Гунтис Витолинс: 15 жылдан кейін бәрі де кеш болуы мүмкін

    Ол – Латвия елінің 30 жылдық тәжірибесі бар дендролог маман. Ол – Ақтөбедегі көгалдандыру мәселесін шешуге келген адам. Ол – Латвияда өсімдіктің мың түрін өсіретін бағбан. Ол – латвиялық азамат Гунтис Витолинс.

    Ақтөбеге қалай келдіңіз?
    -Бір ақтөбелік Латвияда болып, мені кездестірді. Ол біздегі жағдайды көріп, таң қалды. “Латыштардың пысықтығын қарашы, мен де солай өмір сүргім келеді”, - деп ол ішінен ойлаған шығар (күледі). Содан бері әріптестік қарым-қатынас басталды. Ла-твияда менде 19 гектар жерді алатын жеке тәлімбағым бар. Мен өсімдіктің мың түрін өсіремін. Бірақ Латвиядағы базарда 15 мыңнан аса өсімдік түрін табуға болады. 2 миллион ғана халқы бар Латвияда 120 тәлімбақ бар. Менің жеке дендрарий коллекциямда 3000 өсімдіктің атауы бар. Ал бүкіл Латвияда оның нақты санын айту өте қиын. Мүмкін 50 мыңнан асатын шығар. Бізде мынадай мақал бар “Батыс Еуропада көгалы ұқсамайтын екі қалашықты таппайсың, Латвияда көгалы ұқсайтын екі қалашықты таппайсың”. Яғни бізде әр жерде әртүрлі өсімдік өседі.

    Ақтөбеден алған әсеріңіз қандай?
    -Біріншіден, Ақтөбе – Шығыс мәдениетіне тән әдемі қала. Алайда, түнгі уақытта жаяу жүргінші жолағы мүлдем көрінбейді. Мұны көріп мен таң қалдым. Балаларыңыз үшін уайымдайсыздар ма? Латвияда мұндай болса, төтенше жағдай ретінде қабылдаймыз.

    Екіншіден, қаланың көгалдандыру жүйесінен төбе шашым тік тұрды. Сіздерде әдемі жаңа зәулім үйлер салынып жатыр екен. Бірақ мен құрылысшылармен әңгімелескенде, олар менің сұрағыма жауап бере алмады. Олардан мен “үйді қалай көгалдандырасыңдар” деп сұрадым. Яғни оларда көгалдандыру жобасы мүлдем болмағаны ғой. Сіздердің көгалдандыру мамандарыңыз жоба жасамай, қалай құрылыс жүргізгеніне қайран қалдым. Оның үстіне кейбір ағаштар дәл үйдің қасында өсіп тұр екен. Ешқандай ара-қашықтық сақталмаған. Ал егер жел тұрып, ағаштар құласа ше? Немесе ағаш өскен сайын оның тамыры да тереңге ене береді. Сөйтіп, ол үйдің іргетасын көтеріп жіберу мүмкін.
    Содан кейін жасыл көшеттердің құрамын қарадым. Сіздерде тек қарағаш, қарағай, шырша, бір-екі бөртегүл, үйеңкі өседі екен.

    Ал Латвияда қалай?
    -Бізде көгалдандыруда кемінде 8-10 мыңнан аса өсімдіктің түрі қолданылады. Егер Батыс Еуропада 3-5 мың өсімдіктің түрі өсірілсе, Латвияда 15 мың өсімдік түрі кездеседі. Осының арқасында бізде құстың жүздеген түрі бар. Осылайша бізде зиянкес жәндіктер тым аз. Яғни құстар жәндіктерді жеп қояды. Естуімше, сіздерде қоңыздар жиі қаптайды екен. Міне, көгалдандыру мәселесі сізде қалай ақсап тұрғанын көріп отырмыз.

    Ағаштың көптеген түрін отырғызу керек деп айтып отырған жоқпын. Сізде табиғат та өзгеше, мұнда құрғақ ауа-райы. Қыста салқын. Алайда сіздерде қарағай өссе, онда неге тау қарағайы өспейді? Өйткені оны ешкім отырғызбаған мұнда. Ал балқарағай неге өспейді? Егер бір үйеңкі өссе, неге қалған 23 үйеңкі отырғызылмайды? Мен сіздерден бір дендролог маманды таппадым. Олар мүмкін бар шығар, бірақ көзіме көрінбеді. Әлде оларды ешкім іздегісі, тыңдағысы келмейді.

    Бұл қандай да бір проблема тудыруы мүмкін бе?
    -Ақтөбеде қарағаш жақсы өседі екен. Осылайша, сіздер зиянкестерге қорек дайындап бергенсіздер. Сондай-ақ, сізде металл өңдейтін фабрикалар мен зауыттар көп. Осыдан химиялық қалдықтар да бөлінеді. Қазірдің өзінде қарағаштардың басы қурап жатқанын байқадым. Яғни ауадағы шаң-тозаңды өңдейтін өсімдіктер азайып бара жатыр. 15 жылдан кейін қарағаштардың көп бөлігі түгелдей қурап қалады. Сол кезде экологиялық апатқа ұшырайсыздар! Ағаштың жаңа тұқымын әкелсеңіздер де тым кеш болады. Қазірден бастап әрекет жасай беру керек. Мені тек әшейін шақырған жоқ. Мен арнайы маманмын. 30 жыл бойы Латвияда өсімдік өсірумен айналысып келемін. Мені шақырған адам да осындай үлкен қауіп-қатер бар екенін сезеді. Сондықтан мен осындамын. Ол мені қарап кетуге және осында тәлімбақ ашуға көмек сұрады.

    Бұл проблеманы қалай шешуге болады?
    -Тәлімбақ ашуды жоспарлап отырмыз. Орналасатын жерін де анықтадық. Сонымен бірге дендрарий жасап көреміз. Осы жерден 200 шақырымда өсетін ағаштар неге Ақтөбеде өсе алмайды? Тіпті қарапайым емен ағашын да айтсақ болады. Бұл ағаштың 2-3 данасын жол бойынан көрдім. Бірақ қаладан таба алмадым. Дәл солай қызыл емен де жоқ. Үйеңкінің қаншама түрлері бар?! Ол да жоқ. Бұл жерде ақтамгүлдің өсетінін білемін. Бөртегүлдің қаншама түрін осы жерде өсіруге болады. Бөртегүлдер - Сібірден келген бұта ғой.
    Осы ретте мынадай сұрақ туындайды, “Неліктен әдемі қалада тұрғыларыңыз келмейді?” Биік бетон қақпаларын көрдім де, жеке тұрғын учаскелерінде өсімдіктерді көрмедім.

    Яғни проблема адамдардың өздерінде ме?
    -Иә. Адам ойлау керек қой. Әдемі талдың астында газет оқығанды бәрі жақсы көреді. Адамдарға тек соны көрсету керек. Олар көшеттерді қалай отырғызу керектігін білсін, олар сол көшетті алуға шамасы жетсін. Мен мұнымен наурыз айының басында айналысамын. Мен тәлімбақ егу үшін тағы да келемін.

    Тәлімбақтың аумағы қандай болмақ?
    -10 гектар жерді алады деп жоспарладық. Ағаштың 100 түрін өсіруге тырысамыз. Бір өсімдіктер тамыр тартпауы мүмкін. Бірақ басым бөлігі өсіп-өнеді. Өйткені алғашқы сынамаға 200-300 түрін егіп көреміз. Бәрі ойдағыдай болады деп сенемін.

    Маған орыс келсе, ол “Көршімнен осыны көрдім, сондай әдемі затты маған да бола ма?” деп сұрайды. Ал латыш келсе, ол “Көршімнен осыны көрдім, маған одан да асып түсетін зат бар ма?” деп сұрайды. Егер әркім өз көршісінен асып түсуге тырысса, онда, әрине, үлкен бақша пайда болатын еді. Бұл қалжың болса да, әр қалжыңның сәл де бір шындығы бар екенін ұмытпайық. “Латвиядағы латыштан асып түсетіндей керемет өмір сүргім келеді” деп қазақтың ойлағанын қалаймын. Сол кезде алға қарай ілгерушілік басталады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Пушкин атындағы саябаққа жас көшеттер отырғызылды
  • Ақтөбені көгалдандыруға 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
  • Юрий Өткелбаев: Жерге дән екпесек, ертең өнім қалай өседі?
  • Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят
  • Қарағашқа қауіп көп
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге