Әділғали БАЯНДИН: Маған қыздардың күлкісі шабыт береді

    Ол суретші болуды бала кезінен армандаған. Қазір оның туындылары Астана көшелеріне көрік беріп тұр. Оның қолынан шыққан дүниелерді жұрт жазбай таниды. Сонда да ол “Өнерде өз қолтаңбам бар” деп айтуға қиналады. Ол ақшаны іздемейді, ақша оны іздейді. Өйткені, оның талғамы биік. Ол – суретші Әділғали Баяндин.

    Әділғали аға, осы кезге дейінгі өнер жолында сіз біршама жетістіктерге жеттіңіз. Қазіргі деңгейді сіз аз уақыт ішінде бағындырды десек, уақытқа қиянат болар. Сіз өзіңіздің талантыңыз бен еңбегіңізді қаншалықты бағалайсыз?

    Суретші болу - балалық арманым болатын. Газет-журналдан танымал суретшілерді көріп, солардай болуды армандадым. Кей нәрселерге өмірдің өзі бұрады екен. Менімен бірге оқыған жігіттердің көпшілігі кейін мамандығын ауыстырып жіберді. Менің суретке бел шешіп кіріскенім колледжде оқып жүрген кезім. Әлі де сол “артымнан із қалдырамын” деген бала арманның соңындамын. Осы кезге дейін көп тер төгу керек болды. Көп қателестім де. Өнер-өте киелі. Оны аққу сияқты әрқашан баптап отыру керек. Жақсы көру керек, жан-тәніңмен сүю керек. Немқұрайлы қарасаң, қай мамандықтың да шыңына жете алмайсың.

    Ұстазым Әлібай Бапанов сурет салудан гөрі, талғампаздыққа көбірек баулитын. Мен бұған жас кезімде мән бермеген де шығармын. Бірақ, уақыт өте келе талғамды мойындадым, талғамымды жақсарту үшін көп іздендім.

    Сурет өнері – үлкен ғылым. Бұл ғылымда өз қолтаңбаңды қалыптастыру өте қиын. Таныстарым: “Әділғали, сенің суреттеріңді бірден танып жатырмыз, көрдік” деп қоңырау шалады. Соған қарағанда, менің де қолтаңбам қалыптасып келе жатқан шығар? Бірақ, әзір өзіндік қолтаңбам бар деп кесіп айту қиын.

    Қазір халықтың айлығы шайлығынан ауыспайтын уақыт. Өнер адамдары - ақыны бар, әншісі бар тойдан қосымша нәпақа тауып жүр. Сіздің өнеріңіз сізді, отбасыңызды асырай ала ма?

    Шыны керек, жас кезімде мен де ақша табу үшін жұмыс істедім. Отбасын асырау керек. Жеке баспанаң болмаса, тұрмыс тіпті қиын. Уақыт өте келе менің санам басқа деңгейге көтерілген болуы керек. Мен қазір ақшаға жұмыс істемеймін. Бар ойым – жақсы бір дүние тудыру. Оған барлық мүмкіндігім мен шеберлігімді жұмсаймын. Себебі, жан-жүрегіңнен шыққан туынды ғана екінші адамға жетеді.

    Суреттерге қарап, ондағы менің ойымды қарапайым адамдар оқып тұрады. Мен бір кездері тіпті ақшаны да ойлаған жоқпын. Жаза бердім. Жақсы дүние үздіксіз тер төгумен ғана келеді. Рас, заман ашкөз болып кетті. Сонда да сен ақшаны емес, ақша сені ойлауы керек. Жұрттың бәрі “Әлемде кризис” деп жатыр. Менің оларға айтарым: “Әлемде ақша өте көп”. Жұмысың ләззат сыйласа, өзің рахаттансаң сол ақша сенің қалтаңа түскенмен пара пар.

    Қазір портрет жанрында біраз жетістіктерге жетіп қалдым. Портретті бұрын салып көрмеппін. Мұнымен айналысқаныма небары үш жыл болды. Өте қиын жанр екен. Қалам тарта алмайсың, бірақ тапсырыс бар. Жұмысың жақсы болса, ол қыруар қаржы әкеледі. Суретші жұмысты сату үшін жасамауы керек, жан дүниесі үшін жасауы керек. Суретші болу үшін қаншама еңбек пен білім керек. Сол көп білімнің күші бір ғана картинаға кетеді. Ал оның нәтижесін қаншама күту керек.

    Қараңызшы, суретшілерге әркез қиын болған. Менің ойымша, келешекте бейнелеу өнеріне жастар келмейді. Ай сайын жақсылап жұмыс істеймін десе, 50 мыңдай ақша материалға кетеді. Жастардың қалтасы мұны көтермейді. Нағыз суретші ертеңгі нанын ойламауы керек. Ал ол үшін елдің мәдениетін көтеру керек. Бейнелеу өнеріне меценаттар керек. Сондай меценат қай халықтың маңдайына бұйырады, сол халық бақытты. Ақтөбеде де талантты жастар өте көп. Әттең, олар өнердің ертең отбасының жағдайын жасайтынына сенбейді.

    Сізде шығармашылық толғаныс қалай өтеді? Суреттен “демалатын” кез бола ма?

    Мен жолдастарыма “Суретті он сағат бойы саламын” деймін. Сегіз сағат бойы іштей дайындаламын, екі сағат жұмыс істеймін. Шәй ішіп отырғанда қиялдап, композициямды іздей бастаймын. Суретшілер сандық фотоаппарат сияқтымыз ғой. Кез-келген көріністі “суретке ” түсіріп аламыз. Музыка тыңдаймын. Ақындардың өлеңін оқимын. Мен шеберханамнан айлап, апталап шықпай-ақ қоюыма болады. Бірақ, адам әркез басқалармен байланысып, күннің шыққанын, көшедегі ауа-райын біліп жүргенді қалайды. Суретшінің жан дүниесі әсемдікке, сұлулыққа құштар болуы керек. Әйтпесе, суретші бола алмайсың.

    Өмір - өзіңмен күрес. Ал егер қызылшыл болсаң, қыдырымпаз болсаң, не шығады? Қонаққа барамын, етін жеп аламын да, далада ойланып жүремін. Картинам есіме түседі де дереу көлікке отырамын да шеберханама кетіп қаламын. Маған сауық-сайран қызық емес. Менің нақты мақсатым бар. Өмір қысқа. Бір дүние жасап кеткім келеді.

    Сізді мына өмірде не қуантады?

    Мені қасымдағы адамдардың күлкісі қуантады. “Халің қалай?” деп сұрамасам да, кіріп келе жатқанда оның көңіл-күйін сезіп қоямын.

    Өзіңіз де үнемі күлімсіреп, қуанып жүресіз. Өкпелейтін сәтіңіз бола ма?

    Мен ешнәрсеге де, ешкімге де ренжімеймін. Өмірді ренішсіз сүруді үйрену керек. Әлемдегі соғыстар сол реніштен туады. Өкпе-ренішті жеңе білсеңіз, көп нәрсенің есігі сізге әлдеқайда оңай ашылады. Тырнақ астынан кір іздеген адамға бола ренжіп, энергиямды жоғалтар болсам, 3-4 күн бойы жұмыс істей алмас едім. Маған ол керек емес. Мен сатқындықты да оңай ұмытамын.

    Неге қызығасыз?

    Жас келгесін бе, қызықтыратын дүние азайып бара жатыр (күліп). Мен сәбидің алаңсыз күлкісіне, ойынына қызығамын. Бала кезімізде үйдегі әже-аналарымыз: “Мұңсыз бол!” деп бата беретін. Манағы реніш, мұң туралы менің ойымның түйіні осында жатыр. Реніш пен мұң өмірді қысқартады. Ол - Қазақ ондайда ‘Сары уайымға түсіп кетіпті” дейді. Өкпе-мұңды ойдан алып тастау өте қиын. Күнде тазартып отырмаса,түрлі ойлар дендей береді. Мүжиді. Өнер адамы сәби сияқты тазармаса, саф алтындай туынды шықпайды. Соны түсіндім.

    Сезім жағынан қалайсыз? Махаббатқа мас болып, шығармашылығыңызға әсер еткен кезі болды ма?

    Абай дұрыс айтады, сезім – ұлы дүние. Оны кірлетпеуіміз керек. Мен қыздардың күлкісіне ғашық болатын адаммын. Ол туралы қыз-келіншектердің өздеріне айтпауым да мүмкін. Бірақ, маған қыздардың күлкісі шабыт береді.

    Картиналарыма да ғашық боламын, қайта-қайта қарай бергім келеді. Сол сезім жоғалмау керек. Өз туындыңа ғашықтық – әйел адамға деген ғашықтықпен бірдей болады. Есіме түсіп кетті, бір күні шеберханамда отырсам шәкіртім келді. “Гүл жазатын едім” дедім оған. Тап ертеңіне 21 көк гүл әкелді. Оларда шеберхананың кілті болатын. Менен бұрын келіп алыпты. Кірсем гүлдің исі аңқып тұр. Шеберханада әдетте майлы бояудың исі аңқып тұрады емес пе? Шәй ішіп отырып, гүлдің хош иісіне есім кетті. Мен дастархан басында отырғандарды естімедім. Есіл-дертім гүлде. Гүлді жазуға асықтым. Жазып біткенше асықтым. 2-3 сағаттан кейін аяқтадым. Гүліме қарай беремін, қарай беремін.

    Сөйтіп отырғанда бір сатып алушы қоңырау шалды. Натюрморт сұрады. Менде натюрморт көп болатын. Сатып алушы жаңағы гүлді таңдады. Үйіне жеткен соң тағы хабарласты: “Гүліңіз ұнайды. Бірақ, балаларым натюрморт болса екен деп жатыр” деді. “Жұмысым қайда?” дедім. “Үйге іліп қойдым” деді. “Бөлмеңізге кіріңіз. Гүлдің исі аңқып тұрады. Суреттің несімен ұнағанын сіз әлі де сезіне алмай тұрсыз ” дедім. Үйіне барғаннан кейін “Аламын” деп хабарын айтты.

    Көрдіңіз бе, несімен ұнайтынын басында ол оқыған да, білген де жоқ. Мен айтқаннан кейін суретшінің көңіл- күйін ол да сезінді. Қолдан жасаған гүлдің исі оған да қуаныш сыйлап жіберді. Ондай дүние күнде жазыла бермейді. Сезім өшпеуі керек. Сезімді саф алтындай іште сақтау керек. Музыкаға немесе суретке айналдыру керек. Сол кезде тамаша туынды шығады.

    Сіз “Қобыланды батыр” кітабына иллюстрация жасадыңыз. Көтібар мазарының эскизін құрадыңыз. Ақтөбе мәдениетіне қосқан үлесіңізді айтпағанда, сіздің суреттеріңіз Астананың көшелеріне де көрік беріп тұр. Бұл кез-келген суретшіге бұйыра бермейтін бақ қой. Ендігі арманыңыз қандай?

    Иә, Астана қаласын безендіруге жүздеген суретшінің арасынан менің жұмыстарымды таңдап алды. Кімнің жұмысы іріктелетінін алдын-ала ешкім білмеді. Дегенмен, мен іштей сездім. Бірақ, іріктеуден өткен жұмыстардың 90 пайызы менікі болады деп ойламағаным рас. Достарым келіп, кейбірі қоңырау шалып, “Суреттеріңді көрдік” дегенде, оған да қуанамын. Меніңше, мұндай дүниелерді Ақтөбенің көшелеріне де қоюға болады.

    Мен бір нәрсені ұғындым. Өнерде “Менмін” деп көкірек керуге болмайды. Өнерге әрқашан студент ретінде келу керек екен. Оны енді ғана түсініп жатырмыз. Менен жақында бір журналист: “Осы біз тарихи дүниелерді салып жатырмыз, театрда тарихи тақырыптағы спектакльдер де көптеп қойылады. Осы бізге керек пе?” деп сұрады. 20-30 жылдан кейін не болатынын ешкім де білмейді. Сондықтан көзімізбен көріп, түйсігімізбен сезінгенімізді кенеп бетіне түсіріп кетуіміз керек. Бұл келер ұрпаққа қажет. Артымнан келер ұрпаққа аманат қалдырғым келеді. Өнер айдынында әркімнің аққуы жүзе бермейді. Менің арманым - осы.

    Ендеше, сізге сурет өнерінде есіміңіз алтын әріппен жазылсын деп тілейміз. Сұқбатыңызға рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Асхат ТАРҒЫНОВ: Нигериялық Рич Димен дуэт құрмақшымын
  • Самат Данияров: Адамдарды жақсы көремін
  • Ақтөбеде декупаж дүкені ашылды
  • Жайлау Асылханов: Маған кейбіреулер “Отсталыйсың!” дейді
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге