Әдемі Демеуова: “Көмегіме мұқтаж жандарды тастап кеткім келмейді”

    Ол – 20 жылдық өтілі бар білікті невропатолог. Ол – 2015 жылғы “Жыл маманы”, “Дәрігер-Ана”. Ол – “Дару клиникасы”” оңалту орталығының балалар неврологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас балалар нейро-реабилитологы, жоғары санатты дәрігер Әдемі Демеуова

    Әдемі Қажымұқанқызы, жұмыс соңында сізбен сұхбаттасудың сәті түсті. Дегенмен, стационарда жатқан емделушілерге баруым керек деп асығып отырсыз. Сізде өзі бос уақыт бола ма?
    - Қазіргі таңда қолы бос дәрігерді таппайсыз. Дәрігердің қызметі үнемі қарбаластан тұрады. Көбісі бір емес, бірнеше жерлерде жұмыс істейді. Мамандығыма байланыс-ты айтар болсам, неврология саласында өзіңіз білесіз, ауыратын балалар өте көп. Күнде жұмысқа таңертең 8-де келемін, кешкі 7-8-де үйге қайтамын.

    Демалыс күндері балаларыңыздың қасында болатын шығарсыз?
    - Демалыс күні отбасымның қасында болуға тырысамын. Бірақ перзентханаларға консультант ретінде шақырып жатады. Соған барамын. Шынымды айтсам, балаларымның алдында өзімді кінәлі сезінемін.

    Дегенмен, неврологияға жүрек қалауымен келдіңіз ғой?
    - Иә, студент кезден-ақ неврологияның қиындығын бір кісідей түсіндім. Өзім таңдадым. Өз қалауым. “Даруге” келгенге дейін емханада дәрігер болдым, одан Алматыда төстегі баламмен жүріп, клиникалық ординатурада оқыдым. Сол жақта кандидаттық диссертация жаздым, бірақ аяқтай алмадым. Көп жыл Ақтөбеде М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлкеттік медицина университетінде сабақ бердім. Кейінгі екі жылда толығымен “Дару” оңалту орталығына ауысып кеттім.

    Отбасыңыз, ата-анаңыз туралы білгіміз келеді...
    - Ойыл ауданында туып-өстім. Үйдің тұңғышымын. Отбасында жеті қызбыз. Анам мұғалім, тарих пәнінің мұғалімі, әкем ауыл шаруашылығы саласында инженер боп қызмет етті. Кейін қалаға көштік. Мектеп бітірген соң, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина институтына түстім. Ол кезде институт болған. Диплом алған күннен бастап қызмет етіп келемін. Анамыз өкінішке қарай өмірден өтіп кетті. Әкеміз жеті қызымен, қасымызда. Екі сіңілімнің біреуі Астанада, екіншісі Алматыда тұрады. Қалғанымыз Ақтөбеде тұрамыз. Маған Алматыда қалуды ұсынғанда алдымен үйдің үлкені екенімді, ата-анамды ойладым. Ақылшы ретінде, тіпті дәрігер ретінде оларға көмектесу парызым деп білдім. Қазір әулетіміздегі педиатр да, терапевт те, невролог та, фельдшер де өзім болуға тура келеді (күліп).

    Сізді қазір де басқа қалаға қызметке шақыра ма?
    - Астанаға “Ана мен балаға” екі жылдан бері шақыруда. Әлі де шақырады. Бірақ отбасым бар, емделіп жүрген қаншама балаларым бар. Әсіресе көмегіме мұқтаж жандарды тастап кеткім келмейді. Сол үшін осында қалдым.

    Толық жұмыс өтіліңіз қанша?
    - Егер студенттік кезден бастап санасам, 20 жылдан артық уақыт неврология саласында қызмет етіп келемін.

    Жаңа бір сөзіңізде балаларыңыздан ұялатыныңызды айтып қалдыңыз. Қанша балаңыз бар? Жеке өміріңіз туралы айтыңызшы...
    - Жолдасымның мамандығы бойынша инженер, бірақ қазір шетелдік компанияда қызмет етеді. Үш балам бар. Үлкен ұлым – 17 жаста, қызым - 13 жаста, тағы бір кішкентай қызым бар, 7-де. Мектепке енді барады. Тағдырдың салған сәті шығар, балалар өздері бірін-бірі жетелеп өсірді. Жұмысымды жақсы түсінді. Ешқандай салмақ салған жоқ. Кіші қызымды өздері балабақшаға апарып, өздері әкеліп жүрді. Ана ретінде өзімді кінәлі сезінетінім рас. Мен оларға аз уақыт бөлемін.

    Үш балаңыздан бөлек, қанша “ерекше” балаларыңыз бар?
    - Шынымды айтсам, санап көрмеппін, балалар өте көп. Қазіргі таңда Ақтөбе бойынша 1235 мүгедек бала бар. Солардың ішінде целебральді сал ауруына шалдыққан 800-дей бала тұрақты түрде маған қаралады. 1300 баланың тең жартысы әр уақыттарда қабылдауымда болған шығар деп ойлаймын.

    Күніне қанша бала қабылдауыңызға келеді?
    - Бір күнде 30-40 бала қараймын. Оған қоса стационарда жатқан балалар бар, күндізгі стационарда ем алып жүргендері бар. Жалпы біздің орталық еуростандартқа сай құрылған. Кореяда оқып жүргенде балалардың дәлізде система алып жүргендерін көрдім. Емделушілер күндіз барлық емдерін алып, үйлеріне қайтады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Маған осы жүйе ұнады. Бізде көбіне ауыратын баланы стационарға жатқызып, ешқайда шығармайды ғой. Еуропаның көптеген реа-орталықтарын зерттеп оқыдым. Көбінде балалар күндіз емін алып, кешке үйлеріне қайтады.

    Бір сөзіңізде “Ақтөбеде 1 жасқа дейінгі әрбір екінші баланың жүйке жүйесінде ауытқушылық бар’’ депсіз. Бұған не себеп? Неге қазір аутизм, даун синдромы, целебральді сал ауруына шалдыққан балалар көбеюде?
    - Бұл сұрақты бір ғана жауаппен түйіндеуге болмайды. Жа-уап жан-жақты. Қазіргі уақытта жатырішілік, урегентальді инфекциялар өсуде. Тіпті немен байланысты екенін де білмеймін. Менингит, мидағы қан тамырының жарылуы – бәрі инфекциядан. Қазір әрбір екінші бала әйтеуір бір уақытта неврологиялық патологияны бастан кешірген.

    Бұрын ше?
    - Инфекция бұрын да болған, бола береді де. 1940-60 жылдары аналарымыз 10-15 баланы дүниеге әкелді. Шетінеп кеткендері де көп. Ол уақытта да корь, қызылша, бас сүйегіндегі қан қысымы, миға қан ұю сияқты аурулар болған. Оны кім біліп жатыр?! “Құдай берді, Құдай алды” деген сияқты. Әжем 16 құрсақ көтерген. Соның 13-і шетінеп, 3-еуі ғана тірі қалған. Мұндай мысалдар көп. Ең мықты дегендері ғана тірі қалып отырған. Біздің әке-шешелеріміздің денсаулықтары мықты болуы содан. Олардан туған бізді қазір медицина жан-жақты күтеді. Өйткені әлсізбіз. Бізден туған балалар бізден өткен әлсіз. 500,900 грамм боп туылған сәбилерді бетіне жел тигізбей бағып-қағып өсіруге мәжбүрміз. Бірақ олардың көбісі кислород жетіспеушілігінен аурушаң боп келеді.

    Инфекцияны емдеуге бола ма? Кейбір дәрігерлер “инфекция түгелімен жойылып кетпейді” дейді...
    - Гинекологтар “инфекция емделмейді”,-дейді. Невропатологтар “емдеу керек” дейміз, өйткені зардабын жақсы түсінеміз. Инфекционистер де емдеуге болатынын айтады. Менің ойымша, профилактикалық түрде дәрігерге қаралып отыру керек. Дәрігерлер әр түрлі. Қарап, оқып, сұрастырып, іздеп жақсы маман тауып алып, бала көтерместен бұрын емделу керек. Қазір байқаймын, гинекологтар мен урологтар да ЦМВ сияқты инфекцияларды емдеуге көшкен. Сондықтан бұл мәселеде бір орында тоқтап тұрған жоқпыз. Медицина да бір орын да тұрмайды, күнде дамып жатыр. Ал экология мен аналардың жүктілікке салғырт қарауынан, алғашқы триместерде вирусты инфекциямен ауырғанынан болатын келеңсіз жағдайлар көп емес. Қазір медицинада жүктіліктің ерте кезеңінде қандай да бір патологияны анықтаса, алдырып тастауға кеңес береді. Көп ата-ана бұдан бас тартады да, ақыры ауыратын баламен өмір бойы арпалысып жүреді.

    Сол ауыратын балалардың аналарынан естимін: “неге “Дару” оңалту орталығы басқа реа-орталықтар сияқты 20 күн қабылдамайды, неге монтессори, ойын кабинеттері жоқ” деген сияқты уәждерін көп айтады...
    Бұл сұрақ талай рет көтерілді, айтылды. “Дару” о баста инсульт алған науқастарға арналып салынды. Себебі әлем бойынша инсульт алушылар көбейіп келеді, инсульт “жасарып” келеді. Монтессори, басқа да кабинеттер жақында ашылады. Біз ол кабинеттердің қажеттілігін үнемі айтып келеміз. Бірақ орталық 20 күн қабылдай алмайды, себебі бұл республикалық деңгейдегі орталық емес. Оларда бір баланың 21 күндік еміне орташа есеппен 400 мың теңге бөлінеді. Ал облыс деңгейіндегі орталықтарға бөлінген ақша 10 күнге ғана жетеді. Бұл сұрақ жалғыз ата-аналарды емес, мені де қинап келеді. Талай рет осы мәселені көтердік.

    Микроцефалияға шалдыққан балалардың көбі эпилепсиямен ауырады. Ал Ақтөбеде эпилептолог жоқ, неге жарты жылда бір рет шақырмасқа?
    - Иә, бізде эпилептолог мамандары жоқ. Сондықтан невропатологтар эпилепсияны емдеуге тырысады. Астана мен Алматыда жақсы орталықтар бар. Бәрі жекешелендірілген орталықтар. Олар өздігінен келмейді. Барып-келу жолын, қызметін төлесең ғана келеді.

    Сосын бізде аутизмді емдеу жолға қойылмаған. Не мамандар жоқ, не арнайы орталық жоқ...
    Жақында осы аутизм бойынша Мәскеуде оқуда болып келдім. Негізі біздің мемлекетте аутизмді емдеу жолдары дамымаған. Невролог, педагог, әлеуметтік қызметкерлер ғана аутистермен жұмыс істеп жүр. Бұл жеткіліксіз. Тіпті статистика да қолымызда жоқ. Менің білуімше, жақында Ақтөбеде орталық ашылуы мүмкін. Бірнеше азаматтардың осы іспен айналысып жүргендерінен хабардармын. Аутист балалардың аналары да өз беттерінше орталық ашқысы келген. Бұл мәселе мемлекеттің қарауында.

    Сіздің жұмыс арасында айына 1-2 рет 30 баладан тегін қабылдайтыңызды білеміз. Сол туралы айтыңызшы...
    Өмір бойы ауыратын баламен алысып келе жатқан аналар бар. Ол кісілерге үнемі бағыт-бағдар беру керек, емдеу жолдарын айту керек. Клиникаға кезекке тұруға уақыт тығыз. Не істейді?! Маған тек уақыт керек. Тіпті аптаның әр сенбісін тегін қабылдауға арнағым келеді. Уақыт жетпей жатыр.

    Қазіргі уақытта ата-аналар өздері ақша жинап, болмаса қорлардың көмегімен шетелдік клиникаларға жиі барады. Қай жерде жылт еткен үміт оты болса, соған жүгіреді. Сіздің пікіріңіз қандай? Ерекше балалардың аяқтан тұруы үшін не істеу керек?
    - Бұл – әр ата-ананың шешімі. Баланың ауруынан айығуы үшін, барлық жерге барады, әлдері келгенше барлық емдерді көреді. Оған әрине түсіністікпен қараймын. Бірақ менің жеке пікірім, мұндай балаларға невролог, реабилитолог, лфк, бассейн мен жақсы педагог керек. Осылардың көмегімен-ақ кез келген ДЦП-ны емдеуге болады.

    Өзіңіз білесіз, мүгедек бала – ананың жүйке жүйесіне ауыр салмақ. Көптеген жағдайлар орын алып жатыр. Осы тұрғыдан аналарға қандай кеңес бересіз?
    - Мысалы, қараңызшы, менің өзім кейде тыныштықты қалаймын, сондай бір жұмысқа ауысқым келеді. Айлығымыз бір. Бірақ қиындықпен жеткен жетістік ұзағынан болады, оны жеңіп шыға алатын адамдарға ғана береді. Ешқандай проблемасы жоқ адам көрмедім. Әркімге ауыртпалық әр түрлі беріледі. Аналарда тек шыдамдылық пен қиындықты жеңемін деген мақсаты болса, бәрі жақсы болады. Сосын әр анада “бұл менің қолымнан келеді” деген ұран болу керек.

    Жиі өкінесіз бе?
    - Әр саланың қиындығы бар. Кейде “олай емес, былай деп айтқанымда жақсы болар ма еді” деп өкінетінім бар. Бірақ жақсы нәтижелер көп. Көріп қуанып жатамыз. Үміттеніп кеп жататын аналарға үміт бермеске болмайды. Бірақ “қолымнан бәрі келеді” деп айту да дұрыс емес. Мен ылғи “тырысып көрейін” деп айтамын. Сосын қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын.

    Қандай арманыңыз бар?
    - Ең үлкен арманым – ерекше балаларға арналған толыққанды, үлкен медициналық қайырымдылық орталығын ашу. Ол енді жүзеге аса ма, жоқ па әзірге белгісіз. Тағы сол уақыт жетпейді, көп еңбекті қажет етеді. Әзірге шамам келгенше перзентханаларға барып, консультация беріп, арасында балаларды тегін қабылдап, өзімше көмек еткен болып жүрмін. Бәрін уақыт көрсетеді.
    Әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Айгүл КЕНЖЕБАЕВА: Ата-анамыз қасымызда болғанға не жетсін?!
  • 15 мың балаға бір невропатолог немесе бір айлық нәресте тексеруден өту үшін орталыққа келу керек
  • Ербол Шыма: Шетелде оқығым келеді
  • Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят
  • Серік АҚШОЛАҚОВ: Мен науқас пен дәрігердің бір одақ болғанын қалар едім
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге