Жәмилә Барбосынова: Сырқат дегеніміз – тазару

    Ол – тағдырдың сынына мойымаған ана. Ол – белсенді, оптимист, көпшіл. Ол – өзіндей төрт жүз ананың басын біріктіріп, тасада қалған тағдырлы, мүгедек балалардың қоғаммен араласуына күш салып жүрген іскер ана. Ол – “Ерекше балалардың аналары” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жәмилә Барбосынова

    Жәмилә, бізге уақыт бөліп, сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет. Сіз туралы көпшілік көбірек білсе дейміз...
    -Осы Ақтөбеде туып-өстім. Ата-анам қарапайым жандар. Анам үйде немерелерін бағып отыр, әкем дәнекерлеуші боп жұмыс істейді. Әке- шешем тәрбиеге өте қатал болды, жалғыз қыз болсам да еркелеткен емес. Үйде екі баламыз. Менен екі жас үлкен ағам бар. Орта мектепті аяқтаған соң, Алматы экономика және статистика академиясын бухгалтер мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Екі ұлым, бір қызым бар. Қазір үйде балалармен отырмын. Қызым ерекше боп туылған. Құдайға шүкір, қазір жақсымыз. Көп емделдік, көп жерлерге бардық. Қиын жағдайда мені әрдайым қолдап жүретін жолдасым. Қайырымды, түсінігі мол жан.

    Қоғамдық бірлестік құру идеясы неден басталды? Не түрткі болды?
    Қызым ауырған соң, ем туралы көп ақпарат керек болды. Көптеген медициналық орталықтарда, ауруханаларда өзімдей ерекше балалары бар аналармен араласып жүріп, былтыр жазда Instagram желісіне телефон нөмірімді жазып, Whats up-тан топ ашқанымды айттым. Басында 2-3 ғана ана болғанбыз, қазір Қазақстан бойынша санымыз 400-ден асып кетті. Өзіміздің Ақтөбедегі, сосын Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы аналарымыз бір-бірімен ақпарат алмасып, кездесіп тұрады.

    Мақсатыңыз қандай еді?
    Аналарға көмектескім келді. Олар үнемі төрт қабырғаның ішінде отырады. Өмір жалғаса береді. Бәріміз бір жұдырықтай жұмылсақ, барлық қиындықтарға қарсы тұра алатынымызды түсінсе деп ойладым. Біздің үнімізді қоғам естісін дедім. Біз сияқты аналар өте көп. Көбіне түрлі шараларда қоғамдық ұйымдар, қорлар тек жетімдер үйіне ғана көмектесіп жатады. Ал, біз осы уақытқа дейін тасада қалып келдік. Сондықтан біздің де проблемаларымызды ел-жұрт біліп, биліктегілер назарын аударса, көмектессе деген мақсатым болды.

    Қоғамдық бірлестік қашан құрылды және қандай іс-шаралар атқарып үлгердіңіздер?
    Бірлестіктің құрылғанына көп болған жоқ. 3 тамызда әлеуметтік желіден топ ашып, 22 желтоқсан күні ресми түрде “Ерекше балалардың аналары” қоғамдық бірлестігі болып тіркелдік. Содан бері үнемі кездесіп тұрамыз. Чатта хат-хабар алысу үздіксіз жүріп жатыр. Аналар балаларының диагноздарын айтып-танысып, қай жерлерде ем алғандарын баяндап отырады. Қай жерде қандай ем бар, бағасы қанша, қай жерде жақсы дәрігер бар сынды толып жатқан сұрақтармен қызу пікірталас жүріп жатады. Бұнда аналар кез-келген сұрақтарына жауап табады. Кейде жан сырларымен бөлісіп, ақыл-кеңес сұрайды. Чаттағы үлкен апайлар өмірде көрген-білгендерімен бөлісіп отырады. Шынымен бір отбасыдай болып кеттік. Өкінішке қарай, тобымызға жаңа аналар жиі қосылады. Осыған дейін “Күзгі балл” мерекесін ұйымдастырдық. “Green land” пен “World and class” бізді үнемі қолдап, неше түрлі акциялар ұйымдастырып отырады. «Атамекен» мейрамхана кешенінде Жаңа жыл мерекесін тойладық. Кейін аналар болып, корпоратив өткіздік. Мерекелерде жекелеген кәсіпкерлер, “Думан” мейрамханасы, т.б. көмектесіп тұрады. Алматыдағы “Мақсат” клиникасы да бізге үнемі жеңілдік жасайды.

    Өзіңіз де мүгедек баланың анасысыз. Аналарда болатын қиындықты бір кісідей түсінесіз. Ол қиындық өзіңіздің де басыңыздан өтті. Алға жылжуыңызға не көмектеседі?
    Алға жылжуыма осы аналар көмектеседі. Қаншама тағдырлы балаларды көріп, бір орында тоқтап қалмау керектігін түсінемін. Солар үшін өзімді қайрап, “сенің қолыңнан келеді” деп қанаттандырып отырамын.

    Оптимист болғаныңыз ғой?
    Иә, табиғатымнан, бала кезімнен оптимиспін. Проблемаларды жеңіл қабылдаймын. Сол үшін де тез шешімін тауып жатады. Тез-тез қимылдап, шешім шығарғанды жақсы көремін. Тәуекелге барудан қорыққан емеспін. Тағдырдың жіберген сынағын қасқайып көтеріп жүріп, бір сәтте де болсын, “егер керісінше болса” деп ойлап көрмеппін. Үмітім үзілген жоқ, сағым сынған жоқ. Жақсы ойлар ғана ойладым. Топты ашу себебім де – осы. Кейбір аналардың еңсесін көтергім келді.

    Сіздің белсенділігіңізге қарап, алдағы жоспарларыңыз көп шығар деп ойлап отырмын...
    Иә, жоспарларымыз өте көп. Тек чатта әңгімелесіп, мерекелерде ғана кездесіп жүргеніміз аздық етеді. Болашақта өзімізге үлкен орталық, күнде басымыз қосылып, жиналатын кеңсе ашқымыз келеді. Балалар емін алып, аналар демалып, ақпарат алмасатын өзіміздің жеке орталығымыз болса, жақсы болар еді.

    Сіз отбасыңызбен қатар 200-ден аса ананың жауапкершілігін мойныңызға алыпсыз. Мұндай істі қатар алып жүру қиын емес пе?
    Жоқ, қиын емес. Аналардың үміті күш береді.

    Қаладағы құзырлы мекемелердің мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіп отырған қызметі көңіліңізден шыға ма?
    Ең алдымен, мемлекеттен үлкен қолдау қажет. Ақтөбеде 20 күн қабылдайтын ірі оңалту орталығы салынып, аутизмге шалдыққан балаларға арнап орталық ашылса, біраз мамандар жоқ бізде. Кейбір дәрілер тапшы. Аналар көрші Ресей, Түркиядан дәрілер алдырады. Бағасы да қымбат. Балаларға жеңілдік қарастырылмаған. Мүмкін мен көп нәрсе сұрап отырған шығармын. Ең негізгілері – осы. Қаламыздағы кейбір медициналық орталықтардың жұмысы, жұмыс істеу тәсілдері көңілімнен шықпайды. Кез-келген ерекше баласы бар аналардан сұрасаңыз, кемшіліктерін айтып бере алады. ДЦП балаларды емдеу орталықтары болып ашылған соң, қызметтеріне салғырт қарамаса деймін.

    Сізде армандар көп шығар?
    Көптен бергі арманым - ерекше балаларға арналған әмбебап орталық ашу. Ішінде жаттығу залы, бассейн, массаж - барлығы болса деймін. Болашақта Алла сәтін салып жатса, ол күнге де жетерміз әлі.

    Қоғамның ерекше балаларға деген көзқарасы күрделі дегенге келісесіз бе?
    Қоғамның қабылдауы қиын. Келісемін. Аналар балаларымен бір жерге шықса, үлкені де, кішісі де саусақтарын шошайтып, көздерін алмай қарап отырады. Ата-аналары балаларына “олай қарама, ол да өзіңдей бала” деп айтпайды. Ата-аналар балаларына соны үйрету керек. Мүгедектік – жұқпалы ауру емес. Одан қорқып-үркудің қажеті жоқ. Олардың да басқа балалармен бірдей жүріп-тұруына, ойнауына хақысы бар. Айырмашылығы ерекше күтімді қажет етеді.

    Өзіңіздей аналарға қандай кеңес айтар едіңіз?
    Ең алдымен шыдамды болу керек, сосын балалары үшін ұялудың, қысылудың, өзін кінәлі сезінудің керегі жоқ. Естіп жүрміз, сыртқа шықпай, бар өмірін үйінде өткізіп жатқан аналар бар. Қоғамдық орындар түгілі есік алдына шықпайды. Одан ешқандай пайда жоқ. Өзіне де, балаға да зиян. Есік алдына шығып, баланы қатарластарымен араластырып, адамдардың көзін үйрете берген дұрыс.

    Осындай жағдайлардан кейін өзіңізге қандай ой түйдіңіз?
    Сынақ көтере алатын адамға ғана беріледі. Бірақ сынақты көтергенмен, оны түбегейлі жеңіп шығасыз деген сөз емес. Сырқат дегеніміз - тазару.

    Әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Баланың бәрі бақытты болу үшін жаралған...
  • Әдемі Демеуова: “Көмегіме мұқтаж жандарды тастап кеткім келмейді”
  • Айгүл КЕНЖЕБАЕВА: Ата-анамыз қасымызда болғанға не жетсін?!
  • Мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салына ма?
  • Көпбалалы аналар марапатталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге