Қажымұқан САТЕНОВ: Қайта туа қалсам, әскери өмірді таңдар едім

    Ол өмірінің 36 жылын әскерге арнаған адам. Жасы алпыстан асса да «Отан үшін от кешуге әлі де дайынмын» дейді. Ол намыссыздыққа шыдап тұра алмайды. Оның жасандылыққа жаны қас. Туған елден жырақта көп жүрді. Бірақ ол ана тілін де, салт-дәстүрді де ұмытқан емес. Ол - отставкадағы полковник Қажымұқан Сәтенов.

    Қажымұқан аға, сіз көрші Ресейден бөлек Африка мен Еуропада әскри қызметте болған екенсіз. Айтыңызшы, қиырда жүріп тіліңіздің тазалығын қалай сақтап қалдыңыз?
    Мен Қобданың қазағымын. Әскери училищеге түсерде орысшам шамалы еді. Орыс тілінен жақсы баға алғам жоқ. Өзге пәндерден бестік алдым. Оқуға түсу үшін орташа баға төрттен кем болмауға тиіс еді. Қабылдау комиссиясында, училище бастығы генерал- майор Л.К.Положенцев: “Бұл баладан жақсы офицер шығатын түрі бар. Оқуға қабылдансын. Бір шартым бар. Жарты жылда орыс тілін толық игере алмаса, қысқы сессиядан кейін шығарып жібереміз” деді. Сөйтіп жарты жылда орыс тілін үйрендім.
    Әскери училищеге әкемнің “Мед-институт немесе пединститутқа түсесің” деген сөзін тыңдамай қашып кеткен едім. О бастан әскери адам болғым келді. Бала күнімнен “Әлия апамдай неге батыр болмаймын?” деп армандайтынмын. Жылдар өте өз өмірім жайлы жастардың патриоттық сезімі оянуына аз да болса себебімді тигізейін деген оймен кітап жаза бастағам. Қазақша жаза алмадым. Ойым орыстанып кетіпті. Содан “Армия – судьба моя” деген кітап шығардым.
    Мен кезінде совет әскеріне қызмет еттім. Совет Одағы-ортақ отанымыз болатын. Екінші дүние жүзілік соғыстан соң дүниежүзі социалистік және капиталистік болып екі лагерьге бөлінді. Соған байланысты әр ел саясатын өзіне ұнаған бағытпен, ал кейбірі үстемдікпен ұстап отырды. 1953 жылдан бастап Венгрия, 1968 жылы Чехословакия, Вьетнам, 1970 жылдары Ангола, Египет, Иемен мен Сирияның бәрінде соғыс болып жатты. Совет үкіметінде оларға өзінің идеологиясын өткізу саясаты болды. Бұл соғыстарды локалдық соғыс деп атады, бұл соғыста тек әскери кеңесшілер (советниктер) офицерлер болды. Былайша айтқанда, мен сияқты кеңесшілер. Анголаға арнайы
    іс-сапармен барған себебім де сол. Мен Ангола жерінде Лубанго деген қаладан 20 шақырым жерде орман ішінде, СВАПО - патриоттарын соғыс қиылдарына үйретіп, қайтадан өз еліне басқыншылармен соғысуға жіберіп тұрдым. Ол кезде Намибия елі ОАР (ЮАР) қол астындағы тәуелсіз ел еді. СВАПО патриоттары
    1951 – 1990 жылға дейін бостандығы үшін құрылып, егемендікті жеңіп алған нағыз патриоттық партия. Намибия еліне бардық.
    Мақсат - оларды бостандыққа жеткізіп, совет үкіметінің идеологиясын жүргізу, социализм мен коммунизм құру еді.
    Офицер өмірі өте ауыр әрі қиын өмір, өзіне тән қызық та көп. Дегенмен сол қиындықты отбасымен, соның ішінде балаларыңмен де бөлісуге тура келеді. Офицер өмірінің жартысы көшумен өтеді. Ол өзі қалағаннан көшпейді. Бәрін жоғарыдан түскен бұйрық шешеді. Бүгін мына горнизонда қызмет атқарып жатсаң, ертеңіне орын алмастыратын кез келеді. Ал көшсең бүкіл отбасымен көшесің.Көші-қон мектепте оқып жүрген балаларға қиындау түседі.

    Өзіңіз айтып отырғандай, әскери қызметкерлер бір жерде отырмайды. 7-8 рет мектеп ауыстырған офицер қыздарының сабақ үлгерімі қандай болды?
    Қыздарымның екеуі де бойжетті. Бір мектепті бітіргенде екеуі де “Алтын белгі” иегері болған болар еді деп ойлаймын. Қазір қызым Гүльмира облыстық әкімшілікте тексеру бөлімінің бастығы.
    Жанна - медицина ғылымына үміткер, жоғарғы санатты дәрігер, облыстық ауруханада онко-гинеколог болып жұмыс істейді.
    Қажымұқан аға, сіз енді жастайынан жырақта жүріп туған елдің қадірін бір кісідей түсінген адамсыз ғой. Біздің елдің патриоттарына көңіліңіз тола ма?
    Патриотизм деген не? Өз ана тілін ұмытпау, елін, жерін сүю, дінін білу, салт-дәстүрді сыйлау. Осы қасиеттерді бойына сіңірген адам патриот болып шығады. Мен Еуропа, Азия, Африка елдерін аралап шыққан адаммын. Қазақтай салт құрған ел көрмедім. Кей қандастарымызда намыс жоқ. Бір күні немеремді балабақшаға алып бардым. Мекеменің жанында әп-әдемі қара көлік тұр екен. Терезесіне қытай иероглифімен жазып қойыпты. Жүргізушісі қазақ жігіті. “Балам, мына көлікпен кімді тасисың?”- дедім. “Қытай азаматын” деп жауап берді. “Сен өзі мында не жазылғанын білесің бе?” десем, “жоқ” дейді. “Ертең бар ғой, көлікті осы жазумен айдап келсең, әйнегінің күл-талқанын шығарамын. Бір терезені төлейтін ақшам бар. Намысың болса, мынаны жаздырмас едің” дедім. Ертеңіне қызым: “Жүргізуші біз жаққа көп қарады. Әкемді күтіп тұрсыз ба? Ол кісі келмейді деп күлдім” деп келді. Сөйтсе, терезедегі қытайша жазуды сүртіп тастапты. Патриоттық сезім әрбіреуіміздің санамызда болуы керек. Қазақша сөйлесек, кім қолымызды қағып, аузымызды жабады?

    Сүйген жарыңызбен қалай жолықтыңыз?
    Сүйген жарым – Рәбиға. Махаббатымыз сол ауылдағы мектептен басталды. Көрші тұрдық. Сөйтіп жүргенде мен оқуға кеттім. Ол мені күтті. Келген сайын кездесіп тұрдық. Оқуды бітірген соң 1971 Өскеменге жолдама алдым. Командирім: “Үйленетін болсаң, пәтер береміз” деді. Рәбиға менің үйлену туралы ұсынысыма қарсы болмады. Тойды өткізіп, екі чемоданды арқалап, “Өскемен қайдасың?!” деп жолға тарттық. Өскеменге 1972 жылы келдік.
    1973 жылы бірінші қызым Гүльмира, 1977 жылы екінші қызым Жанна дүниеге келді. Жасым 43-тен өткенде ұлым Төлегенді сүйдім. Төлеген әскер қатарына барып келіп, оқуын жалғастырып жатыр. Студент. Қ.Жұбанов атындағы университтің ІІІ курсында оқып жүр. Заң факультетін бітірмек. Шаңырақ көтергенімізге биыл 43 жыл.

    Мен Анголада әскери іс-сапармен жүрген кезімде өте қиын болды, сол қиындықты бөлісуге Рәбиға да келді. Оған да автоматты да , пистолетті де атуға тура келді. Граната да лақтырды. Көптеген қиыншылықты басынан өткізді. Махаббаттың шынайылығы ғой, әйтпесе соғысып жатқан жерге кім барады?
    Бір жыл өткеннен кейін біз аяқ астынан жиналып, 10 сағат ұшып елге келдік.
    Келгеннен кейін әр түрлі ұсыныстар болды. Мәскеуде қалып Академияда сабақ беру, Мозамбика еліне кеңесші болып баруға ұсыныстар түсті. Мен туған топырағымды аңсап, елге қайтаруын сұрадым. Соңғы тұрған қаламыз Душанбе болды. Қазақстанға сұрандық. Елде 1988 жылдар басталды. Ол бір түсініксіздеу кезең еді. Егемендік жақындады. Жүгіміз Жамбылда, балалар Қобдада, біз Мәскеуде жүрміз. Қазақ “Есің барда еліңді тап” дейді ғой, сол жылы Алматыға барып қоныстандым. Кейін Таразға жіберді. Маңғыстауда да болдық. Тоқтаған жерім - кіндік қаным тамған Ақтөбе болды. Жарым үнемі қасымда жүрді. Ешқашан қабағын шытқан емес, қолдан келген көмегін аямады.

    Сізді қазір не нәрсе толғандырады?
    Украина мен Ресейдің қарым-қатынасы. Ресей әлі де империялық үстемдігін жоғалтқысы келмейді . Орыс халқы халық та, қалғандары кім? Шығыста қара құртша қаптап қытай тұр. Сонда осындай елді, жерді қалай сақтауға болады? Ертең ел басына күн туса , қолына қару алып кім шығады? Қазіргі жүрген шала қазақтардан патриот шығады деп ойламаймын.
    Біз Елбасы айтқандай, жұмылып бір жұдырық болуымыз керек. Мен ештеңеден де қорықпаймын. Соғысқа шақырса, барамын. Ал анау батысқа еліктеп жүрген жастар, мұнай магнаттарының шетелдегі балалары қолына мылтық ұстар ма екен? Ата – бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен ұлан байтақ жерімізді кім қорғайды? Мен содан қорқамын. Өйткені, бізде намыссыздар көп. Патриотизм жетіспейді.

    Сіз айтыңызшы, патриотизмді дамыту үшін бізге не істеу керек?
    Идеологияны өзгерту керек. 1986 жылы мені Ауғанстанға дайындады. Бірақ “Алжирге барасың” деді. Маған ол неге керек? “Өзімнің жолдама бойынша баратын жеріме - Кабулға қайта жіберіңдер” дедім. “Сізді Алжир еліне Академияға сабақ беруге жібереміз, бар ақшаны доллармен аласың” деп үгіттеді. Мен “Ауғанстанға қайтарыңдар” деп қарсы болдым. “Онда Анголаға барасың. Олар да соғысып жатыр” деді. Қазір менің орнымда бөтен кісі болса екі қолын көтеріп, Алжирге барар еді. Мен намысқа тырыстым. “Соғыстан қорқып, ақша алатын жерге кетті” - деген атаққа қалғым келмеді. Сол кезде идеология мықты болды. Кешегі күнге дейін социализм бағыты күшті деп ойлап келдік. Шынында халықтың бәрі бірдей, тек идеология басқаша болады екен.
    Қазір нені армандап жүрсіз?
    Тірі адамда арман бітпейді. Бірінші арманым - Украинадағы жағдай біздің елге жетпесе екен. Еліміз тыныш, халқымыз тоқ, жастарымызға жұмыс көп, еліміз техника-электроника жағынан дамыған елдер қатарына көтерілсе екен. Екінші арманым – балам оқуын бітіріп, жұмысқа тұрып немере сүйдірсе екен. Балаларым бақытты болсын!

    Алға қойған жоспарларыңыз қандай?
    “Қазақ офицері” деген кітап жазғым кеп жүр. Кейіпкері өзім. Атымды өзгертемін. Өзім куә болған фактінің бәрін қаз-қалпында қалдырамын. “Мен, мен” демеймін. Бауыржан Момышұлы атамыз: “Менен де жақсы офицерлер болды, бәрі соғыста өлді. Жаманы мен болғасын, тірі қалдым” депті ғой. Сол айтқандай, қиын жағдайларда қасымда болған офицерлер туралы, отан қорғаушыларға, жастарға арнап бір естелік кітап жазсам деймін.
    Отыз алты жыл әскери салада қызмет етіпсіз. Әлі де жұмыстан қол үзбеген екенсіз. “Әттеген-ай!” деген кезіңіз болды ма?
    “Әттеген-ай!” деп ешқашан айтпаймын. Айтқан да емеспін. Қайта туа қалсам, әскери өмірді таңдар едім. Келіншек іздесем де, Рәбиғадай әйелді қайта таңдаған болар едім. Өмірім қиыншылық толы болса да, жақсы өтті. Өмірім өтті, өтіп жатыр. Соған тәубе деймін. “Рақметтен” бөтен сөз естімедім. Мейлінше халықты ойладым. Алыс ауылдан келгендерді жұмыс кестесінен бөлек те қабылдайтынмын. Талай адамды үйде отырып-ақ қабылдадым. Себебі, адамды өзгелерден артық қылатын оның отырған тағы емес. Адам өзгеден адамшылығымен артық. Халықтың алдында жүзім ақ болмаса, бүгінде менімен ешкім сөйлеспес еді, құрметке бөленбес едім.

    Сұқбатыңызға рахмет. Арман – мақсаттарыңыз орындалсын!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Самат Данияров: Адамдарды жақсы көремін
  • Айдархан НАУРЫЗҒАЛИЕВ: Ақтөбедегі ең келбетті жігіттердің бірі болдым
  • Жайлау Асылханов: Маған кейбіреулер “Отсталыйсың!” дейді
  • Тәжірибесіз дәрігерлерге жұмыс бар
  • Төрежан МӘНДІБАЙ: Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек
  • Пікір

    ^ Үстіге