Базарбай Сүлейменұлы: “Cынықшы Сүлейменнің баласымын деп мақтанған емеспін”

    Ол – бүгінгі заманның әулиесі атанып, тірі аңызға айналған адам. Ол – Ойыл өлкесіне ғана емес, Батыс Қазақстанға, тұтас елге, қазағы мен орысына аты шыққан сынықшы, көріпкел. Сынықты қолымен ұстамай, тіпті назарын салмай орнына түсіріп, емдеп жазатын қасиеті болған. Ол – сынықшы Сүлеймен. Сұқбатқа сынықшының ұлы, тарихшы, доцент Базарбай Сүлейменұлын тарттық.

    Аға, Сүлеймен атаны білмейтін халық кемде-кем шығар. Әлі күнге дертіне шипа іздеген жандар Ойылға арнайы барып, басына орамал байлайды. Халық арасында ол кісі туралы аңыздар да бар. Бізге сол қызық. Сүлеймен ата туралы кеңінен айтып беріңізші. Қасиет қалай қонғанын, адамдарды қалай емдегенін білгіміз келеді. Ол кезде ойын баласы болсаңыз да, біраз естеліктер білетін шығарсыз?!
    Әкем қазіргі заманның әулиесі атанған ғой. Мысалы “әулие” деп ерте заманнан белгілі Бекет ата, Есет атаны айтуға болады. Біздің заманымызда әулие атану біртүрлі. Дегенмен, халық әкемді әулие санаған. Әулие – халықтық атақ. Сынықшы – әулие болған кісі. Бала кезімізде көп көңіл бөлмедік. Біздің заманымыздың идеологиясы басқа, атеизмді дәріптеді. Құдайға сыйынудан, әруақты сыйлаудан, ескі сенімнен алшақ ұстады. Тәрбие басқа. Есімде, бала кезімде үйге күнбе-күн қол-аяғы сынған, ішкілікке салынған, т.б. адамдар келіп жатады. Бала болған соң, ойнап кетесің. Шыны керек, мән бермеппін. Кейін мектеп бітіріп, Алматыға оқуға түсіп кеттім. Ес біліп, етек жинаған уағымда әкем дүние салды. Тарихшы мамандығын алған кезде ол кісі өмірде жоқ. Тағы 3-4 жыл өмір сүргенінде мүмкін көп нәрсені сұрап-біліп алар едім. Көзін көрген адамдар да жоқтың қасы. Өзінің айтуы бойынша, қасиет 25 жасында қоныпты.

    Қандай құбылыс болған? Ауырған ба? Қасиеттің қонуы әр түрлі ғой...
    Ертедегі қариялардың айтуынша, әруақ қонғанда арқасы қозып, құрысып, өзін ыңғайсыз сезінеді екен. Достары дереу арқасынан басып тыныштандырады. Бұл қасиет әкесі Қарабалада, оның әкесі Қалабайда да болған деседі. Аңызға сүйенсек, Қалабай бабамыздың кеудесінде мүйіз әлде, сүйел болған. Соған кішкентай қара жылан оралып жатады екен. Керегеде ілулі тұрған қара домбырасы келе жатқан адам туралы дыбыс шығарып, белгі береді екен. Қалабай бабамыз 1917 жылға дейін өмір сүрген. Әкемнің әкесі ерте өмірден өтіп кеткендіктен, атасы Қалабайдың тәрбиесін көрген. Атамыз жайлауға көшкенде ақ ордасын арбаға тігіп, ұлдары үйлерін екі қанатына тігеді екен. Сырқат адамдар ақ орданың маңына түнеп те, жазылып кетіп отырған. Келетін адамды бірден сезіп отырған. Әкем де солай. Көзіммен көргенмін, тыпыршып үйде отыра алмай, далаға шығып кетеді. Қол-аяғын сындырған адам сарнап келе жатады ғой. Сынық сарнайды. Ана кісі қалай үйге кіреді, әкем де сабасына түседі, әлгінің ауырсынғаны да басылады. Бала кезімде талай сынықтарды көрдім. Тракторден құлап аяғы үгітіліп қалған, техникадан құлап сау тамтығы жоқ адамдарды көтеріп әкеліп жатады. Кейін солар алғыс айту үшін, қайта үйге келеді. Ол кісінің ерекшелігі – сынықты ұстамай салған. Сынықшылардың көбісі сынықты сипап, қолды, аяқты, белді тартып салады. Ол кісі ұстамайды. Сондай қасиеті болған. Он қадақ су толтырылған шелекті “сынған қолыңмен алып кел” деп айтады. Анау қорқып-дірілдеп қипақтай бастайды. Сосын “алып кел маған” деп айқайлайды. Қорыққаннан көтеріп алып келеді. “Енді орнына апар” дейді. Сол кезде орамалын лақтырып тастайды. Мен енді медицинаны жамандап отырған жоқпын. Шынтағы айналып кеткен, жаңағы қол-аяғы мертіккен адамдар дәрігерден ем таба алмай, атаға келетін. Сынған адамның ерекшелігін, денсаулығын ескерсе керек, бәлен күнге дейін серттеп, шартын айтады. Шартты орындамаса, “енді қайтіп алдыма келмеңіз” дейді. Бұл енді ғылымның шеңберіне сыймай асып кеткен, Құдайдың құдіретімен бойға сінген қасиет, мұны ешкім дәлелмен түсіндіріп бере алмайды. Ғылым дәрменсіз. Әкем Қаратал ауылының батысында Ойыл өзенінің арғы бетіндегі Ақмешіт деген жерде туған. Әкесі Қарабалада бала тұрмаған. Әкемнің атын әдейілеп “Сүлеймен” қойып, жеті ошақтан, жеті әйелдің бұтынан өткізген деседі. Атасы Қалабайда да, оның баласы Қарабалада да емшілік қасиет болған.

    Мінезі, табиғаты қандай еді?
    Өте сабырлы адам болды. Айқайлап сөйлемейді. Тынымды. Бірқалыпты, жымиып жүре беретін. Сосын көзі өте өткір болды. Біреуге ренжіп қалса, жалт қарайды. Сол кезде әлгі адам үндемей қалатын. Көзінің ешқандай зияны жоқ. Тек өңменіңнен өтіп кетеді. Ақ шаман, қара шаман дегендер қашаннан бар ғой. Біздің әкей жақсылықтан басқа ештеңе ойламады. Халық сол үшін сыйлады, құрметтеді. Әулие деп атады. Болжай білетіні, көріпкелділігі де бар. Сауат ашпаған кісі болса да, өте ақылды адам болған. Ойылдың Микол дейтін жері бар. Микол дейтін орыстың мұжығы осында келіп, шаруасын түлетіп, байыған кулак, бай шаруа. Сол шаруашылықта әкем бала кезінде бұзауын баққан. Орыс балалар ұратын деп айтып отыратын. Жетімдікті көп тартқан кісі ғой енді.

    Өмірінің соңына дейін емшілікпен айналысып, Қараталда тұрды ма?
    Әкем соғысқа дейін колхоздастыруда болған, алғашқыда жай шаруаның баласы деп үкімет жұмысқа тартқан. Алғашқыда кеңестік халық милициясының құрамында болыпты. Кейін комсомол қатарына өткізбек болғанда бас тартқан болуы керек, содан милиция қатарынан шығарып жіберген. Комсомолға өтпегені үшін, НКВД жұмысынан шығып кеткені үшін жазасын тартып, 1937 жылы қудалауға түскен. Сол жылдары Ойылдың отыз шақты азаматы, нақты санын білмеймін, мешітті қайта жаңартамыз деп кеңес құрады. Соған әкемнің Қанапия дейтін ағасы не айтып жатыр екен, тыңдайын деп барған ғой. Ертеңінде НКВД бәрін ұстаған. Одан бір күні әкемді тұтқындап, арбаға салып алып кетеді. “Ағаң екеуің Кеңес үкіметіне қарсы ұйым құрдыңдар. Сендер жапонның тыңшыларысыңдар” деп тергеген ғой. Содан не керек, бәрін жаяу Шұбарға айдап, одан пойызға отырғызып, Ақтөбеге әкеледі. Қанапия ағам солай атылып кеткен. Әкемнің аман қалуын құбылыс дейін бе, бағына орай түрменің басшысы ма әлде қызметкері ме екен, арбадан құлап, мойны сынады. Соның мойнын салады-мыс. Мойнын салғаннан кейін әлгі адам риза болып, “сенің ағаңды құтқара алмаймын, өзіңді құтқарамын” деп ату жазасына кесіліп тұрған әкемнің құжаттарын өңдеп, 10 жылға Свердловскіге каторгаға айдап жіберген ғой. Содан 9 жылын өтеп келді. Ауыр жұмыстар істеген, орман кескен. 30 жасында айдалып, 40 жасында елге аман-есен оралады. Осы жерден тағы бір әңгіменің шеті шығады. 1942 жылы Сталинград шайқасының қызған шағы. Бұлар Свердловскіде орман ағаштарын құлатып жүрген жерінен 200 адамды эшалонға тиеп, Сталингардқа штрафбатқа салады. Штрафбат деген “штрафной батальон”, түрмеде, қуғын-сүргінде жүрген адамдардан жасақталған әскер. Оларды оқтың өтіне, алдыңғы шепке қояды. Қынадай қырылған ғой сонда. Екі жеті соғыстырып, кері қайтарғанда 200 адамнан 7-ақ адам тірі қалған екен. “Қырық жыл қырғын болса да, адам өз ажалынан өледі” деген рас екен, НКВД-ның ату жазасынан, немістің оғынан аман қалып, әкем елге қайтқан. Лагерьде беделді болған деседі. Жаңағы лагерь бастығының сәйгүлігінің аяғы сынып немесе белі шойырылған болу керек, соны емдеп жазып береді. “Не қалауың бар?” дегенде “ел қатарлы соғысайын, соғысқа жібер” дейді әкем. “Сен майданға кетсең, тірі қаласың ба, жоқ па, обалыңа қалмайын. Одан да еліңе жіберейін” десе керек. Әкем кесілген мерзімінен бұрын елге бармайтынын айтып, қарсы болады. “Онда сен лагерьдің ішінде еркін жүре бер” депті.

    Шешеңізбен қашан отау құрған? Ол кісі қандай адам еді?
    Ұштап анам әкеме тұрмысқа шыққанда 15-16 жаста болыпты. Өзі 1914 жылы туған. Ақ-сары келген, ажарлы, жігерлі, қажырлы адам болған. Әкем көп ауырып, 1970 жылы дүние салды. Шешем 27 жылдан кейін барып, әкеміздің 90 жылдығын өткізіп, ертеңінде өмірден озды. Бізді оқытып жетілдірген, тәрбиелеген, үйлендірген анамыз. Ол кісінің еңбегі сіңді. Енді 20 жасыма дейін әкемнің де тәрбиесін көрдім ғой. Үнемі “өтірік айтпа, біреудің затын алма” деп айтып отыратын. Ұрыншақ, тентек болсам да, әке-шешемді жерге қаратқан емеспін. Тосыннан келген сондай кездерде бәлкім атамның әруағы жебеп жүрген шығар. Ертеректе Құлжабай дейтін ағам жетіге толып тұрған шағында көз тиіп өлген. Содан мені еркелетіп өсірді. Тентектеу болыппын. Ол кезде колхозда өгіз жегеді. Арбадан секіріп түскенімде тентек өгіз маңдайдан қатты тепкен екен. Өгіз деген қара күш. Қалай миымды шашып жібермегеніне таң қаламын. Маңдайыма түк болмаған, ептеп қызарып қалыпты. Жаңа сен мертігіп, емделген кезіңіз болды ма деп сұрадың ғой. Үнемі осылай тылсым күш бәле-жаладан қағып жүретін. Әкем қашан дүние саларын біліп жүрген ғой. Өлерінің алдында “менің басыма кішкентай үй тұрғызасыңдар, ішіне киіз төсеңдер, келген адам басыма түнесін” деген. Содан түнек үй салдық. 2007 жылы 100 жылдығында інім Сапар басына үлкен қып түнейтін үй салды. Маңайын қоршап, ішіне тәуір жөндеу жұмысын жасап қойды.

    Сұқбат бергеніңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бижан Қалмағанбетов: “Алғашқы кәсіпкерлердің бірі болдым”
  • Қонысбек Терекұлы: “Халықтың жақсылығын ешуақытта ұмытпаймын”
  • Света Айтбаева: “Мен әжемнің тұңғыш немересімін”
  • Түйетөбе: тарихқа айналған тағдырлар
  • Дәріден де күшті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге