Берік НҰРМАҒАНБЕТОВ: Қазақтар кез келген әзілге күлмейді...

    Ол – облыс жұртшылығына танымал азамат. Ол – үлкен театрдың алғаш болып іргесін қалағандардың бірі. Ол – әр кейіпкерін жан-тәнімен зерттейтін актер. Ол – Ақтөбе облыстық драма театрының әртісі Берік НҰРМАҒАНБЕТОВ.

    Театр ашылға күннен бас-тап еңбек етіп келесіз. Алғашқы еңбек жолыңыз қалай басталды? Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз...
    -Шалқар ауданының Кішіқұм ауылында туып өстім. Ақтөбедегі мәдени ағарту училищесінде оқыдым. Соңғы курста оқып жүргенде Қазақ драма театры ашылады дегенді естідім. Әлі есімде қыста, ақпан айында театрға келдім. Ол кезде театр ұжымы Мұғалімдер үйінің бір бөлмесінде отырды. Театр директоры, режиссері бар – екі адам бар екен. Бірінші болып актер болуға талпынып мен барыппын. Тіркелдім. Театрға қабылдау сынағынан сүрінбей өттім. Сөйтіп бірден жұмысқа орналастым.
    Ақпан айының соңында театр Т.Ахтановтың “Күшік күйеу” спектаклімен ашылатын болды. Алғашында комедия театры болып ашылады деген. Ол кездері сатира театры Қазақстанда болған жоқ. Алғаш Ақтөбеден ғана ашылатын болды. Сол кездегі мәдениет басқармасының басшысы Қази Жасекеновтің көп көмегі тиді. Сөйтіп, 1992 жылы мамыр айында сатира емес, Қазақ драма театры ашылды. Алғашқы кездері театр ұжымына оңай болған жоқ. Бір жарым жылдай әркімнің сахнасында жүрдік. Ғимарат жоқ. Барлығы 8 әртіс. Олардың қатарында Бауыржан Ержанов, Райхан Тәукебаева, Сержан Аманкуловтар болды.
    Міне, театр ашылғаннан бері 25 жыл болды, соның ыстық-суығын көріп келемін. Мен – драма театрдың кірпішін қалағандардың бірімін.
    Ғимарат жоқ кезде көп қиындық көрдік. Халық шығармашылығы үйінің сахнасында, мектеп сахналарында, тіпті қазіргі үлкен саябақтардың сахналарында да-йындалатынбыз. Серуендеуге келгендер бізге таңырқай қарайтын.
    Қазіргі драма театры ол кездері “Ковчег” орыс драма театры деп аталды. Біз, қазақ труппасы мен орыс труппасы келісе алмай қаламыз. Сахнаны дайындалуға бермейтін кездер де болды. Дайындық жасайтын жер таба алмай жүретінбіз. Бұл жерде біз өзімізді басқа, артық адам сияқты сезінетін едік. Мәдениет басқармасындағы Қази ағамыз “жүре беріңдер, жұмыстарыңды істеңдер, бәрі де жақсы болады” дейтін. Сөйтіп жүріп бірнеше спектакльдерді көрермендерге ұсындық. Кейін театр қазақ драма театры болып, маңдайындағы бірнеше тонналық атауы түсірілген кезде, ренжіп көрші елге кетіп қалған әртістер де болды. Кейін театр тұрған көшеге Тахауи Ахтановтың есімін беруді сұрадық. Кейін театр да Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры болып өзгерді. Еңбегіміз еш кеткен жоқ. Арманымыз орындалды.
    Кейін “Екі езу” әзіл-сықақ театрын аштық. Нұрлыбек Жұбатқанмен танысып, екеуміз жаяу жүріп афиша ілетінбіз. Бір жылда бір емес, бірнеше концерт беріп жүрдік. Демеушілік көрсеткен азаматтар болды. Қазір театр Қазақстанға танымал. Небір республикалық додаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық. Жоспарымыз көп.
    Сатира жанрына әртістерді таңдау, оның ішінде қыз балаларды табу оңай болған жоқ. “Менің қолымнан келеді” дегендер көп болғанмен, сахнада өнер көрсету кез келгеннің қолынан келмейді. Мұғалім болып жұмыс істеп жүрген Гүлсім басқалардан пысықтығымен ерекшеленді. Сөйтіп қатарымызға Гүлсім Қаратаева қосылған еді.

    Көбіне әйел адамдардың рөлін сомдайсыз. Кейіпкеріңізді қалай таңдайсыз?
    -Қандай кейіпкер болмасын оны алдымен жақсылап зерттеп аламын. Менің кейіпкерлерімнің арасында әжелер, келіншектер, қариялар көп. Бала кезімнен әдетім сол – көп адамның басы қосылған жерде, арасына кіріп кетіп, әр адамның мінез-құлығын, қимылын, мінезін жіті қадағалап отырамын. Ал рөлді алғаннан кейін сол адамдармен бірге отырып-тұрамын десем де болады. Әжелердің ұршық иіргені, отырғаны – бәрі қызық. Ауылға барғанда ақсақалдардың қасынан шықпаймын. Құрдастармен басымыз қосыла қалған кезде, “ананың әжесі былай” деді, “мынаның әжесі сөйдеп айтты” деп, рөлдерін ойнап беремін. Ауыл ақсақалдары соғым сойған кезде бәрі қуырдақ жеуге келеді, карта ойнайды. Сол кезде қастарында отырамын. Ұтып жатқан біреуі “балам, ән салып жіберші” деп, ақша береді. Әр адам әртүрлі.
    Училищеде оқып жүргенде арнайы сабақ болатын. сол сабақ кезінде ұстазымыз екі сағатты бірінде аялдамаларға жіберетін. Далаға шығып, бір сабақ бойы аялдамаларда тұрып, келген-кеткен адамдарды, мінез-құлқын, жүріс-тұрыстарын бақылап тұрамыз. Ал екінші сабақта соны талдайтынбыз. Тіпті, психдиспансерге барып та көрдік. Бір ұстазымыз дәрігерлермен келісіп, бізді науқастардың арасына кіргізіп жіберді. Олар қандай қимыл жасайды, не істейді, біз де солардың кейпіне енуіміз керек болатын. Мен тапсырманы мүлтіксіз орындап шықтым. Кейін ұстазымнан мақтау естіп, марқайып қалдым.
    Әлі күнге дейін сол әдетім қалмаған. Қазір көлікпен жүргеннен жаяу жүргенді жақсы көремін. Аялдамаларда, сауда орындарында, супермаркеттерде адамдарға қарап, іштей зерттеп тұрасың. Әр адам әртүрлі мінез. Соның бәрін жинап сахнада пайдаланамын. Ізденемін.
    Әр кездің өз әзілі болады. Он жыл бұрынғы әзілді қазір сахнаға шығаруға болмайды. Ол кездері “Әжелер сайысы”, “Майдандастар” деген әзілге ел жатып кеп күлетін. Ал қазір онымен ешкімді күлдіре алмайсың. Оның ішінде қазақты күлдіру, тіпті, қиын. Қазақтар кез келген әзілге күлмейді. Әр елдің әзілі де басқа. Біз басымыздан өткен, өмірлік әзілдерге ғана күлеміз.

    Жаныңызға жақын рөлдеріңіз бар ма?
    -Драмалық қойылымдарда “Айман-Шолпандағы” Жантықтың рөлі жаныма жақын. Ал “Екі езу” театрында бәрі жақын деп айта аламын. Мен драмада ойнағаннан гөрі сатираны жақсы көремін. Балаларға арналған “Буратино” спектаклінде Мысықтың рөлін сомдадым. Сол спектакльдің тартымды шығатыны сонша, залда отырған балалар спектакльде отырғандарын ұмытып, бізбен араласып кететін. Мен көрермендердің арасына түссем, жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдап жүрмін ғой, бәрі қоршап, ұстап алуға тырысатын. Сол спектакль қойылады деп афиша ілінгеннен бастап, кәдімгідей бақытты күй кешемін. Барымды салып дайындаламын. Бұл рөл маған ләззат сыйлайтын.

    Жалпы, актер болуыңызға не себеп болды?
    -Мен бала кезімнен өнерге жақын болдым. Мектепте бірде-бір кеш менсіз өтпейтін. Концерт өтетін болса, сценариіне дейін өзім жазып, басы-қасында жүріп, ұйымдастыратын едім. Домбыра тартып, ән салдым. Әзілге келгенде алдыма жан салмаймын. Мектепті бітірген соң әскер қатарында болдым. Кейін 2-3 жыл ауылда шопыр болдым. Ол кезде үлкен МТМ деген болатын. Көлігімде домбырам жүреді. Барған жерімде ән салып, әзілімді айтып жүретінмін.

    Менің әкем сельсовет болған адам. Ауылға келген әртістер, танымал адамдар біздің үйге келетін. Сол кезде арнайы ақша бөлетін шығар, білмеймін, келген қонақтың бәрі біздің үйде болады. мен бала болсам да қақ орталарына отырып алып, солардың әңгімесін ұйып тыңдаймын. Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз да қонақ болды. Кейін ол кісімен кездескенде айттым. Ағамыз риза болып қалды. Сол кісілерге қызығы қарап, өскенде әртіс болсам ғой деп армандайтынмын.
    Менің әртіс болуыма әкемнің де септігі тиді. Ауылда шопыр болып жүрген кезде бір күні кеш келіп көлігімді МТМ-ға қойған жоқпын. Ол кездегі тәртіп бойынша, барлық совхоздың көлігі сол жерге жиналып, таңертең сол жерден шығатын. Таңертең ұйықтап қалыппын. Бастығымыз қатаң кісі. Ұрыспақ түгілі, ұрып та жібереді. Асығыс-үсігіс киініп алып, айналама қараған да жоқпын, көлігіме мініп алып, МТМ-ға зуладым. Түскі ас кезінде үйге келсем, анам мен әкем екі жақтан жерден алып жерге салып ұрысты дейсің. Сөйтсем, үйде садақа жасау үшін қаз-қатар тізіп, құрып қойған ошақтың бәрін таңертең көлігіммен тапап кетіппін. Содан әкем “айналайын, балам, көлік саған қол емес екен, бір күні адам басып кетерсің, бар әртіс болып кетші”,-деді. Кейін машинамды жүргізіп келе жатып, ойлаймын “осы мен не істеп жүрмін? Әртіс болып кетпеймін бе? Әкем рұқсатын берді” деп. Содан қаладағы мәдени-ағарту училищесіне емтихан тапсырып, одан сүрінбестен кілең 5-ке тапсырып, өттім. Ауылға келіп көліктің кілтін лақтырып, “Прощай, МТМ!” дегенім бар.

    Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз
    -Бір ғана әйелім, үш балам бар. Екі қызымның мамандығы қаржы саласы бойынша, ал ұлым әлі кішкентай. Мектепте оқиды. Бірде ұшқыш боламын десе, келесіде әртіс болғысы келіп тұрады.
    Жолдасым – дәрігер. Білікті дәрігер. Денсаулық сақтау министрлігінің мақтау қағазымен марапатталған.
    Гастрольде көп болғанмен, бала бағуда менің үлесім көп. Себебі, белгіленген уақыт жоқ. Ал жолдасым ерте кетіп, кеш келеді. Сондай уақыттарда мен балаларымды мектепке, балабақшаға тасимын. Бұл жағынан көмегім көп.
    Үлкен қызым тұрмыста. Кішкентай жиенім бар.

    Достарыңыз көп пе?
    -Шүкір, жеткілікті. Мен үшін нағыз достар – мектепте бірге оқыған құрдастарым. Олармен кішкентай кезімнен біргемін. Өнерде де достарым көп. Облысқа танымал достарым да бар.Қаладағы үлкен домбыраның авторы Қуатбек Есжанов менің кластасым, досым. Кішкентайымыздан бірге өсіп, тай-құлындай тебісіп өстік. Көрші болдық. Ең жақын досым. Әлі күнге дейін араласып тұрамыз. Көбісі кәсіпкер, бастық болып кетті. Тек мен әртіс болып қарапайым өмір сүріп жатқан (Күледі).

    Ауылдағы достарымның өзі біртөбе. Барған кезде қонақ болып үлгере алмай қаламын. Уақыт жетпей жатады. Мен алғаш қалаға келгенде Ақтөбеде бірде-бір танысымыз болмаған. Адамдардың бәрі бейтаныс, қалалық. Қазір тума-туыс, таныстарымның, достарымның көбі осы қалада. Араласып тұрамыз.
    Кеше Қазақстанға ғана емес миллиард халқы бар Қытайды шулатып, таңқалдырған Димаштың өнерін көргенде көзіме жас келді. Көз алдымда өскен бала. Керемет. Тек тіл-көзден аман болсын. Қанат пен Светаның балалары мен менің балаларым араласып өсті. Бұл тек туған ата-ана үшін ғана емес, біз үшін де үлкен қуаныш. Баланың жеткен жеңісінен артық ата-анаға бақыт жоқ.

    Әлеуметтік желіні жиі қолданасыз ба?
    -Мен үлкен мәселелерге байланысты болмаса ұсақ-түйекке көп араласпаймын. Түкке тұрғысыз әңгімелер жазылып жатады. Оларды ашып қарамаймын да. Бірақ өз басымнан өтіп жатқан кейбір сәттерді бөлісіп отырамын. Интернеттегі кейбір ақпараттарға қуансаң, кейбірі көңіліңді құлазытады. Көзіңе жас әкеледі. Сондықтан мен үшін тек ақпарат көзі ғана.

    Әңгімеңізге рақмет! Шығармашылығыңызға табыс тілеймін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Елтай Кемал: Қызым – менің мақтанышым
  • “Ақтөбеге театр мен музей керек”
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Тахауи театры халықаралық фестивальге барады
  • Ахтанов театры шақырады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге