Таңсұлу Лакова: “Қызымның қайғысын қызметімнің көмегімен көтердім”

    Ол – тағдыры тайып кеткен талай қызға ана болған адам. Ол – көзінің ағы мен қарасындай екі қызының бірін ажалға қиып, қайғысын темірдей төзіммен көтере білген әйел. Ол – қырық жылға жуық педагогика саласында талмай еңбек еткен маман. Ол – Ақтөбедегі “Ана үйінің” директоры Таңсұлу Лакова.

    “Ана үйі” туралы айтып өтіңізші?
    2014 жылы Ақтөбеде “Ана үйі” ашылды. Түрлі себептермен кішкентай баламен жалғыз қалған жас аналарға арналған бұл мекемеде осы уақыт аралығында 82 жас ана паналап үлгерді. Олардың қатарында күйеуімен ажырасқан, жігіті алдап кеткен, оң жақта отырып бала көтерген соң туған-туыстары теріс айналған, ойнақтап жүріп, от басып, бойына біткен баласынан бас тартқысы келген жас қыздар бар. Бір жылдың ішінде “Аналар үйі” осындай қыздардың жалғыз ғана “барар жер, басар тауына” айналды. Бұл жерге келместен бұрын жеке лицейде директор болып қызмет еттім. Негізі мұндай әлеуметтік жоба әлемнің кей елдерінде бұрыннан бар. Оларды мемлекет қаржыландырады екен. Ал біздің жоба - кәсіпкерлердің ұсынысымен жасалды. Мемлекеттен ешқандай қаржы шықпайды. Бұл жобаның барлық шығыны кәсіпкерлердің мойнында. Жобаның авторы — белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев. Өткен жылдың аяғында “Аналар үйі” еліміздегі ең үздік әлеуметтік жоба номинациясы бойынша “Алтын жүрек” сыйлығына ие болды. Айдын Рахымбаев бір жылдың ішінде өзінің және миллиардер достарының қаражаты есебінен еліміздің бірқатар қаласында осындай үйлер ашып, 500-ге жуық жас әйелге көмек көрсеткен. “Аналар үйін” ашудағы мақсат — әлеуметтік жетімдер санын азайту. Аналар үйіне негізінен шарасыздықтан баласын жетімдер үйіне тапсыруға бел байлаған жас аналар келеді. Ал жылына 500 анаға қолдау көрсету — 500 баланы тірі жетімдіктен сақтау деген сөз. Ақтөбедегі “Аналар үйі” жергілікті кәсіпкер Исламбек Салжановтың қолдауымен ашылды. Қазір екі қабатты коттеджді жалға алып отырмыз. Тап қазір 12 ана сәбиімен өмір сүріп жатыр. Ана мен баланың жылы да жайлы үйде қысылмай-қымтырылмай өмір сүруіне бар жағдай жасалған. Бір жыл бойы балалардың киім-кешегі, ішіп-жемі қамқоршылардың қолында. “Аналар үйіне” келген әйелдер баласы бір жасқа толғанша осында тұруға құқы бар. Жетімдер үйінде тұрған, туыстары жоқ қыздар баласы бір жарым жасқа келгенше тұра алады. Қыздар мұнда бос отыр-майды. Бірі тамақ жасаса, бірі үй жинайды, іс тігеді. Болашақта қыздарға осы бір жыл ішінде ұсақ-түйек кәсіптерді меңгеріп алуға мүмкіндік берілмек. Және оларға балаға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны жинауға кеңес беріліп отыр. Бұл — бала бір жасқа толып, “Аналар үйінен” шыққан уақытта қыздардың қолында аз да болса қаржы қорының болуына септігін тигізеді. Қыздар қолдарынан келгенше тірліктерін жасап жатыр. Балаларының денсаулығы “Аналар үйіндегі” медбикенің қарауында.

    Мұнда келетін қыздардың ата-аналары, жақындары жоқ па?
    Мұнда негізінен баласынан бас тартқысы келген жас әйелдер келеді. Облыстағы білім, денсаулық басқармаларымен арада арнайы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бойынша, облыстағы барлық оқу орындарымен, медициналық мекемелермен тығыз байланыс жасаймыз. Өз баласын перзентханаға тастап кеткісі келетін, жетімдер үйіне тапсырып жібергісі келетін қыздармен кездесеміз, олармен психолог мамандар жұмыс жасайды. “Аналар үйі” туралы айтамыз. Осында алып келгеннен кейін ол қыздың кездескен жігітімен, үйінен қуып жіберген ата-анасымен, туыстарымен сөйлесіп, кездесуге тырысамыз. Шама келсе, қыздарды жігіттерімен табыстырып, үйленіп, отау болып кетуіне қолдау көрсетеміз. Ондай болмаған жағдайда ата-аналарының бетін бері қаратуға, қыздарына қол ұшын беруіне ықпал етуге тырысамыз. Ойнап жүріп от басып қалған қыздардың аналарын шақырып алып, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесемін. Өз басымдағы жағдайды айтып, еңірегенде етегім жасқа толып түсіндіруге тырысамын. Мен де анамын. Көзімнің ағы мен қарасындай екі түйір қызым бар еді. Кенже қызым 25 жасында аты жаман дертпен ауырып, қайтыс болды. Мен қызымның қолынан ұстап, бетінен сүюге зар болып жүргенде, біреулер қыздарынан бас тартып, үйінен қуып жібереді. Ажалдың ғана орны толмайды. Басқа қиындықтың барлығының шешімі болады. Аяғы ауырлап қалған қыздарынан бас тартатын аналарға осыны айтып жеткізуге тырысамын. Олардың алдында өтірік жылап қайтейін? Шынымен, қызымның қайғысын айтсам, әлі күнге дейін көкірегім қарс айырылып, жүрегім қан жылайды. Өз қасіретіңді жыламай қалай айтасың?.. Әрине, оң жақта отырып балалы болу қазақ қызына жат дүние. Бірақ алданып қалды екен деп, өз баласын далаға тентіретіп жібергенде жағдай өзгере ме? Жақын жандардың бір ауыз жылы сөзі қаншалықты мықты күш екенін түсінсе екен.

    Осындағы қыздардың туған анасындай болып кеткен екенсіз ғой?
    Ол рас. Осында жатқан қыздардың барлығына туған анасындай, сәбилеріне әжесіндей болып кеттім. Бір рет сүрініп кетіп, сүйенерге жан таппаған, жақындары жаттай безген жас қыздардың жан сырын тыңдаймын. Біріне ақыл айтсам, бірінің басынан сипап еркелетемін. Осы уақытқа дейін 17-28 жас аралығындағы қыздар келді. Тағдырлары әртүрлі. Мінездері де әртүрлі. Туған қыздарымдай еркелетемін, кейде ұрысып та аламын. Кейбір қыздар өмірден түңіліп, ешкіммен сөйлескісі келмей, ашуын айналасындағылардан алардай боп келеді. Кейін, психолог онымен жиірек сөйлесіп, өмірге деген көзқарасын өзгертуге күш салады. “Аналар үйінде” тұратын қыздардың тағдырлары әрқилы. Тұрмыс құрып кететіндері де бар. Менің қыздарыма үйленгісі келіп, алдыма келетін жігіттермен жақсылап сөйлесемін. “Бала біреудікі деп өгейсітетін болсаң, бірден райыңнан қайт” деймін. Бірақ, әлі күнге дейін үйленген жігіттердің бірде-біреуі баланы шеттетіп көрген емес. Барлығымен де байланыс орнатып отырмын. Бірде мынадай оқиға болды. Бір қыз аяғы ауыр екенін білген соң, жігітіне айтса, жігіті үндемей жоқ боп кетіпті. Жігітін әрі іздеп, бері іздеп таппаған соң, жеңгесі екеуі бізге келді. Баланы туған соң тастап кетемін деді. Мен ол қызға “Аналар үйінде” баланы тастап кетпеу үшін тұратынын, сол үшін келісімшартқа қол қоятынын айттым. Түсік жасатуға мерзімі де өтіп кеткен екен. Сол келіншек осында тұрды. Кейін маған ауылдың бір жігіті хабарласып, үйленгісі келетінін, менен жақсы қызбен таныстыруымды өтінді. Мен осындай қыз барын айттым. Бірақ міндеттей алмайтынымды айттым. Жүрекке әмір жүрмейтіні бар ғой. Екеуінің телефондарын алып, бір-бірімен сөйлестірдім. Біраз уақыт сөйлесіп жүріп, сөздері жарасып, екеуі отау құрды. Жігіт ауылдағы ағайындарына “өзімнің балам, сүйген қызымның аяғы ауырлап қалды” деп түсіндіріпті. Құдайдың құдыретін қараңызшы, әлгі бала туылғаннан соң әлгі жігіттен айнымай қалыпты. Әлі күнге дейін суреттерін жіберіп тұрады. Сондай-ақ, жүкті келіншегін далаға қуып жіберген жігіттер де бар. Қазір аяғы ауыр бір келіншек жатыр бізде. Жасы жиырмада. 16 жасында жігіті алып қашқан. Төрт жылдан бері заңды некеге тұрмаған да. Бірінші баласына аяғы ауырлағанда ұрып, баланы түсірген. Содан кейін екінші рет жүкті болғанда, “әке болуға дайын емеспін” деп келіншегін үйден қуып жіберіпті. Адамның санасына берсін дейміз, басқа не айта аламыз. Тағы бір оқиға былай болды. Жүрген қызының аяғы ауыр екенін білген жігіт бірден бас тартқан. Қыз ата –анасынан ерте айырылған жетім қыз екен. Басқа облыста тұратын нағашылары естіп, алып кетеміз деп жатты. Мен сосын әлгі жігіттің шешесіне хабарластым. Осылай да осылай, немерелеріңізді басқа облысқа алып кетпекші дедім. Сөйтсем, әлгі жігіт үйіне айтпаған. Немересі бар екенін естіген шешесі өзі келіп алып кетті келінін.

    Өзіңіз туралы айтыңызшы.
    Жолдасым бар. Екі қызымның бірін ажал жұтты... Бұл менің өміріме жететін қайғы. Оны жыламай айта алмаймын. Жолдасыммен жастайымнан таныс болдым. Кейін тұрмыс құрып, екі қызды болдық. Үлкен қызым тұрмыста. Екі жиен немерем бар. Марқұм кенже қызымнан да бір немере сүйдім. Өмір бойы мұғалім болып қызмет етіп келемін. Педагогпын. 1981 жылдан бері тікелей балалармен жұмыс жасап келеді екем. Қызым қайтқалы осы қызметіммен жұбандым. Осындағы әрбір қыз маған берілген аманаттай сезіндім. Әр қызға өз баламдай қараймын. Өзімнің де денсаулығым мәз емес. Қаным сұйылып кетсе, тоқтамайтын дертім бар. Десем де, еңбегім еленіп, кеше Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында медальмен марапатталдым. Ақтөбедегі барлық қоғамдық ұйымдармен байланыстамын. Қызметіммен абырой да, жаныма тыныштық та тапқан адаммын деп айта аламын.

    Әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде бала асырап алуға көмектесетін орталық ашылады
  • Аналар үйінің тұрғындары компьютер үйренді
  • Көпбалалы аналар марапатталды
  • Ақтөбенің “бас құдағиы”: Бәрі жақсы болады!
  • Бауырына басқан баламен түсінде танысқан ана
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге