Айгүл КЕНЖЕБАЕВА: Ата-анамыз қасымызда болғанға не жетсін?!

    Ол – қызметі үшін талай марапатқа ие болған қызметкер. Ол – әр адамның тағдыры бар адамға сабақ дейді. Ол – аяушылықтан гөрі қамқорлық керек деп есептейтін маман. Ол - “Әлеуметтік жәрдем орталығы” КММ кадр бөлімінің инспекторы Айгүл Абдуллақызы Кенжебаева

    Орталықтың қызметі туралы айтып өтсеңіз. Қиындықтар көп кездесе ме?
    -Қай жұмыстың да қиындығы болады. Біздің қарт адамдар көп ешкімге сенбейді. Кез келген әлеуметтік қызметкерді үйлеріне кіргізбейді. Бір адамға үйреніп алса, содан айрылғылары келмейді. Өмір болған соң, ол қызметкер жұмыстан шығып кетеді немесе басқа да жағдайлар болады.
    Біздің мекемеде 9 бөлімше бар. Оның 7-і қарттарға қарайды. Ал 2 бөлімше балаларға арналған. Қарттарды әр бөлімшеде 10 әлеуметтік қызметкер бар. Жұмысқа келген жаңа қызметкерді тіркелген адамдарға таныстыруға апарады. Қарттардың көбі алғашқы кезде жаңадан келген әлеуметтік қызметкерлерді кіргізбей немесе ұнатпай жатады.

    Қарттардың көбісі жалғызбасты адамдар. Балалары басқа қалаларда, шетелдерде тұрады. Балалары жоқ қариялар бар. Қалада баласы немесе немересі бар адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетуге алмаймыз. Өйткені ол біздің жұмыс істеу стандартымызға қайшы. 1,2 топ мүгедектерін аламыз. Олардың қарайтын адамдары болмауы мүмкін. Балалары басқа қалада тұратын қариялардың көбісі, өз туған жерін, үйренген ортасын қимай қалып қояды. Үлкейген адамға бәрі ыстық қой.
    Ал мүгедек балаларға да көрсететін қызмет түрлері бөлінеді. Үлкендер мен балаларға көрсетілетін қызмет түрлері әртүрлі.
    Балалардың қиыншылығы үлкендерге қарағанда көп. Баламен жұмыс істейтін қызметкер оның отбасымен тіл табыса білу керек. Балаларды өмірге бейімдеу керек. Ол балаға тамақ ішу үшін қасық ұстауды, тісін тазалауды да үйретіп, балаға ата-ана қандай қамқорлықпен қарайды, әлеуметтік қызметкер де солай қызмет жасау қажет. Олар жай балалар емес.
    Орталықта 184 бала тіркелген, 635 қарт пен 1,2 топ мүгедектері бар. Бұл адамдарға 101 әлеуметтік қызметкер қызмет етеді. Олардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер бар.

    Әлеуметтік қызметкерлер арасында келеңсіз жағдайлар кездесе ме?
    -Әр қызметкер өз ісін жақсы біледі. Олар жұмысқа келген күннен бастап, кіммен қалай жұмыс істеу керектігі таныстырылады. Ал кейбір адамдар әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін оңай көретін сияқты. Себебі кей тұрғындар келіп, “менің әжем бар, мен оны қарап, бағып отырмын, сол үшін әлеуметтік қызметкер ретінде жалақы алғым келеді”,-дейді. Ол адамдар біздің қызметкерлердің қалай жұмыс жасайтынын білсе ғой?!
    Әлеуметтік қызметкерлерге тек жалғызбасты адамдар, қарттар ғана жүгіне алады.
    Бір әлеуметтік қызметкердің қарамағында 8-10 адам болады. Соларға қамқорлық жасайды. Бір күнде төрт адамға барады. Әрқайсысының қасында екі сағаттан болып, шаруасын істейді. Бұл қызметтің барлығы журналға тіркеледі.
    Біздің қызметкерлер өз қамқорлығындағы адамдарға дүкеннен азық-түлік әкеліп береді, үйін жинайды. Дәрі-дәрмегін жеткізеді. Ал астарын дайындап беру міндеттеріне кірмейді, бірақ тамақтарын дайындауға көмектеседі.

    Ал балалармен жұмыс істейтін қызметкерлер оларға ойындар үйретеді. Кей жағдайларда қызметкерлердің жұмысы нәтиже беріп, балалар көп нәрсені үйреніп кетеді. Кейде дидактикалық тапсырмалар орындайды. Ол үшін арнайы қаражат бөлінеді. Сол қаражатқа балаларға журнал, кітаптар сатып алынады. Бұл баланың қандай да болса бір деңгейге көтерілуіне көмектеседі.
    Мүгедек балаларды бағып отырған көбіне жалғызбасты аналар. Олар жұмыс істей алмайды. Себебі балаға қарайтын бір адам керек. Әлеуметтік қызметкер барған кезде аналары ұсақ-түйек шаруаларын бітіріп алады. Жеке шаруасымен шығып қайтады. Бұл біздің тарапымыздан аналарға аз да болса көмек деп ойлаймын.

    Әлеуметтік қызметкерлер мемлекеттік қызмет те көрсетеді. Біздің қызметімізді алу үшін арнайы құжаттарды жинау керек. Сол құжаттарды әлеуметтік қызметкерлер рәсімдеп, әкімдікке жібереді. Біздің орталыққа тіркелген соң, қызмет көрсетудің тәртіптері белгіленеді.

    Әріптестеріңіздің арасында жұмыстан қиналғандар болды ма?
    -Бұл жерге жұмыс істеуге келген адам қиналса, сол бір айдың ішінде жұмыстан шығып кетеді. Қарттарды, балаларды таныстырғанда бөлім меңгерушісі мен кеңесшісі қызметкерлерді апарады. Қызметкерлердің бәрі дерлік әйел адамдар. Олар, әсіресе, алғаш рет балалармен танысуға барғанда жылап келетіндер болады. Олар ренжігеннен жыламайды, көңілшектігінен жылайды. Жұмыс істеуден бас тартатындары да болады. Қызметкерлерді таныстырмас бұрын баратын адамдардың суреттерін көрсетіп, дайындаймыз. Жұмыстан қорыққан адам баламен қалай жұмыс істейді? Ең бастысы, ата-аналар келген қызметкердің жұмысына риза болу керек.

    Көбіне жүрегіне жақын қабылдайтын адамдар жұмысқа шыдай алмайды. Мынадай жағдай болды, сал ауруымен ауыратын қыз бала Ахматованың өлеңін оқығанда “аузымызды ашып”, қызметкерлер жылаған. Әрине, мұндай эмоцияны балаларға көрсетуге болмайды. Оларға аяушылық емес, жігер беру керек. Қолдау керек. Адам кино қарағанда да экранның бер жағында отырып жылаймыз, ал бұл өмір, тағдыр. Бұл балалардың өмірге құлшынысы мықты. Көп нәрсені, алға ұмтылуды сол балалардан үйрену керек.
    Қарттардың өзі жалғызбасты болса да, далада қалмайтындарын біледі. Біздің орталыққа хабарласып, бар мәселелерін айтады. Көмек сұрайды. Біз де өз тарапымыздан түрлі жағдайларға ұрынып қалмасын деп, қызметкерлер тек жұмысын істеп қана кетпейді, бар ақыл-кеңестерін айтып отырады. Түрлі тұрмыстық жағдайда да, мысалы батареялары жарылады немесе басқа да көмек керек болса, кез келген уақытта хабарласып, жағдайларын айтады.

    Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. Қай жердің тумасысыз?
    -Ембі қаласынанмын. Жоғары білімді экономистпін. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыдым. Екі әпкем, сіңілім бар. Алғашқы қызметімді Ембі қаласында әкімдіктен бастадым. Тұрмысқа шыққан соң, ауылда статист болып жұмыс істедім. Кейін Ақтөбеге көшіп келіп, жұмыс іздеп жүріп, осы қызметке келдім. Маған өз жұмысым ұнайды. Ата-анам әлі Ембіде. Осы қалаға келіп, қасымызда болғанын қалаймын. Үйлері де дайын. Бірақ үйренген жерлерінен кеткілері келмейді. Олар ауырғанда Ембі Америкадан да алыс көрінеді. Ұл болсын, қыз болсын әке-шешесінің қасында болғанын қалайды ғой.

    Бос уақытыңызда немен айналысасыз? Хоббиіңіз бар ма?
    -Бос уақытым өте аз. Жұмыстан соң барлық әйел заты секілді үй тірлігі бар. Сәл қолым қалт етсе, газет оқығанды жақсы көремін. Теледидардан жаңалықтар қараймын. Қолым қалт етсе, тәтті тағамдар әзірлегенді жақсы көремін.

    Достарыңыз көп пе?
    -Қазір достардан гөрі көбіне туыстардың арасында көп боламыз. Ал достармен арнайы хабарласып, кездесуге, сол тағы уақыттың аздығы кедергі. Қазір әлеуметтік желінің көмегінің арқасында бір-бірімізді тауып, араласып тұратын құрбы-құрдастар бар. Олармен сырласқанға не жетсін?! Жылдап көрмеген құрбыларым бар. Бірақ әлеуметтік желі арқылы бар жаңалығымызды бөлісіп отырамыз.

    Әңгімеңізге рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
  • Көше кезбелерін қадағалайтын арнайы топ жұмыс істей бастады
  • Әлеуметтік қызметкерлер марапатталады
  • Ақтөбе – балаға мейірімді қала
  • “Мемлекеттік қызмет туралы” жаңа заң қабылданады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге