Малика Дүйсенбаева: Ұлттық өнермен бизнес жасауға болмайды

    Ол – қазақтың кестелі көйлегін әлемге танытып жүрген тігінші. Ол – “2016 жылдың үздік көйлегі” байқауында жеңімпаз болған көйлектің авторы. Ол – әжеден анаға қалған ұлттық қолөнерді дамытушы. Ол – үш дипломы бар экономист. Ол – ұлттық киімдер дизайнері Малика Дүйсенбаева.

    Малика, қазір ұлттық өнер тренд болып тұрған уақыт қой. Сіз қолөнерге, тігіншілікке қалай келдіңіз?
    -Қолөнер мен тігіншілік – менің бар болмысым деуге болады. Өйткені менің анам, нағашы әжем, нағашы әжемнің анасы бес саусағынан өнері тамған тігіншілер болған. Біз тігіншілер династиясымыз десем де артық айтпас едім. Анам әлі күнге дейін бар өнерін маған үйретуден, көмектесуден еш жалыққан емес. Қазір де қасымда отыр (күледі-ред.). Көзімді ашқаннан көргенім қолөнер, тігіншілік. Анам қай уақытта да өнерден қол үзген емес. Қазақы өнерді өмірінің мәніне айналдырған шеберлердің төртінші ұрпағымын. Анам Рыс-ты, нағашы әжем Зейіл, нағашы әжемнің анасы Зере өнермен айналысқан. Ұлттық киімдерден бөлек көрпе тігіп, текемет тіккен.

    Тігіншілікке бала кезден жақын болған екенсіз ғой?
    -Иә, бала кезден жақын болдым. Бірақ, есейе келе қаржылық мамандықты таңдадым. Экономист деген үш бірдей дипломым бар. Карьералы, жақсы да жайлы жұмысымды тастап, аяқ астынан өнерге келдім. Өйткені ол жұмысымнан ешқандай рухани ләззат таппадым. Жұмысқа алғаш тұрған кезде бірінші мақсатым бас есепші болу еді. Уақыт өте келе еңбегіммен, біліміммен ол қызметке де қол жеткіздім. Бірақ бәрібір, жаным тояттайтындай рухани қуат ала алмадым. Жай есепші бол немесе бас есепші бол, бәрібір ештеңе өзгермес еді. Тек қана жауапкершілігің мен жұмысың екі есеге көбейіп кететіні болмаса. Ал шығармашылық деген.... Бұл жерде қиялыңның адамның ойы жетпейтін шыңдарына шыға аласың. Шығармашылықтың рахаты да осында. Сол себептен бес жыл бұрын бір күнде жайлы жұмысым мен тұрақты жалақымды тастап, өнерге келдім. Қолөнер мен тігіншілікке жүрегім шақырғандай болды. Жүрегім алдамапты. Жылдар бойы анам мен әжелеріме ризық болған іс менің де бағымды жандырды деп толық сеніммен айта аламын.

    Қолөнеріңізді бизнеске айналдыра алдыңыз ба?
    -Ұлттық киімдер тігіп, байып кеттім дей алмаймын. Біз әр көйлекті эксклюзив етіп тігеміз. Ешбір көйлегіміз қайталанбайды. Әрбір көйлекті арнайы матадан тіктіреміз. Ою-өрнектері де қайталанбайды. Жалпы, әр оюдың өз мағынасы болады. Қазір оюды бей-берекетсіз пайдалана беретін болған. Бұл – мүлдем дұрыс емес. Қазір ұлттық киім деп жартылай жалаңаш көйлектер киіп шыға береді. Иығына бір-екі ою салса, ол киім міндетті түрде ұлттық көйлек боп санала кетеді. Мен мұндайға мүлдем қарсымын. Ұлттық киім деген – қазақтың “паспорты”. Қазақтың қызы ешуақытта төсін көрсетіп, ел алдына шықпаған. Қазақтың қызы ешуақытта иығын жалаңаштамаған. Әр оюдың өз орны, әр киімнің өз мағынасы болады деп үнемі айтып жүремін. Және осы принципті өз туындыларыма да қолданамын. Ұлттық өнерді бұрмалауға болмайды. Ұлттық өнерге ойдан ештеңе қосуға болмайды. Таза қалпында сақтап қалу керек. Ұлттық өнермен бизнес жасау – ұлтыңа деген қиянатың. Біз бір оюды киімге тігу үшін оны зерттейміз. Бізден кейінгі ұрпаққа дін аман жету үшін ұлттық ою-өрнекті бұзбауымыз керек. Өз қалауымыз бен қалтамыздың қалыңдығын ойлап, ойдан ою құрастыра берсек, не болады? Қазақтың әр оюында үлкен мән-мағына мен өмірлік философия жатады. Соны сақтап қалуымыз керек, сақтап қана қоймай, келесі ұрпаққа сол таза қалпында жеткізуіміз керек. Тігіншілердің мойнында осындай үлкен міндет жатыр деп ойлаймын.

    Қазір ұлттық киімдерге деген сұраныс қандай?
    -Көптеген қыздар тұрмысқа шығарда ұлттық көйлек киіп шыққысы келеді. Бірақ, бізге келген соң сәукелені көріп, “мұндай каска киіп шықпаймын” дейтіндер көп. Біз керісінше, қалыңдықтың нағыз киімі сәукеле екенін түсіндіреміз. Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді. Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.
    Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды. Сәукеле – ұзатылған қыздың қалыңдық болғанда бір-ақ рет киетін киімі. Келін болғасын сәукелені орамалға ауыстырады. Қыз туралы барлық мәлімет, тіпті оның әлеуметтік жағдайы да сәукеле арқылы белгілі болған. Баяғыда байлар сәукелені өте қымбатқа жасатқан, сәукелені қолға түсіру мақсатында жол торитын қарақшылар болған. Сондықтан, сәукелелі қалыңдықтың амандығын көріп, күтушілер “сау келеді, сау келеді” десіп ауылға хабар беретін болған. Міне, содан “сәукеле” атауы шыққан деседі. Осыдан-ақ түсініп отырған шығарсыз, сәукелені қалыңдықтан өзге ешкім кимейді. Бізге ұлттық киімге тапсырыс беретін қыздарға осыны түсіндірген соң, сәукелені өздері қызығып киеді.

    Тек қалыңдық көйлектеріне ғана тапсырыс түсе ме?
    -Шетелдегі қазақтардан тапсырыстар жиі түседі. Сондай-ақ, қазақ қызына үйленген шетелдік азамат бізден қазақтың ұлттық киіміне тапсырыс берді. Сондай-ақ, шетелге тұрмысқа шығатын қазақ қыздары да бізден келіп ұлттық киімге тапсырыстар беріп жатады. Бір көйлекті үш ай тіккен кезіміз болған. Эксклюзивті бұйым болғаннан кейін, барлық күшімізді, өнерімізді салып тігеміз. Әзірге ренжіп кеткен клиентіміз болған емес.

    Сіздің көйлектеріңізден байқап отырмын, ер адамдардың киімдерінде ою басқа, әйелдердікінде басқа...
    -Оюлардың мән-мағыналары туралы маған әжем айтып берген. Әжеме анасы, оған өзінің анасы дегендей... Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатыр. Мысалы, қалыңдықтың той көйлегіне гүлдің өрнегін оюлаймыз. Қошқар мүйізден бастау алған жасыл өскін есебінде тігіледі. Мұның да мағынасы тереңде жатыр. Қазақ қызын өрісім деп атаған. Өрісінің жасыл-желекке көмкеріліп, жемісі мол мәуелі бақшаға айналуын қаламайтын адам жоқ, әрине. Сондықтан жаңа ұзатылып бара жатқан қызына өскіннің, гүлдің бейнесін оюлаған. Ал ер адамдардың киімдерінде аңдардың іздері, геометриялық өрнектер бейнелейміз. Өйткені ер адам түздің адамы.

    Сіз тігіншілік өнерді анаңыздан үйренгеніңізді айттыңыз. Анаңыздан, әжеңізден қалған өнерді табыстап кететін шәкіртіңіз, қызыңыз бар ма?
    -Екі ұл, бір қызым бар. Қызым да өнерге жақын, тігіншілікке құмар. Қазір дизайнерлік мамандығына оқып жатыр. Анамнан үйренген бар өнерімді қызыма үйретіп жатырмын. Тігіншілер динас-тиясы шеберсіз қалмауы керек. Қызымның да таланты зор. Қандай стильде киінсе де ұлттық орнаментті ұмытқан емес. Сондай-ақ, бізге арнайы іздеп келіп, тігіншілікті үйренетін қыздар да бар. Оларға білгенімізді үйретуден жалыққан емеспіз. Ұлттық өнер – ұлттың өнері. Оны біреуден қызғануға болмайды. Білгеніңмен бөліскен дұрыс.

    Әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Болат АТЫРАУБАЕВ: Ұлттық құндылық бизнеспен шектелмеу керек
  • Алтынгүл СҰЛТАНГЕРЕЕВА: Мен үшін әр өнімім қымбат
  • Ақтөбеде “Нео-фольклор” байқауы өтті
  • Оқушы ұлттық саябақ жобасын ойлап тапты
  • Құрақ құраушы шеберлердің көрмесі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге