Кенжеғали Кенжебаев: “Біз жалтақ боп барамыз”

    Ол – қазақ математикасында есімі ерекше құрметпен аталатын ғалым. Ол – 60-тан аса ғылыми жарияланымның, бес монографияның авторы. Оның еңбектері Қазақстан ғана емес, ТМД елдері мен алыс шетелдердің басылымдарында жарық көрді. Ол – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, өңіріміздегі басты білім ордасы саналатын Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Кенжеғали Кенжебаев.

    Кенжеғали аға, сіздің еңбегіңізді ел біледі. Қандай қиын қыстау кез болса да, өзіңіз басқарған білім ордасын үнемі алғы шепке бастай білдіңіз. Қай уақытта да биіктен көріну қаншалықты қиын?
    Мен Ақтөбе мемлекеттік университеті тізгінін қолға алған уақыт — 1995 жыл, қиын шақ еді. Одақ ыдырағаннан кейінгі жылдар. Экономикада, басқа да салаларда бұрын орныққан байланыстар үзілген. Қазақ жұртының замана көшіне ілесуі, ел экономикасының еңсе тіктеуі үшін, жастарды бұрын бара бермейтін, біле бермейтін жаңа мамандықтарға жетелеу керек. Осы жолда көп ізденуге тура келді. Бірінен соң бірі көп істерді бел шешіп, қолға алуға тура келді. Мысалы, шалғай ауыл-дарда ағылшын тілі мамандары жетіспейді дегенді естіген соң, тез арада әр ауданнан кем дегенде бес баладан шақыртып, оқуға түсіріп, оларға ағылшын тілінен бағдарламадан бөлек қосымша сабақтар ұйымдастыруды бастадық. Міне, содан бері жиырма жылдан астам уақыт өтіпті. Осы жылдар ішінде талай қиындықтарды бастан кешірдік. Бірақ мен ешуақытта мойыған емеспін.

    Ақтөбедегі жастарға арнап салынған екі Сарай да сіздің қолтаңбаңыз. Ақтөбеде алғаш рет Студенттік Сарай салдырған да өзіңіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын өзіңіз аяққа тұрғызған университет екіге бөлінді. Ол кезде Сіз туралы түрлі қауесет те жүрді. Өзіңіз туралы әңгімелерге көзқарасыңыз қандай? Негативпен қалай күресесіз?
    “Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Түрлі әңгімелердің болғаны рас. Әлі де бар шығар, кім біліпті? Негативпен өзімнің еңбегім арқылы күресіп келемін. Аяқтан шалушылар әлі күнге бар. 1998 жылы Ақтөбе мемлекеттік университетінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қазақтың ұлы лингвисі Қ.Жұбановтың есімін мәңгі есте қалдыруға қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысының “Жыл адамы” атағын алған. М.Остроградский атындағы Алтын медальмен марапатталдым. Ол кезде де көптеген әңгімелер жүрді. Негізі, алда келе жатқан адамның артынан еретін сөздерге мән бермеуге тырысамын. Бірақ денсаулығыма әсерін тигізетін жағдайлар да кездеседі. Шындықты айтқан адам ешуақытта біреулерге жаққан емес. Біз қазір жалтақ боп барамыз. Шындық ащы болғанымен, айтылу керек.
    Сізді ел ректор ретінде, математик ғалым ретінде таниды. Бос уақытыңызда қандай іспен айналысасыз? Сүйікті хоббиіңіз бар ма?
    Бос уақыт деген мүлдем жоқ. Ал егер мүмкіндік туып жатса, бильярд пен шахмет ойнағанды жақсы көремін. Байқасаңыз, шахмат пен бильярдты математикаға жақын немесе математик мамандары ұнатады.

    Сізді математика әлеміне кім жетеледі?
    Доңызтау өңірінде өмірге келіппін. Бес айлық сәби кезімде әке өмірден озып, анамның тәрбиесінде өстім. Анам Ақбияздың есепке жүйріктігіне ауыл адамдары таңқалушы еді. Бала кезімде анама еріп, дүкенге барамын. Ел тірлігі жүдеу шақ. Дүкендегі дүние түйірлеп, аз-аздап, өлшеп сатылады. Сол аз нәрсенің грамын не сантиметрін есептеу керек болса, анам тез арада айта қоятын. Мектеп табалдырығын аттағанда-ақ, анасының есепке жүйріктігі оның өзінен де байқалды. Әли Құрақбаев, Аманғос Нұрғалиев сынды білікті ұстаздар оқытқан арифметикаға айрықша қызықтым. Математикамен қатар шахматқа да ерекше ынта қойып, көп уақытымды арнайтын едім. 9 клас-та бізге алгебра мен геометриядан Төлепберген Нұрғалиев сабақ берді. Ол — ҚазПИ-дың түлегі, оқушылар арасында өте беделді жан. Кластағы математикаға қабілетті балаларға бірден мынадай талап қойды: “Оқулықтан бөлек, өзім берген қосымша есептерді шығарасыңдар. Сонда ғана сендерге бес деген баға қойылады”. Ұстазымыз ол есептерді Антонов, Кущенко сынды белгілі математиктер жинақтарынан алатын. Әр оқушыға бір айға 20-30 есеп беріледі. Қиын, бірақ өте қызық есептер. Сол есептердің қызығына түсіп жүріп, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы сырттай физика-математика мектебіне байланысқа шықтым. Ол жақтан да есептер жинақтары жіберіледі. Математика әлемі мені осылайша өзіне тартып кетті.

    Үлкен ғылымға қалай келдіңіз?
    Ақтөбе педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, Жезқазған педагогикалық институтына оқытушылық қызметке жіберілдім. 1978 жылы осы жерден жолдама алып, Киев университетіне стажер-зерттеуші болып бардым. 1981 жылы Т. Шевченко атындағы Киев университетінің аспирантурасына емтихан тапсырдым. Үш орын үшін бес адамнан емтихан алынды. Мен бірінші болып өтіп кеттім. Ғылымдағы жолым осылай бас-талды, Күндіз-түні еңбектендім. “Оқу инемен құдық қазғандай” деп халқымыз тегін айтпаған ғой, бастапқыда қанша тер төксем де, өзім ойлағандай нәтижеге жете алмай, қиналдым. Тіпті “бұл істі тастасам ба екен?” — деп те ойлаған кездерім болды. Бірақ намысқа тырыстым. Мен — Киевте, өзге жұрттың ортасындамын. Мен кетсем, олар: “қазақ кетті”,- дейді. Осыны бір сәт те есімнен шығармадым. Төртінші жылы ғана ойлаған мақсатыма қол жеткіздім. Кандидаттық диссертациямды 1984 жылы мерзімінен бұрын қорғап шықтым. Ол кезде жас ғалымдарды қай жаққа жіберу — министрлік шешетін шаруа. Мен өз өңіріме, Ақтөбеге сұрандым. Өйткені шаңырақтың кенжесі ретінде анамды өз қолыма алып, бағуым керек. Ал үлкен кісілер туған жерден жыраққа кетуді үлкен қасірет деп қабылдайды емес пе? Жас ғалым екенмін деп қазақилық болмысымнан бас тарта алмадым.

    Қазір ақпараттық ғасыр дейміз. Батыс өңірінің басты білім ордаларының бірі – Қ.Жұбановта қандай жаңалықтар болып жатыр?
    Адамдарды өмір бойы оқыту — алда тұрған міндеттердің бірі. Бұл жөнінде Президент те айтты. 2012 жылы әлемде МООС — Massive Open Online Courses (жаппай ашық онлайн-курстар) — қозғалысы бастау алғаны белгілі. Батыстағы барлық университеттер ғаламторға, өздерінің web-порталдарына өз профессорларының лекцияларын енгізіп қойды. 2014 жылдан бас-тап Батыста студенттер жаңаша оқуға көшті: алдымен олар үйде компьютер не планшет арқылы лекцияны тыңдап алады, содан соң аудиторияда оны оқытушымен бірге талқылайды. Мұның бәрі электронды-дуальды оқыту әдісінің құрамдас бөлігі болып табылады.
    Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бағдарламада айқындалған үш міндетті дамудың стратегиялық бағыты санайды. Біздің еліміз әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына ену үшін бұл іске бәріміз де уақытылы кірісуіміз керек. Жасыратын несі бар, Қазақстанда қазір жаппай электронды оқытудың үлгісі, бетке ұстары ретінде атауға болатын бірде- бір ЖОО жоқ. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға е-learning-ке заңнамалық базаның жоқтығы бөгет болып отыр. 3D – МИОК өндірісі жоқ. Электронды онлайн-оқыту мақсатында жалпыға ортақ web-портал жоқ. Сондай-ақ, РФ ҰҒА-ның үлгісіне сай, тәжірибе үшін айқындалған ЖОО, яғни тәжірибе алаңы да жоқ. Е-learning электронды оқыту технологиясына Қазақстанда өз жолын «өзі ашуына» тура келді, мұны Қазақстан мен Ресейдің ерікті-ғалымдары мен онлайн-оқыту саласының энтузиастары жүзеге асырды. Мысалы, біздің университеттің профессоры Егізбай Сақпанов — е-learning оқыту технологиясының негізін салушылардың бірі. Ол 20 жыл бойы онлайн-оқытудың теориясы және тәжірибесімен өз бетінше айналысып келеді. Бұл — ғылыми ортаға белгілі жайт, ол екі мемлекеттің — ҚР ҰҒА және РФ ҰҒА жұмысшы топтарының мүшесі болды. 2006 жылдың қарашасында Астанада «Жаңа буын оқулықтары: даярлау мен шығарудың қазіргі жайы, проблемалары, болашағы» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның ұйымдастырушылары — ҚР БҒМ мен «Оқулық» РҰПО — Мәскеуден біздің стратегиялық әріптестерімізді және белгілі порталдың жетекшісін шақырды. Осы жиында Егізбай Сақпанов ҚР БҒМ-нің қарауына қызықты жоба ұсынды. 2011 жылдың ақпанында Білім және ғылым министрлігі 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаны орындаушылардың конкурстық іріктеуін өткізді. Нәтижесінде біздің әріптестеріміз жеңіп шықты. Бірақ іс мемлекеттік бағдарламаның бюджетін бөлуге жеткенде, басқа орындаушы пайда болып, іс ақырындап қалды. Осыған қарамастан, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ бүгінде е-learning электронды оқыту мәселелерімен өз бетінше және мақсатты түрде айналысып жатыр. Біз Coursera, MIT OpenCourseWare, Khan Academy сынды е-learning технологиялардың әлемдік алыптарының тәжірибесін зерттедік. Біздің университет, «Мультимедиа Технологии» (ММТ) ЖШҚ және республикалық қоғамдық е-learning электронды білім беруді қолдау қоры арасында меморандум жасалды. Меморандумға қатысушылар Қазақстанда мектептерге, колледж-дер мен ЖОО-ларға арналған 3D – МИОК-тың жаңа өндірісін, ұлттық білім беру web-порталын жасауды көздеп отыр. Бірақ жобаны қаржыландыру мәселесінде қиындық бар, қайткенде де, ҚР БҒМ тарапынан қолдау керек. Әзірге біз, әріптестеріміздің көмегіне жүгіне отырып, өз университетіміздің ресейлік білім беру web-порталына тегін кіруін қамтамасыз етіп отырмыз. Гуманитарлық көмек ретінде бұл қазақстандық web-портал жасалғанға дейін жалғаспақ. АӨМУ-дің барлық оқытушылары мен студенттеріне Қазақстанның кез келген жерінен тәулік бойы пайдалануға болатын ортақ әмбебап логин мен пароль беріліп отыр.

    Әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Баян БОРАШ: Шәкірт шыңға көтерілсе, ұстаз үшін сол бақыт
  • Бірінші сыныптың білімі балдық жүйемен бағаланады
  • Конфуций институты - достық көпірі
  • Тілдерді оқыту орталығы жекешеленбейді
  • Дипломды сатып алған “мұғалімдер” сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге