Арыстан Аймағамбетов: “Жастайымнан ақпарат құралдарында жүруге құмартатынмын”

    Ол – облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер журналист. Ол Ақтөбе журналистикасының алғашқы қарлығашы. Ол Қазақстанның құрметті журналисі. Ол үш кітаптың авторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Арыстан Аймағамбетов.

    Сіз Ойыл өңірінің тумасы, облысқа танымал адамсыз. Биыл, міне сексеннің сеңгіріне шықтыңыз. Құтты болсын! Осы кезеңдерде қандай жолдардан өткеніңізді білгіміз келеді.
    Қаламдас қарындасым, көп рахмет! Шығармашылық мерейің үстем бола берсін! “Сексеннің сеңгірі” деп айтып қалдық. Сеңгір деген сөз біздің ұғымымызда сеңгір-сеңгір тау деп, биіктік дегенді білдіретіні рас. Ал осы жасқа келген күш-қуатымен салыстырар болсақ, асқан биіктікті байқата қоймайды. Бұл жасқа толған пенденің ой-санасы ортая қоймағанымен, қайрат-күші тым төмендемесе де, баяулық жағына тарта беретін кезеңі деп білемін. Биыл жазда, Тәңірім қаласа 80 жасқа толамын. Мен дүние есігін ашқан 1937 жыл өзім үшін жарқын жыл болғанымен, еліміз үшін ауыр болыпты. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық, одан кейін қуғын-сүргін жылдарына ұласыпты. Енді ғана тыныштық болар ма екен деп ел үміттеніп тұрғанда, фашистер құтырына бас көтерген кезеңге ұласқаны, ол кезде бала болсақ та есімізден кетер емес. Бес жылға жуық кезеңге ұласқан Екінші дүниежүзілік соғысы елімізді асқан қиындыққа соқтырғаны тарихтан белгілі. Ел азаматтарымен бірге менің екі ағайым соғысқа аттанып, майданнан оралмады. Әкем жасы асып кеткендіктен соғысқа алынбады. Жас кезінде байлардың жылқысын бағып, коллективтендіруден кейін “Тамдыкөл” деп аталатын шағын колхоздың жылқысын бақты. Бірақ 1943 жылы қанды майданның қызып тұрған шағында отты қырғынның ортасындағы Сталинград майданының шебіне жақындап, басқа аудандардың жылқышыларымен бірге соғысқа бір эшалон жылқы тапсырып қайтты. Сол жылы қыста жылқы соңында жүргенде суық тиіп қайтыс болды. Біз апамыз үшеуміз әкесіз жетім атанып, қарт шешенің күтімінде қалдық. Мен бұл туралы толығырақ өзімнің алғашқы еңбегімде жазғанмын. Кітапты оқығысы келетіндер болса, аудан және қала кітапханаларында болуы керек. Мен соғыс жылдарының балаларының бірімін. Жоқшылық пен жетімдік бізді ерте есейтті. Анамыз марқұмның қамқорлығы мен тәрбиесінің арқасында оқыдық, өстік, жетілдік. Шешем Шолпан “Әкең жоқ болса да, ешкімнен кем қылмай өсірдім. Құрбыларыңнан кем болмауға ұмтыл, ешкімнің ала жібін аттама, білім алуға құлшынуың қажет” дегенді санамызға құйып отыратын. Менің өмірлік ұстанымым да осы болды. Десем де, Абай айтқандай “Әкенің берген тәрбиесі мен өнегесі баланың барлық тамыр-тамырын қуалап, жүрегіне жетеді” дегендей, әке тәрбиесіндей қайдан болсын!

    Аға, анаңыздың айтқан ақылы, көрсеткен үлгі-өнегесі қолыңызға ұстатқан алтын сақадай екен. Десек те жас кезіңізде кімдердің қимыл- әрекеттеріне көбірек назар аударушы едіңіз?
    Сұрағыңыз орынды. “Тау баласы тауға қарап өседі” дегендей, біз ұлы даланың тоқымдай бір бөлшегі Ойыл өңірінде өстік. Туған жердің табиғатына тамсана қарайтынбыз. Ирелеңдеп ағатын Ойыл өзені біздің колхозды қақ жара өтетін. Ол кезде суы мол, ағынға байырақ болатын. Осы Ойыл өзенінің бағытына шығыр салып, тарыдан дүние жүзілік мол өнім алған Шығанақ Берсиев туралы роман жазған Ғ.Мұстафиннің еңбегін орта мектепте жүргенде қайта-қайта оқығаным есімде. Осы тары өсіруші атамыздың ерен еңбегін, ісін үлгі тұттым десем бекер айтқаным емес. Қазақтың қара шалының ерінбес еңбегін жазушы ағамыз өте нанымды, шынайы іс қимылын нақты, кейінгі жас ұрпаққа үлгі ете көрсеткен. Туған топырағымыздан, өскен жерімізден шыққан Шықаң атамыздың еңбек тұлғасы, әсіресе соғыс жылдарындағы еңбек көрсеткіші менің ғана емес, менің тұстастарымның да зейін салар, үлгі етер пәрменді күшіне айналғаны шындық. Менің замандастарымның бәрі десе болады, еңбекті сүйіп өсті. Себебі, біз балалық шақтағы жас өспірім кездеріміздегі қиындықтардың кермек дәмін татып өскендерміз. Әркімнің өскен жері мысыр шәрі деген ғой. Туған жерге, ауылыма жылына бір рет болса да барып, аталар басына тәу етіп қайту міндетім.

    Сіздің еңбекке жастай араласып, шынайы беріле атқаратыңызды, құрбыларыңыздан естиміз. Көріп те жүрміз. Еңбек жолдарыңыздан сыр шертсеңіз.
    Еңбексіз бос жүрген кезім болған емес. Кеңес Үкіметінің “Еңбек етпеген ішіп-жемейді”,-деген халықты жұмыс істеуге шақырған девизі болатын. Дұрыс қолданысқа енгізсе бұл қай кезеңге де лайықты, еңбек етуге шақырар нұсқау-девизі болар еді. Тәуелсіздік алдық, іргеміз мықты ел болдық. Тәңірімізге шүкіршілік дейміз. Елімізде жұмыс жетерлік, бірақ жұмыссыз жүргендер де кездеседі. Олардың кімдерге сенетініне таң қаламын. Ертеден білемін, жұмыс істемейтіндерге, үйленбей отбасын құрмай жүретіндерге бойдақ салығы салынған. Осы заңды енгізсе қоғамымызда оң өзгеріс болар ма еді деген ой мазалайды. Ойыл қазақ орта мектебін бітіре салып, Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы кейін Алматыдағы Зоотехникалық мал-дәрігерлік институтына оқуға түсіп, ғалым зоотехник мамандығын меңгердім. Жастайымыздан малды ауылда өскендіктің әсері болу керек. Мал шаруашылығының маманы болу, сол кездегі жастарды тартып тұратын. Бірге оқыған жас достарым Елубай Қалиев, Төлеуғали Жақсығалиев, марқұмдар- Ақмырза Мұңтаров, Өтеген Дендербаев, Жайтан Оразов, Тілеуғали Дүсіпов т.б. жоғары оқу орындарын бітіріп, туған колхозыма аға зоотехниктен бастадым. Кейін колхоздар ірілендіріліп, совхоз болғанда «Құрманов» совхозында бас зоотехник міндетін атқардым. 1965 жылы Ойыл ауданы қайта құрылғанда аупарткомның ұйымдастыру бөлімінде мал шаруашылығын қарайтын нұсқаушысы болып үш жыл істедім. Өмір жолымдағы оң өзгеріс десем болатындай. Жас-тайымнан ақпарат құралдарына істеуге құмартатынмын. Бұл құмарлығым ба, әлде ынта-жігерім бе, 1968 жылы жүзеге асты. Аудандық “Ойыл” газетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісіне тағайындалдым. Жұмыс бабымен Ырғыз аудандық газетіне осындай бөлімін үш жыл мінсіз атқардым.Кейін облыстық “Коммунизм жолы” газетінің партия тұрмысы бөлімінде он бес жыл үзбестен қызмет істедім. Облыстық партия комитетінің шақыруымен облыстық Білім қоғамының ауыл шаруашылығы саласында облыстық білім және ауыл шаруашылығы басқармаларында баспасөз хатшылығы жұмыстарын істеп, облыста қазақ тілін дамытуға елеулі үлес қостым. Зейнеткерлік жасқа жетсемде қарап отырмадым. Қазақстан Республикасы журналис-тер одағының облыстық филиалы қайта құрылымдалған өткен кезде баспасөз қызметкерлерінің сұрауы бойынша осы филиалдың жауапты хатшылығына ұсынылып, үзбестен сегіз жыл бойы қоғамдық негізде жұмыс атқардым.

    Осындай ұзақ, мінсіз атқарған қызметтеріңіздің жоғары органдар тарапынан мақтау-марапаттары болған шығар?
    Әрине, ерен еңбектерім, жауапкершілікпен атқарған істерім атаусыз қалған жоқ. Көрген қиындықтарда көп болды. Қуанышты кездерім де аз болған жоқ. Басты қиындығымды айтсам, ол сүйіп қосылған жұбайым Бәтима Аденова менің бағып-күтуіме бес жас баламды қалдырып,өмірден ерте кеткені болды. Жұмыс істеп жүріп, артым ашылмай балаларымды өсірдім, оқыттым, бәрі ел азаматтарының қатарына қосылды. Оларды өсіруді, оқытуды өзімнің азаматтық арым, мендетім деп түсіндім. Бүгінде бәрі артта қалды. Ар-ожданымды берік сақтай отырып, қиындықты жеңе білгеніме ризамын. Ие, болған марапаттарым асса бір көп емес. Десемде, ең бастыларын айта кетейін: 1991 жылы «Еңбек ардагері» медалі, 2005жылы «қазақстан Конститутына 10 жыл » медалі, 2009жылы «Қазақстанның Құрметті журналисті» төс белгісі және 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне- 20 жыл» мерекелік медалі т.б.

    Сізге соңғы сауал. Туған жерін, елін сүймейтін жандар кемде-кем. Осы бағыттағы сіздің шынайы пікіріңізді білсек.
    Туған жер, өскен ел теңеуі табылмас, жан ұғымы. Туған жер алтын бесік-деп жатамыз. Ол рас. Біз үшін бесік сөзі киелі ұғым. Біздің қазақтың бүлдіршіндерін анасының құрсағынан шыға сала ақ бесікке салып тәрбиелейді. Бір жарым-екі жасқа дейін осы бесікте тербеледі. Туған жерің де сондай. Құмына аунап, шалғынына оранып өсесің. Ұмытылмас балалық шағың да, жас өспірімдік кездерің де солай. Бұндай асыл қасиеті бар туған топырақты ұмытуға болмас. Өскен жерді, алғашқы еңбек жолын бастаған елді жас ұлғайған сайын сағынады екенсің. Туған жердің белгі белестерін, өзен суын аңсайсын. өскен жерді қимайсың, барғың келеді де тұрады. Біз енді ұрпақ өсірдік. Ел азаматтары етіп қатарға қостық. Солардың, жалпы ел азаматтарының амандығын тілейміз. Тәуелсіздігіміз тұрақты болса екен дейміз. Әсіресе биыл Қазақ еліне бүкіл дүние жүзі көз тігіп отыр. Ол “ЭКСПО-2017” -нің біздің елде өтуі. Осы үлкен шара ойдағыдай, абыройлы өтсе екен деген тілегім бар. Бейбітшілікті, жасыл елдікті аңсаған, мейірімділігіміз мәңгілік болғай.

    Өмірдің қандай қиындықтары кезікседе, қайыспауға, бор болып езілмеуге, мойымауға тырыстым. Нақтылап айтар болсам - есімді енді ғана толықтыра бастаған шамада әкеден айырылу, үзенгіге аяғымды салар салмастан шешеден жетім қалу, жас ортаға жеткенде сүйген жардан айырылу. Аналарынан айырылып, “бүтін жетім” атанған шиеттей бес баланы тәрбиелеп өсіру (басқаның басына бермесін) адам баласының қабырғасын сындырмаса да, қайыстыратын кезеңдер емес пе??? Осындай ауыр-ауыр кезеңдерден өтіп, оларды өнегелі ұрпақ етіп өсіргенімді төзімділігім, қайыспағандығым деп санаймын. Су төгілмес жорға да сүрінеді ғой. Мінсіз едім демеймін. Мен де ет пен сүйектен жаралғанмын. Үлкенге ізетпен, кішіге құрметпен қараймын. Жалпылдап көп сөйлеу қабілетім емес.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Басқар Әлиев: “Қазақ әдебиеті кеңестік идеологиямен жазылған”
  • Баян БОРАШ: Шәкірт шыңға көтерілсе, ұстаз үшін сол бақыт
  • Үмбетбай УАЙДИН: Сылдырлаған медалім болмаса да, алғыстан құралақан емеспін
  • Жолдыбай Айтқұлов: Қазір робот-ән көбейіп кетті
  • Соғыс жылдарындағы Ойыл
  • Пікір

    ^ Үстіге