Гүлнәр Байділдинова: “Шетел қазақты өркениетті ел ретінде таниды”

    Ол – өзінің дара жолын әлдеқашан тапқан бақытты жан. Ол – бидің адамы, би десе жанын беретін жанкешті, талапшыл педагог. Атағы бар. “Үздік педагог”, “Үздік білім қызметкері”. Ол жетекшілік ететін “Еңлік” би ансамблі Қазақстанды қойып, әлемді бағындырып келеді. Ол – “Еңлік” би ансамблінің көркемдік жетекшісі Гүлнәр Байділдинова.

    Гүлнәр Вахитқызы, “Еңлік” би ансамблі туралы айтып беріңізші. Қашан құрылды? Неге “Еңлік” деп атадыңыздар?
    “Еңлік” – елдің аяғы бас-пайтын, әркімнің қолы жете бермейтін, тауда өсетін ерекше гүлдің аты. Мысалы, француздар еңлікгүлді “альпі жұлдызы”, ал итальяндар “күмісжартас гүлі” деп атайды. Таулы аймақтың халқы еңлікгүлді бақыт пен махаббаттың символына балайды. Оның пайда болуы туралы әдемі әрі мұңды аңыз бар. Біздің ансамбліміздің қыздары да бір-бір гүл сияқты. Жалпы би ансамблі 2005 жылы құрылды. Ал үлгілі атағын 2006 жылы қорғап шықтық. Бұрын оқушылар саны 100-ден асатын. Бүгінде оқушыларымыз 400-ден асып кетті. Репертуарымыз да үнемі толығып отырады. Қазір 130 биден асады. Ұжымымыз тату-тәтті. Онда педагог-мұғалімдер, ата-аналар, балалар бар. Балалар жасы 6-17 жас аралығында. Репертуарда көбісі қазақ билері. Мысалы, “Елім-ай”, “Ризамын”, “Жас қанат”, “Киіз басу”, “Қазақ арландары”. Сондай –ақ, қытай, моңғол, египет халықтарының билерін билейміз. “Еңлік” ансамблі облыстық, қалалық іс-шараларға үнемі қатысып отырады. ҚР Президентінің жаңа жылдық шыршасына да ылғи шақырылады. Жыл сайын басқа үйірмелермен бірлесіп, қала мектептерінің оқушыларына қызықты қойылымдар қояды. Өзім ансамбльдің көркемдік жетекшісімін. Мирамгүл Саматқызы, Анар Тойшыбекқызы сынды балетмейстерлеріміз жемісті еңбек етуде. Альбина Аққағазова мен Айнұр Қойлыбаева сияқты білікті хореографтарымыз бар. Екеуі де менің шәкірттерім. Кәсіби тұрғыда білімдерін әрі қарай жетілдіріп, қазір Оқушылар сарайында бірге қызмет істейміз.

    Өзіңіз көркемдік жетекші болғаныңызға қанша уақыт болды? Биге қалай келдіңіз? Кішкентай кезіңізден биді жақсы көресіз бе?
    Мен 1992 жылдан бастап осы Оқушылар сарайында қызмет етіп келемін, алғашында педагог, балетмейстер боп жұмысқа тұрдым. Қанда бар нәрсе ғой (күліп). Кішкентай кезімнен спортқа, гимнастикаға қызығып, қатысып жүрдім. Кейін “Әлия гүлі” құрылған жылы көркемдік жетекшісі Медеу Құрбанұлы мені арнайы шақырды. “Молодость” деген кәсіби ансамбль құрамында болдым. Институтта оқып жүргенде “Студенттік көктем” деген би ансамблін құрып, студенттерді биге үйретіп жүрдім. Талай концерт, іс-шаралардан қалмайтынмын.

    Оқушылар сарайында “Еңлік” жай ғана би ансамблі емес, естуімізше, үлкен би факультеті ретінде қызмет етеді екен. Солай ма? Сонда бұл факультетке балалар неше жасынан қабылданады?
    Балалар 6-7 жастан емтихан тапсыру арқылы оқуға қабылданады. Би факультетіне түсу оңай емес. Музыка мен биге ерекше икемі бар балалар ғана оқуға қабылданады. Оны баға қою арқылы анықтаймыз. Емтиханнан өткен соң, факультетте алты жыл бойы классикалық би, халық биі, балалар биі, модерн, қазақ биі, қазіргі заман билерін үйренеді. 6 курста қорытынды емтихан тапсырады. Емтиханды үздік тапсырған балалар диплом алып, жоғары топқа ауыстырылады. Жыл сайын оқуға түсіп жатқан балалар да көп. Мектепке бармағандарын дайындық топқа аламыз. Бәрінің билегісі келеді. Ата-аналар көптеп келіп, сұрастырып, балаларын табыстап жатады.

    Ансамбльдің құрылғанына биыл 12 жыл толыпты. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріңіз көп шығар? Ең ірі жеңістеріңіз қандай? Қандай мемлекеттерде болдыңыздар?
    Жыл сайын дамылсыз түрлі байқауларға қатысып келеміз. Біздің бармаған мемлекетіміз жоқ шығар (күліп). Ресей, Болгария, Түркия, Франция, Түркімен, БАӘ, Италия, Дубай, Швеция, Финлияндия, т.б. көптеген мемлекеттерде фестивальдер мен конкурстарға қатысып келеміз. ЮНЕСКО бо-йынша екі жыл қатарынан біздің қыздарымыз жеңіп келеді. Ең ірі екі жеңісімізді ерекше атауға болатын шығар. Олар 2007 жылы Болгарияда өткен Халықаралық конкурста Алтын кубокті иеленгеніміз және 2008 жылы Венецияда өткен “Италиядағы Орфей” Халықаралық конкурсының Гран-при жүлдегері атанғанымыз. 2008-2014 жылдар аралығында ансамбль үзбей “Шаттық” халықаралық фестивалінің лауреаты атанып келді. Айта берсе көп. Барған жерлерімізде құр алақан оралған емеспіз. Үнемі орын алып келеміз.

    Өзге ұлттардың қазақ биіне деген ықыласы, ынтасы қандай екен? Сіздерді қалай қарсы алады?
    Шыны керек, басында шетелге шыққанда олардың “Қазақстан” деген мемлекет барын білмейтінін естіп таң қалатынбыз. Билерімізді көріп таңдай қағып, балалардың тәртібіне риза болып жүретін. Қазір көп нәрсе өзгерді. Жақсы қарсы алады. Қазақстан жыл сайын әлемдік аренада бірнеше ірі жобаларды қолға алып, спорттық жарыстар ұйымдастырып келеді. Шетелдік ұйымдарға мүше. Соның да септігі тиген шығар. Өркениетті ел екенімізді бәрі білді. Біз де қазақ елін әлемге биімізбен танытып келеміз. Балаларымыз ағылшын тілін еркін меңгерген. Барлығы бізді жақсы достар ретінде қарсы алып жатады.

    12 жылда ансамбль құрамы бірнеше рет ауысқан шығар. Ансамбльден кейін бишілікті әрі қарай жалғастырып, би өнеріне біржола ден қойған оқушыларыңыз көп шығар?
    Ансамбльдің солистері деп Гаухар Көшербаеваны, Ғалия Қайырованы, Әнел Оралмағамбетованы, Әсел Әлібекованы, Асылым Күлекееваны, Мәдина Оразбаева, т.б. көптеген қыздарымызды айтуға болады. Олар республикалық, ресейлік, халықаралық конкурс пен фестивальдердің лауреаттары, Гран-при иегерлері. Арасында хореограф болып жүрген қыздарымыз да бар. Би мен концертке келгенде мен өте қатал, талапшылмын. Бұны балалардың бәрі біледі. Бір істі қолға алсақ, оны соңына дейін жеткізуіміз керек және жеткізіп қана қоймай, жетістікке жетуіміз керек. Мен оларды белгіленген уақыттан кешікпеуге, тәртіпті, жинақы болуға үйретемін. Ата-аналар үнемі алғысын айтып жатады. Бұл тәрбиенің пайдасын жол жүргенде көресің. Сабақтан тыс уақытта ақыл-кеңестерін сұрап, сырларымен бөлісіп жатады. Біздегі ең басты құндылық ол – бір-бірімізге деген сенім. Бұрын ансамбль құрамында болған қыз-жігіттер өсіп, ер жетіп, кейін балаларын маған әкеліп жатады. Қуанасың, әрине. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы ғой?!

    Ал, өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып беріңізші. Өз балаларыңызды тәрбиелеуге уақытыңыз жетті ме?
    Жолдасым – Берік Қантарбаев. Үнемі менің шығармашылық қызметімді бағалап, қолдап жүреді. Бір ұл, бір қызымыз бар. Екеуі де өсті, ұлымыз үйленді, қызымыз тұрмысқа шықты. Бала-шағалы. Қазір ата мен әже болып отырмыз. Екі баламыз да өнерден құр алақан емес. Ән мен биге, шахматқа әуес. Олардың кішкентай кезінде бос уақыты өте аз болды. Сабақтан тыс уақыттарда үйірмелерге қатыстыратынмын. Ал бос уақыттары бола қалса, ата-әжелеріне қолғабыс етуге жіберемін. Сол тәрбиеміз үшін балаларымыз бізге әлі күнге рахмет айтады.

    Атақтарыңыз, марапаттарыңыз, ансамбльдің жеткен жетістіктері өз алдына бір төбе шығар?
    Бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталып, 2002 жылы Елбасымен кездесуде “ҚР Білімінің құрметті қызметкері” төсбелгісіне ие болып, Алғыс хат алдым. 2010 жылы “Қосымша білімнің үздік педагогы” марафонында грант жеңіп алдым. Түрлі ұйымдардан келіп жатқан Алғыс хаттарым өте көп. Тіпті санынан жаңылысатын болып жүрмін. 2015 жылы ҚР бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің “Қызметі мен жетістігі үшін” медалімен марапатталдым. Дипломдарым да баршылық. 2016 жылы “Үздік ұстаз” атанып, диплом алдым. Биыл “Жұлдыздар жарқырайды” облыстық байқауында Гран-при жеңіп алдық. “Айналайын” халықаралық байқауынан 1-орын алдық. Қазан қаласында өткен “Art Созвездие” халықаралық байқаудан да 1 орын алдық.

    Алда қандай жоспарларыңыз бар?
    Жоспар өте көп. Концерттер, фестивальдер – өз алдына. Келесі жылы, бұйырса, ансамбльдің “мүшел жасын” тойлағымыз келеді. Құрылғанына 13 жыл толады. Ал ең үлкен жоспарым, мүмкін, арманым деуге де болатын шығар, өзімнің би мектебімді ашқым келеді.

    Арманыңызға жетіп, биіктен көріне беріңіздер!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жәмилә Барбосынова: Сырқат дегеніміз – тазару
  • Әдемі Демеуова: “Көмегіме мұқтаж жандарды тастап кеткім келмейді”
  • Әсел Әлібекова: Елге дұғай сәлем!
  • Спортшы қыздардың жетістігі
  • “Асыл әжелер” ансамблі Ресейден жүлдемен оралды
  • Пікір

    ^ Үстіге