Сәния Қалдығұлова: “Отбасылық өмірді емес, карьераны таңдадым”

    Ол - бала кезінен мұғалім болуды армандаған саясаткер. Арманына аз уақыт қана қол жеткізді. Ол – Ақтөбенің бетке ұстары, әкімнің ең сенімді серіктерінің бірі. Ол – әйел, ана болу бақытын туған қаласының өсіп-өркендеуіне саналы түрде айырбастаған жан. Ол – “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері, “ҚР білім беру ісінің үздігі”, “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова.

    Сәния Мұсақызы, сіз бұрын-соңды “Керек.info” газетіне сұқбат беріп көрдіңіз бе? Облыстың иммиджі дегенде біздің газеттің алар орны қандай?
    “Керек.info” газетіне ме? Жоқ. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдары хабарласып жатады. Ал, өзіміздің газеттер үнемі барлық ісімнен хабардар, тіпті күнде қастарында жүрмін деуге болады. “Керек.info” газетін жиі оқимын. Өз аудиториясы қалыптасқан, айтары бар басылым.

    Бұл сонда эксклюзив сұқбат болғаны ма?
    Эксклюзив! (күліп).

    Сіз осы жетістікке қалай жеттіңіз?
    Сізге шынымды айтайын, мені қолдап отырған ешкім жоқ. Ешкімнің командасында емеспін. Тек жұмыс істеуді ғана білемін. Бала кезімнен мұғалім болуды армандаған адаммын. 1970 жылдарда қазіргі Ақтау, Арқалық қалалары бой көтеріп жатты. Жалындап тұрған шағымыз. Өзімізше комсомол ретінде үлес қосқымыз келді. Бірақ әкем үйдің кенжесі болғанымнан ба, Ақтауға жібермеді. Педагогикалық училищені бітірген кезім. Жұмыс жоқ. Амалсыз өзім оқыған мектепке жұмысқа тұрдым. Неге сол кездегі №5 орта мектептен кеткенімді айта кетейін: директормен арамызда келіспеушіліктер болды. Ол кезде жасым 19-да ғана. Тіпті ешкім маған балаларын бергісі келмеді. Әлі есімде. Тек бір рет қана бастауыш сынып мұғалімі болдым. Ал, ол балалардың қазір осалы жоқ. Бәрі жан-жақта өнімді қызмет етуде. Ол қалай болды дейсің ғой?! Менің сабақ беру, балаларды ұйымдастыру әдісім бөлек болды. Біз төрт жылда бір отбасыға айналдық. Әдістемелік әдебиеттерді көп оқығанымның арқасы шығар бір жағы. Мысалы, сыныпта бір оқушы үш күннен артық сабаққа келмесе, барлық оқушыларға хат жазғызамын. Тіпті не жазғандарын да білмеймін. Сосын кезекші оқушылардан әлгі хатты беріп жіберемін. Кейін бұл дәстүрге айналды. Балалар өздері бір-бірін іздеп, хат жазатын болды. Сосын төрт жылда бірде-бір балаға екі деген баға қойған емеспін. Себебі ол бағаны кішкентай балалар ауыр қабылдайды екен. Бұл мектептен кеткен соң, қалалық комсомолда, қала әкімінің орынбасарлығында ұзақ уақыт қызмет еттім. №17 мектепте аз уақыт директор болсам да, неге екенін білмеймін, барлығы оны менің мектебім деп ойлайды.

    Бірақ өміріңіздің ең бір жақсы кезеңі Астанада 1999-2004 жылдары мәжіліс депутаты боп жүргенде шығар? Неге Ақтөбеге қайтып келдіңіз?
    Иә, солай. Бұл өмір бойы атқарушы органдарда ғана жұмыс істеген мен үшін үлкен тәжірибе болды. Мүмкін біреу сенер, біреу сенбес. Мен Ақтөбені өте қатты жақсы көремін. Оның әлемдегі ең әдемі қала болғанын қалаймын. Өйткені бұл менің қалам, мен бұл қалада өсіп-өндім. Бәрі айтады “неге Астанадан қайтып келдің?” деп. Әрине, келіспеушіліктер де болды. Ол жақтағы жүйені жақсы білемін ғой. Сондықтан өз еркіммен арыз жаздым. Дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Өте белсенді депутат болдым. Тіпті бір кездері экраннан түспей қойдым. Бес жылда не бітірдің десең айтайын. Бес баласы бар әйелдің 53 жасында зейнетке шығуына қатысты сұрақты алғаш көтерген мен және тағы бір депутат. Әрең-әрең дегенде бұл норманың қабылдануына ықпал еттік. Онкологияны да алғаш көтерген біз. Цифрларды ашық айттық, қаншалықты зардапқа ұшырап отырғанымызды дәлелдедік. Бүгінде бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Емделу тегін болды. 2012 жылдан бері облыстық мәслихаттың хатшысы боп қызмет етіп келемін. Мұнда Астанада жинаған тәжірибемді жүзеге асырдым. Облыстық мәслихат дегенде не деуге болады? Депутат болсын, шенеуік болсын еш уақытта халыққа ұнаған емес. Бірақ ол үшін ренжуге болмайды. Бұл – қалыпты құбылыс. Біреуінің үйі, біреуінің жұмысы жоқ. Жағдайы келіспей жүрген адам, әрине, бізге ренжиді.

    Негізі депутаттық, әкімшілік өмір деген қандай өзі?
    Оңай емес. Егер өз ісіңе берілген маман болмасаң, бұл жерде жұмыс істеп керегі жоқ. Күн-түн, демалыс демей қызмет істейсің. Мүмкін сол үшін де отбасын құрмаған шығармын, бала тумадым. Себебі күні-түні жұмыста болдым. Сыртынан қараған адамға қызметтік көлік, кездесулер бәрі керемет көрінуі мүмкін. Бірақ әйел адамның істейтін жұмысы емес. Мен үнемі айтып жүремін. Өмірде жақсы адам кездессе, отбасын құру керек. Бәрібір әкімшілік қызмет ер адамның қолы. 25 жылда естімеген сөзім қалмады. “Олар жемқорлар” деген әңгімеден бастап кете береді. Бірақ халықтың басым көпшілігі шенеуіктің қолынан көп нәрсе келмейтінін жақсы түсінеді. Қазір қарамағымда 31 депутат бар. Біздің жұмысымыз – сессия, комиссия отырысы, шағымдар, өтініштер қарау. Аппаратымда тек бес қызметкер ғана жұмыс істейді. Жұрт бізде қырық адам жұмыс істейді, бірақ өндіріп ештеңе бітірмейді деп ойлайды. Депутаттар айлық алмайды, олардың өз кәсіптері бар. Бұл қоғамдық жұмыс. Қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккен кей отбасыларға үй алып берді. Мұның бәрі депутатардың қалтасынан шығып жатыр. Олар қайырымдылықпен де айналысады. Келесі жылдан бастап отырыстарымыз онлайн режимде өтетін болады. Кез-келген адам көре алады.

    Сіз үнемі облыс әкімінің қасында жүргендіктен, тіпті ол кісінің орынбасары сияқты көрінесіз. Кейбіреулер солай ойласа да таң қалмаймыз.
    Бұл – әкімнің шешімі. Біз бірлесіп жұмыс жасауымыз керек. “Күш – бірлікте” дейді ғой. Ірі жиындарға, кездесулерге депутаттарды шақырады. Бірге ауыл-аудандарды аралаймыз. Өзі біздің барлық сессиямызға қатысып отырады. Қазіргі уақытта үлкен шараға дайындық басталды. Күзде Алла бұйыртса “Ақтөбе жерлестерді шақырады” атты форум өткізбекшіміз. Оған әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген, белгілі ақтөбеліктерді таба алғанымызға қарай шақырып отырмыз. Мақсаты – облыстың хал-ахуалымен, қолға алынған инвестициялық жобалармен таныстыру. Мүмкін олардың да алып-қосары бар шығар. Ақтөбеден шыққан мықты дәрігерлер, педагогтер келіп, шеберлік сағатын өткізсе деген ой.

    Әлеуметтік желілерге тіркелгенсіз бе?
    Арнайы парақшалар ашқан жоқпын. Оның керегі не?! Арасында инстаграмға, фейсбукке басқаша атпен кіремін. Себебі халықтың не айтып, не талқылап жатқанынан хабардар болуым керек.

    Күні кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев есеп беру жиынын өткізді. Жаңа әкімнің келуімен Ақтөбеде не өзгерді?
    Құрылыс қызды. Мектептер, көше аулалары, мұражай, үйлер салынуда. Бірнеше жылдан кейін үлкен шығармашылық академиясы бой көтерді. Бұны ерекше айта кету керек. Шатырында планетарий, обсерватория жасақталған. Кәсіпкерлер қаржы құя бастады. Балабақшалар жеткілікті. Аудандарда 100 пайыз қамтылған. Мектептер үш ауысымнан арыла бастады. Кәсіп бастағысы келгендер болса, “Атамекенге” барып кеңес алуға, оқып-үйренуге болады. Тағы да айтамын. Ештеңеден қорықпай, алға жылжу керек. Біз қазір Қазақстанның үздік бестігіне кіреміз. Ақтөбе - әкімдерден жолы болғыш қала (күліп). Міндетті түрде “миллиондар” қаласына айналамыз. Оған күмән жоқ. Қарғалы, Батыс-2 аудандарын қараңыз. Қаншама үйлер бірінен соң бірі бой көтеріп жатыр. Ең негізгі мәселеміз – жолдың нашарлығы. Депутатармен бұл мәселені талай көтердік. Сосын қалада жаңбыр жауған сайын жиналып қалатын судың да мәселесін шешеміз. Батыс-2 ауданында бұл қолға алынды. Жаңбыр суы ағатын арықтар салынуда.

    Өзіңізге оралайықшы. Отбасыңыз туралы айтыңызшы.
    2,5 жасымда анам өмірден өтіп кеткен. Ол кісіні білмеймін, есімде жоқ. Үйде бес баламыз. Әкем өте алтын адам болды. Бізді балалар үйіне өткізбей, өзі тәрбиелеп өсірді. Екінші рет шаңырақ көтерді. Біз өсіп, ер жеткенде өзі де өз өмірден өтті. Соғыстан тапқан дерті мұрша бермеді. Ешқандай қызық көрмеді. Екінші анам жасы келген адам, қазір қолымда.

    Жұмыс деп жүріп, тұрмыс құрып, отбасылы болмағаныңызға өкінесіз бе қазір?
    Жасыратыны жоқ. Өмірде жақсы адамдар кездесті. Тұрмыс құруға мүмкіндік болды. Бірақ жұмысқа тым беріліп кеткендігімнен болар, карьераны таңдадым. Бұным дұрыс емес шығар. Адамда таңдау болу керек: не отбасы, не карьера. Қатар алып жүру өте қиын. Өз жағдайымнан айтып отырмын. Ол кезде маған көмектесер аға-бауыр болмады. Өкінбеймін. Алланың берген өмірін сүріп келемін. Кім біледі?! “Үмітсіз шайтан ғана” (күліп).

    Адамда белгілі бір дәрежеде жетістікке жетуі үшін бойында қандай қасиеттері болуы керек?
    Өте білімді, еңбекқор, ізденімпаз болуы керек. Жауапкершілік керек. Өз ісінің маманы болған адамнан ғана бірдеңе шығады. Мұны енді 100 пайыз сенімді түрде айта аламын. Тамыр-таныс, пара дейді. Жоққа шығармаймын. Бұған итермелейтін адамдар болады. Адам өзін көрсетуі керек. Мектепте директор болғанымда, үнемі балаларға “алдыңғы орындыққа отырыңдар, үнемі алда жүресіңдер” деп жиі айтатынмын.

    Уақыт бөліп, сұқбат бергеніңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Нұрлан Орақова: “Балаға тек бағыт беру керек”
  • Айгерім Есібекова: “Мамандығым балаларыма да әсер етеді”
  • Маргарита Игесінова: “Үйлену бір күндік мереке емес”
  • Әдемі Демеуова: “Көмегіме мұқтаж жандарды тастап кеткім келмейді”
  • Понтий Пилат: Арманым күн сайын орындалады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге