Алмагүл Ізбасарова: “Осы дәрежеге жеткенім отбасымның арқасы”

    Ол – инабатты келін, аяулы ана. Ол қызметінде жеткен жетістігінде енесінің еңбегі бар деп есептейді. Ол әскерилер династиясының келіні, өзі де осы мамандық иесі. Ол Ішкі істер департаментінің ақпараттық-сараптамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатының аға инспекторы, полиция лейтенанты Алмагүл Ізбасарова.

    Алмагүл, оқырманға түсінікті болсын. Сұрақты алдымен өзіңізден бастасақ...
    - 1977 жылы Орынбор облысы, Ақбұлақ ауданында тудым. Ата-анам бар, бес ағайындымыз. Үш ер бала, екі қызбыз. 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттің қазақ тіл кафедрасын бітірдім. Бір жыл мектепте ұстаз болып қызмет атқардым. 2003 жылы әскери тергеу басқармасына жұмысқа кірдім. Әскери тергеу бөлімінде тоғыз жарым жыл жұмыс жасадым. Жұмыстың талабына сай, заңгер мамандығын сырттай бөлімінде оқыдым. 2012 жылы Ішкі істер департаментіне ауыстым. 2012-2016 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің ақпараттық-аналитикалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатының технигі болып қызмет жасадым. 2016 жылы арнайы мемлекеттік мұрағатына аға инспекторы болып тағайындалдым. 2012 жылы бірінші пункт бойынша аттестациядан өттім. 2015 жылы қайта аттестация тапсырдым. Атыс жаттығулары, жүгіру, тест тапсырдым. Бес деген бағамен үздік тапсырдым. Биылғы маусым айында осы салада жүргеніме он үш жыл толады. 2013 жылы ата-анам Ақтөбе қаласына көшіп келді. Анам Ресейде жиырма бес жыл ұстаз болып қызмет атқарды. Әкем колхозда механизатор болған. Қазір екеуі де зейнеткер адам.

    Ішкі істер органдарында жұмыс істеу қиын емес пе? Қанша дегенмен әйел адамсыз. Жүрегіңіз нәзік.
    - Менің органда қызмет жасауым, әкем жақтан келген сияқты. Әкем өзі болмаса да, інісі Сағидолла Ғазизұлы ішкі істер органдарында қызмет жасаған. Қазірде ағамыздың екі баласы органда жұмыс жасайды. Менің алдымдағы үлкен ағам да органда жұмыс жасайды. Қанымызда болып тұр ғой.

    Жолдасыңыз да осы салада қызмет етеді екен. Шаңырақтарыңыз қалай құрылды?
    - Жолдасыммен студент кезімде танысқан болатынмын. 2000 жылы тұрмысқа шықтым. Жолдасым оқуды аяқтап дарынды балалар мектеп-интернатында сабақ берді. Бір жылдан соң жолдасым отан алдындағы борышын өтеуге әскерге кетті. Жас күнімде жігітімді әскерден күтсем екен деп армандайтынмын. Енді міне жолдасымды күтуге тура келді. Өмір деген қызық. Әскерден келген соң жолдасым заңгер мамандығына оқыды. Жолдасымның әкесі қайын атам да органда қызмет атқарған адам. Қазір зейнеткер. Жолдасымның екінші мамандығына келуі атамның арқасы деп білемін. Жолдасым 2002 жылы инспектор болып жұмысын бастады. Қазір полиция майоры. Ішкі істер басқармасында кадрлар бөлімінде жұмыс жасайды.

    Әскери қызмет әйел адамға ыңғайлы ма?
    - Менің осы мамандығым өзіме қатты ұнайды. Тұрмысқа шыққан отбасымдағы жандар да жәй адамдар емес. Атамның, жолдасымның жұмыстары заңмен байланысты болған соң, менің жұмысымды түсінеді. Маған көп жеңілдікпен қарайды. Жолдасымның жұмысы басқа салада болса қайтер едім деп кейде ойланамын. Ол кезде отбасылық түсініспеушіліктер жиі болуы мүмкін ғой. Екі баламыз бар. Екеуін де ата-енем бағып отыр. Мен үйде көп болмаймын. Мейрам күндері жұмыста жүреміз. Мектепке де, балаларымның концерттеріне көп бармаппын. Қазір ойланып жүрміз. Балаларға көп көңіл бөлу керек екен. Олардың есінде қалатындай, қуанатындай жағдай жасауымыз керек. Биыл үлкен ұлым 11 сынып бітіреді. Екінші қызым 4сынып тәмамдап жатыр. Ұлым мектеп бітіру кешіне келесіз бе деп сұрайды. Тағы жұмыспен кетіп қалмайсыз ба деп арасында айтып қояды. Бұйыртса әкесі екеуміз баламыздың мектеп бітіру кешіне қалмай барғымыз келіп отыр.

    Сонда сіздің отбасыңыз әскерилер династиясы болып тұр ғой?
    - Иә, солай. Атамның есімі Нарзабек Қаратауов 1948 жылы дүниеге келген. 1967-1969 жылдары әскерде болыпты. 1971 жылдан бастап 1996 жылға дейін жұмыс жасаған. Еңбек өтілімі 25 жыл. 1974 жылы мақтау қағазын алған.1986 жылы “Үздік милиция” деген медаль алған. Қазір зейнетте.

    Жұмысыңызда есте қалған ерекше оқиғалар болды ма?
    - Әскери тергеу басқармасында болғанда рейдтерге шығып тұратынбыз. Бірде түнгі көбелектерді андуға шықтық. Вокзал маңынан оларды ұстап алдық. Істі одан ары тергеушілер жүргізді. Қазіргі жұмысымда ондай арнайы операцияларға шықпаймыз. Көбіне іште отырамыз. Жедел іздестіру кезінде компьютермен берілген дерек бойынша мәлімет іздейміз. Біздің мұрағатта көптеген құжаттар сақталған. Арнайы мемлекеттік мұрағатта ішкі істер департаментінің тергеушілер қызметкерлерінің құжаттары сақталған. Сонымен қатар репрессияға ұшыраған қандастарымыздың құжаттары сақталған.

    Осындай темірдей тәртіп орнаған жерде жұмыс жасау үшін адамға алдымен не керек?
    - Құзырлы органда қызмет етіп жүрген әрбір адамның тәрбиесі бірінші орында болғаны жөн. Адамның ар - намысы биік болу керек.

    Жұмыста талабы мықты жердің маманысыз. Үйде қандайсыз?
    - Жұмыста қатты қатал көрінгенмен үйде басқа адаммын. Балалардың айтқандарын тыңдап, соларды қуантуға тырысамын. Ас үйде дәмді тағамдар пісірген ұнайды. Қызым дүкеннің емес, үйдің тағамдарын жегенді ұнатады. “Мама, еш қиындағы жоқ. Интернетті ашып берем, тек сен солардың істегенін қайталап отырсаң болды” дейді қызым. Соларға қарап мен де қалыспай дәмді тағам пісіруге тырысамын. Қызым кішкентай болса да тағам әзірлеуге икемі бар. Менімен жағаласып ас үйден шықпайды өзі. Менің көмекшім. Балаларыма енем қараспаса, жұмыс пен отбасын қатар алып жүру маған оңай болмас еді. Шүкір, екі баламды да енем бағып өсірді. Менің жұмысымды түсініп, маған қолдау көрсеткеніне үлкен алғысымды білдіремін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қуғын-сүргін құрбандарының веб-порталы ашылды
  • Нұрбол Бектұрғанов: “Отан қорғау – әр жігіттің міндеті”
  • Айгерім Есібекова: “Мамандығым балаларыма да әсер етеді”
  • Фариза Төлебаева: Ол кезде бала болсам да, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындық әлі есімде
  • Ақтөбеде жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге