Гүлімай Қуанышева: “Iшімде “өгей Гүлімайды” ертіп жүремін”

    Ол – әйел, ана. Ол – өлеңін жанына серік еткен ақын, Жазушылар одағының мүшесі. Ол – “Ай қызы – арман”, “Дат тақсыр, тағдыр!” атты жыр-жинақтарының авторы. Ол – “Ақжол” партиясы ұйымдастырған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жыр мүшәйрасында “Бұқар жырау атындағы” сыйлықтың иегері, бірнеше республикалық, облыстық жыр бәйгелерінің жеңімпазы – Гүлімай Қуанышева

    Негізі журналистикада сұхбаттасатын адамыңды танып-біліп бару керек деген қағида бар. Сөздің шыны керек, сізден бұрын өлеңдеріңізді таныдым. Алғашқы сұрақты туған жеріңізден, ата-анаңыздан бастасам...
    - “Әлиманың зары” деген әнді білмейтін қазақ жоқ шығар?! Кезінде малға сатылып кеткен сол Әлима деген ақын апамыз дүниеге келген Аяққұм деген ауылда туып-өстім. Шалқар ауданының ең түкпірі десем болады. Бала кезде Аяққұм деген атына сай аппақ-аппақ жал-жал құмдар көшіп жүреді. Біз сол құмдардың етегінде отырдық. Жарық кешке 4-5 сағатқа ғана мотордың көмегімен қосылады. Газ жоқ. Ауданнан таңертең ерте шыққан автобус ауылға кешке бірақ жетеді. Үй-ішімізбен кітап оқуға құмар болдық. Кітапты біреуіміз дауыстап оқып, қалғанымыз тыңдайтынбыз. Әкем – Әбіш, шешем – Ақпатша деген кісілер – қарапайым ауыл еңбеккерлері. Өткеніме көз жүгіртіп отырсам, ол кездің әкелері жұмысбасты, бала тәрбиесіне уақыттары болмады. Анам болса, 6 баласын қадағалап, баптап өсірді. Әкем марқұм қарапайым, салмақты адам болды. Бір сөзімді жерге тастамайтын. Тіпті тракторист болам деген таңдауыма да қарсы болмады. Шешем тоқтатып, содан 14 жасымда сегізжылдық мектепті бітіріп, Ақтөбеге келдім. Педучилищені бітірген соң, А.Жұбанов атындағы университеттің филология факультетіне оқуға түстім.

    Қандай бала болдыңыз?
    - Негізі жұмбақтау бала болдым-ау деп ойлаймын. Сыныптастарым үнемі “Гүлімай, неге сен осы құм кезіп, қаңғып жүресің?” деп таң қалатын (күліп). Ал, маған адамдардан жырақта, оңаша жүрген ұнайтын. Қатты ұнайтын. Құм кезіп жүрсем, жеңілдеп, рахаттанып қалатынмын. Армандаймын. Өсіп тұрған сексеуіл, қоянсүйек, жусан, жантақпен сөйлесемін, кәдімгідей сырласамын, ән айтамын.

    Поэзияға қалай келдіңіз? Құм кезіп, қиялдап жүрген кезіңізде өлең туған шығар?
    - Мен өлеңге келдім бе әлде өлең маған келді ме білмеймін (күліп). Есімде үйдің қасындағы биік құмның басына шығып алып, алысқа қарайтынмын. Әлі күнге сол бейнем көз алдымда. Әсіресе, күн ұясына қонып бара жатқан кезде біртүрлі жылағым келіп, бір нәрсені қимай тұратынмын. Көкжиекті жақсы көремін. Көкжиекке қарасам, әлдебір нәрседен қалып қойғандай, маған арналған бір нәрселер сол көкжиектің әр жағында бар сияқты болатын. Сол кезде өлең келді-ау деп ойлаймын. Өлең дегеннің өзі сезім ғой. Сондай бір сезімдер келген шығар...

    Өлеңдеріңіздегідей өршіл, қайсарсыз ба? Өмірде қандайсыз?
    - Негізі Алла тағала пендені жаратқанда, бойында елу пайыз жақсы қасиет, елу пайыз жаман қасиет те болады дейді. Тек соны ақыл таразысына салып, пайдалана білу қажет. Адам өмірде өзін жамандықтан, қиындықтан қорғау үшін, өршіл болғаны, керек кезде қаттылық танытуы да керек. Мынадай заманда үнемі жуас, иілгіш боп жүру мүмкін емес. 14 жасымда Ақтөбеге келген соң, баспасөзге мақалалар мен өлеңдерімді жіберіп, ел ішіндегі мәселелерді жиі сынап жазатынмын. “Бидайдың барар жері диірмен” демекші, диірменнен шыққан бидай үлпілдек, жұмсақ тарыға айналады ғой. Сол 20 жасымда тұрмыс құрып, өмірім де өзгерді, өзім де өзгердім (күліп).

    Өлеңнің киесі дегенді қалай түсінесіз?
    - Киені өзімше ұғамын. Одан қорқамын да, себебі сұрауы бар. Оқырман өлеңімді оқыр, мүмкін оқымас. Өзі біледі. Ал, маған берілген осы қасиеттің міндетті түрде сұрауы болатынын жақсы білемін. Соны бертін келе түсініп жүрмін. Оны тұншықтыруға, өлтіруге ешқандай хақым жоқ. Өзіңмен-өзің алысу деген - бір қасірет, ал өлең алдында таза болу – өлеңді өксітпеу, өлеңді бұлдап-пұлдап, биіктерге көтерілу үшін баспалдақ қылмау – бір бөлек. Өлеңнің баспалдақ боп кетіп жүрген кездері өте көп қазір.

    Қандай жыр жинақтарыңыз жарық көрді? Түрлі мүшәйраларда Ақтөбе облысынан жиі қатысып, бәйгенің алдын бермей жүргеніңіз де бар...
    - Жеке өзімнің 2011 жылы “Ай қызы арман”, 2015 жылы “Дат тақсыр, тағдыр!” деген жыр-жинақтарым шықты. Екі кітабым – екі қанатым. Жазушылар Одағының мүшесімін. Ал, енді мүшәйра, жыр бәйгелерінде алған орындарым мен сыйлықтарды тізбелеудің қажеті жоқ. Қажет қылған адам, өзі іздеп тауып оқып алар.

    “Мемлекетке жұмыс істемеймін” дедіңіз. Жеке кәсібіңіз бар ма? Қолыңызда бос кезде немен шұғылданасыз?
    - Ел қатарлы өмір сүріп жатырмын. Жеке кәсібіміз бар. Менің шешем шебер, ісмер адам. Сол шешемнен үйренген тоқуды, тігуді қолым боста ермек етемін. Арасында шашбау, қолөнер бұйымдарын жасаймын, икебанамен әуестенемін.

    Ақындардың өлең жазуы әр түрлі. Біреу түнді, біреу жалғыздықты ұнатады. Сіз қалай жазасыз?
    - Үнемі аңсап жүретінім – оңаша қалу. Қалай да шаруаларымды бітіріп, жалғыз қалуды ойлап, армандап жүремін. Себебі тіршілікте көкірекке лықсып кеп қалған өрімдерді көбіне өлтіріп аламын. Әйел адамның барлығына тән нәрсе – ол. Барлық ақын әйелдер меніңше, сондай күй кешеді деп ойлаймын. Бірақ оңаша қалдым екен деп, тоқтамай жаза беру де мүмкін емес. Оқисың, ізденесің. Әйтсе де құйылып келіп тұрған өлеңді құрбан ету күйбең тірлікте өте жиі болып тұрады. Өлеңді жиі жазамын деп айта алмаймын. Ал, жазған күні өзімді жауды жеңген сарбаздай сезінемін. Рахаттанып, қанаттанып жүремін. Өлеңді түнде де, күндіз де жазамын. Оңаша, далалық жерге кетіп қалсам деп армандаймын. Өкінішке қарай, мүмкін емес.

    Әйел затына, қыз балаға өлеңді серік ету қиын ба? Қиналасыз ба?
    - Қиын, әрине. Қиындығы - осы болмыстан, осы жаратылыстан кете алмай жүргенім. Тамақ істеп жүрсем де, тойда жүрсем де, ішімде “өгей Гүлімайды” ертіп жүремін. Отағасы да, өзге адамдар да қолынан келгенше түсінуге тырысатын шығар. Алайда өзіңді-өзің ғана жақсы түсінесің. Қыз балаға қонған қасиетке обал, қызға да обал. Абзалы қызға қонбай-ақ қойса ғой деп ойлаймын. Себебі ер адамдарда бар мүмкіндік бізде жоқ.

    Өлеңге өмірім деп қарайсыз ба?
    - Өлеңнің менің өмірім екенін бертін келе түсіндім. Оны өлеңнің өзі түсіндірді. Көп жылдар бойы оны тастап, қашып кетуге тырысып, мүлдем ойламай жүрдім. Тұрмысқа шыққан соң, тағдырыммен арпалыстым. Ауырдым бірақ. Неден ауырғанымды да түсінбей біраз жүрдім. Жаратылысқа қарсы шыға алмайсың. Қарсы шыққанда да не істеп қарқ қыласың?! Өлеңге қайта келдім, ол менің аяулым екенін түсіндім.

    Өзіңізді қай жыл мезгіліне ұқсатасыз? Қандай екі қасиетті ерекше бағалап, екі жаман қасиетті жек көресіз?
    - Негізі әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшелігі бар ғой. Менің бойымда сол төртеуінің де көрініс беретін кездері болады. Бірақ күзді қатты жақсы көремін. Күзде көкірегім күйге толып, өзімді жақсы сезінемін. Өзімді күзбін деп айтар едім. Өмірде өте қатты жек көретін қасиеттер – өтірік пен жігерсіздік. Шынайылыққа сүйсінемін, адалдық пен намысқойлықты бағалаймын.

    Жеке өміріңізге тоқталып өтсеңіз...
    - Отбасылымын, екі қызым, бір ұлым бар.

    Баспасөздер сіздің панасыз қалған жетім балаларды қанатының астына алып, жақсылық жасағаныңызды жарыса жазды. Жағдай қалай өрбіді? Қазір ол балалардың жағдайы қалай?
    - Негізі осы мәселені қозғаудың қажеті жоқ. Бұл - енді әркімнің сауап үшін жасайтын ісі. Менің орнымда басқа адам болса, солай жасар еді. Қолымнан келгенше көмегімді бердім. Тек үйдің үлкені Айнұрға Жилянка, “Нұр Сити” жақтан ыңғайлы жұмыс табылса деймін. Бұрынғы жұмысына қатынау алыс болды, үйде өрімдей балалар бар. Елгезек өзі. Қандай жұмысты болсын, иіріп әкете алады.

    Оқушылармен жиі кездесесіз. Жас буынға көңіліңіз тола ма?
    - Негізі қай уақытта болсын, аға буынның өзінен кейінгі ұрпақтарға көңілі толмай, одан да биіктеу бір нәрсе күтетіні заңдылық қой. Оқушылармен, студенттермен кездескенде жиі айтамын: “бүгін болмаса ертең кездесуде айтылған осы әңгімелер өміріңе азық болады” деп. Қазіргі жастардан көп үміт күтемін. Олар өздеріне не керек екенін біледі, ойларын ашық айтады, қаласа өлең оқиды, қаламаса музыка тыңдайды. Кітапханаларда кітап алып оқып жүретін оқушылар көп қазір.

    Ақтөбелік ақындардың, жас ақындардың беталысына, арынына баға беріңізші...
    - Ақтөбелік ақындардың қай-қайсысы да мықты. Оның ішінде қыздарды ерекше айтуға болады. Айына бір рет облыстық кітапханада ақындар боп кездесіп тұрамыз. Гүлжайнар Қалдина, Индира Кереева, Балагүл Бакиева, Ақмарал Сансызбай сияқты сіңілдерімді жиі көріп тұрамын. Төртеуінің өлеңдерін бірінен соң бірін тыңдай бергің келеді. Нәзік лирика. Өлең жазатындар көп. Соның ішінде машықтанып жазатындар бар. Машықтап жазғанмен, бір кездері өлеңнен жалығып, тастап кететіндер де бар.

    Жиі күрсінесіз бе, жиі өкінесіз бе?
    - Күрсіну де, өкіну де болады. Ой болған жерде күрсінбеу, жоғалтқан жерде өкінбеу мүмкін емес.

    Арманыңыз қандай?
    - Бұны енді арман дей ме, мақсат дей ме, бар ойлайтыным - Алла бұйыртып, жазуым керек нәрсені жазып кетсем. Балаларым аман-есен ер жетіп, бақытты күндер кеше берсе деп те тілеймін. Бұл енді аналық тілегім. Бірақ бір-екі рет қатты ауырып, жедел-жәрдеммен алып бара жатқанда өлеңдерімді, жарияланбай қалған жырларымды сіңіліме табыстауым керек еді деп ойлағаным бар.

    Өлеңдеріңіз бірнеше жыр-жинақтарына еніп үлгерген шығар?
    - Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясына, “Ақтөбе әуендері”, “Жадымдасың, Жаңаөзен” деген Жаңаөзендегі оқиғаға байланыс-ты шыққан жыр-жинақтарға өлеңдерім енді. Бір топ өлеңдерім Қытайда басылып шыққан қазақ ақындарының жинағына, сосын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты шыққан жинаққа екеуі өлеңім енді.

    Заманның бүгінгі беталысына қарап қандай ой түйесіз?
    - Түрлі оқиғалар болып жатса да, ел шетіне тап берді деген жау жоқ. Алашапқынға бірден қосылып, болар-болмас сыбыс үшін ұрандап атып тұрудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қызба мінез жастар әр істің байыбына бара бермейді, жас қой, жалындап тұр. Қалқанның әр жағында да тұрған өзіміз, бер жағында да тұрған өзіміз. Үнемі жаман жағдайлар бола бермейді. Әр істің қайыры бар.
    Әңгімеңізге рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Фариза Төлебаева: Ол кезде бала болсам да, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындық әлі есімде
  • Гүлжайнар Қалдина: “Балалар қызығып оқитын кітап жоқ”
  • Ертай АШЫҚБАЕВ: ...Түн ішінде жарқырап, көзге онша түспеймін ғой күндіз мен...
  • Қайнар Алагөзов: Ағаларыма теріс жағымнан көрініп қалған сияқтымын
  • Аян СЕЙІТОВ: Менің барым да, нарым да – айтыс
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге