Әмірхан Каманов: Донор болу – сауапты іс

    Оның қаны талай адамды ажалдан құтқарды. Алайда ол мұндай 10 жылға созылған “ерлігі” үшін ешкімнен ешқашан сыйлық пен алғыс күткен емеc. Өйткені, ол үшін қан тапсыру –әр адамның азаматтық ісі. Ол –Ақтөбедегі қан орталығының тұрақты доноры Әмірхан Каманов.

    Донор - науқасқа денсаулық, өлім аузындағы адамға өмір сыйлайтын адам. Алайда адамдардың көбі бұл қадамға ерікті түрде жиі бара бермейді. Әмірхан, тұрақты түрде донор болуға сізді не итермеледі?
    -Тұрақты түрде қан тапсырып жүргеніме 10 жылдай уақыт болды. Алғаш рет 23 жасымда қан орталығына келдім. Жақын достарымыздың бірі ауырып, оған операцияға қан қажет болды. Сол жігітпен жақын араласатын бір топ адам жиналып, қан тапсырдық. Осыдан кейін тұрақты түрде қан тапсыра бастадым. Бұл бір жағынан адамның өз денсаулығынада пайдалы. Ең бастысы, сауапты іс жасайсың.

    Отбасыңызда сізден басқа донор бар ма?
    - Біздің отбасыны донорлар әулеті деуге болады. Өйткені, марқұм анам Мәншүк Каманова – ҚР құрметті доноры. Бұл атақ оған 2006 жылы берілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің куәлігі мен төс белгісі берілді. Қазір оның есімі жазылған суреті бар тақтайша қан орталығында ілулі тұр. Анам 18 жасынан бас-тап қан тапсырды. Ақтөбе хром қоспалары зауытында жұмыс істеді, жұмысында да үнемі өзімен бірге қызмет ететіндерді донор болуға шақыратын.
    Анам осыдан 5 жыл бұрын 54 жасында қайтыс болды. Алайда өле-өлгенше қан тапсыруын тоқтатқан емес. Өмірінде 100 реттен астам қан тапсырды. “Адамдарға жақсылық жасау керек” деп жиі айтатын. Содан болар, біз өз еркімізбен қан тапсырудан ешқашан бас тартқан емеспіз.

    Қаныңыз қай топқа жатады?
    -Қан тобым бірінші, резус факторы оң. Сондықтан болар, көп адамдарға сәйкес келеді. Қан орталығындағылар анамның қаны көбіне ауыр науқасқа шалдыққан сәбилерге берілгенін айтады. Жұбайым мен анамның ағасы да қан орталығына барып, жиі қан тапсырып тұрады. Әйелімде сирек кездесетін қан тобы, яғни резус факторы теріс 4-ші топ.

    Шынын айту керек, өміріңізде біраз адамды ажалдан аман алып қалдыңыз. Бұл “ерлігіңіз” үшін адамдар сізге жиі алғыс айта ма?
    -Әрине, жиі рақмет айтады. Бірақ мен мұны өзге адамдардан алғыс алу үшін жасамаймын. Өйткені донор болуға мен өз еркіммен, жүрек қалауыммен келістім. Жылына 4-5 рет қан тапсырамын. Жақында бір досымызға 5 бірлік қан керек болды. Достарымызбен бірге жиналып, қан орталығына бардық. Жұбайым да барды.

    Донор қажет деген хабарламаларды әлеуметтік желілерден жиі көреміз. Өткен жылы жаяу жүргінші жолағында баласы бар әйелді көлік қағып кетті. Біз отбасымызбен барып, қан тапсырдық. Қазір жол апаты да көп. Көптеген адамдар ауырады. Олардың өмірін құтқару үшін қан құюға тура келеді. Егер адамдарға қажет болса, денсаулығың келсе, қан орталығының талабына жауап берсең, неге көмектеспеске? Адамдардың өміріне араша түсу – сауапты іс қой?!
    Егер әрбір адам өз еркімен қан тапсырса, қаншама адамның өмірін аман алып қалған болар едік?! Қазір мемлекеттік орган өкілдері, полиция қызметкерлері мен әскерилердің қан тапсырып жүргенін жиі көремін. Бұған бір ғана 5-маусымдағы теракт кезінде адамдардың жаппай қан тапсырғаны дәлел. Қан орталығында донорлардың аты-жөні мен жеке мәліметтері сақталады. Қажеттілік болған жағдайда, олар хабарласып, қан тапсыруға шақырады. Қажеттілік болмаған жағдайда, қан қорын толтырып отырамыз.

    Сонда донор болу үшін белгілі бір талаптар қойыла ма?
    -Әрине, донор болатын адам қан аздығы, гепатит секілді аурулармен ауырмауы керек. Дәрігерлер бұл үшін арнайы са-уалнама жүргізіп, медициналық тексеру жүргізеді. Әр адамнан 450 мл қан алынады, алынған қан қалпына келу үшін 2 айдай күту қажет.
    Қан тапсырғаннан кейін өзімді жақсы сезінемін. Дәрігерлер көлік жүргізбеуге кеңес береді. Алайда жұмысым жолмен байланысты болғандықтан, бұл ескертуге құлақ аса бермеймін. Жиі қан тапсырған адамның өмірі ұзаратын көрінеді. Сәйкесінше, бүйрек, бауыр мен жүректің қызметі де жақсарады.

    Әзірге мемлекет көлемінде донорларға қандай да бір көмек қарастырылмаған. Анам Қазақстанның құрметті доноры болса да, ешқандай жеңілдікке ие болған емес. Тіпті, көлікте тегін жүруге де жеңілдік жасалған жоқ. Донор болғанымды ешкімге міндет етпеймін. Жеңілдік те қажет емес. Өйткені адамға жақсылық жасау – игі іс.
    Донор болуы үшін денсаулық мықты болуы керек. Денемді шымыр ету үшін жаттығу залдарына барып, шағын футболмен айналысамын.

    Сөз соңында, өзіңіз туралы айта кетсеңіз? Немен айналысасыз? Балаларыңыз өскенде донор болса, оған қарсылық танытпайсыз ба?
    -Ақтөбелікпін. Қаладағы №35 мектепте, 26 орта мектепте оқыдым. Алматыдағы Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын бітірдім. Қазір Атыраудағы мұнай –газ институтында екінші білім алып жатырмын. Қаладағы жол салумен айналысатын компаниялардың бірінде жұмыс жасаймын. Екі балам бар. Болашақта олар донор болуға ниет білдірсе, ешқандай қарсылығым жоқ.

    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Трансплантациядағы алғашқы талпыныстар
  • Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Бүгін Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылмақшы
  • Тұрақты донорлар марапатталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге