Ардақ Жұбанова: “Атамды ұстап берген өзінің шәкірті, қазір белгілі ғалым”

    Ол – тек Ақтөбенің ғана емес, күллі қазақ елінің маңдайына біткен біртуар тұлға Жұбановтың мұрасын сақтаушы, насихаттаушы. Ол үшін Құдайберген Жұбановтың немересі болу атақ-дәреже емес, жауапкершілік пен абырой. Қай жерде жүрсе де, сол атына лайық болуды жөн көреді. Ол – филология ғылымдарының кандидаты, лингвист-ғалым Ардақ Жұбанова.

    Ардақ апай, сіз шыққан әулетті “кіші ғылым академиясы” дейтінін білеміз. Қарап отырсақ, Жұбановтар әулетінің немере-шөбересіне дейін жан-жақта білім алып, жемісті еңбек етіп жүр. Бұл феноменді немен түсіндіресіз?
    Біздің әулетте қалыптасқан ерекше қасиет бар: өзінен кейінгілерге қамқор болу, білімге ұмтылған жастарды қолдау. Мұны кейбіреулер бір-бірін сүйрелейтін шығар деп түсінбеуі мүмкін. Олай емес. Мысалы, менің атам Құдайберген Жұбанов Мәскеуде оқып жүргенінде үнемі сол жақтағы қазақ жастарын демалыс күндері үйіне шақырып, ыстық тамақ беріп, әңгімелерін тыңдаған. Әжем де сондай ба-уырмал кісі болыпты. Атамның үлкен ұлы Ақырап Құдайбергенов те шовинизмнің дәуірлеп тұрған уақытында үнемі оқудан шеттетіліп қала беретін қазақ жастарын “партизандық” айла-тәсілімен Мәскеуге, Ленинградқа оқуға жіберіп отырған. Сол үшін талай теперіш көрді. Кейін Шымкенттен өнерлі жастарға арналған оқу орнының ашылуына себепкер болды. Сондықтан ол кісінің суретшілер арасында абыройы жоғары. Өз әкем Есет Жұбанов та Ақтөбеде университетте қызмет істеп жүргенінде маңайына білімді жастарды жинап, қолынан келгенше көмектесіп жүретін. Олар дүниеге, атаққа қызықпаған адамдар. Өте қарапайым тұрды. Бар өмірлерін тек оқу-білімге арнады. Атамның сегіз баласы болған. Екеуі кішкентай кезінде шетінеп кетеді. Енді қараңыз, атамыз қамауға алынған соң, әжеміз сол алты баланы қуғын-сүргін жылдарында жан-жаққа бытыратпай, өлтірмей, осы күнге аман-есен жеткізген. Ол кезде көп зиялы қауымның балалары жастай шетінеп, жетімдер үйіне өткізіліп, қиындық көріп жатты. Ал, жаңағы сіз сұраған феноменге келсек, біріншіден, заман сондай болды. Оқу-білім заманы. Мұғалімдік ең қастерлі мамандық саналды. Екіншіден, атамызды жалындап тұрған шағында қамауға алып, атып тастады. Жалындап тұрған деуімнің себебі бар. Атамның көзі жанып тұратын болған. Өте бір күш-қуаты тасыған, бір орында қарап отыра алмайтын, үнемі ізденісте жүретін адам болған. Балаларын “халық жауының ұрпақтары” деп сөкті. Бұл қанаты енді қатайған кіші Жұбановтардың психологиясына соққы болды. Сондықтан олар әкелерінің атына кір келтірмей, тәрбиелі, білімді болып өсуге ұмтылды. “Біз атақты Құдайберген Жұбановтың балаларымыз” деген атқа лайық болуға тырысты және сол мақсаттарына жетті. Бұл өзі әулетте әу бастан қалыптасқан құбылыс. Атам 18 тіл білген ғой. Қамауға алынатын уақыттың алдында қытай тілін жапон тілі арқылы үйренуді ойлайды. Мүмкін солай үйрену жеңіл болды ма екен?! Содан оған “жапон тыңшысы” деген жалған айып тағады. Ол кісі үнемі әр түрлі халықтардың тілі мен мәдениетіндегі ұқсастықтарды тауып, соны зерттеп жүретін. Қазақтың осындай марғасқаларын құрдымға жіберген өзіміздің қазақтар ғой. Менің атамды сыртынан көрсетіп жіберген, өзінің шәкірті саналған белгілі ғалым. Мүмкін ол кезде солай істеуіне мәжбүр болған шығар, бірақ кейін неге “Жұбанов – халық жауы” деген сөзінен танбады?! Бізге осы жағы беймәлім. Әкем Есет Жұбанов кезінде ол кісінің лекцияларына қатыспаған екен. Әжеміз атамды 20 жыл күтті. Үмітін үзбей, бір жерде аман-есен жүр деп ойлаған ғой. Себебі ол кісіге “10 жыл хат-хабар алмасусыз” деп үкім кескен. Атылып кеткенін айтпаған. 20 жылдан кейін 1957 жылы Мұхтар Әуезов бастаған делегат әжеме келіп, қазасын естіртіп, “ақталды” деген қағазын қолына ұстатса керек. Әжем есінен танып қалған. 20 жыл бойы “келеді” деумен жүру оңай ма?!

    Мұғалжардағы қасиетті жер туралы не айтасыз? Өткенде сондай бір дерек оқыдық. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, Мұғалжарда қасиетті жер бар екен, ол жерді басқан адам атақты болмай қоймайды екен деп жазылған. Бізге қызықты боп отырғаны...
    (Күлді - ред). Сіз білесіз бе, мен бұл туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Аңыз боп, ауыздан-ауызға тарап кеткен шығар. Бірақ Мұғалжар ауданынан кіл мықтылардың шыққаны рас. Жақында ғана ауылға барып келдім. Әр барған сайын бойымды ерекше құбылыс билеп, әсер аламын. Осыны үнемі байқаймын. Ауыл тартып тұрады өзіне. Тарихи жер ғой. Балбал тасқа дейін сақталған. Қуан атамыздың қазып кеткен құдығынан Жаңатұрмысқа келген қонақтар міндетті түрде су алып ішеді. Бұл өзі бір сондай дәстүр болып кеткен.

    Ауылдың жағдайы қандай? Атына лайық па?
    Өте дұрыс сұрақ қойдыңыз. Кеңестік дәуірде өркендеп тұрғанымен, қазір ауылдың жағдайы көңілден шықпайды. Ауыр. Халық жұмыссыз. Қазірдің өзінде 30 шақты түтін қалған. Мектепте 47 оқушы ғана бар. Жұмыс болмаған соң, көбісі көшіп кеткен. Осыны білген соң, университет ректорының атына хат жазып, қазір сол ауылдан мектеп бітірген оқушыларға жеңілдік жолдарын қарастыруды қолға алды. Онысына рахмет. Өзімнің де ауыл әкімімен бірлесіп, қолға алатын жобаларым бар. Бірақ қазір айтудың реті жоқ. Сосын ауылдың үстінен газ тұрбалары салынатын болды.

    Өзіңіз Жұбанов университетінде жұмыс істедіңіз. Қандай істер атқардыңыз? Неліктен “Жұбановтану” зертханасынан кетіп қалдыңыз?
    Ағылшын, француз тілдерінің маманы ретінде Алматыда Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар университетінде қызмет еттім. Өзімнің кафедрам болды. Кейін Ақтөбеде тұратын әке-шешемнің денсаулығы сыр берген соң, қайта-қайта келіп, көмектесіп жүрдім. Әкем дүние саларынан аз уақыт бұрын Ақтөбеге көшіп келдім де, 2007 жылдан бас-тап университет ішінен ашылған “Жұбановтану” зертханасының жұмысын қолға алдым. Әрине, әкемнің істеген ісін айнытпай атқару қолымнан келмеді. Бар дүниені сақтап қалуға тырыстым да, кейін атамның еңбектерін оқу арқылы, түркі дүниесіне қызығушылығым артты. Мысалы, туыс болмаса да түркі елдері мен славян халықтарының өмір сүру салтындағы ұқсастарды байқап, “масленница” мен жеті шелпек пісірудің арасындағы байланыс қызықтырды. Бұның бәрі күнге табынудан пайда болған салт. Әлі күнге сақталған. Жойылып кеткен майя халқы мен түркілердің сөйлеу тіліндегі ұқсастарды оқысаңыз, таң қалмасқа амал жоқ. Қаншама қашықтықта өмір сүрген екі түрлі халықтың арасындағы мәдени байланысты әкем кезінде зерттеп кеткен. Сосын бір қызығы, Құдайберген Жұбановтың еңбектерін оқып отырсаңыз, өткен ғасырда айтып кеткен ойлары әлі де маңызын жоймаған. Ол кісі тақырыпты толық зерттеп, ашып көрсетпей, ұрпақ еншісіне қалдырып отырған. Әр еңбегін оқыған са-йын, “неге бұлай болған” деп өзің ойланасың. Солай жас ұрпақты ғылымға тарттыра білген. Қазіргі таңда кеңінен талқыланып жатқан латын әліпбиінің қажеттілігін айтып, бір әріпті бірнеше таңбамен белгілеуге қарсы болған. Мұғалімдерді қашықтықтан оқыту әдісін сол кезде ұсынған. Ол кісі тек ғалым деп айтуға келмейді. Мемлекет ісіне де араласқан. Ал, сіздің соңғы сұрағыңызға бір-ақ сөзбен жауап берейін: бұрынғы ректормен арамызда принципиалды түрде келіспеушіліктер болды. Жұмыстан сол үшін кеттім. Университеттегі кейінгі өзгерістерге қуаныштымын. Басшылық өзгерді. “Жұбановтану” зертханасын әкемнің көзіндей көрген соң, маған ыстық. Қазір ол кабинетті де сенімді қолға табыс еттім. Өзім репетитор боп жұмыс істеймін. Ағылшын, француз тілдерінен бөлек кәріс тілін шамалап білемін.

    Құдайберген Жұбановтың еңбектері толық зерттелді деп айта аласыз ба?
    Толық зерттеу мүмкін емес. Ол кісі ұсталып кеткенде баспаға дайын тұрған біраз еңбектері ұрланып кеткен. Тіпті кімдер ұрлағанын да шамалап білеміз. Нақты дәлеліміз болмаған соң, ресми түрде айта алмаймыз. Дегенмен, біраз ғалымдардың еңбегінен атамыздың жазу стилін аңғарып жүрміз. Өте өкінішті. Мүмкін уақыт өте келе шындық ашылар...

    Сізге хабарласар алдында, шынымызды айтсақ, қаймықтық. Себебі қатал көріндіңіз. Сөйлесе келе мүлдем басқа адам екендігіңізге көзіміз жетіп отыр...
    Жоқ, мен қатал емеспін (күліп). Соны өзім де байқаймын. Теледидардан түрім басқаша көрінеді. Суретке де күліп түспейді екенмін. Бірдеңені ойлап, қатты уайымдап отырған адамға ұқсаймын. Әрі Жұбановтың немересі болғандықтан, тағы мойныңа жауапкершілік жүктеледі. Жақында радиодан сұқбат бердім. Шынымды айтсам, радионың форматы ұнады. Өзімді еркін сезіндім.

    Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?
    Психологиямен айналысқым келеді. Әсіресе, ауыл адамдарына серпіліс, мотивация жетпейді. Сол жағынан жұмыс істегім келеді. Әрі Жұбановтың немересі ретінде мұраларын халыққа одан әрі насихаттау - парызым.

    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Латын әрпіне көшу бізге не береді?
  • Сәния Қалдығұлова: “Отбасылық өмірді емес, карьераны таңдадым”
  • Кеңес үкіметінің қырғыны
  • Базарбай Сүлейменұлы: “Cынықшы Сүлейменнің баласымын деп мақтанған емеспін”
  • Арнұр Мәденов: “Шетелде “қазақ студенті” деген бренд бар”
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге