Манас Көшербаев: “Республикалық сахнаны бағындыра алмадық деп өкінбейміз”

    Ол – атақонысын аңсап келген қазақтың бір ұлы. Ол туған жерінің топырағын басуды көп армандады. Арманына жетті де. Ол бүгінде еліне деген махаббатын әнімен жеткізіп жүрген өнер адамы. Ол – арманшыл, ата жолын балалары жалғап алып кететініне кәміл сенеді. Ол – әнші, “ағайынды Көшербаевтар” тобының солисі Манас Көшербаев.

    Манас аға, алдымен өзіңіз туралы айтыңызшы.Туған жерді қанша айтып мақтанса да жарасады ғой. Туған жеріңіз, бауырларыңыз, ата-анаңыз туралы айтсаңыз...
    Мен 1976 жылы 20 наурызда дүниеге келгенмін. Негізі туған жерім – Өзбекстан Республикасы, Тамды ауданы, Керізбұлақ ауылы. Ол жерді “Тау Елібай халқы” деп атайды. Атадан тоғызбыз. Енді әркімге өзінің туған жері ыстық, керемет. Дегенмен де, 1995-1996 жылдары атамекеніміз осы Ақтөбеге көшіп келдік. Негізгі біздің атақонысымыз – Ырғыз ауданы жағы. Атамекенге оралған мақсатымыз – өзіміздің қазағымыздың топырағында қалсақ деген арман-ой. Сол арманға жеттік. Алғашында Қандыағашта тұрдық. Отбасымызбен өнерге жақынбыз. Тоғызы да. Барлығы өнер десе ішкен асын жерге қояды. Әке-шешем де өнерлі. Әкем балуан, спорт шебері болған. Анамыз мұғалім болды. Өнегелі отбасында дүниеге келдік. Үлкен әжеміз болды. Еліміз – шөмекей. Қысқаша туған жерім туралы айтсам – осы.

    Өнерде жүргеніңізге қанша болды? Әндеріңіз, бағытыңыз, жоспарларыңызбен бөліссеңіз. Республикалық сахнадан көрінбедіңіздер...
    Өнерде 4 жасымнан бері жүрмін. Домбыра тартып үйрендім, 6 жасымда сахнаға шықтым. Мектепте жүргенде республикалық конкурстарға дейін қатысып қайттым. Бауырым Алмат Көшербаев 11 жасында қолына домбыра алып, бірге қасыма ерді. Қазір де біргеміз. Әніміздің бағыты – халықтық нақышта. Көптен бері қолымызға домбыра алып, қайтадан ән таспа жазғымыз келеді. Бұрынғы репертуардағы әндерді қайта жаңғыртып, соларды шығарсақ па деген ойларымыз бар. Әніміз де, сәніміз де – домбыра. Онсыз мүмкін емес сияқты. Республикалық сахнаға шығу әр өнерпаздың арманы ғой. Біз енді оны бағындыра алмадық деп өкінбейміз. Кезінде талай ән айттық, домбырамен де шықтық. Дегенмен, өнер жолы – ауыр жол. Ауыр жолды таңдаған соң, барлығына көну керек. Бірде былай, Бірде олай.
    Қазір қайда, қандай қызметте, немен айналысып жүрсіз? Жеке кәсіп аштыңыз ба? Шығармашылық өміріңізде қандай жаңалық?
    Қазақтың тойы бар жерде өнер ешқашан да тасада қалмайды. Тойдамыз. Тойдан нәпақа тауып, бала - шағамызды асырап жатқан жағдайымыз бар. Біз қазір Ақтөбедеміз. Қарапайым сол қоңыр тірлік. Мансапқа, қызметке таласа беретін жігіттер емеспіз. Құдайға шүкір өнеріміздің арқасында, елдің арқасында нәпақа тауып, жүріп жатқан жағдайымыз бар. Жеке кәсіп болғанда шағын дәмханамыз бар. Үлкен емес. Жүріп-тұруымызға жарайды. Бірақ өнер адамдары болған соң, өнерсіз ештеңе болмайды. Сол барлық дүниені өнер арқылы жүзеге асырып жатырмыз. Шығармашылығымызда айтарлықтай өзгерістер жоқ. Жаңа әндер жазып, репертуар толықтыру үстіндеміз. 2010 жылы біз “Ағайынды Көшербаевтар” деген продюссерлік орталық ашқанбыз. Бірақ дегенмен де оған үлкен қаржы керек боп, тоқтаңқырап қалды. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде ашқандықтан, біздің бастаған ісімізді балалар жалғастырады дегенге сенемін. Ініміз екеуміз бірге ән саламыз. Шоу бизнесте жарқырап көрінбесек те, той бизнесте жарқырап жүрміз (күліп).

    “Шалқардан ұшқан аққулар” тобы кезінде дүркіреп тұрды. 2000-жылдар болуы керек. Осы топтың құрылу тарихынан сіздің есіміңізді көрмедік. Біздің естуімізше сіздер бірге жүрдіңіздер, қатар өнер көрсеттіңіздер...
    2000 жылдары “Шалқардан ұшқан аққулар” тобы расында құрылып, дүркіреп тұрды. Менің естуімше бұл топтың негізгі іргетасын қалаған Жетес Жәмеков деген ағамыз. Солай болуы керек. Топ мүшелері – Әділбек Сарин, Елдос, Гүлмарс. Осы үшеуі ағамыздың “Шалқардан ұшқан аққулар” деген әнін орындап шығып, кейін әнді топтың аты етіп алды. Солистері қазір осы Ақтөбеде тұрады. Олармен тығыз қарым-қатынастамын деп айта алмаймын. Той-концертте көріп қаламын. Кім біледі, уақыттың еншісінде ғой. Дегенмен де, елде жүрген азаматтар бастары бірігіп, топты жаңғыртып жатса қуанамын. Топты қайта құрса жақсы болар еді. Олардың жөні бөлек қой. Барлығын сыйлаймыз. Бұл топқа менің ешқандай қатысым жоқ. Біз “ағайынды Көшербаевтармыз”, олар “Шалқардан ұшқан аққулар”. Бірақ қанаттассып, бір сахнада жүрдік. Олар – өнердегі достарымыз, ағаларымыз. 2002 жылы “Димаш-Али” студиясында қатар ән таспамызды жаздық. Бірақ бұл топтың қалай бөлініп кеткені жөнінде ешқандай мағлұмат білмейді екенмін. Жетес ағамызды көріп тұрамыз. Жақсы топ болатын.

    Әншінің жеке өмірі кез-келген адамға қызық. Бұл сұрақты қоймасам, оқырмандар ренжіп қалуы мүмкін. Сондықтан жеке өміріңізге тоқталып өтсеңіз...
    Жеке өмірім туралы айтар болсам, Құдайға шүкір әйел, бала-шағам бар, алты ұлым бар. Алматтың үш ұлы бар. Біреуден кейін, біреуден ілгері өмір сүріп жатырмыз. Алланың берген перзенттері. Сансыз шүкір айтамын. Күлкілі болса да айтайын, өзімнен бастап кейінгі інілерімнің бәрінде ұл, ешқайсысымызда қыз жоқ екен. Әкеміз тірі, шешеміз тірі. Бақытты жандармыз. Ата-анамыздың ақ батасын алу бір бақыт. Өнер деген әкеміздің қанымен, анамыздың сүтімен келген дүние.

    Жиі армандайсыз ба?
    Армансыз адам болмайды. Арманымыз көп. Ізімізден еріп келе жатқан, тұяғымызды басып келе жатқан балаларымыз өнерде, олар да ән айтады. Ата жолын қуып жүр. Бір Аллаға аян. Арманым сол балаларымыз үлкен-үлкен сахналардан көрінсе деген ой. Біз көрмеген жақсылықтарды солар көрсе екен деп тілеймін.

    Қандай өкінішіңіз бар?
    Өмірге өкінбеймін. “Үлкен сахнаға неге шықпадыңыз” деп сұрап отырсыз. Өте орынды сұрақ. 2003 жылдары Алматыға бардық. Орналастық, жайғастық. Өнер ордасына араласып, Ақжол Мейірбеков ағамыздың театрында шамалы уақыт жұмыс істеп, өнерімізді әрі қарай дамытамыз деп тырмыстық. Дегенмен де, анамыздың сырқаттануына байланысты жедел түрде Ақтөбеге қайтып келдік. Осында қалдық. Бұл енді өкініш емес. Сол өнердің жолында жүре бергенімізде мүмкін анамыз ортамызда болмас па еді деп ойлаймын. Өкінбейміз. Анамыз тірі.

    Қазір көптің талқысында әншінің жүріп-тұрғаны, әні, киген киімі. Өздері тойға шақырады, “өздері тойдан шықпайды” деп сіздерге ренжиді. Қандай уәжіңіз бар?
    Ерінбегеннің бәрі әншіні сынайтын болып кетті ғой. Дегенмен, өнер адамының өмірін өнерде жоқ адам түсіне алмайды. Ол қандай әнші болсын, жақсы болсын, жаман болсын, міндетті түрде ізденеді. Ізденбесе бір орнында қалады. Барлық әншіні жаман деп айта алмаймын. Жақсы әншілер көп. Өнер адамының жүрегі нәзік болады, қатты айтса ренжіп қалады, жылы сөйлесең қуанып қалады. Ең жақсы адамдар өнер адамдары деп ойлаймын өз басым.

    Неге әншілер ән ұрлайды, фонограмамен ән айтуға әуес? Өзіңіз жиі фонограмамен ән айтасыз ба?
    Әндер жиі ұрланады. Ол жасырын емес. Басқа мемлекеттің әншілерінің әндерін алады, сөздерін өзгертеді. Мен ойлаймын, ол да бір ізденістің түрі. Әні хит болмаған соң, анадан-мынадан ізденеді, неше түрлі жолдарын ойлайды. Барлық әнші әнім хит болса екен деп ойлайды, соған тырмысады. Бұл заттың өзі Алланың қалауымен болады. Үш минуттық әнімен хит боп жүрген жігіттер жетерлік. Барлығы кезінде ізденген. “Өзіңді өзің мақтаған моншада ән салғанмен бірдей” дейді ғой. Біз енді қазақтың қара домбырасын арқалап жүрген соң, тірі дауыста да айта береміз. Студия, радио, телевизияға барғанда фонограмамен айтамыз. Фонограманың айтатын-айтпайтын жері бар. Жақсы аппаратура болса, жақсы мүмкіндігі бар жер болса, фонограмасыз айтқанға не жетсін?!

    Ағайынды Көшербаевтардың болашақта үлкен сахнаға шығуы мүмкін бе?
    “Ағайынды Көшербаевтар” тобы болашақта үлкен-үлкен сахналардан көрінеді деп ойлаймын. Себебі ізімізді жалғап келе жатқан ұлдарымыз бар. Енді сахнаға шығатын болсақ, тек бала-шағамызбен бірге шығамыз. Халықтың ықыласына ризамыз. Өте қатты мансап қуып жанталасып жатқанымыз жоқ. Алмат екеумізді Құдай айырмаса, адам айыра алмайды. Бір-бірімізге қарасып, ата-анамыздың ақылын тыңдап, қабырғамызбен кеңесіп келеміз. Құдай осы абыройымыздан айырмаса екен.

    Қандай атақ-марапаттарыңыз бар?
    “Мұғалжарым – мұнарым”, “Жем самалы”, “Ауылым –алтын бесігім” деген альбомдарымыз шықты. Мұғалжарды біздей жырлаған, әнге қосқан адам жоқ шығар. Сол халықтың берген бағасынан артық атақ жоқ. Одан басқа марапаттың керегі жоқ деп ойлаймын.

    Сұқбат бергеніңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бейбіт Оралұлы: Ән айту еріккеннің ермегіне айналды
  • ҚАЗИ ЖАСЕКЕНОВ: АТАҚТЫ АБЫРОЙМЕН ЕМЕС, АҚШАМЕН АЛАТЫН ХАЛГЕ ЖЕТТІК
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Жайлау Асылханов: Маған кейбіреулер “Отсталыйсың!” дейді
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге