Сағындық Ниянқұлов: Артықтау «мінезінен» өлеңдерім жарық көрмейді

    Ол – газет ісіне 20 жылын арнаған ардагер журналист, майталман маман. Ол – еңбегінің өтеуін міндетсінбеген, қызмет қумаған, қарапайым, атағы жоқ азамат. Ақын. Отты ақын. Ол – инсультпен бетпе-бет келсе де, жігері мұқалмаған, дертін “демалыс” деп қабылдаған жан. Ол – ҚР Журналистер Одағының мүшесі, журналист, ақын Сағындық Ниянқұлов.

    Сізден сұқбат алмас бұрын өлеңдеріңіздің бірсыпырасын оқып шықтық. Бәрі бар: пафос, асқақ рух, сындар, сырлар, сезім, тарихи жәйттар, ақыл-кеңестер...Өлең жазудағы басты мұратыңыз не, аға?
    Жылы сөзіңізге рахмет! Әріптес ретінде сізге айтарым: мен өзімді еш уақытта данагөй халқымнан, рухы асқақ жұртымнан биік қойған емеспін. Әлі де сол қалпымдамын.Тәңір әркімге жеткілікті түрде сый тартады дейді ғой. Маған мүмкін ақын ретінде қабілеттілікті ұсынған шығар. Менің бір қасиетім - бала кезімнен бастан өткен ірілі-ұсақты жәйттарды, қағазға түсіріп жинамай-ақ, баста сақтап, ұмытпайтындығым. Оның пайдасының көптігіне міне, бүгін өздеріңіз де куә болып отырсыздар. Ал, енді өскелең ұрпаққа аға буын ретінде шамам жеткенше өлеңдерім арқылы ақыл-кеңес беруді, қазақи салт-дәстүрді, мұсылмандықты дәріптеуді терең сезіну, кішіпейіл, кешірімшіл болуды ұлықтау сияқты ұғымдарды саналарына дарытуды азаматтық міндетім деп есептеймін.

    Аға, сіздің есіміңіз бірде “Сәкен Ниянқұлов”, бірде “Сағындық Ниянқұлов” деп жазылып жүр. Тіпті “Серік” делінген кей жерде. Құжат бойынша есіміңіз кім?
    Құжат бойынша атым – Сағындық. “Сәкен” деп жолдастарым, бірге жүрген курстастарым айтып кеткен. Айтқанға жеңіл. “Сағындық” деген бөтен кісінің есімі сияқты (күліп). Темір ауданы Алтықарасу ауылында мектеп бітірген соң, оқуға түсе алмай, сол жақта 3-4 жыл жұмыс істедім. Сосын барып 1977 жылы ҚазҰУ-ге оқуға түстім. 1982 жылы университетті бітіріп, жолдамамен бірден “Ақтөбе” газетіне жұмысқа орналастым. Содан 2000 жылға дейін жұмыс істедім. Одан кейін қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде, облыстық қаржы басқармасында қызмет істедім. 2011 жылы инсульт алып, қатты ауырып, толыққанды жұмысқа жарамайтын болдым. Мейірхан “бұрынғы жұмысыңызға келіңіз, орныңыз дайын тұр” деп шақырды. Бірақ 8 сағаттық жұмысқа денсаулығым жарамай қалды. Жарты күндік жұмыс болса, ойлануға болады,әрине. Үйде уақытылы дәрі ішемін, уақытылы ұйықтаймын, арасында жазу жазамын.

    Баспасөз бетінде, әріптестер арасында жеке өміріңіз туралы ештеңе айтылмайды. Отбасылық өміріңіз туралы да білгіміз келеді.
    Жеке өмірім ешкімді қызықтырмайтын шығар (күліп). Үйдегі жеңгең Атыраудың Индерінен. Мамандығы –дәрігер. 2 жылдан кейін отасқанымызға 40 жыл толады. Балалар жөнінде көп ештеңе айтқым да келмейді. Үш ер баламыз бар. Ешқайсысы да үйленген жоқ. Сол жағы кішкене қинап тұр. Қаланың балалары ғой. Отбасын құруды әлі ойлап жүрген жоқ. Өзім отбасында жалғыз ұл болғандықтан, бала-шағамның көп болғанын қалаймын. Денсаулығыма байланысты 2014 жылы Өрлеу ауылына жер үйге көшуге тура келді. Таза ауа, жазда еңбектенетін бау-бақша, қыста күрейтін қарың бар. Жатпай-тұрмай қимылдайсың. Ал, маған көбірек қимылдау керек. Шыны керек, көп уақытымды босқа өткізіп алыппын. Жас кезде отбасы, оқумен жүрдік. Ара-тұра бірдеңеден қатты көңілім қалғанда немесе қатты қуанғанда түртіп тастайтынмын. Оны бірақ жинақтап, кітап етіп шығару ойда болмапты. Одан кейін нарық дедік, өте қиын жағдайлардан өттік. Енді осы ауырғаннан кейін ойлана бастадым. Әйелім де “сенің талантың бар, кімнен кемсің” деп кеңес беріп, қолдап, кітаптарымның жарыққа шығуына септігін тигізді.

    Сәкен аға, өлеңдеріңізді газет беттерінен сирек көреміз. Өзіңіз газетке ұсынбайсыз ба, әлде әріптестеріңіз басуға құлықсыз ба?
    Ашығын айтсам, газетке бір-екі рет апарғанмын, жігіттер құрақ ұшып, жалпылдап қарсы алып, "шығарамыз, шығарамыз" деп жатады. Арада он бес-жиырма күн өткен соң, телефон шаламын. Бағзы жауабынан танбайды, пәтшағарлар. Тағы хабарласамын. Телефонның екінші ұшынан сыздана шыққан дауысты естіп, суып қалғандарын сезе қоямын. Қазір көлеңкесінен қорыққан заман ғой. Бәлкім жырларымның, олардың ойынша, артықтау кеткен "мінезінен" болар. Ешкімді айыптап, "битке өкпелеп, тонымды отқа жаққым" келмейді.

    Журналистика мен ақындықты қатар алып жүру қиын деп айтады. Ақындар – эмоцияның адамы, журналистер салқын қанды. Сізде осы екеуі де бар. Мінезіңіз де осал емес.
    Кім біледі, егер басқаша болғанымда бірінші басшы, орынбасар болып отырар ма едім. Оған толық жөнім бар, жасым да келіп тұр. Бірақ қызметке әуел бастан қызыққан емеспін. Қызықпағаным мен оған жете алмаймын, қолымнан келмейді дегеннен емес, көптің бірі болуды қаладым. Біреулер кітап жазғанын дабыра ғып жатады. Мен кітабымды тыныш жазамын, тыныш қана таратып беремін. Журналистика мен ақындықтың айырмашылығы жер мен көктей. Өйткені газетке не жазсаң да жұтылып кете береді, бірақ тәртіпке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа үйретеді. Ақындық екінінің біріне біте бермейтін өнер. Ақында мінез болуы керек. Тез ренжитін, тез қуанатын, сезімге берілгіш халық қой. Көп жігіттер маған “сен өлең жаз, шығармашылығыңды шыңда” деп айтатын. Таза ақындыққа бет бұрғым келді.

    Қанша кітабыңыз жарық көрді?
    Шүкір, әр жылдары "Жауқазын жырым - жастығым", "Бір қуанту - арманым", "Ауылға хат", "Әкеммен сырласу" атты төрт өлең жинағым оқырмандарыммен қауышты. Шындығында, бұған жұбайым Зияш Сейілханқызының қосқан үлесі ерекше. "Бір қуанту -арманым" атты екінші кітабымды 50 жылдық тойыма орай, "жалаңаяқ журналисте" қандай қаржы болсын, жүгіріп жүріп шығартты. Жалпы еркектер, біздер, ертеңіміз бітпейтін жалқау халықпыз ғой. Түрткісіз қимылдай қоймаймыз. Онан кейінгі жарық көрген "Ауылға хат", "Әкеммен сырласу" кітаптарымдағы өлеңдерді де "жаз, жаз" деп, бөлмеге қамап қойып, отырып жаздырды. Тақырыптар табайын, ізденейін, өзімді-өзім толық игерейін дегенім бос сөз екен. Бір данышпанның "99 пайыз еңбек, 1 пайыз ғана талант" дегеніне шығармашылықпен бел шеше шұғылданған жылдарымда көзім әбден жетті. Әр кәсіптің өз қиындығы бар ғой. Менің пікірімше соған мойынсұнып, берілуің керек. Мысалы мені өмірлік серігім қамшылап, "қайтсең де жазасың" деп талап қоймағанда, жылдардың екпініне ілесе алмай, бұл кітаптардың өмірге келуі де екіталай еді. Сондықтан ақын жанын түсініп, оның сүйікті оқырмандарымен кітаптары арқылы кеңінен танысуына жол ашқан жарымның маған деген шексіз махаббаты деп білемін.

    Кітап шығару қымбатқа түскен заманда төрт кітабыңыз бірдей жарық көріпті. Ат салысқан азаматтар болды ма?
    Дұрыс айтасыз. Жеке жинақ түгілі бес-алты өлеңнің басын қосып, газетке беруге іштарлық жасап отырғандар саған жақсылық жасап, көмек қолын ұсынудың орнына, теріс пиғыл танытады. Оқыған-тоқыған дейміз-ау, сондай жандардың “ертең мен де шау тартып, қартаярмын, бұл кресло маған қашанғы жолдас болар дейсің” деп бір сәт те болса, алға қарай бажайлап қарамайтындығына, уақыт өтпей, мансап мәңгілік уысында қалатындай күн кешетіндігіне қарның ашады. Бірақ "бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" дегендей, осындай өмірде кездесетін бірен-саран құбыжықтарға (басқаша теңеу мүмкін емес) қарап, еңсемді түсіргім келмейді. Тіпті әдебиет дегеннің не екенін білмейтін, мұрнына иісі бармайтын қарапайым адамдардың сенің өлеңіңді жатқа соғып отырғанын естігенде жаның жадырап, бір жасап қалады екенсің. Менің Бижан Қалмағанбетов деген інім бар. Өзі облысқа белгілі бизнесмен. Құрылыс компаниясын басқарады. Бір қызығы - Ақтөбеге, Атырауға ат басын тіреп, іс сапармен келген ақын-жазушылар бізді емес, ең алдымен осы Бижанды іздейді. Өйткені ол "Атымтай жомарт". Бірін қажетті жеріне көлігімен жеткізе салады, екіншісінің шығармашылық кешін өткізуге жағдай жасайды. Бізден төрт-бес жас кішілігі болғанымен, Бижанды досымдай көріп кеттім."Бір қуанту - арманым" атты екінші кітабыма демеушілік жасады. Әлі күнге дейін күн сайын телефон шалып, хабарласып, материалдық көмек беріп келеді.

    Ертай аға Ашықбаев екеуіңізді “күндіз үндемей жүріп, түнде шабуылға шығатын ақындар” деп айтады. Бұл сөздің мәнісі неде?
    (күліп). Ол туралы оқыдым. Мүмкін. Мен өзім мысалы тыныштықты жақсы көремін. Қасымда біреу жүрсе, біреу мазаласа ойым бөлінеді. Сондықтан бәрі ұйықтағаннан кейін, тыныш кезде жазғанды жақсы көремін. Ойыма келген өлеңнің бір шумағын түртіп қойып, келесі жолы тағы бір шумағын жазып жүре беремін. Кейде оңаша қалған кезде бетпе-бет,
    Жарым маған сыр айтады өкпелеп.
    Мінезің де әлкес-шәлкес, білмеймін,
    Шапшыған бір асаудайсың көкке деп.
    Бар болмысым осы бір-ақ шумақтан-ақ көрініп тұрған жоқ па?! Халық айтса, қалт айтпайтын болар (күліп).

    Осыған дейін алған қандай атақтарыңыз бар,аға?
    Журналистер одағының мүшесімін. 60 жылдыққа Жазушылар одағының мақтау қағазын алдым. Болды. Басқа атағым жоқ.

    Сұқбат бергеніңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шара Тұрмағанбетова: “Бас сатуды” үйрендім
  • Гүлімай Қуанышева: “Iшімде “өгей Гүлімайды” ертіп жүремін”
  • Гүлжайнар Қалдина: “Балалар қызығып оқитын кітап жоқ”
  • Ертай АШЫҚБАЕВ: ...Түн ішінде жарқырап, көзге онша түспеймін ғой күндіз мен...
  • Төрежан МӘНДІБАЙ: Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге