Қонысбек Терекұлы: “Халықтың жақсылығын ешуақытта ұмытпаймын”

    Ол – 5 миллион адамның біреуінде кездесетін сырқатты жеңіп шыққан адам. Ол – өмірден үмітін үзбеген қайсар жігіт. Ол – арманына адал, мақсатына берік, еңбекқор жан. Ол – оптимист, реалист. Ол – “Қазақстан-Ақтөбе” телеарнасының редакторы, тележүргізуші Қонысбек Терекұлы.

    Қонысбек, сұқбат беруге келіскеніңізге рахмет! Қал-жағдайыңыз қалай? Көңіл-күйіңіз қалай? Көктем келіп, шабытыңыз оянып жатыр ма?
    Кей адамдар көктем келгенде шаршап, азып кетеді ғой. Менде керісінше. Шығармашылық адамы болғаннан кейін, көктемде сіз айтқандай, шабытым оянып, ойыма тың идеялар келеді. Жалпы өзім өмірді сүйетін адаммын. Басымда неше түрлі жағдай өткен соң, әр нәрсенің қадірін білемін. Жеп отырған тамағымның, ішіп отырған суымның, жұтып отырған ауамның қадірін білемін. Уақытты бағалаймын. Көңіл-күйім өте керемет. Телеарнаға қайта оралған соң, мерекелік бағдарламалар түсіріп, қызу жұмысқа кірісіп кеттім. Екі жылдай уақыт телеарнадан қол үзіп қалдым. Өзімді басқа салада көргім келіп, кәсіпкерлікке бет бұрдым. Ақша табу, пайда көру мақсатында емес, хоббиім ретінде қарадым. Шүкір. Бастаған ісім дөңгеленіп кеткен соң, облыстық телеарнаға қайта келдім. Екі жұмысты қатар алып жүрмін. Телеарнаға келгеніме көп болған жоқ. 8-наурыз күні аналар мерекесіне орай “Мерекеңмен, анашым” деген реалити-жоба көрерменге жол тартты. Өмір бойы бейнеттің азабын тартқан қамкөңіл аналардың бір күндік тілегін балалары арқылы орындауға тырыстық. Демеушілеріміз де болды. Алда идея көп, жоспарлар жетерлік.

    Ата-анаңыз, туып-өскен жеріңіз туралы айтып өтіңізші. Қандай бала болдыңыз? Телеарнаға қалай келдіңіз?
    Шалқарда туып-өстім. Үш ағайындымыз. Әкем Терек Рысмағанбетұлы ауыл шаруашылығы саласында қызмет етті. Шенді-шекпенді емес, бірақ абыройлы, намысын жерге таптатпаған кісі. Ел-жұрт жақсы біледі. Үнемі “біреудің ала жібін аттамаңдар”, “астарыңды адал жолмен тауып жеңдер” деп айтып отырады. “Кімнің баласы дегенде атыма кір келтірмей, сүйегіме таңба түсірмей жүріңдер” дейді. Бірақ өзім әкеме қарағанда анама жақын болып өстім. Туған анам 6 жасымда өмірден өтіп кетті. Ата-анам туралы сұрағанда кішкене қиналамын. Туған анам туралы естеліктер еміс-еміс есімде. Әрине, ол кісіні сағынамын, ойлаймын. Дегенмен, бағып-қағып, тәрбиелеп өсірген екінші анамның орны бөлек. Екінші анам маңдайыма шаң тигізген емес. Әй деп бетіме қарап сөйлеген емес. Қазақта бүкіл әулетті аузына қаратып, ұйытып отырған кісіні “шешей” деп айтады ғой. Ол кісі – шешей. Бүгінде пайғамбар жасынан асып кетті. Әр уақыт үйіме анамды іздеп барамын. Әке болсам да еркелеймін, немерелерімен таласып қасына жатамын. Әкемді де жақсы көремін. Біз ол кісімен дос болып өстік. Маған қабағын шытқан емес. Үнемі анам “әкең білсе ұят болады”, “әкең білсе ұрсады” деп айтып отырған соң, бар шаруаны айтқызбай істейміз. Әкем ауыр сөз айтып көрмепті. Мені еркін ұстады. Ешқашан тыйым салып көрген жоқ. Жолымды бөгемеді. Ең қызығы, 15 жасымда бүкіл Қазақстанды аралап шықтым. Тек Петропавлға бармаппын. Бір қызық оқиға есімнен кетпейді: бала кезімде Арыстан баб, Яссауи туралы көп оқыдым да, тарихқа қатты қызықтым. Ел мен жерді аралап, өз көзіммен көруді қиялдайтынмын. 2003 жылы 12-13 жастамын. Сол қиялмен үйімнен қашып кеткенім бар. Шалқардан түнгі пойызға мініп, жолсерікке “мамам ана вагонда, мына вагонда” деп, Түркістанға тарттым. Қалтамда нағашы апамнан алған 1000-ақ теңге бар. Сөйтіп жалғыз өзім Түркістанды аралап қайттым. Қазір күліп айтқанмен, өміріме үлкен сабақ болды. Өте ұялатындай жағдай. Мені үй-ішім, мектебім, аудандық білім бөлімі іздеген, милициялар тік тұрған. Содан анам менімен бір ай сөйлеспей қойды. Әкемнің “анаңды жерге қараттың ғой” деген бір ауыз сөзі өңмеңімнен өтіп кетті. Тіпті сол кеткенде өліп кеткенім жақсы еді деп ойлаған кездерім болды. “Ел-жұрт баласын сыйдырмай, үйінен қашып кетіпті” деген ойға қалды деп анам қатты уайымдаған. Содан кешірім сұрап, әлі күнге балалықпен істеген қылығымнан ұяламын. Түркістаннан қайтарда милициялар қасымда болып, “салтанатты түрде” мені отбасыма табыстады ғой (күліп).

    Бес жыл бұрынғы оқиғаны қайта қозғамай-ақ қояйық. Ауыр сырқатты жеңіп шыққаныңызды білеміз. Содан кейін не өзгерді? Өмірге деген көзқарасыңыз қандай? Ауырған кезде күшті кімнен, неден алдыңыз?
    Ауырғанда бір оқиға болды. Қытайда емделіп жатқанда қасымда Украинаның бір жігіті болды. Киевте тұрады екен. Келіншегі бар, аяғы ауыр. Шешесі де қасында жүрді. Мен енді ауырғанда Ресейге, Түркияға, Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығына бардым ғой. Шипамды Қытайдан таптым. Сол жерде жаңағы жігітпен бір палатада жаттық. 30-дан асқан өзі. Ана жігіт ызың-ызың. Келіншегі мен анасына маза бермейді. Бір күні шыдай алмай, көтеріліп кеттім де, айқайға бастым: “Сен өлемін деп ойлайсың ба? Сен өлмейсің. Өлем деген адам өлмейді, сірә. Сен неге өлуің керек?! Аяқ жағыңда тілеуіңді тілеп анаң отыр. Әне-міне дегенше балаң өмірге келеді. Неге сол үшін өмір сүрмейсің? Егер өлсең, бір-ақ күнде ұмытыласың. Сен неге керісінше “өлмеймін” деп миыңа сигнал бермейсің?” деп. Содан әлгі жігіт үш күн менімен сөйлеспей қойды. 3-4 күннен кейін өзі шақырып алып, “мен ақымақ болыппын, мен неге балам, әке-шешем үшін өмір сүрмеймін” деп артық кеткенін түсінді. Әлі күнге араласып тұрамыз. Қазір егіз баласы бар. “Киевке келсең хабарлас, қонақ қыламын” деп айтады. Сонда айтайын дегенім, мысал үшін мен ауырған уақытта менен гөрі менің әке-шешеме, туысқандарыма, бауырларыма қатты батқан сияқты. Диагнозымды естігенде де қатты уайымға берілмедім. Өлім ойыма кіріп-шықпады. Әрине, 5-6 рет реанимацияға түсіп қалдым. Миыма қан бармай, аяқ-қолым істемей, қандай жағдайда жатқанымды білмеймін, шашым ағарды, түсті. Сонда бір рет те болсын, өліп қаламын деген ой мүлдем болған жоқ. Алла тағала дертін жіберген соң, шипасын жіберіп, күш-қуатты да берген шығар. Отадан шыққан соң, алты ай бейімделу керек болды. Ештеңе істемей тек жату керек. Мен, бірақ, бір жарым айдан кейін жұмысқа шығып кеттім. Жатсам неше түрлі ойлар басыма келе береді. Әрине, ата-анам ренжіді, ұрысты, алаңдады. Сонда да жұмысқа кірісіп кеттім.

    Диагнозыңыз әлі мазалай ма?
    Мазалайды дей алмаймын. Бірақ маған қытайлық дәрігерлер он жылсыз бәрі қалпына келмейді деді. Әлі қан қысымым жоғары. Ота Израильде жасалу керек-тін. Оған қаражат жетпей, Қытайға бұйыртты. Тағы бір мәрте еске алған соң, айта кетейін: әлі күнге Ақтөбе халқына, жұртшылығына алғысым шексіз. Маған көмек қолын созбаған адам қалмапты. “Облыстық телеарнада жүрмін. Таңғы бағдарламалар жүргіземін. Мені кім таниды, мені кім біліп жатыр” деп ойлаушы едім. Сөйтсем оным қате екен. Шүкір. Жан-жақтан, ел-елден қаражат аударылды. Кімнің қанша сома бергені менде жазулы. Оқушылардың, студенттердің хаттары, ата-аналардың жазған тілектері – барлығы сақтаулы. Жиналған ақшаны қайтара алмасам да, өзім сияқты адамдарға көмектесуге тырысамын. Тырысып та жүрмін. Жалпақ жұртқа оны рия қылғым келмейді. Үнемі көкейімде, санамда жұрттың жасаған жақсылықтары тұрады. Оны еш уақытта ұмытпаймын.

    Өзіңізді қарыздармын деп ойлайсыз ба?
    Иә, қарызбын деп ойлаймын. Мүмкін осылай ауырғаным да дұрыс шығар. Бұған дейін басыма түспеген соң, өзім сияқты адамдарды түсінбедім. Қазір қатарластарыма, ер-азаматтарға қарап ойланамын. Ер адамдар табиғатынан ауруға төзімсіз келеді, үйдің бересін қашырады. Сондықтан бұл ауруды жастықпен жеңдім бе деп ойлаймын. Қайта өліп-тірілгендей болдым. Операция үстеліне жатқанда әкем еңкілдеп жылағаны бар. “Папа, мен операциядан шыққанша көзіңізден бір тамшы жас таматын болса, мен операция үстелінде өліп кетемін” дедім. Ота алты сағат жасалған. 48 сағат комада реанимацияда жатқанмын. Сонда әкем тіл білмейді, күйі қашқан, уайымдаған, палатаға шығарғанда шашы ағарып, өңі қуарып кеткен. Менің ең алғаш жылағаным - сол болды. Әкемді көріп, көзімнен жас ақты. Шығармашылық адамы сезімтал, эмоцияға берілгіш келеді дейді, бірақ мен қаттымын. Сосын ағысқа қарсы жүргенді жақсы көремін. Жұрт сияқты жазды емес, қыс мезгілін жақсы көремін. Біреу тауға шыға алмаса, мен шығуым керек. Не нәрсеге болсын, қарсы жүремін. Өзім сияқты адамдарға қол көмек, сөз көмегін беруден бас тартпаймын. Кеше ғана Астанадан хабарласты. Аты жаман ауруға шалдыққан қыз дерттің жай-жапсарын сұрап жатыр.

    Жарыңыз Әйкенмен қашан таныстыңыз?
    Екеуміз әріптес болдық. Досым Есет “редакцияда жақсы қыз бар, жүре бересің бе осылай” деп бір көруімді өтінді. Адамда бір көрген соң, “ол менің адамым” деген болады екен. Бір көрген соң, “мынау менің адамым” дедім. Мен оған сөз салған жоқпын. “Көп жүруге жоқпын, романтик емеспін, екеуміз үйленейік” деп айттым. Ол басында қарсы болды. Кездесіп жүрдік. Екі айдай уақыт өткен соң, мен оғам анамның 35 жыл таққан сақинасын бердім. Алтын сақинаны қолына ұстаттым да “мен көп жүре алмаймын, биыл жазда үйленейік. Мына сақина кері қайтса, жолымыз екіге айырылады. Егер қабыл алсаңыз, онда әрі қарай тойдың қамына кірісейік” деп айттым. Біраз жағдайын айтып, ақылдасатынын айтты. Үш күн уақыт бердім. Сақина қалды. Сөйтіп алып қашатын болдым. Алып қашуға үш күн қалғанда, оны анасы біліп қалып, сонымен үш күннің ішінде олар да ұзатып берді. Қазір Сардар деген ұлымыз бар.

    Алға қойған арман-мақсаттарыңыз көп шығар?! Нені қатты армандап жүрсіз?
    Ең үлкен арманым – кәсібімді ұлғайту, халыққа пайдалы етіп дамыту. Болашақта кітапхана-lounge ашқым келеді. Жастарды кітапқа баулитын мотивациялық кітапхана-кафе десе де болады. Реалити-жобалар жасау ойымда бар. Тағы сол ақсаусақ жастарды еңбекке баулу, қарапайым жұмысшылардың еңбегін қадірлеуге үйрету. Әке-шешесінің маңдай терімен тапқан табысын далаға шашып жүрген қаншама жастар бар. Сол жастарды айдаладағы үйге алып кетіп, жұмыстар жасату. Ақша болса, демеуші болса-бәрі де мүмкін. Болашақта кітап жазу да ойымда бар.

    Айтыңызшы, журналист болу үшін журналистиканы міндетті түрде оқу керек пе? Әлде...
    Мен қарсымын. Төрт жыл бойы журналистиканың теориясын оқып, уақыт кетіргеннен практикада көрсеткен дұрыс. Америкада курстарға, семинар-тренингтерге қатысып та, журналист болып жүр. Адамның жазу, көру, сезу мүшелері жақсы дамыған болуы керек. Ынта керек, әрі бұл жұмыстың өзінікі екенін сезіну керек. ҚазҰУ-ды қызыл дипломмен бітіріп алып, тындырып жүрген істері шамалы журналистер бар.

    Ашық әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Маргарита Игесінова: “Үйлену бір күндік мереке емес”
  • Света Айтбаева: “Мен әжемнің тұңғыш немересімін”
  • Арнұр Мәденов: “Шетелде “қазақ студенті” деген бренд бар”
  • Борис Байжарқынов: Менің көргенімді ешкімнің басына бермесін...
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге