Амангелді Айталы: «Атамбаев қазақтың намысына тиетін сөз айтқан жоқ»

    Ол – ел ағасы. Ол қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, өткір ойларымен, парасатты пайымдарымен халықтың ықыласына бөленіп жүрді. Айтуынша «депутат Айталыдан» гөрі «ақтөбелік Айталы» болған болмысына жақын. Ол – философия ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» орденінің иегері Амангелді Айталы.

    Амангелді аға, көптен бері «қолым тимей жүр» деп сұқбатты кейінге шегеріп келдіңіз. Бірақ республикалық сайттарға жиі шығасыз?!
    Менің сайт беттерінде, кітаптарда жарық көрген материалымдарымды рұқсатсыз басып, тіпті қолдан сұқбат жасайтынын өзім жақында білдім. Бұл енді авторлық құқықты бұзу. Жақында Атыраудан таныс кісілер хабарласып, құттықтап жатыр. Сұрасам әлгіндей шаруа. Сол үшін журналистерге өкпелімін. Бұл дұрыс емес.

    Ең алдымен, сізден Қырғызстан президенті Атамбаевтың сөзін қалай қабылдадыңыз, соны білгіміз келеді...
    Дұрыс қабылдадым. Оның сынды жеткізу формасы президенттік этикаға сай келмейтін шығар. Бірақ мазмұны дұрыс, сын дұрыс. Атамбаев
    өзі қызба жігіт екен ғой. Дегенмен, қазақ халқының намысына тиетін сөз айтқан жоқ. Бұл – билікті сынау. Өкпелесе, биліктегілер өкпелесін. Сол сөзінің астында бір жағы ағайындық назы да бар сияқты. Өмірі сын естіп көрмеген соң, әрине шамданып, шымбайымызға батып жатыр.

    Аға, сіз кезінде Астанада депутат болдыңыз. «Нұр Отан» партиясының мүшесі болдыңыз. Кейін «Ақ жол» партиясына ауыстыңыз. Қазір билікті, ел басқарған шенділерді, Діни басқарманы жиі сынға аласыз. Көзқарасыңыз, ұстанған позицияңыз күрт өзгеріп кетті. Не себепті?
    Парламентте жүргенде де ашық пікірлерімді білдіргенмін. Бізде бір қатып қалған қағида бар: ғалымдар, саясаткерлер болсын Үкіметті я жақтайды, я сынайды. Екеуінің ортасында бейтарап ұстаным болу мүмкін емес деп ойлайды. Шын мәнісінде біржақты сынау - ол барды көрмеу, бағаламау, екінші жағынан біржақты мақтау – ол келеңсіз дүниелерді көрмеу. Сондықтан кейде билікті сынап та, жағымды жақтарын көрсетіп те жатамыз. Халық «осы Айталының позициясы түсініксіз, бір жағына шықса ғой» деп түсінбей ойлануы мүмкін. Бір ғана позиция ұстануға болмайды. Себебі билік алдына стратегиялық-тактикалық мақсаттар қойғанда кейде жағымды, кейде жағымсыз істерге барып жатады. Менің бағалауымша осылай. Ешуақытта адамның, қоғамның мұратынан шығатын мемлекет болған емес және болмайды да. Ол мемлекеттің бағытын түзейтін халық, әрине егер биліктің еститін құлағы, көретін көзі болса... Бұл бізде болмағанмен, басқа елдердің саясатынан көріп отырмыз. Менің позициям – барды бар, жоқты жоқ деп айтуға тырысу.

    Мемлекеттің бағыты деп айтып отырсыз ғой. Біздің еліміздің ұстанған бағыты, саясаты туралы не айтасыз? Мысалы, Торғайдан полигонға жер бөліп беру халықты дүр сілкіндірді, латын әліпбиінің екі нұсқасы да халықтың көңілінен шықпады. Мемлекет қандай істі қолға алса да, үнемі елдің қарсылығына тап болып отырады...
    Латын әліпбиіне де екіжақты көзқарастамыз. Кириллица славян халықтарының әліпбиі болғандықтан, қазақ тілі де солардың үлгісіне қарай икемделіп, табиғи болмысынан айырылып бара жатты. Ол анық. Латын әліпбиі ешкімге таңылмайды, халықтың өзі таңдайды. Біз де өзіміздің құқығымызды пайдаланып, осы істі қолға алдық. Латынға көшу дұрыс қадам деп ойлаймын, бірақ соған дайындығымыз қандай деңгейде? Түбі бір нұсқасын асылық қабылдауға келе жатырмыз. Тіл мамандарының айтуын-ша, латын әліпбиіне көшкен елдің барлығында сол елдің ойынан шыққан нұсқа жоқ. Біздің қазақтың да ойынан шықпайды. Басым көпшілігі қолдар, бірақ пікірталастар жалғаса береді. Мені ойландыратын басқа мәселе. Қазақ өзінің тілінің иесі ме, қазақ халқы түгел ана тілінде оқып-жаза ма, ел басқарушы құрылымдар, мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар қазақ тіліне мұқтаж ба, олардың сұранысына айналды ма?! Ертеңгі күні халықтың басым көпшілігі кириллицаны пайдалана береді де, латын әліпбиі «қазақтардың шығарып жүргені ғой» деген жағдайда қалып қоюы мүмкін. Үлкен қорқынышым - осы. Екінші бір қорқынышым: бүгінгі таңда Ақтөбеде, басқа қалаларда болсын ата-аналар балаларын орыс мектептеріне бере бастады. Неге? Бұны да зерттеп көру керек. «Баланың басын қатырмайық» деп өзіміздің қазақ ата-аналар да ойын өзгертіп жатса қайтеміз?! Сондықтан қазақ мектептеріне деген көзқарас өзгеріп, сұраныс төмендеп кете ме деп сескенемін. Ұлтаралық қатынастарға да көлеңке түсе ме деп қауіптенемін. Бұлай айтуымның себебі бар. Бізде бір жалған оптимизим қалыптасқан. «Латынға өтсек, өркениетті елдердің қатарына қосыламыз» дейді. Бұл оптимизм негізсіз. Латынға көшсек те, сол шикізат өндіретін, дамушы елдердің қатарында қала береміз. Қосылсақ біліміміз бен интеллектуалды деңгейіміздің арқасында ғана. «Латынға көшсек, жастарымыз қазақ тілін меңгеріп кетеді» дейді. Бұл да - жалған оптимизм. Қалай дегенмен, латын әліпбиі – таңба. Латынға көшудегі мақсат – тілдің болмысын сақтап қалу. Бар болғаны осы ғана. Егер тұтас болмысты сақтағымыз келсе, қазақ мәдениетіне, қазақ өркениетіне, қазақтың театрына артықшылық беру керек. Неге біз өзіміздің қазақ театрына өзге ұлт диаспораларының театр-ларымен тең қараймыз? Орыс мәдениеті өз елінде дамып жатыр, өзбек мәдениеті өзбек елінде дамып жатыр. Қазақ мәдениетінің өркендейтін ордасы – жалғыз осы ел. Онда неге материалдық қолдау жағынан қазақ мәдениетіне басымдық бермейміз?! Бұл кемсіту емес. Бұл көптеген елдерде ашық жүргізілетін саясат. Ал, енді мемлекеттің ұстанған бағыты туралы айтар болсақ, «Нұр Отан» саяси партия емес. Бізде сосын оппозиция жоқ. «Ақ жол» бір кездері партия еді. Қазір деңгейі құлдырап кетті. Барлық партиялар билікке жағынып, Парламенттен орын алсақ болды дейді. Мемлекетіміздің ең осал жері – оппозицияның жоқтығы. Оппозицияны халық теріс түсінеді. Мықты саяси партия болса ғана мемлекет аяғынан нық тұрады. Бір партия сайлауда 80-90 пайыз дауыс жинаса, ол елдің саяси «денсаулығы» дұрыс емес.

    Ақтөбеде «Мирзоян атындағы көшені «Әлихан Бөкейхан» деп өзгертпек» деген ақпараттан кейін бірден өзге ұлт өкілдері қарсылықтарын білдірді. Соңғы кезде мұрағат құжаттары негізінде оның жауыз болғаны айтылып жүр. Осыған қатысты не айтасыз?
    Бұл біздің тарихи біліміміздің таяздығын көрсетеді. Мемлекет деңгейінде шешілетін іс қой енді. Уақыт өткен сайын жаңа фактілер шығып, тарихқа көзқарастың өзгеруі заңды нәрсе. Бұл басқа елдерде жиі болады. Әлиханды күні бүгінге дейін буржуазияшыл, ұлтшыл деп айтып келді. Шын мәнісінде ондай тұлға қазақта бұрың-соңды болмаған. Қара басын ойласа, мемлекеттің үлкен қызметінде отырушы еді. Бірақ ол әрірек көрді. Соңғы бір сөздерінде: «советскую власть не люблю, но вынужден жить в этой стране» деп ойын ашық айтты. Тірі қалмайтынын білді. Ондай турашыл, ұлтын сүйетін адам бізде болмаған.

    Бүгінгі таңда Әлихандай азаматтар елімізде бар ма? Кімдерді атар едіңіз?
    Көріп тұрған жоқпын. Басқалар бар дейтін шығар. Мен көріп тұрған жоқпын. Бөкейханның тоғыз томдық шығармасы бар. Тағы да толықтырылған нұсқасы дайындалып жатыр. Енді қараңыз, Ақтөбеденің облыстық кітапханасында бір ғана данасы бар. Ол кімге жетеді?!

    Барлығы сізден «Астананың төрінде неге отыра бермедіңіз?» деп сұраған болар. Біз де сол сұрақты қайтадан қойғымыз кеп отыр. Ақтөбеге келуіңіздің бір өзіндік миссиясы болды ма?
    Осы жерде қалыптастым. Астраханда туып-өскеніммен, үнемі «менің космодромым – Ақтөбе. Ақтөбеден ұштым» деп жиі айтамын (күліп). Астанада жағдайым жақсы болғанмен, маған ақтөбелік орта жетіспей жүретін. Тіпті жылу жетіспеді ме деп ойлаймын. Әріптестерім, замандастарым осы жақта. Бұл жақта да әр түрлі адамдар бар. Мен бір орыстың сөзін айтамын: «Здесь тоже сволочи хватает, но свои сволочи» деп (күліп).

    Ақтөбеге келгеніңізге қанша уақыт болды?
    Жеті жыл болды. Енді келуіме тағы бір себеп болған. Марқұм Ғалымжан Нұрышев «Аға, ауылға келмейсіз бе? Ғылыми орталық ашайық, бірігіп жұмыс жасайық» деп айтып жүрді. Университетке келген соң, әлеуметтік зерттеу орталығын ашып, діни ахуал, мұғалімдердің әлеуметтік көңіл-күйі, жастардың оқуға ынтасы туралы ауқымды зерттеулер жүргізіп, азды-көпті ғылыми мақалалар жарияладық. Ұстазын қадірлемеген елдің мәртебесі жоғары болмайды деген ойға келдік. Біздің үлкен сорымыз бар. Діни басқарманың әлемде не болып жатқанымен шаруасы жоқ. Жылы ұяда жұма намаздарын өткізіп, бір жерлерге барып Құран оқып, араб тілінде адам түсінбейтін цитаталарды төкпелетіп айтады. Оны жұрт түсінбейді. Жақында «Дін және діндарлық» деген оқу құралын жазып шықтым. Соның негізінде студенттерге арнаулы курс оқып жатырмын. Бұл өзі - еліміз бо-йынша алғашқы, кішігірім эксперимент.

    Өзіміз де кезінде студент болдық. Ұзын-сонар лекцияларды тыңдағымыз келмей, сабаққа қатысқымыз келмей жүретін едік. Сіздің студенттеріңіз қандай?
    Ол оқытушының өзіне байланыс-ты. Студенттерімнің сабаққа ынтасы жақсы. Себебі оларға кітапта жоқ дүниені, бұрын естімеген деректерді айтамын. Балалардың қолы жете бермейтін орыс зерттеушілерінің еңбектерінен мысал келтіремін. Балалар қызығады. Жақсы бір әңгімені айтсаң, көздері жайнап шығады. Сондықтан мен «жастар бетімен кеткен» деген сөзге көп қосылмаймын. Ол – шалдардың әңгімесі. Осыдан бәленбай жыл бұрын шалдар «жас-тар бұзылған, осыларға қараған заман не болар» деп күңіренген. Жастарды көтермелеудің орнына мысын басып, сынап жатамыз. Олар әр түрлі, бірақ жақсы ұстанымдағылары басым.

    Елімізде неше түрлі жағдай болып жатқанда қарапайым халық зиялы қауымға елеңдейді. Ел ағалары не айтар екен деп күтеді. Күткендей болмай жатады...
    Бізде зиялы қауым жоқ. Жекелеген зиялы адамдар бар. Сосын Совет үкіметінде туып, жеке адамға табынып өскен бізден қандай зиялы адам шығады?!

    Өкінішіңіз бар ма, аға?
    Өте көп. Кейде өзімді сыбап аламын. Ең үлкен өкінішім көп уақытым босқа кеткен сияқты. Сөреде тізіліп тұрған кітаптарға қараймын да, неге осыларды кезінде оқып тастамағанмын деп ойланамын.

    Уақыт бөліп, сұқбат бергеніңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ардақ Жұбанова: “Атамды ұстап берген өзінің шәкірті, қазір белгілі ғалым”
  • “Керек.info” латын алфавитіне эксперимент жасады
  • Латын әрпіне көшу бізге не береді?
  • Неге біз осы?
  • МӘҢГІЛІК ЕЛ – АСЫЛ МҰРАТЫМЫЗ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге