Кеңес КЕМАЛБАЕВ: Театрға келмегенде тергеуші болар едім

    Оның балалар арасында “клиптегі ағай” дейтін аты бар. Оның бар ойы – театр. Театрдан жырақтаса, оны еш нәрсе де жұбата алмайды. Қар күреп, аула тазалағанды ерекше ұнатады. Балық аулау – сүйікті ісі. Ол “Театр әртісі болмағанда, тергеуші болар едім”,-дейді. Ол – облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театр әртісі, мәдениет саласының үздігі Кеңес Кемалбаев.

    Кеңес аға, Сіз өзіңіз Қызылорданың тумасы екенсіз. Ақтөбеге қалай жолыңыз түсті? Жаңа орта Сізді қалай қабылдағаны есіңізде шығар?
    -Иә, әрине есімде. Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Аранды ауылында дүниеге келдім. Сол жақтан мектепті бітіріп, Жетісайдағы колледжге оқуға түстім. Сонда үш жыл оқып, Қазалыға келдім. Аудандық мәдениет үйінде жұмыс жасадым. Кейін 2002 жылы Ақтөбеге келдім. Шүкір, бәріміз бір елдің баласымыз ғой, ақтөбеліктер әдемі қарсы алып, бірден жылы қабылдады. Содан болса керек, келе салысымен басты рөлдерді сомдап, ортамен тез араласып кеттім. Негізі мен, ыңғайы келмесе, Алматы жаққа ауысамын деп ойлағанмын. Өйткені “мұнда жағдайым қалай болады, қалай қабылдайды” деген сұрақтар кімді де болса мазалайды. Қазір көңіл-күйің мен жағдайың болмаса жұмыс істеу қиын ғой. Бірақ, Ақтөбе өз ауылым сияқты болып кетті. Мұнда жұмысқа кірісіп кеткесін, Алматы жайындағы ойым жайына қалды. Айтып өткенімдей, келген бойда рөл сомдадым. Содан бері әлі күнге дейін қызу жұмыс үстінде жүрміз.

    Қанша рөлде ойнадыңыз? Сомдаған кейіпкерлеріңіздің арасында жаныңызға жақыны болды ма?
    -Қанша рөл ойнағаным, шынымды айтайын, есімде жоқ. Бірақ барлық спектакльдерде бармын. Ең алғаш ойнағаным – Дулат Исабековтің “Әпке” спектакліндегі Тимурдың рөлі. Өйткені осы рөлді Қазалыда жүргенде де ойнағанмын. Осында келіп сол рөлге дөп түстім. Сондықтан болар жаныма жақын болғаны сол Тимурдың рөлі. Михаил Задорновтың “Күйеуіңізді сатыңызшы” туындысындағы Андрейдің рөлі, Жабал Ерғалиевтың “Есігімді қаққан кім?” Жұманның рөлі бар.

    “Есігімді қаққан кім?” демекші, бұл спектакль репертуардан тыс қойылғанын білеміз. Дайындық кезінде және қойылымды орындағанда қандай сезімде болдыңыз?
    -Бұл спектакльді бізге дейін Астана мен Қарағандыдағы әріптестеріміз сахналаған. Ақтөбеде болған 5 маусымдағы терактіден кейін бізге спектакльді сахналауға тапсырма келді. Мұның алдында біздің Шұбаршида да осындай оқиға болды емес пе?! Бұл шығарма сол кезден бері ақырындап жазыла бастаған. Басында, шынына келгенде, қорқақсоқтадық. Менің басқа ағымда жүрген көршім болды. Кездесіп қалсақ, әңгімелесетінбіз. Өтіп бара жатып қал-ахуал сұрасатынбыз. Қабырғалас көршім болғаннан кейін аңғармау мүмкін емес. Кейде қатты дауыстар шығып жатады. Өз басым содан бастап шошынғанмын. Көршілерім қазір көрінбей кетті. Көшіп кетті. Дайындық барысында біраз қиындықтар болды. Былай сөйлегеніміз дұрыс па? Әлде бұрыс сөйлеп жатырмыз ба? Мешіттегі бауырларымыздан сұрастырдық. Неге десеңіз айтайын, қойылымда кейбір қабыспайтын сөздер бар. Туындының түсініксіз тұстарын дұрысырақ нұсқаға бағыттап алуға автор өзі режиссерге рұқсат берген. Бұл ойда жүрген үлкен мәселе. Жастарымыз теріс ағымда кетпесін деген ниет бар. Осындай ортақ мақсатқа біз де атсалысып жатқанымызға қуанамыз. Көрермендер алғашында-ақ жақсы қабылдады. Қол соғып, қошеметтеп, “Мұндай дүниелер керек екен” деп рахметін айтты. Осыдан кейін жігер алып кеттік. Көрерменнің ықыласы – актердің бір бақыты. Қазір қойылым жүріп жатыр. Кейін аудан халқына көрсетіп қайтпақпыз.

    Осы қойылымнан кейін жалпы қандай ойда болдыңыз?
    -Мен бұған дейін бір жолдасымның жақын араласатын адамымен сөзге келіп қалғанмын. Бізде, қазақта өлі аруаққа Құран бағыштау деген бар. Әлгі адам мұндайға қарсы екен. Не керек, біраз жерге дейін сөз таластырдық. Спектакль болмағанда да, терроризм - ойымызда жүрген дүние ғой. Ауылдың баласы болғасын, Құран оқыту мен ас беруді көріп өстік қой. Соған қарама-қарсы тірлік көбейіп кеткесін,“біз осы не болып бара жатырмыз?” деп ашынасың.
    Спектакльдің екінші бөлімінде Сириядағы жағдайларды көрсетеміз. Ойнап жүріп сонда жүргендей боламыз. Сезінгенім сол. Интернеттен жат ағымда жүрген балалардың әңгімесін, түрмеде отырғандардың сұқбатын оқып, жаныңды сыздатар өкініш сөздерін тыңдадым. Қойылым кезінде осылар ойыңа келеді. Ана Сириядағы жағдайларды өз көзіммен көрмесем де көз алдыма елестеттім. Көмегі болды. Қойылымды көргенде, әйелдер түгілі ер адамдардың өзі көзіне жас алып жатады. Қойылымда Сирия мен елде болып жатқан екі өмір бейнеленеді. Мен сол екі ортада жүретін адаммын. Жаныма адамдар жинап, өзіме тартамын. Сирияға барғанда мүлде басқа адаммын. Мұнда жүргенде “барлығы керемет болады, жаным, көкем” деп арбап ертіп апарып, ол жаққа барған соң маңдайына өзім шүріппе тақаймын. Болмысым өзгереді. Қасыма еріп барғандар шошып кетеді. Мені танымай қалады. Міне, қойылымдағы менің кейіпкерім осындай адам. Жалпы көрермендер сияқты мен де үлкен әсер алдым.

    Сіз әнші Асхат Тарғыновтың “Мария Магдалена” әнінің клипіне түстіңіз. Хит әннің клипін көрмегендер ілеуден біреу ғана. Халық Сізді көшеден жазбай танитын шығар?
    -Иә, көбі танып жатады. Жақында дүкенде тұрсам, “Сіз осы чип-чипке түскен жоқсыз ба? Амандасып кетейін деп едім” деп қолымды алып жатыр. Бөлек сезімде болады екенсің. Сейсен Айтжановтың өз келіншегіне арнаған “Өзіңмен бірге” атты әнінің клипіне де түстім. Пойызда да, басқа жерде де мені жас балалар өзара “клиптегі ағай” деп атап жатады. Мен оны естіп қоям. Оған үйреніп те кеттім.

    Отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз?
    -Отбасымда жан-жарым мен екі қызым бар. Жұбайым актриса. Театрда бірге жұмыс жасаймыз. Арамыз 10 жас.

    Екеуіңіз де өнер адамысыз. Мектептегі жиналысқа кім барады? Белсенді ата-анасыз ба?
    -Ата-аналар жиналысына алма-кезек барамыз. Кім бос болса, сол бара береді. Белсенді ата-ана болғанымыз шығар, мектепте мәдени үлкен шаралар болып жатса, мұғалімдер алдымен бізге хабарласады. Көмек қажет болса, балаң үшін барасың. Баланың шаруасынан да қалысып жатқан жоқпыз, шүкір. Келіншегім қызымның класындағы іс-шараларына режиссер болайын деп жүр (күліп), бізден кеңес сұрайды.
    Келіншегімді әу баста бұл салаға әкесі жібергісі келмеген. Филологияға құжат тапсырып, оқуды бастаған. Біз ол кездері театрда жастар арасында кас-тинг өткізіп жатырғанбыз. Он шақты бала келген. Ішінде менің келіншегім бар. “Филолог болу қолымнан келмейді” деп, ақыры осында жұмысқа тұрды. Сөйтіп жүріп таныстық, жақын дос болдық. Шаңырақ құрдық.

    Сіздің ойыңызша, театр көрермендеріне қандай қойылымдар жетіспейді? Драматург жазушылардан немесе театр режиссерларынан не күтесіз?
    -Кейде ересек балаларға арналған үлкен спектакльдерді 2-3 класс оқушыларына көрсетіп жатады. Жаңағы балалар оны түсінбейді. Ондай жастағы балаларға қойылымды жастарына қарай ыңғайлап қою керек. Меніңше, жас ерекшеліктеріне қарай балаларға арнайы қойылымдар керек. Бүгін театрға келіп бір түсінбей кетеді, ертең тағы түсінбей кетеді. Жас көрермендерді шаршатып жібереміз бе деп те қорқамын. Шығарманың кей жерінде бала түгілі өзім түсінбейтін қазақтың көне сөздері бар. Балаларға қазір тек ертегілер көрсетіліп жүр. Ал оларға арналған спектакльдер жоқтың қасы.

    Халық Сізді сахнада әр қырыңыздан көріп жүр. Шынайы өмірде қандайсыз?
    -Адаммен қарым-қатынасқа келсек, шын сыйласқан адамға, мейлі ол кім болсын, жанымды беремін. Ренжітпеуге тырысамын. Сыртта жүргенде олар туралы жақсы сөздер айтамын. Қажет болғаныңда ғана араласатындар бар. Біреуге кейде әзілдеп көзінше мақтайын десем, мен де солардың қатарындағы адамдай көрініп қалмаймын ба деп сескеніп тұрамын. Сондықтан біреуді мақтағанда да сақпын. Әзілдескенді ұнатамын. Бірақ ол да өз ретімен. Көңілді адамдар көп. Барған жерімде адамдар менсіз-ақ көңілді отырса, жағаласып қабаттаса алмаймын. Тұнжырап, мазалары қашып отырғандарды көрсем, әзілдерімді айтып, ортаны жадыратып жіберуге бармын.

    Өнер адамдары тойларға жиі шығып тұрады. Сіз ше?
    -Рас, біздің айлықпен қалада күн көре алмайсың. Басында 13 мың теңгемен күн көрдік. Кейін 25-30 мыңмен жүрдік. Тойға қалай шықпайсың? Мына жерден кетіп қалайын десең, тағы келіспейді. Бір жылдары ауырып қалып, емделемін деп жұмыстан шығып кеткенмін. Бір танысым вахтаға шақырды. “Айлығы 45, кейін 70 болады. Оператордың жұмысы. Өзіміз үйретіп аламыз”,-деді. Ол кезде менің алатыным 13 мың теңге. Шақырған жерге барғым-ақ келді. Бір жағынан, үлкендер айтқандай, өнердің жолына түсу - пойыздың астына түскенмен бірдей, шыға алмайсың. Үйде емделіп жүріп те театрда істеп жүрдім. Неге екенін білмеймін,
    театрда бір қызық болып жатқандай көрінеді де тұрады. Басқа бір нәрсемен өзімді алдарқатайын десем, сахнада отырып тамашалайын десем, өзім ойнамаған соң түк қызық емес. Залда отыра алмаймын. Ойнағым келеді де тұрады. Өзім ойнасам жаным рахаттанады. Концерттерді, әзіл-сықақ кештерді қарап көп отыра алмаймын. Сол кездері қиналдым. Денсаулығым түзелген соң, театрыма келдім. Театр киелі орын, жібермейді. Өзіңіз ойлаңыз, 13 мың айлық пен 45 мың теңгенің айырмасы көп қой ол кезде. Кете алмадым.

    Басқаның рөліне қызығатын кездер бола ма?
    -Әрине, болады. Пьесаны оқып отырып, өзіңе келетін рөлді бірден ажыратасың. Бірақ, ол рөлді сомдау өзіңе емес басқаға бұйыратын кездер жиі болады. Режиссер сеніп тапсырған қай рөлді де жаныңа жақсын-жақпасын, орындауға тырысасың. Актердің жұмысы сол.

    Шығармашылық адамысыз. Шаруашылық істеріне қалайсыз?
    -Елу пайыз шаруаның адамымын. Істейтін тірлік болса, бас тартпаймын. Қар күрегенді ұнатамын. Себебі ауылда кішкентайымызда жол салып қойып, қардан өрнектер жасайтынбыз. Балалық шағым еске келеді. Қыстыгүні ауылға жол түсе қалса, күрек іздеп кетемін. Қалада көп қабатты үйде тұрғасын, қара жұмыстың онша реті жоқ. Балық аулау – хоббиім.

    Театрдан басқа қай салаға икеміңіз бар?
    -Егер театрға келмегенімде тергеуші болар едім. Зерттегенді жақсы көремін.

    Өнер мен өмірдегі арманыңыз қандай?
    -Арман деген көп (күліп). Өнердегі арманым – Шекспирдің Король Лирін ойнау. Оған деңгейіміз жететін шығар. Бұл рөлді біздің театрда ақсақалымыз Мағзұм ағай орындады. Мен оның досы Граф Кентті ойнадым. Мағзұм ағайдың ойнағанына еліктедім бе, Король Лирді ойнауға сол кезден құмартып едім.
    Қыздарым өмірде өз орнын тауып, белгілі бір маман иесі болса деймін. Қазір қызметтік пәтердеміз. Жеке баспанам болса, өмірдегі арманым сол. Нені армандасам да, театрдан ешқашан кеткім келмейді.

    Сұқбатыңызға рахмет! Еңбегіңізге жеміс тілейміз!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бейбіт Оралұлы: Ән айту еріккеннің ермегіне айналды
  • Елтай Кемал: Қызым – менің мақтанышым
  • Бақыт Айтова: Мен отбасы бақытын емес, өнерді таңдадым
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге