Фариза Төлебаева: Ол кезде бала болсам да, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындық әлі есімде

    Ол – дарынды, өнерлі, жан-жақты адам. Ол – жас болса да, өз мақсатын айқын қоя білген маман. Ол – өз қатарластарының алды болып, “Жыл студенті” атанды. Ол – ақтөбелік қыздардан құралған көңілді тапқыштар клубының мүшесі. Ол – Тәуелсіздіктің құрдасы Фариза Төлебаева.

    Фариза, “Керек.info” оқырмандары сен туралы білгісі келеді...
    -Мен 1991 жылы 16-шы шілдеде Шалқар қаласында дүниеге келдім. 1998 жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттадым. Мектепті 2009 жылы үздік бағамен тәмамдап, арман қуып Ақтөбеге келдім. Сол жылы жұлдызым оңынан туып, Ақтөбе педагогикалық институты физика-математика және жаратылыстану факультетінің студенті атандым. Негізі, жеткен жетістіктерімнің көбі осы институт қабырғасында жүрген кезімде болды. 2012 жылы Тәуелсіздік құрдастарының арасында өткен байқауда “Жыл студенті -2012” номинациясына ие болдым. Кейін тағы да Тәуелсіздік құрдастарының арасында өткен байқауда “Дарынды құрдас” номинациясын алдым. Осы байқауда өзі екі-ақ номинация болатын. Бірі “Тәуелсіздік құрдасы”, екіншісі “Дарынды құрдас” деп аталатын. Соның бірін мен иелендім. Бұл байқауға 23 адам қатысты. Бұл 2013 жылы болатын. Институтта оқып жүргенде өте белсенді болдым. Жастық шағымызды босқа өткізбеуге тырысатынбыз. Оқудан кейінгі уақыттарымыздың бәрін түрлі шараларға қатысуға, білімімізді жетілдіруге жұмсадық. Осы институт қабырғасында жүргенде ақтөбелік қыздардан құралған “Еркетай” көңілді тапқыштар клубын құрдық. Осы клубтың алғашқы мүшелері болдық. Осы клубтың құрамында ойнап жүріп, 2010 жылы республикалық лигада чемпион болдық. Ол кезде мәтінін жазу, өлеңдерін шығару сияқты шығармашылық жақтарының барлығын өзім жасадым. Жалпы ақындыққа өте жақынмын. Негізі, әу демейтін, бір шумақ өлең жаза алмайтын қазақ жоқ қой. Дегенмен, ата-бабадан келе жатқан осы бір киелі өнер менің де бойымда болғаны үшін Аллаға шүкір деймін. Осы көңілді тапқыштар клубында ойнай жүріп, Есен Елеукеннен “Үздік команда ойыншысы” деген атақ алдым. Институтта оқып жүріп, тек КТК ойнап қана қойғам жоқ. Төрт жыл бойы “”Жасыл ел жасақтарының қатарында талмай еңбек еттім. Төрт жыл бойы командир болдым. “Үздік жауынгер” атандым. Алматыда “Жасыл елдің” үлкен слеті өтті. Сол слетқа қатысып, өзім секілді белсенді, еңбекқор жастармен араласып, шығармашылық байланыс орнаттық. Негізі студенттік шағымыз өте қызықты, думанды өтті. Біздің шығармашылықпен айналысуымызға, өз мақсатымызды айқын қоя білуімізге, қоғаммен белсене араласуымызға жағдай жасаған ең алдымен Егемендігіміздің арқасы деп білемін. Тәуелсіз елдің жастары қашанда батыл, еркін, әрқашан білімді, ойлы, шыншыл. Бұл пафос емес, шынымен солай. Өзім сол жастардың ортасында жүргендіктен де, осылай деп еш қымсынбай айта аламын. Тәуелсіздік берген бірінші бақыт – ол еркіндік. Ой еркіндігі.

    Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында үлкен тоқырауға ұшырап, қиындықтарды бастан кешірді. Сен жас мемлекетпен бірге ержетіп келесің. Сол қиындықтар есіңде бар ма?
    -Әрине. Бала болсам да, үйдегі, ауылдағы жағдайды іштей түйсініп өстім. Ол кезде ауылда тұрамыз ғой. Баламыз. Ақша болмай, үйдегі газды қиып кетті. Пеш жағып, тірлік кештік. Кейін тағы да ақша болмай, жарықты қиып тастайтын болды. Үйде ешкімнің көңіл-күйі болмай, бәріміз томсырайып отырмыз. Қағаздармен ойнап отырып, көп құжаттардың арасынан екі бес жүз теңге тауып алдым. “Папа, міне ақша, міне ақша” деп қуанып, әкеме апарып бергенім есімде. Сол сәтте тауып алған мың теңгеден артық ақша болмап еді біз үшін. Үйде үш ұлдан кейінгі кенже әрі жалғыз қызы болған соң, әкем бетімнен қақпай еркелетіп өсірді. Жалғыз қыз болғаным үшін еркінсіткен жоқ, тәртіп-талаппен тәрбиеледі. Әкем ішкі істер органдарында көп жыл қызмет етті. Әлі есімде, үлкен ағамның оқуына ақша табылмай, оқуынан шығып кететін болды. Сол кезде әкем барлық күш-жігерін, еңбегін, тума-туыстарды жинап жүріп, әупірімдеп ағамның оқу ақысын төледі. Мен де алдымен ақылы бөлімге оқуға түскеніммен, кейін өте белсенді әрі жыл студенті атанған соң, деканымыз тегін оқуыма жағдай жасады. Стипендия алып оқыдым. Тәрбие берген ата-анамды, ағаларымды жерге қаратқан жоқпын деп ойлаймын. Әкем әлі күнге дейін мені “Ақпаран” деп еркелетеді.

    Қазір өзіңнің де бөпең бар. Анаңды енді түсініп жатқан шығарсың?
    -Ия, қазір өзім де ана болдым. Кішкентай ұлым бар. Аяулы жар атанып, келін болдым. Ата-енем өте жақсы адамдар. Түскен жерім текті жер. Кішкентай ұлымды екі әжесінің тәрбиесіне беріп, өзіміз қыз бен жігіт болып жүрміз. Сол себептен бе екен, ананың жауапкершілігін толықтай сезіне қоймадым. Әрине, бұл балаңды ойламау деген сөз емес. Енем аузын ашса, жүрегі көрінетін ақкөңіл жан. Атам қашанда сабырлы қалпынан тайған емес. Қыздарынан артық көрмесе, кем көрген кездері болмапты. Әлі күнге еркелеп жүрміз. Келіндік міндеттерімді ұмытпаймын. Қай уақытта да сәлемімді салып, мүлтіксіз қызмет етуге тырысамын. Ата-енемнің қолында бар жоғы бірнеше күн ғана тұрдық. Кейін жолдасымның жұмысымен Ақтау қаласына кеттік. Ақтөбеге оралып, осы жерде қызмет етіп жатырмыз. Ата-енеме алғыстан басқа айтарым жоқ.

    Өзің қатарлы жастар туралы пікірің қандай? Қазіргі жастар жалтақ дегенмен келісесің бе?
    -Жоқ, ондай пікірмен келісе алмаймын. Өзім көріп жүрген жастардың ішінде жалтағы жоқ. Керісінше, бәрі өз ойын тура айтатын, пікірін жеткізе алатын батыл жастар. Жастар жаман дей беруге болмайтын шығар. Рас, жастықтың буымен, ойланбай жасайтын қадамдарымыз жеткілікті. Дегенмен, қазіргі жастардың бойынан тек жамандық көруге болмайды деген пікірдемін. Мысалы, қазір жастар жаман әдеттерден бойын саналы түрде аулақ ұстайды. Демек, жастар қазір сауатты деген сөз. Ішімдік ішсе, шылым шексе, тағы да басқа жаман әдеттерге бой алдырса, басқадан бұрын, өз денсаулығына зиян екенін түсінеді. Демек, жастар білімді, өздеріне деген жауапкершіліктері басым. Бұл қуантады.

    Достарың көп пе? Адам бойында қандай қасиет көп болғаны дұрыс?
    -Дос көп болмайды. Шын достық уақытпен екшелетін нәрсе. Менің де бала кезден бірге келе жатқан Ақнұр және студент кезден айнымас серігіме айналған Гауһар есімді достарым бар. Бұл екеуі де уақыт сынынан сүрінбей өткен, айнымас адал достарым деп анық айта аламын. Жора-жолдастарым да жетерлік. Әйтеуір, ешқашан өзімді жалғыз сезініп көрген емеспін. Адам бойынан бағалайтын қасиетім шыншылдық. Басыңды кесіп алса да, шындықты айтқанды жақсы көремін. Адамның бетіне тура айтқанды ұнатамын. Сыртынан өсек айтып, біреуге мұң шаққанды жек көремін. Сатқындық көрген кезімде болды. Бірақ, бір жақсы қасиетім, маған жасаған жамандықтың барлығын кешіремін. Ойымнан, санамнан, өмірімнен мүлдем шығарып тастаймын. Әлеміме қоқыс жинағым келмейді. Бүгін опасыздық жасаған адамды ертең құшақ жая қарсы ала алатындығым үшін де өзіме риза болып кететін кездерім бар.

    Есіміңнің Фариза болуы да кездейсоқтық емес шығар?
    -Арғы атам Байдалы деген кісі өз ортасына сыйлы, ақын болған адам. Шымыр шумақтары мен мірдің оғындай тура айтылған сөздері әлі күнге дейін ел аузында жүр. Атамның кемпірі Мәдина әжем де осал адам емес екен. Үш ұлдан кейін мен өмірге келгенде “Фариза ақындай елдің қызы болсын, ақын болсын, өнерлі, өрелі болсын” деп азан шақырып, адал тілек, ақ ниетпен есімімді қойған екен. Әлі күнге дейін есіміме кір келтірген жоқпын. Ата-әжемнің үмітін ақтап келемін деп ойлаймын. Жыл сайын Фариза ақынға арналған жыр мүшәйраларында қанжығам майланып, атақты ақындармен бірге бір сахнада өлең оқимын. Адамның есімі тағдырымен ұштасып жатады деуші еді. Менің есімім Фариза болғанына шын мақтанамын.

    Әңгімеңе рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Арнұр Мәденов: “Шетелде “қазақ студенті” деген бренд бар”
  • Абдолла-Әлилә Нұсқабаевтар: Ажырасу дегенді білген жоқпыз
  • Елтай Кемал: Қызым – менің мақтанышым
  • Ербол Шыма: Шетелде оқығым келеді
  • Ардагер УАЙДИН: Әкемнің атына кір келтірмеуге тырысамын
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге