Шара Тұрмағанбетова: “Бас сатуды” үйрендім

    Ол – небәрі 24 жасында КСРО Журналистер Одағының мүшелігіне өткен журналист, ол – әділдікті сүйеді, тәуелсіздің елдің тәуелсіз БАҚ өкілі. Ол – әнші, халық фольклорын жинақтаушы, Ырғыздың патриоты. Ол – атағы жоқ атақты журналист. Ол – “Жеті қазына” деген қазақ құндылықтарын, салт-дәстүр, тарихын бір ізге түсіруге бағытталған газеттің редакторы Шара Тұрмағанбетова.

    Апай, сұхбатқа әрең уақыт таптыңыз. Жаңа хабарласқанымызда тығыз шаруалармен жүрмін дедіңіз, қор ашып жатқаныңызды айттыңыз. Шара апай, жағдайыңыз қалай? Қандай шаруалармен айналысып жүрсіз?
    -Қазір шаруам жақсы. “Жеті қазына” деген газет шығарып жатырмын. Бұны қалай айтса болады?!”Лебединая песня” дейді ғой, “соңғы әнім” сияқты. Осыған кәдімгідей жанымды салып кірісіп кеттім. Жаман емес. Мен енді “сен жазылшы”, “ана кісіні газетіме жазғызшы” деп сауын айтатын қазақ емеспін. Сосын екі бастан билікті жағаламайтынымды ел біледі. Өз күшімізбен шығып жатқан газет. Менің ұстанымым мынадай: алдымен өткізетін тауарыңды дұрыстап істе, тауарың өтпей жатса, өзіңнің білімділігіңе сын. Басында қызық болды. Бұған да бармайтын едім. Газетті шығаруға ұсыныс жасаған Ғалымбек Сарбөпин деген ырғыздық кәсіпкер жігіт. “Шара апай, газет шығарайық. Бірақ саясатты мүлдем араластырмаймыз” деді.Менің ойым сонда да саясатты араластыру, Ғалымбек “ешқандай саясат болмайды” деп безек қағады. “Саясат болмаса, газетің өтпейді” деп мен ұрсамын. Сөйтіп жүріп мәмілеге келдік те, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды, тарихты дәріптейтін, саясатпен, оппозициямен шаруасы жоқ бір байсалды газет шығаруды қолға алдық. Сонда да ескі әдетіме басып, кейде ара-арасына саясатты сыналап кірігізіп жіберемін (күліп).

    Газеттің таралымы қандай? Газеттің тағдыры көбіне-көп таралымына байланысты ғой...
    Шыққанына бір жылдан асты. Таралымы тек қана 1000 дана. 1000 дана болса да, Қостанайда газетімізді алатын 10 адам бар, Алматыда алатын 20 адам, Астанада 50 адам бар. Бүкіл облыстардан аз-аздан болса да, газетті алып оқитын оқырмандарым бар. Енді болашақта көбейетін шығар. Ашылғанымыз кеше ғана. Айтып отырмын ғой, бұл менің “соңғы әнім” сияқты. Жасым болса 55-ке келді. Қызмет жолында Алға, Қобданың газеттерінде редактор болдым, “Алтын орда”, “Ұлт times” деген керемет газеттерде жұмыс істедім. Жақсы-жақсы қызметтерден өттім. Ал, бірақ өзіңнің ішіңнен шыққан дүниеңнің орны бөлек.

    Сонда да апай газет шығару оңай іс емес қой. Шет жағасын білеміз. Тіреп тұрған сүйеуің болмаса дегендей. Өзіңіз жаңа бір сөзіңізде ешкімнен көмек сұраған жоқпын дедіңіз.
    Журналистикада шынымен де бастықтардың танысы, жақын досы болмасаң, газет шығару қиын екен. Оны көріп жүрміз. Қанша ғұмырымыздың қалғанын кім білсін?! “Редактор Шара Тұрмағанбетова” деген артымнан ізім қалсын, жасаған дүнием қалсын деп маңдайыма сеніп жүрмін. Ал, бірақ “Жеті қазынам” жетім бала ғой...

    Шара апай, сізбен осыдан 2-3 ай бұрын жоспарланған сұхбат болатын бұл. Жүрексініп жүрдік. Апай ұрсып тастар ма екен, тыңнан бірдеңе сұрап, ұятқа қалмаймыз ба екен деп. Қазір сізбен танысып-сөйлесіп отырмыз. Мүлдем басқа адам екенсіз. Ашық, әңгімешіл...
    Мен сізге бір шындықты ашайын: жалпы мен жақсы адам емеспін, пенде ретінде көп өтірік айтқан адаммын, талай адамдарға қарыз боп жүремін, талай адамның аяғын басып кеттім дегендей. Ал, бірақ мамандыққа келгенде мықты бақытты адаммын. Ісіме барынша адал болуға тырыстым. Жұмысымды жақсы көретінім соншалық, оған титімдей болсын дақ түсіргім келмейді. Кейде енді шаршап жүрем, шаруалармен жүрем, әріптестердің кездесуіне үлгере алмай жатамын. Айтқан уақытында бара алмай қаламын. Онда да сол халықтың мәселесімен анда-мында шапқылап жүріп қол тимейді. Мен туралы айтатын басқа ештеңе жоқ.

    Апай, сонда жақсы қасиеттеріңіз жоқ па?
    Екі жақсы қасиетім бар: жақсы анамын, жақсы журналиспін. Болды. Бұл мақтанғаным емес. Барды бар, жоқты жоқ деп айту керек.

    Осы жерден өткенге сәл шегініс жасап, ҚазҰУ-де өткен студенттік жылдарыңыз туралы айтып беріңізші...
    Менің университетте сабақ берген ұстаздарым күшті болды. Қадыр Мырзалиев “әдебиеттану” пәнінен сабақ берді. Лекция кезінде су жаңа өлеңдерін оқып беретін. Ол кезде сабақ 90 минуттан ғой. 45 минуттан кейін үзіліс болса да “ағай, шықпай-ақ қойыңызшы, оқи беріңізші” деп отыратынбыз. Мамандық жағынан жолым болған адаммын. Сүйген оқуыма түстім, соны айналдырып келемін. Оқу керек кітаптардың бәрін оқыдым. Жақсы адамдармен дос болдым. Жарасқан Әбдірәшев, Мұхамедқали Қалмұханбетов, Мұхтар Шаханов, Қасымхан Бегманов, Байбота Қасым-Ноғай, Аманхан Әлімұлы сияқты мықты азаматтармен араластым. Алтынбек Сәрсенбайұлымен керемет дос болдық.

    Журналист болуды армандап па едіңіз деген “дежурный” сұрақ қойсам ренжімейсіз бе?
    Мектеп кезінен өлең жазатыным бар, шимайлайтыным бар. Ырғызда оқып жүргенде “Қазақстан пионері” деген журналға өлеңдерім жиі шығатын. Соған қанаттанып, масаттанып жүріп, Алматыға кеп оқуға түстім. Алғашында филологиясында оқып, кейін ауысып кеттім. Сосын менің журналистік мектебім болған туған нағашым Мейірхан Ақдәулетов. Анамның туған бауыры. Нағашым болса да, екеуміздің сөзіміз бір жерден шықпай жатады. Бірақ сырттай мойындаймын. Қазақ көсемсөзінің абызы – Мейірхан деп айтсам қателеспеймін. 2000 жылдары Ақтөбеге келіп, жанын салып жүріп “Алтын орда” деген газет шығарды. “Алтын орданың” сол кездегі таралымы республикалық “мен” деген газеттердің де таралымынан күшті болды. Бауыржан Бабажанұлы мен Дәурен Қуат өз алдына. Олардан бөлек Мейрамгүл Сатаева, Кәмшат Қопаева, Жанар Нұрғали, облыстардағы мықты-мықты журналистердің біразы Мейірханның мектебінен шықты.

    Еңбек жолыңызды аудандық газеттен бастадыңыз. Алматыда мүмкіндіктер көп еді ғой?! Қалмадыңыз ба?
    Бұл осы заманның сөзі, осы заманның жастарының көзқарасы ғой. Біздің кезімізде “жақсы жерге күмп ете қалып, ертең редактор боп шықсам” деген ой болмайтын. Алдымен Ырғыздың радиосында 50 сомға диктор болғанмын. Күнде кешке “Сәлеметсіздер ме, ырғыздықтар. Бүгін Ырғызда бәлен болды, түген болды” деймін. Сонда Ырғыздан не тауып, жазып жүргенімді білмеймін. Алға аудандық газетінде редакторым зоотехник болған. Менде кімдер редакторы болмады деп жиі айтам ғой (күліп). Сол кездер қиын болатын. 2-3 жасар қызымды ертіп, пәтерден-пәтерге көшіп жүремін. Тіпті ақшаға құттықтау, жоқтау жазып күн көрген кездерім де болған. Несін жасырайын?! Ол да еңбек. Ол да “миды сату”. Содан бір күні қызымды 1 айлық лагерьге беріп, өзім іссапарға кеткенмін. Келсем жертөлемнің төбесі опырылып түсіпті. Аспан көрініп тұр. Анадай жерде тышқандар жорғалап жүр. Сондай күндер де бастан өтті ғой. Сонда да Алматыға кетіп жағдайымды түзеу, үй алу деген ойымда болған жоқ. Не көрсем, еліммен бірге көрейін деп жүре беріппін.

    “Қазақия” газетінде жұмыс істегеніңізді білеміз. Газеттің ғұмыры қысқа болды. Не себеп?
    Бұл – Өмірзақ Ақжігіт деген “тірі энциклопедия” деймін өзім, сол кісінің идеясы болатын. Мен оған дейін Алғаның “Жұлдыз” деген аудандық газетінде он жыл редактор болдым. Адамдардың аяғын басып кете беремін дедім ғой. Жұмыстан шығып қалған кезім. 3 ай үйде жаттым. Содан фейсбуктен Өмірзақ Ақжігіттің жазғанын оқып хабарластым. “Қазақияны” бірінші санынан бастап шығаруға ат салыстым. Кейін ол кісі Шымкентке кетіп қалып, орнына журналист Бақыт Жаншаева келді. Ол кісі де біраз шаруалар істеді. “Қазақияның” оқырмандары көп болды. Қазір ойлаймын: таралу жағын ұйымдастыру әлсіз болды ғой деймін. Өмірзақ Ақжігіт кеткен соң, газет кәдімгідей ақсады. Редактор боп кездейсоқ адамдар келді де, 2 жыл шығып, жабылып қалды. Сосын барлық пәле ақшадан келеді. Құрылтайшы бөлмей жатады кейде. Редактор қысылады сосын. Өзім ақшасы көп жерге жоламауға тырысамын қазір. Біз ақшаға емес, ақша бізге қызмет етуі керек қой. Соны кейбірі түсінбейді. “Қазақиядан” кейін 4-5 ай жұмыссыз жүрдім. Сонда таң қаламын, қалай жұмыссыз күн көргенмін деп (күліп).

    Қазір де пәтер жағалап жүрген көп журналистің бірісіз...Үйден хабар жоқ па әлі? ҚР Журналистер Одағының мүшесі де емес екенсіз. Таң қалып отырмыз, шыны керек...
    Қазір де пәтерде жүрмін. Шүкір ғой. Үйім жоқ деп зарлайын деп отырған жоқпын. Берсе берер, бермесе өздері білер. Биыл журналистер күнінен үміттеніп жүрмін, болмаса қаланың іргесінен жер сатып алып, үй көтерем бе деген ойым бар. Ырғыз аудандық газетінде жұмыс істеп жүріп, 24 жасымда КСРО Журналистер Одағының мүшесі болғанмын. Бірақ ҚР Журналистер Одағының мүшесі емеспін. Мүшелікте кім жоқ дейсіз: сантехник те, зоотехник те бар. Сосын принципке барып, өтпей қалдым. Кезінде КСРО деген алпауыт мемлекет мені мойындаған кезде, Қазақстанның...Жоқ, мен елімді жақсы көремін. Оның бүкіл кемшілігімен, топан суыменен, жемқорлығыменен жақсы көремін. Бірақ қарның ашады, көп нәрсеге қарның ашады. Кішкентай нәрседен ұпай жинап кетушілер көп. Соған жының келеді. Біз – ұлы халықпыз. Желдің, судың, жұлдыздың, айдың – бәрінің тілін біліп, түсініп жүргенде, адамның көзінен адамның жанын түсінуді неге үйренбегенбіз, неге сондай адамдар аз деп күйінемін.

    Елде түбі жақсы-жақсы өзгерістер болатынына сенесіз бе?
    Сенемін. Ұлттық арнаға Берік Уәли келді. Сең қозғалғандай. Өткендегі “1 студияның” хабарына қатысқан Әміржан Қосанов “қазақтың коды – Абай” дегенде көзіме жас келді. Шын. Бұрын бізде “құрсын, не болар дейсің, бәрібір соның айтқаны болады ғой” деген немқұрайлылық болатын, соңғы екі айда кішкентай ғана үміттің ұшқыны бар. Біраз партиялар бар, осылардың немен айналысып отырғанын білмеймін. Сосын мына әлеуметтік желінің қауқары резонанс тудыруға, халыққа қозғау салуға жетіп жатыр. Соған қуанасың. Бірақ, ол әлеуметтік желі, әлеумет оқиды деген сөз. Кез-келген әңгімені жаза беруге болмайды. Кейде аға буын журналистердің жас тілшілерді жерден алып жерге салып жатқанына қынжыламын. “Әй, өзің жас болмадың ба? Өзің қателеспедің бе? Бәріміз сол этаптан өттік. Қатемізді талай бетімізге басты” деймін. Иә, дұрыс сенсация қуып кетудің қажеті жоқ. Оны айту керек. Бірақ ұпай жинау үшін емес, жаның ашыса, оңаша шақырып айт.

    Бізде өзі оппозиция бар ма?
    Оппозиция бар. Бірақ олар оппозицияның ішінде жүрген адамдар емес, оппозиция ол – ауылдың қара қазағы. Елге барғанда бетіңді тіліп-тіліп сөйлегенде кірерге тесік таппай қаласың. Ауылдың еркін ойлайтын осындай азаматтарын шығаратын адамдар болса ғой.

    Апай, сіздің бірбеткейлігіңізге қарап, кемпір-шалдың баласы ма деп ойлаймын....
    Тұрмағанбет шалдың баласымын, 8-ші сыныпқа дейін атамның қасына жататынмын. Рас. Бетімнен қақпай өсірді. Әке-шешемді мойындаған жоқпын. Шешем сол мінезімді білді ме екен, атасынан қаймықты ма, өле-өлгенше маңдайымнан сипап, бетімнен сүйген емес. Ырғыздың Шеңбертал деген ауылынан өсіп шықтық. Оқуды жақсы оқыдым. Озат болдым. Мектепте жүріп қой, алғашқы өлеңдерімді жазып, газетке тапсырыс жібергенмін. Сонда Құрманов деген ағылшыннан сабақ берген ағай: “сен жазған мынандай өлеңдерді қазіргі ақындар жаза алмайды” деп арқамнан қаққан. Сол күннен жұлдыз боп кеткенсің ғой (күліп). Білмеймін, бірбеткейлігім бар шығар. Тілім қышыса айтып салатыным бар. Принциппен жүремін. Шешем қайтып кеп туса да, өзгермейтін сияқтымын. Пәтер жағалап жүріп өсірген жалғыз түйір қызым бар. Жақсы жерге барды. Менің бетіме шіркеу түсірген жоқ.

    Ештеңеге өкінбейсіз бе?
    Бір ғана өкінішім бар: осы уақытқа дейін пәтерімнің жоқтығына өкінемін, кезінде әкімдердің аузын майлап жүрген болсам, Шәкең коттеджде отырар еді деп қоямын. Бірақ ол да үлкен өкінішім емес. Сен сұраған соң айта салғаным ғой (күліп)

    Шын арманыңызды айтыңызшы...
    Осы уақытқа дейін абыройсыз емеспін, Алла Тағалам осы абыройдан айырмаса екен деймін. Бәлки, менің абыройым біреулердің абройының қасында дұрыс абырой емес шығар. Бірақ сол жұрт айтатын жаман абыройымды бәрінен артық қоямын. Барым – осы.

    Ашық әңгімеңізге рахмет, апай!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қонысбек Терекұлы: “Халықтың жақсылығын ешуақытта ұмытпаймын”
  • Гүлімай Қуанышева: “Iшімде “өгей Гүлімайды” ертіп жүремін”
  • Жаңалық АХАШ: Құдалыққа барудан қатты рахаттанамын
  • Төрежан МӘНДІБАЙ: Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге