. Мұндай діни терминологияларды көбіне имамдар ғана қолданатын. Қазір бұқара халық та қолданып жүр. Рухани сұраныс өте көп, яғни дінге қатысты сұрақтар көп. Рас, ақтөбеліктер қызуқанды келгендіктен көбіне тез арада біліп алғысы келеді. “Аңсар” деген орталық бар екен. Жергілікті жас-тар мамандармен, теологтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауы керек. Сырттан дін туралы түсіндіретін адам іздеудің қажеті жоқ.
    Біз тұрғындармен кездесіп, әңгімелесеміз. Мектептерде дәріс жүргіземіз. Бұл кездесулерде көптеген сұрақтар қойылады. Әрине, барлық сұрақтарға жауап беруге тырысамыз. Арнайы семинарлар өтіп жатыр. Сонымен қатар, халықтың талап-тілектерін жазып алып, имамдармен бірге көмек көрсетуге тырысамыз.

    Жалпы бұқара халықпен өтетін кездесулер, семинарлар – бұл тек алдын алу шаралары. Ал дәстүрлі емес дін өкілдерімен кездестіңіз бе?
    -Әрине. Біздің жоспар бойынша бес бағыт бар. Бірі тұрғындармен кездеседі, екіншілері радикалды ағым өкілдерімен жеке-жеке кездесулер өткізеді, ал келесілері бас бостандығынан айырылғандармен жұмыс жасайды. Осылай келген мамандар барлық бағытта жұмыс істеуде.

    Қазір, әсіресе, мұсылмандар арасында түсініспеушілік көп. Бұл туралы не айтар едіңіз?
    -Байқайсыз ба, бүгінгі таңда әлемде дін өте маңызды рөл атқарады. Астана қаласында әлемдік діндер лидерлерінің саммиті өтті. Оның бәрі тегін емес. Өйткені, шиеленістерді адам күшпен емес, сенім арқылы немесе дін арқылы шешуге тырысуда. Бұл діннің рөлінің көтерілгендігін көрсетеді.
    Енді қараңыз, неге мұсылмандар осылай бөлініп жатыр? Себебі, жаңадан келіп жатқан ағым қазақтың дәстүрлерін жоққа шығара бастады. Жаһандану заманында мемлекет өзінің тілін, ділін, сақтап қалу үшін, үлкен механизмнің арасына кіріп кетпеу үшін не істеу керек? Өзінің дәстүріне берік болу керек.
    Қарапайым мысал, бұл болған оқиға. Ауыз ашар кезі болатын. Дастарқан басында теріс ағым өкілдерімен қарама-қарсы отырғанбыз. Дастарқанда тұрған таба нан төңкеріліп жатады. Біз қазақ болғасын нанды дұрыстап қоямыз. Дінге бет бұрып жүрген ініміз нанды дұрыстап қойып еді, сөйтсе, қарама-қарсы отырған жігіт “брат, сенің дәлелің бар ма?” деп нанды қайта төңкеріп тастады. Дастарқан басында да оларға бәріне дәлел керек екен. Бұл – қазақтың дәстүрі. Асқа құрмет, әдеп. Бұның дінге қатысы жоқ.
    Тағы бір мысал, қазақ сәби баланың маңдайына күйе жағып қояды. Неге? Көз тимесін дейді. Бұлар осыған да қарсы. Олар Құран және сүннетке негізделеміз дейді. Енді сол Құран, сүннеттерді ашып қарасаңыз, қазақтың дәстүрімен біте қайнасқандығын көруге болады. Бұған дәлел – Хазрет Осман деген кісі бір жерге кірген кезде сәбиді көреді. Ол “баланың маңдайына бірдеңе жағып қойыңдар”,-дейді. Адамның көзі тимесін деді. Адам қараған кезде назары бар болса, бірінші сол нәрсеге түсіп, назары кетіп, кейін адамға қарайды екен. Дәл сол сияқты, олар мазарлардың қасынан өткенде бет сипамайды. Қарасаңыз, жәй ғана нәрсе. Бірақ, осылай адамның арасында алшақтық пайда бола бастайды. Олар неге бет сипамайды. Оны бидғат, жаңа дәстүр деп есептейді. Ал қазақ мазардың қасынан дұға қылып, бет сипап өтеді. Ислам тарихына қарасаңыз, Пайғамбардың өзінің хадисі бар, “Қабірдің қасынан өтіп бара жатып”Қабір иелері, сендерге Алланың мейірімі жаусын! Сендер оздыңдар біз кейін барамыз”, деп бет сипаған кездері болған. Қазақ осыны істейді. Дәстүрлі үйлесімдікке олар қарсы. Бұдан “сіздің көзқарасыңыз басқа” дейді.
    Үшінші мәселе, неге мешітте жамағаттар екіге бөліне бастады? Неге мұсылман мен мұсылман қарсы? Біздің дәстүрлі дінімізде ұстанатын мазхаб – Әбу Қанифа. Ол – ғалым. Тарихшылар Қазақстанға дін 7-8 ғасырларды келді деп топшылайды. Сол уақыттан күні бүгінге дейін, бәріміз бір жолмен келе жаттық. Ғалымның кітабымен. 18 ғасырда пайда болған Әбдүл Уахабтың шәкірттерінің дін жолын ұстанғандар келіп, “сендердің ұстанған жолдарың дұрыс емес, былай оқу керек” деп “Әмин” сөзін дауыстап айта бастады. Намазда талтайып тұра бастады. Осылай бұрыннан қалыптасқан дәстүрге керағар бола бастады.
    Байқап қарасаңыз, бұл азаматтар сұсты келеді. Көп сөйлемейді, қатыгездеу. Ал “мұсылман” деген кезде біздің көз алдымызға кішіпейіл, мейірімді, кешірімді адамның бейнесі келеді.
    Шалбардың балағын қатты қысқарту, сақалды қатты өсіріп, ықшамдамау сияқты – белгілері көп. Осындай ұсақ нәрселер шыға бастады. Бұлар дәстүрге қарсы. Келіннің сәлем салу дәстүрі бар. Дәстүрлі емес дін өкілдерінің пікірінше, сәлем салу – шірік, Аллаға шірік келтіру, серік қосу деп айтады. Сөйтіп, жоғарыдағы шейхтарына хабарласады, олар адам адамға сәлем салуға болмайды деп шешеді. Себебі, оларда ондай дәстүр жоқ. Бұл жақтағылар соларға ереді. Қазақтың дәстүрінде келін бала ешқашан атасымен, қайынағаларымен дауыстап амандаспаған, қолымен амандаспаған, инабаттылығын білдіріп, еңкейіп сәлем берген. Бұл – табыну емес, сәлем салу. Олар мұны түсінгісі келмейді. Осындай керағар пікірлер көп кездеседі. Ал Құранда да, сүннетте де періштелер адамға сәжде қылған дейді. Бұл жердегі сәждені ғалымдар адамға емес, Алланың құдіретіне сәжде қылып жатыр деп түсіндіреді. Әр адамның амалы ниетіне байланысты. Келіннің ниеті құрметтеу. Осындай текетірес мәселелерден соң олар оқшаулана бастайды. Содан келіп, үкіметке өкпелі болып, әділдік іздеген болады.

    Салафиттерден басқа қоғамға қауіп тудыратын қандай діндер бар?
    - Неге ислам дейсіз ғой? Себебі, елімізде 130-дан астам этнос тұрады. Халықтың 70 пайызы өзін мұсылман санайды екен. ұстануы шарт емес, бірақ өзін мұсылманмын деп санайды. Олардың басым бөлігін татулықта, бірлікте басын қосып тұрған ислам діні, мұсылманшылық. Осыны ыдырату қаупі туса, демек, халықтың арасы ыдырайды деген сөз. Арамызда рәміздерді құрметтемейтін, Әнұран айтпайтын, мұсылман дініне жатпайтын, басқа бағыттар бар. Олар өздерін белгілі бір діннің өкіліміз деп санайды.

    Наиб-мүфти салафизм ағымындағылардың 90 пайызы орыстілділер деген еді. Неліктен?
    -Имамдарымыздың басым бөлігі мемлекеттік тілде уағыз, насихат айтады. Орыс тілді аудитория қалып қойып отыр. Әдебиеттер, сұрақтарға жауаптар, уағыздар мемлекеттік тілде жүргесін, орыс тілді аудитория теріс ағымдар үшін жақсы алаң болып отыр.
    Қазір елімізде оннан астам медресе бар, діни сауат ашатын курстар әр мешітте бар. Жоғары оқу орындарында дінтану пәні бойынша мамандықтар ашылуда. Бүгінгі таңда дінтану пәнінен беретін оқытушылар, мамандар аздау десек қателеспейміз.
    Күні кеше Ақтөбеде ҚМДБ өкілдері, наиб-мүфтилер, облыс-тардан өкіл имамдар келіп, арнайы Ақтөбенің имам-молдаларын азаншыларын аттестациядан өткізді. Біліктілікке күннен-күнге талап күшейіп келеді.

    Ақтөбеде медресе, пансионаттарда оқып жүрген мамандар қайда кетіп жатыр? Неге имамдар тұрақты емес?
    -Әрине. Жергілікті, діни білімі бар мамандарға қызығушылық таныту керек. Оларға баспана жағынан көмек керек шығар? Жас мамандар мегаполиске кетуі, басқа саладағы сияқты табиғи құбылыс. Жастар қалада қалғысы келеді. Аудандарға, ауылдарға барғысы келмейді. Мешіт келген кісілердің садақасына қарап отырған болса, жас маман отбасымен қалай күн көреді? Ауыл әкімдерімен сөйлескенде екі ауылды қосқанда 800-ден аса халық бар. Ол адамдар күнде садақа бермейді ғой. Кейбіреулері оқуын жалғастырғысы келеді. Ал шетелдерде, мысалы Түркияда маман қаладан алыс, шалғай ауылдарға барса, жалақысы соғұрлым көбейе береді.

    Дінтану пәні радикализмнен құтқара ала ма?
    -Адам мешіттен толық ақпарат ала алмаса, сол ақпаратты басқа жерден іздейді. Жалпы, дін туралы мәліметті мектеп кезінде алу керек. 9-кластарда дінтану негіздері пәндері жүреді. Бұл пән арқылы балалар көптеген мәліметтерді оқып біледі.

    Қай елдің тумасысыз? Қай жерде білім алдыңыз?
    -Мен Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасымын. Екі ұлым, бір қызым бар. Араб, түрік тілдерін жетік меңгергенмін. Араб тілінен Әл Фарабидің, Ғазалидың еңбектерін көп аудардым.

    Бүгінгі таңда философия ғылымдарының кандидатымын.
    Әуелгіде діни сауат ашуды медреседен бастадым. Кейін институт, одан соң Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану магистратурасын тәмамдадым. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасын бітіріп, Алматыдағы философия және саясаттану институтында кандидаттық диссертация қорғап шықтым.

    “E-Islam.kz” порталы туралы айтып өтсеңіз?
    -Дін, мемлекет қарым-қатынасын, бұқара халық арасында түсіндіру мақсатында келдік. “E-Islam.kz” порталы – Елбасының арнайы ұсынысымен ашылған сайт. Себебі, ақпарат заманы. Халықтың, жастардың арасында дін мәселесіне байланысты сұрақтар көп. Ақпараттарды дұрыс көздерден алу мақсатында жасалып отырған дүние. Мұнда дінтану пәнінен сабақ беретін мұғалімдер үшін де көп материалдар, ақпараттар бар.

    Әңгімеңізге рақмет! Қызметіңізге табыс тілеймін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Радикалды ағымның 300 өкілі дәстүрлі исламға оралды
  • Террористер мен олардың әйелдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
  • Бас мүфти Ержан Маямеров: Бәріміз кінәліміз
  • Дін және БАҚ
  • Дін істері комитеті: Жастардың 60 пайызы дін жолында
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге