Құралай Бәйменова: Өмір үшін күресу керек!

    Ол – рухы мықты, қайсар жан. Ол – өмір сынағынан құлаған жоқ. Ол – өзіне қарсы соққан тағдыр желіне тоңған емес. Ол – адамның барлығынан тек қана жақсылық күтеді. Ол – өмір көшінен кешіккен талай жүрекке демеу болған адам. Оның есімі мен мейірімділік және қамқорлық қатар жүреді. Ол “Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау” қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Құралай Бәйменова.

    Құралай Базарбайқызы, Сіздің “Жүз табыстың тарихы” жобасына енгеніңіз туралы естідік. Толығырақ айтып өтесіз бе?
    -"Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы" “Жүз табыстың тарихы” ұлттық жобасын бастаған болатын. Жүз адамның тағдыры мен жетістікке жету жолында кездескен қиындықтары мен қуаныштары туралы бұл жоба шын мәнінде ұлттық деуге лайық. Осы жобаға кірген жүз адамның барлығы да ұлт адамы деуге тұрарлық адамдар. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде осынша жетістікке жетіп, барлық қиындықтарды жеңіп, діттеген межеге ешкімнен ұялмай, еңселері құламай жеткендіктен де, олардың барлығын төбеге көтерсе де артық етпейді. Мен өзімді олардан артық санамаймын. Өмірім мен тағдырым да алып бара жатқандай ерекше дей алмас едім. Қазақ әйелдерінің басында бар өмір менде де бар. Асып бара жатқан байлығым да, дәулетім де жоқ. Қазіргі заманның беделді адамдарына тән зауыт, пароход, жеке меншік компаниям да болған емес. Еліміз тәуелсіздік алғалы мемлекетіміздің барлық кезеңдерінде бірге келемін. Жеке өмірімді де кейінге ысырып, еліміздің даму кезеңдерінде аяғына тік тұрып кетуі үшін өзіндік үлесімді қосумен келемін. Оған өкінбеймін де. Мен үшін жеке бастың тірлігінен бұрын, қоғамдағы азаматтық парызым маңызды. Бүгін, міне, тәуелсіз елімізбен бірге жүріп өткен 25 жылды артқа тастап, кейінге көз салсам, тіпті адам сенгісіз жолдардан өтіппін. Өзімнің басымнан өткен түрлі оқиғалар, құлдыраулар мен алға ұмтылу, жеңілістер мен жеңістер, тіпті менің басымнан өтпеген секілді.

    Сіздің мықтылығыңыз – тағдыр соққысына төтеп бере алғаныңызда деп ойлаймын. Айтыңызшы, нағыз өрге ұмтылар шағыңызда ауыр жағдайға тап болғаныңыз сағыңызды сындырмады ма?
    -Еліміз егемендік алған 90-шы жылдарда барлық халық қиналды. Ешкімге оңай болған жоқ. Қайда барамыз, не істейміз, қалай күн көреміз, ертеңгі күніміз қалай болмақ деген сұрақтар жан алқымға алатын. Сөйтіп жүргенде өмірімді мүлдем басқа арнаға бұрып жіберген оқиға болды. Нағыз кәсіби тұрғыда, шығармашылықтың шыңына енді шығатын 34 жасымда апатқа ұшырап, төсекке таңылып қалдым. Ол кездерде басымнан кешкен жағдайды дұшпаныма да тілемес едім. Тән жарасына жан дерті қосылып, жанымды қоярға жер таппай аласұратынмын. Тек 1991 жылы ғана күрделі екі операциядан соң, еңсемді тіктеп, басымды көтердім. Өмірдің соншалықты керемет екенін ұғындым. Мүгедектік арбаға таңылып, ары қарай өмір сүруім керектігін түсіндім. Бұл бір жағынан сәтсіздік болса, бір жағынан жаңа өмірге есік ашылғандай болды. Сол есіктің табалдырығынан қалай аттау керек – ең бастысы осы еді. Мен ұнжырғамды түсірмей, бейімделе білдім. Сау кезімде мемлекеттік қызметте істеп, қоғамдық жұмыстармен белсене айналысқан маған арбаға таңылу оңайға соқпады. Бірақ өзім секілді жандардың қоғамнан жырақ қалып, тек әлеуметтік қана емес психологиялық көмекке зәру екендігін байқадым. Осыдан кейін, 1998-ші жылы арнайы орталық құруды қолға алдым.Өйткені, өмір үшін күресу керек! Өзім сияқты адамдардың езіліп жылағанын, өмірден түңілгендерін, барлық нәрседен қорқып, жаутаңдап қалғандарын көрдім. Жүрегім езілді. Содан кейін өзім сияқты адамдардың бойына қайсарлық оятып, намыстарын жанығым келді. Ауруханада бір палатада жатқан кезімде қасымдағы науқас қыз-келіншектерге үнемі айнаға қарап тұруға кеңес беретінмін. Әйел адам өзін-өзі күтіп, боянып, әрқашан әдемі болып жүру керек. Мейлі, ол мүгедек болсын, басқа болсын, әйелдің жүзінен мейірімділік пен әсемдік есіп тұруы керек.

    Сондай қиын кезеңде өмірді жаңа бастауға жүрексінбедіңіз бе? Өзіңіз секілді адамдарды жаңа өмірге қалай баулыдыңыз?
    -Иә, шынымен, қайта құру заманы болатын. Бұған дейінгі қалыптасқан өмір бір мезетте қирап қалды. Бұған дейін сеніп келген идеология да, үйреншікті өмір де енді мүлдем басқа арнаға бұрып әкетті. Түсініксіз, ауыр жағдайға тап келгенде ел алдына шығып, жаңаша өмір сүруге үндеген әйелдің ісін бәрі ерсі көргені рас. Маған да оңай болған жоқ. Жаңа статусыма, жаңа өміріме көндіге алмағаным шындық. Бірақ, маған сенген, менің соңымнан ерген, үміттерін үкілеген адамдар үшін, солардың жаңа өмірге бейімделіп, қатал тағдырға сынып кетпеуі үшін мықты жігерлі болуым керек болды. Өзім секілді өмірінің орта жолында күтпеген жерден тоқырауға түсіп кеткен адамдар үшін үлгі болуға тиіс едім. Аяқ астынан мүгедек боп қалған жан терең депрессияға ұшырайды. Сол депрессиядан аман шығу үшін өзімнің тағдырластарыма жаным қалмай көмектестім. Мүгедек болумен өмір таусылып қалмайтынын, өмір есігінің бірі жабылса, екіншісі ашылғандығын барымша түсіндіруге тырыстым. Содан бері талмай еңбек етіп келе жатырмын. Қазір менімен бірге 35 адам жұмыс жасап жатыр. Дені сау адамдарға қарағанда, солар әлеуметтік өмірде белсендірек. Олар қоғамның әр жаңалығына құлақтарын түріп жүреді. Еліміздің жаңа сатыда құрылу кезеңдерінде менің тағдырластарымның да қосқан үлестері шексіз деп есептеймін. “Жүз табыстың тарихы” жобасына менің де өмір жолым енгеніне шын жүрегіммен қуандым. Мақтандым!

    Сіз үнемі оптимистік күйде жүресіз. Көңіліңізге қаяу түсіретін нәрсе бар ма?
    -Маған адамдардың тұрақсыздығы ұнамайды. Табанында бүрі жоқ жандардан қорқу керек. Жаны адалдықты қалайтын, өзі жақсылыққа құмартып тұратын адамдармен өмір ерекше бола түседі. Қазақ “жан-жағыңды таспен емес, доспен қорша” демей ме? Өмірімнің осыншалық тағдырлы болғанына қарамастан, қашан да жанымда жақсы адамдар жүрді. Өмірге деген сүйіспеншілігімді оятты. Оптимистік күй солардан берілетін болу керек. Мен өмір үшін күресіп келемін, күресе беремін! Адамдық борыш - өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал, адам өзінің жеке басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы қуатын халқына бере алмаса, ол адам күйзеліске ұшырайды. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді. Ал, Шәкәрім қажы адамдық борыш турасында: “Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл”, - дейді. Сонда таза ісімен, адал еңбегімен және әрекетімен көрінетін адамдар болады, олар өзінің ең басты өмір сүру кеңістігі өз халқына еңбек қылу деп есептейді. Мен үнемі жанымнан осындай адамдарды көремін.

    Әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Понтий Пилат: Арманым күн сайын орындалады
  • Қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа шындықты айту керек
  • Мақсат-ұлы істердің бастамасы
  • Теңгемен өмір сүрейік - Назарбаев
  • Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге