Гүлжайнар Қалдина: “Балалар қызығып оқитын кітап жоқ”

    Ол – балалар әдебиетіне Ақтөбеде жүріп-ақ айтарлықтай үлес қосқан адам. Ол – әлемдік бестселлер Гарри Поттерді алғаш рет қазақша сөйлеткен аудармашы. Ол – балаларға арналған театрландырылған бірнеше қойылымдардың авторы. Ол – Ақтөбе облысы ғана емес, республикаға танымал ақын. Ол – Ақтөбе облысының “Шұғыла” шығармашыл жастар клубының жетекшісі, С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Қалдина.

    Гүлжайнар, ақындығыңды білеміз. Балалар әдебиетіне қалай келдіңіз? Ағылшын жазушысы Джоан Роулингтің әлемдік бестселлері Гарри Поттер туралы туындыларын қазақшаға аударуыңызға не себеп болды?
    -Қазақ тіліндегі балалар әдебиетінің жетіспеушілігі — біздің басты мәселеміз. Кітаптардың барлығы орыс тілінде. Өзіміз тағы балалар кітап оқымайды дейміз. Шындығында, олар кітап іздеп келеді, бірақ ана тілінде кітап жоқ. Балалар кітапханаға сиқыршылар туралы қызықты кітаптар іздеп келеді. Баланы қызықтыратын қызықты кітап мүлдем жоқ. Қазіргі балалардың сұраныстары үлкен адамдардан кем емес. Оларды балдыр- батпақпен алдай алмайсың. Олар да толыққанды әдебиетпен сусындағысы келеді. Тіпті, кейде ересектерге қарағанда балалардың ынтасы жақсы ма деп ойлаймын. Гарри Поттерді аударуды бастап қойдым, бастауы жаман емес секілді. Егер алдағы уақытта қолдау болып жатса аудармаларымды кітап етіп басып шығарамын. Ал, егер ешкім демеушілік көрсетпесе, одан трагедия жасамаймыз, әрине. Балалар ақ қағазға жазылған нұсқасын да оқи береді. Авторлық құқық деген нәрсені әлі қолға ала қойған жоқпын. Аудармамды толық аяқтаған соң, егер демеуші табылып, кітабым шығып жатса, автор ретінде толық құқымды сол кезде жолға қоямын деп ойлаймын.

    Қазір білдей бір мекеменің басшысысыз. Ақынға бастық болған қиын емес пе?
    -Қандай жағдайда, нендей биіктікке көтерілсе де, адам алдымен адамдық қалпын сақтап қалуы керек. Бастық болдым деп қарамағыңдағыларды қырмайсың ғой?! Бірақ, басшылық қызметтің де өз жауапкершілігі болады. Жалпы ақын дегеннің өзі түсінуге келіңкіремейтін болмыс қой. “Ақын орны – қаламы қандай биікке көтеріп шығарса, сол жерде. Ондай орын әсіресе биікте көп” деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, биікке шыққан ақын ақын болмай қалады деу жаңсақтық. Бастысы өз қалпың мен болмысыңды бұзып алмасаң болғаны. Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына аспаннан салбырап түскем жоқ. Осы кітапханадан білім алып, үнемі шағырмашылық байланыс-та болдым.

    Сіздің ойыңызша, ақын деген кім?
    -Ақындық дегеніміз... – әрбір, әлдебіреудің о деп, бұ деп мақтау да, жәдігөйлік мүләйімсу мен көлгірсу де емес, - ол адам өмірінің өзегіндегі ақындық ардың үні, жан дүние тынысы. Ақын өмір бойы оқитын оқушы. Ақынның бір ғана ұстазы бар – ол оқырман. Құдайдың құдіретімен басына бақ та, сор да боп қонған поэзияны тудырушы (жасаушы, жазатын да емес) ақын кім? Ақын — ақиқат жаршысы. Ақиқатты айту кетік-кемшілікті теріп, орнын толтыра алмай жатқан олқылықты тізбелеп өлеңге қосу емес. Ол газет-журналдардағы мақалаларды көшіріп өлеңге түсіру де болмас. Бір күндік шындық бар да, мәңгілік ақиқат бар. Ақын соның соңғысын жырға қосуы керек.Ақындар өлең тудырып, оны өмірге келтірушілер мен жасап-құрастырушылар болып екі топқа бөлінеді. Алдынғылары нағыз ақындар да, соңғылары ақындар емес, яғни, кәсіпқорлар. Тіпті, оларды “қазақ — өлеңші халық” деп қалыптасқан ұғым-үрдісінен өрген дилетанттар мен графомандар деуге де болады. Соңғылары кез келген тақырыпқа, нендей де жағдай мен жайға, қазақша айтқанда “шөпті де, шөңгені де” өлең ете алады. Дұрысын айтқанда, олар өлеңді отқа да, суға да салып, оны құл етіп жұмсайды. Тек өлеңге өзі құл болмайды. Әрине, бұл өкінішті. Одан да әрі кетсек, ағайын-туған, құда-жекжат, дос-жаран, той-томалақ, жеке лауазымды адамдарға өлең арнап, мүшәйрашылыққа бой алдырады. Әрине, оған шек коюға болмайды, бірақ ол өлеңді қолжаулыққа айналдыру болмаса керек қой.

    Осы жерде бір сұрақ туады. Сіз бірнеше мүшәйраларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдыңыз. Ал ел аузында “мүшәйраның бәрі сатулы” деген де пікір бар. Сіз не айтасыз?
    -Ақын мүшәйраға қатысу керек. Замандастарымен араласу үшін, ел-жер көріп, көкжиегін кеңейту үшін. Ал мүшәйралардың жүлдесі сатылады дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Ақындық ардың ісі емес пе?

    “Әйелден ақын шықпайды, биші не күйші болмаса” дегенге пікіріңіз қандай? Жолдасыңыз түсіністікпен қарай ма?
    -Бұл сұраққа ақын апаң Асылзат Арыстанбек былай деп өлең жазыпты. Бұдан артық не айтуға болады?!
    Әйелден ақын шықпайды деп,
    Әлсіздер жылап-сықтайды деп,
    Еркектің ығын ықтайды деп,
    Өлсе де өрлік жұқпайды деп,
    Жүрсіңдер-ау,
    Көрерсіңдер әлі!
    Әйел дегенің ақылшы екен деп,
    Шетінен бәрі ақын-шешен деп,
    Сенің ығыңда жатып өсем деп,
    Бибінің бәрі батыл екен деп,
    Алдымызға да,
    Келерсіңдер әлі!
    Әйелдің нағыз пірі едің-ау деп,
    Жұлдыздың сен де бірі едің-ау деп,
    Қайраңға келіп қайрылдық-ау деп,
    Ақыннан нағыз айрылдық-ау деп,
    Мен өлгенде
    Көмерсіңдер әлі!
    Жолдасым қашанда түсіністікпен қарайды. Тіпті түсінбеген кезінде де жанымды жеп, басымды ауыртқан сәті болған емес. Ұлдарымның әкесі, өзімнің өмірлік тірегім деп мен де әйелдік міндетімді бұлжытпай орындауға тырысамын. Бірақ... Әй, ақынның жары болу дегенді дұшпаныма да тілемес едім.

    Қателеспесем, екі жинағыңыз жарық көрді. Тағы да кітап шығару жоспарыңызда бар ма?
    -2012 жылы Жалын баспасынан “Әке әлдиі” деген алғашқы жинағым жарық көрді. Алғашқы кітабым болған соң, ыстығы әлі басыла қоймады. Әрі “Жас толқын” сериясымен мемлекеттік грантпен басылғаннан кейін, дәрежесі де жоғары сияқты өзіме. Сол жылы тағы да “Үн” деген жинағым жарық көрді. Әзірге осы екі кітабым ғана бар. Болашақта балаларға арналған шетел ертегілерінің аударма-антологиясын жасағым келеді. Бірақ, бәрі уақыттың еншісінде.

    Әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ертай АШЫҚБАЕВ: ...Түн ішінде жарқырап, көзге онша түспеймін ғой күндіз мен...
  • Қайнар Алагөзов: Ағаларыма теріс жағымнан көрініп қалған сияқтымын
  • Анаға арналған кітап көрмесі басталды
  • Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығы атап өтілді
  • Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге