Балаш Түсіпқалиев: “Дәрігерлер 12 жыл оқып, 45 мың теңге айлық алады”

    Ол – ақ халатын арындай көрген балалар дәрігері. Ол жасы 70-тен асса да, университетте шәкірт дайындап, күн-түн демей, аурухананың да шақыртуларынан қалмайтын, «біліп тұрып, үйде отыра алмайтын» кісі. Ол – «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстанның білім беру саласының құрметті қызметкері», «Шапағат» медалінің иегері, М.Оспанов атындағы БҚММУ университетінің №1 балалар аурулары мен неонатология кафедрасының профессоры, доцент Балаш Түсіпқалиев.

    Балаш аға, 40 жылдан астам өміріңізді арнаған М.Оспанов атындағы БҚММУ университетінің 60-жылдығымен сізді де құттықтаймыз! Зейнетке шыққаныңызға 10 жыл болыпты. Әлі де қызу еңбек етіп келесіз. Шаршайтын кездеріңіз болатын шығар?
    - Жасым 73-те. Құдайға шүкір. Зейнетке шыққан соң, кафедрамды шәкіртіме тапсырып, өзім қасында профессор боп, жұмыс жасап жүрмін. Үйде жатып қалғаннан да демалыс болмайды ғой. Азды-көпті білгенімізді жастарға үйретіп, әйтеуір бір пайдам тисе екен деймін. Іздеп келіп жатқандар да көп. Медицина саласында жүргеніме алда 50 жыл болады екен. Осы университетте қызмет ете жүріп, кандидаттық, докторлық диссертация қорғадым, «профессор», «доцент» атағын алдым. Жақында Ресейдің табиғаттану академиясының корреспондент-мүшесі болдым.

    Жарты ғасырға жуық медицина саласында қызмет етіпсіз. Осы уақыт ішінде Қазақстан демей-ақ қояйық, Ақтөбенің медицинасындағы қарқын қандай?
    - Соңғы 5-10 жылда өте тез дамып келе жатыр. Медициналық, оңалту орталықтары салынды. Бастысы емханаларда біз сияқты шалдар бар. Облыстық балалар ауруханасының қасынан перинаталды орталықтың құрылысы басталды. Шала туған балаларды бағып-күтетін мықты-мықты аппараттарымыз бар. Университетіміз Польша, Литва, Испания, Англия, Корея елдерімен тығыз жұмыс істейді. Ақтөбе алғашқылардың бірі болып, мүшелерді ауыстырып салу отасын бастап кетті. Астанада, Алматыда жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің үштен бірі – біздің ақтөбеліктер. Ақтөбенің медицина университетін бітірген түлектер басқа қалалардағы студенттерге қарағанда жұмысқа тез қабылданады.

    Сөзіңіз аузыңызда. Тәжірибелі педиатр ретінде сізден сұрайықшы: кейінгі кезде «баланы бесікке жатқызу дұрыс емес» деген пікірлер айтылып жүр. Осы қаншалықты қисынға келеді?
    - Кез-келген қазақтың баласын адам қылған бесік қой. Әңгіме бесікке жатқызу-жатқызбау емес, әңгіме баланы бесікке дұрыс бөлеуде. «Кеудесін қысып тастайды, шүмек аяғын қисайтып жібереді» деп айтып жүрген кісілер бар. Дұрыс емес. Бұл – қазақтың дәстүріне балта шабудың бір жолы. Кеңестік уақытта «баланы емізгенде арасына 3 сағат салу керек» деп айтатын. Құдайға шүкір, ол жойылды. Баланы 6 айға дейін қанша емгісі келсе емізіп, қосымша тамағын беру қажет. Бұнымыз қайтып келді. Ал, ана бесік мәселесі әдейі қолдан жасалған пиар. Былтыр мені бесікке қарсылық жасау мақсатында ұйымдастырған дөңгелек үстелге шақырды. «Тірі күйімде бармаймын» деп айттым. Әуелден бесік баланың тазалығы үшін қолданылған. Қазіргідей қатты-қатты тербетіп, ұйықтатып тастау үшін емес.

    Үкімет «ана мен бала денсаулығын қорғау – басты міндетіміз» деп жиі айтқанмен, баланың шетінеуі, ананың босану кезінде көз жұмуы азаяр емес. Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығына да көңілі толмайтындар көп. Осыған не айтасыз?
    - Медицина әлсіз емес. Мәселе аурудың қандай деңгейде болуына байланысты. Қатты судорог ұстап, реанимацияға түскен кей балаға тыныштандыратын уколды бір рет салса жеткілікті. Кейбіріне екі-үшеуін салсаң да, тоқтамай жатады. Мен осы мәселемен 48 жылдан артық айналысып келемін. Сосын дәрігердің тәжірибесіне де байланысты. Жастау дәрігерлер қиын жағдайда не істерін білмей, абдырап жатады. Сондықтан біз сияқты шалдардың көмегіне жүгінеді. Қазірдің өзінде түнгі 2-3 демей, ауруханадан шақыртулар түссе, ұйқымды қиып барамын. Бәрін жарылқап жатырмын демеймін. Әйтеуір жабылып емдейміз. Сосын қазіргі таңда «сал ауруына шалдыққан балалар көбейіп кетті» деп айтады. Олар көбейген жоқ. Анықталуы жоғарылады. Бұрын ондай балалар тез шетінеп кететін. Қазір тірі қалады. Жасыратыны жоқ, бұрын 1 килограммға толмаған баланы 6 күн бойы тіркемейтін. 6 күннен кейін ғана тірі қалса, ауру тарихын жазып, есепке алатын. Шетінеп кеткендерін «түсік» деп жазатын. Қазір пульсі бір рет соққан, тіпті бұлшық еті жиырылып туған баланы «тірі туған» деп есептейді де, сақтап қалуға тырысады. 1970 жылдары осы Ақтөбеге келгенде балалар өлімі 41,2% болатын. Қазір 9,6%-ға түсірдік. Ең бір әліміз келмей отырған мәселе – құрсақ ішілік инфекция. Ресми емес зерттеулердің мәліметінше, осы Ақтөбеде жасөсіпірімдердің 70-80%-нан лабораториялық жолмен құрсақ ішілік инфекция анықталған. Бірақ оған ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Осыған қатысты айта кетейін: 2016 жылы біз грант ұтып алдық. Қазақстанның 5-6 зерттеу орталықтары бірігіп жұмыс жасадық. Құрсақ ішілік инфекцияны емдеуге қатысты патент дайындадық. Қазір патент алудың өзі көп жұмыс боп кетті ғой. Бәрі ақша сұрайды. Өз қалтамыздан қайта ақша шығарып, Астанаға жібердік. Ойлап тапқан дәріміз арзан тұрмайды. Зерттеуінің өзіне 3 миллион теңге қаражат жұмсадық.

    Министрлік педиатрды алып тастап, жалпы тәжірибелік дәрігер дегенді шығарып еді, енді қайтадан «педиатрия факультеттерін ашамыз» деп айтты. Педиатрия факультеттері ашылды ма?
    - Қазір ол мәселе орысша айтқанда «ауада ілініп тұр». Мәселе шешілген жоқ. Министрліктегілер өздері не істеп отырғандарын түсінбейтін сияқты. Мүмкін алдағы уақытта терапевтер мен педиатрлар учаскілерге қайтып келер. Жалпы тәжірибелік дәрігерлер қаладан гөрі ауылға ыңғайлы. Ауылда әрі кетсе екі-үш дәрігер: оның бірі – акушер де, екіншісі – педиатр. Педиатр терапевтің қызметін білсе, акушер хирургиядан хабары болуы керек. Ал, негізі педиатр мамандығы бұрынғы одақтас мемлекеттерден басқа ешқандай жерде жоқ.

    Медициналық сақтандырудың жаңа жүйесіне деген көзқарасыңыз қандай?
    - Қарсымын. Бірақ менен сұрап жатқан ешкім жоқ қой. Президенттің өзі түсінбей жатыр. Демек бір шикілігі болған. 4 миллиард ақша жиналған деп отыр. Баяғыда ұрлап кетті ғой. Тағы ұрланбауына кім кепіл?! Жиналған ақша сол күйінде тұрады. Ауырмаған адамға ақшасы қайтарылмайды. Бұл да дұрыс емес. Неге мен өмір бойғы жинаған ақшамды зейнетақы ретінде ала алмаймын немесе немерелерімнің есепшотына сала алмаймын?! «Коррупцияның ошағы – білім мен медицина» деп айтады ғой. Дәрігердің алатын еңбекақысы төмен. 12 жыл оқып, 45 мың айлық алады (!) Қалай бұл сонда?! Сосын 2-3 жерде жанталасып жұмыс істейді. Біреу 1000, біреу 2000 мың теңге берсе, соны алады. Менің өзім докторлығым бар, профессор атағым бар, жалақым 100 мыңнан әрең асады.

    Кейбір кісілер шәкірттерінің санын шамалап болсын біліп отырады ғой. Сіз ше? Қанша шәкірт даярлап шығарыпсыз?
    - Білмеймін енді. Педиатрия факультетінде сабақ бергенде басында 100, сосын 150 студент, әрі қарай өсе берді ғой сандары. Соның бәрі менің қолымнан өтті. 4 ғылым кандидатын, 1 ғылым докторын дайындадым, жақында тағы бір шәкіртім PhD докторы болды. Батыс Қазақстандағы неонатологтар мен педиатрлар - шәкірттерім. Саны қанша екенін айта алмаймын.

    Дәрігерлер әулеті болып, «Мерейлі отбасына» қатыстыңыздар. Ұлдарыңыздың дәрігер болуына сіз ықпал еттіңіз бе әлде сізді үлгі тұтып, осы жолды таңдады ма? Немерелеріңіз де «атам сияқты дәрігер боламын» демей ме?
    - 1974 жылы жұмыс бабымен Атыраудан Ақтөбеге келдік қой. Екі ұлым да дәрігер, екеуі де ғылым кандидаты, екеуі де кафедра меңгерушісі. «Бірдеңеге тап болсаңдар, менің есігімді қағушы болмаңдар» деп мықтап айтқаным бар. Шүкір. Жақсы мамандар. Кіші ұлымның келіншегі де дәрігер. Үлкен немерем жалпы медицина факультетінде оқиды. Ешқайсысына «менің жолымды қуыңдар» деп айтқаным жоқ. Енді екі қыз немерем бар. Мектепте оқиды. Олар да «дәрігер боламыз» дейді (күліп).

    Үйдегі апай ше?
    - Үйдегі апаң да медицина қызметкері. Өмір бойы балабақшада медбике боп жұмыс істеді. Екеуіміз бір ауылданбыз. Менен екі сынып төмен оқыды. Алматыға оқуға кетейін деп жатқанда танысып, содан ол кісі мені 6 жыл күтті. Алматыда көп қыздардың ортасында жүріп, ешкімге үйленбей, ауылға келіп, апаңды алдым ғой (күліп).

    Құдай күш-қуат берсе, кафедрада жұмыс істей бересіз ғой?
    - Енді университет қуып жібермесе, істей беремін (күліп). Ғалым адамның шығатын ең жоғарғы биігі – кафедра меңгерушісі. Ол - ғылыми мектептің жетекшісі. Өмір бойы кафедра басқарған Мәскеудегі академик ұстазым: «медициналық оқу орнындағы ең жоғарғы лауазым – кафедра меңгершісі, себебі ол ғылыми бағыттың жетекшісі» деп айтатын. Бастық болуға ұмтылған адам емеспін. Менің тәжірибем, білімім халықтың пайдасына қажет болып отырса, не үшін үйде отыруым керек?! Жыл басынан екі оқулық жазып жатырмын. Ендігі арманым – сол қазақша жазған оқулығымды орысшаға аударып шығару. Өкінішке қарай, сараптама алу үшін, министрлікке ақша төлеу керек. 261 мың теңге төлемегенім үшін, кітабым шықпай отыр. Жақсы сараптама алдым дейік. Енді оны көшіріп басу үшін, кемі 3 миллион теңге қаражат тағы керек. Ол соманы қайдан аламын?! Кітапты атағым үшін шығармаймын. Бұл кітаптардың маған керегі де жоқ. Оқулық ретінде толықтырып дайындаған кітаптарым ғой. Министрлік сараптамаға ақша сұрап отырған соң, оның шығу-шықпауында шаруасы да жоқ.

    Екпеге көзқарасыңыз қандай? Екпеден бас тартып жатқандар көбейіп кетті. Неліктен?
    - Екпесіз болмайды. Екпеден бас тарту – жай түсінбестік. Пиар ғой тағы. Сосын 68%-ы діни көзқарастың себебінен бас тартады деп айтып жүр. Айыппұл салынады деді ғой. Екпе алмаған бала кез-келген инфекцияны жұқтыра алады, шетелге шықса, сол жақтан инфекция әкеледі. Өзі ауырып қана қоймайды, жан-жағына жұқтырады. Екпеден бас тарту – елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіру. Талай түсіндірдім.

    Осы жасқа келгенде өткенді ойлап, өкінетін тұстарыңыз бар ма, аға?
    - Шәріп деген үлкен ағам болды. 48 жасында дүниеден өтіп кетті. Сол кісінің рухани қолдауымен осы күнге жеттім. Кейде төрімде отырып, менің жетістікке жеткенімді көре алмады-ау деп өкінетінім бар. Қарыздармын. Ең алғашқы оқулығымды сол кісінің әруағына арнап жаздым.

    Дәрігерде ең бастысы қандай қасиет болуы керек?
    - Адамшылығы. Адамшылығы жоғары дәрігерден жақсы маман шығады. Кей дәрігерлердің үстінен арыз жазылып, сотқа тартылуы екі жақтың тіл табыса алмауынан, дәрігердің жағдайды дұрыстап түсіндірмеуінен болады. Оған тағы халықтың медицинадан хабары жоқтығын қосыңыз. Сосын туабітті аурулар емделмейді және медицинада «спонтанный» жағдайлар жиі болады. Науқас айығып келе жатып, бір түнде жағдайы күрт нашарлауы мүмкін. Біз енді әулие емеспіз ғой. Қолымыздан келгенше аянбаймыз.

    Сұқбатыңызға рахмет! Күш-қуатыңыз азаймасын!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әдемі Демеуова: “Көмегіме мұқтаж жандарды тастап кеткім келмейді”
  • Ақтөбе облысына 100-ге жуық дәрігер қажет
  • Болат Дженалаев: Мен үшін ең үлкен сыйлық – науқас баланың ауруынан айыққаны
  • Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят
  • Балаш ТҮСІПҚАЛИЕВ: Дәрігер болмағанымда, жақсы қойшы болар едім
  • Пікір

    ^ Үстіге