Валентина МӘМБЕТОВА: Жастардың неке қию салтанатына ата-аналардың да қатысқаны дұрыс

    Ол - 27 жыл бойына бір мекеменің тізгінін ұстап отырған білікті басшы. Ол – өз жұмысын жанындай жақсы көреді. Ол – басшы ғана емес, ол – психолог, ол – заңгер. Ол – ұйымдастырушы. Ол – Ақтөбе қалалық АХАТ бөлімінің басшысы Валентина Мәмбетова.

    Валентина Темірболатқызы, Сіз АХАТ қызметіне алғаш қалай келдіңіз?
    -1980 жылдары Саратов қаласының Заңгерлік институтына түсуге барған едім. Сол кезде күндізгі оқу бөліміне түсу үшін кемінде 2 жыл еңбек өтілімі қажет екен. Содан 17 жасымда Саратов станокқұрылысы за-уытына комплектовщица болып алғаш жұмысқа орналастым. Осымен бірге, Саратов Заңгерлік институтына өту емтиханын тапсырып, кешкі бөлімге түстім. Осылай бес жыл, сегіз сағат за-уытта жұмыс жасап, ал жұмыстан шыққан соң оқуға баратынмын. Бес жылдан соң дипломымды алып, елге оралдым.Сол жылы Ақтөбе облысының Әділет басқармасына сот бөліміне маман болып орналастым. Себебі, менің арманым – сот болу еді. 1972 жылы Ақтөбе облысында Облыстық АХАТ бөлімі құрылған еді. Бірінші басшысы болып - Абдырахман Жангереев бекітілген. Ол кісі кейін 1989 жылдан бастап зейнетке шықты. Сол кездері Ақтөбе облыстық Әділет басқармасының басшысы Николай Мамонтов Облыстық АХАТ бөлімінің басшысы болуды ұсынған болатын. Жауабын тез арада беруді талап етті. Жұбайым қалада болмағасын, ауылда тұратын әкеммен ақылдастым. Әкемнің айтқаны есімде. "Сот болсаң, отбасындағы үй шаруасына үлгермейсің, ал отбасында үлгілі отанасы болсаң, жұмысың кері басады. Ал АХАТ қызметі әйел азаматы үшін - ең қолайлы жұмыс"деп әкем ақылын айтқан. Сөйтіп, 1989 жылы АХАТ қызметіне келдім. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасағаныма - 31 жыл. Бұл қызмет – ең жақсы көретін жұмысым.

    Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз?
    -Өзім Қарғалы ауданы Бадамша ауылында дүниеге келгенмін. Жолдасым Орынбордан. Ата-енем де сол жақтан. Әкем Қайсаров Темірболат 17 жыл бойы сот төрағасы қызметін атқарған. Содан ба отбасында бала тәрбиесінде де өте әділетті болды. Әкем Мәскеуде заңгерлік білім алған. Төрт ағам бар. Үлкен ағамның баласы да, келіні де - заңгер. Екінші ағамның қызы қазір қаладағы жекеменшік мекеменің заңгер бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Үшінші ағамның қызы да - заңгер. Менің де қызым – заңгер. Бәріміз жинала қалсақ, заң саласы – ортақ сала болған соң шығар, әңгімелескен кезде бір-бірімізді қызыға тыңдаймыз. Анамның аты – Айша Қаймолдақызы. Әке-шешемнің туған жерлері – Хромтау ауданы. Ол кездері Бадамшада неміс ұлтының азаматтары да өмір сүрді. Ауылымның әрбір үйінің ауласында жайқалып жасыл ағаштар, қош иісті гүлдер өсіп тұратын. Оқыған класымның өзінде 80 пайызы немістер болатын. Жұбайым – менің клас-тасым. 1990 жылдары ауылдас немістердің көбі Германияға көшіп кетті. Олар менің анам Айшаны “Ася” деп айтатын. Бір ауылда өзге ұлт өкілдері болғанымен, ауыл тұрғындары арасында қарым-қатынастары берік болатын, бір-біріне әрдайым қол ұштарын созып, көмек беретін. Мен әкем мен анамның ұрысып жатқанын бірде-бір рет көрмедім. Олардың шаңырақ көтергеніне 61 жыл болды. 5 бала, 6 немере, 9 шөбересі “Гаухар” тойын өткізді.

    Әке-шешемнің берген тәрбиесін, өмірде көрген түрлі жағдайларды қазір жұмыс барысында пайдаланып жүрмін. Менің қарамағымдағылардың бәрі демей-ақ қояйын, көбі жас қыздар. Арамызда екі ер бала бар. Жастармен жұмыс істеген маған өте қызық. Менің олардан үйренерім көп. Сондықтан, мен өзімді жас болып сезінемін.

    Әйел адамға басшы болу қиын ба? Сіздің мінезіңіз осы қызметке келгеннен кейін өзгерді ме?
    -Өзгергенде қандай! Мен бұрын ашушаң болдым. Мінез-құлқым қатаң көрінгенмен, әріптестеріммен объективті, әділетті болуға тырысамын. Керек кезінде қатаң талап қойып, қолдау көрсету сәтінде қарамағымдағы қыздарға “жаным” деймін, ұлдарға “балам” деймін.
    Меніңше, басшы дұрыс шешім қабылдау керек. Сонымен қатар бағыт-бағдар беріп, ұйымдастыру жағын, қызмет бабында жауапкершілікті алуға міндетті. Өмірлік тәжірибең болуы керек. Басшы, бәрінен бұрын өз жұмысын жақсы білуі керек. Екіншіден, ұжымда ауызбіршілік болуы керек. Барлық адамдар АХАТ-тың қызметін тек шампан мен сақина деп ойлайды, астарында құжаттардың үлкен көлемінің жатқанын сезінбейді. Біздің жұмысымызда ешқандай қате жіберуге болмайды, себебі әр құжат үлкен құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.

    Әйел адам болғасын, жұмысқа да, отбасындағы тірліктерге де үлгеру қажет. Біз сенбі күні де салтанатты рәсімдер өткіземіз. Демалуға болады. Бірақ халық үшін, ақтөбеліктер үшін шығамыз. Басшы болғасын, қаншама құжаттарға қол қоясың. Мысалға, күніне тек қана 50-ден астам туу туралы арыздар түседі. Бір арыздың өзіне: арызға, екі актілік жазбаға, туу туралы куәлікке, егер, анасы жалғызбасты болса, онда №4 нысанға қол қоймас бұрын оларды тексеріп, тек соңында ғана қол қойып, мөрді басамыз.
    Басында осы қызметке алғаш келгенде екі айдай өте қиын болды. Кейін үйренісіп кеттім. АХАТ қызметкері жан-жақты – әрі заңгер, әрі психолог, салтанатты неке қию рәсімін тіркеу сәтінде, әртістік қабілетіңді пайдаланып, төзімді адам болуы керек.
    Қызметкерлер барлық қызмет түрін алма-кезек атқарады. Мысалы, жарты жыл неке тіркеу құжаттарымен жұмыс істесе, келесі жартыжылдықта тууды тіркеуді жүзеге асырады. Сөйтіп келесі алты айда тағы қызметтің басқа түрін алып жүреді. Осылайша, келушілерге барлық қызмет түрін көрсете алатын болады, мамандарымыз жан-жақты дамып, өзінің біліктілігін арттырады. Көбіне отбасындағы ерлі-зайыптылар ата-аналарының араласуынан ажырасып жатады. Бірде ер адам келіп келіншегімен ажырасуға арыз берді. Не жағдай болғанын сұрап, сөйлестім. Қайын енесі өз несиесін жабуды сұраған. Енесін шақырып алып сөйлестім. Оған түсіндірдім. Сөйтіп өзара түсінісіп, татуласқасын, әлгі жігіт ажырасу туралы арызын қайтып алды. Адамдарды райынан қайтарсақ, біз үшін ол қуаныш өз қуанышымыздан кем емес.

    Күніне ондаған жұптың некесін қиып жатасыздар. Салтанатты неке қию рәсімі кезінде есіңізде қалған жағдайлар болды ма?
    -Жұмыс кезінде кей кездері салтанатты неке қию рәсімінің өту кезеңін бақылаймын. Әр түрлі жағдайларға куә боламын. Әлі есімде, бір қалыңдық неке қию рәсімі аяқталғанша толқығаннан ағыл-тегіл жылап тұрды. Кейде неке жүзіктерін ұмытып кетіп жататындар болады. Бірде сондай оқиға болды. Күйеу жігіттің жолдас баласы ақылды екен. Есіне қайдан түскенін білмеймін, менің қолымдағы неке жүзігімді бере тұруымды өтінді. Қалыңдыққа шақ келеді екен. Күйеу жігітке де араларындағы біреуінен тауып берді.
    Кейде реніш тудыратындай да жағдайлар болып жатады. Салтанатты неке қию рәсімін өткізу кезінде ысқырып, шулап, айқайлап, дөрекі қылықтар көрсетіп, өздерінің мәдениетсіздіктерін көрсетіп жататын жағдайлар аз емес. Белгіленген уақыттарында АХАТ бөліміне қонақтарымен бірге келіп болмайды. Осындай кездерде келген қонақтарды өздерін сабырлы күйде ұстауын сұраймыз. Осы сәттің маңыздылығын түсінулері керек.
    Мұндағы жұмысқа шыдау оңай емес. 15 минут сайын адамдарды күлімдеп қарсы алу керек. Айтылатын сөздерді жүрекке батырып жеткізу керек. Жұмыс күндері 1-5 рәсімдер, ал сенбі күндері 15 жұпқа дейін некелерін тіркейміз.
    Бізде салтанатты неке қию рәсімдері көбіне тамыз айында өтеді. Тамыз айларында күніне 70-тен аса жұптың некесін қиямыз. Маусым айынан бастап жұмыс қызады.
    Бізде мына Орынбормен шекаралас болғасын, мамыр айында неке тіркеу некен-саяқ. Орыс халқының “Мамыр айында үйленсең, өмір бойы өкінесің” деген сенімі бойынша қалыптасқан көзқарас бар.
    Тағы байқағаным, балалардың неке қию рәсіміне екі жақтың ата-аналары қатыспайды. Мүлдем жоқ демеймін. Келетіндер ішінара бар. Жастар келеді, жолдастары келеді. Менің ойымша, мұндай маңызды сәттерде үлкендердің қатысуы керек. Олардың көз алдарында жаңа отбасының құрылуына куә болулары керек.

    Өмірде қиналған сәттеріңізде өзіңізді қалай ұстайсыз?
    -Маған қаншалықты қиын болса да, оны ешкімге көрсетпеймін. Қиналған сәттер кездескен жағдайда, әрине адам болғандықтан, көңілім түседі. Дегенмен тез арада өз-өзіме келуге тырысамын. Әрбір басыма түскен жайсыз сәттерді сынақ, пайдалы тәжірибе ретінде қабылдаймын.

    Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңізге жеміс тілейміз!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ардагер УАЙДИН: Әкемнің атына кір келтірмеуге тырысамын
  • Алмаз Әлімбаев: Бір тойымның болатынын білемін
  • АХАЖ: Ажырасуды азайту үшін медиаторлар көмегіне жүгіндік
  • Конституция мейрамы қарсаңында 15 жұп шаңырақ көтерді
  • Мамыр айында неке қиюшылар күрт азайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге