Әли Ермекбаев: “Қазақстанның музыкасына реформа қажет”

    Оның музыкадағы өмір жолы 10 жасында басталды. Әкесінің орындалмаған арманын жүзеге асырғанмен, еш өкінген емес. 10 шақты аспапта емін-еркін ойнай алады. Ән айтады. Музыка жазады. Ол бүгінде Ақтөбенің саусақпен санарлық кәсіби музыканттарының бірі әрі болашақ аспирант. Ол – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның камералы оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әли Ермекбаев.

    Әли аға, бірден проблеманы айта кетпестен бұрын, сіздің музыкадан тыс өміріңізді, отбасыңызды, туған жеріңізді білгіміз келіп отыр. Әйеліңіз, қыздарыңыз түгел музыканттар, солай ма?
    1967 жылы осы Ақтөбеде тудым. 50 жаста деп мені ешкім айтпайды (күліп). Ата-аналарым қарапайым жұмысшылар болған. Әкем ес білгеннен өнерге ғашық адам болатын. Домбыра мен мандолинаны әдемі тартатын. Ойылдың мәдениет үйінде талай өнер көрсетті. Бірақ өнер оқуына түсуіне қолы қысқа болды, өзі көпбалалы отбасынан шыққан. Қаражат тапшы дегендей. Менің осы музыка саласына келуіме сол әкемнің ықпалы болды. 10 жасымда Ақтөбедегі №1 балалар музыка мектебіне, баян сыныбына жаздырды. Одан кейін өзіміздің музыкалық колледжде, Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда білім алдым. Арасында екі жыл әскерде болдым. Алматыда оқып жүргенімде Құрманғазы оркестрінде, “Салтанат” ансамблінде, “Отырар сазы”, “Қазақконцертте” қосымша жұмыс істеп, ақша тауып жүрдім. Алматының жөні бір бөлек қой. Шығармашылықтың қайнаған ортасы. Маған бірнеше рет ұсыныс түсті. Бірақ жұмыс көп болғанмен, үй мәселесі қиын болды. Алматыдан үй алу қымбат. Оралда біраз жұмыс жасадым. 1996 жылы Ақтөбеге келіп, бірден Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияға жұмысқа тұрдым. 2003 жылы алғаш рет камералы оркестр құрып, биыл 15 жылдық мерейтойымызды “Өнер орталығында” өткізбекшіміз.

    Дегенмен, кадр мәселесін жиі көтересіз. Әлі шешілген жоқ па?
    Бұл тек Ақтөбеде, Қазақстанда ғана емес, тіпті Ресейде бар проблема. Барлық жерде маман жетіспейді. Біздің білім беру жүйеміз дұрыс емес. Енді қараңыз: мектептерде музыка сабағы аптасына бір рет және 7-ші сыныпқа дейін ғана оқытылады. Бұрын Кеңес одағы уақытында музыканттар барлық конкурстарға тегін қатысса, қазір мемлекеттік конкурстар өте аз, коммерциялық жобалар басып кетті. Музыкалық колледжде білім алып, Астанаға, Алматыға оқуға түскен жастардың көбісі сол жақта қалып қояды. Тіпті кейбірі мүлдем басқа салаға кетіп жатады. Жалақысы өте аз. Ал, шетелде кез-келген музыкалық білімі бар адамды жұмысқа бірінші алады. Кезінде АҚШ-тың хатшысы болған Кондолиза Райс фортепианода ойнайтын, Клинтон саксафонда ойнады. Бұл – қалыпты құбылыс. Музыкалық тәрбие алған, музыкалық білім алған баланың мінезі өте жұмсақ, сабырлы келеді. Бірақ кез-келген мамандықты орта жастан бастай алғанмен, музыканың іргетасы 7-8 жастан қалануы тиіс. Мысалы, 25-30 жастан кейін музыкант болу мүмкін емес.

    Айтыңызшы, жаңа оқу бітірген музыканттың айлығы қанша?
    40 мың теңге. Категориясына қарай ең жоғарғы жалақы 80-90 мың шамасында. Мұндай жалақымен қалай күн көреді олар?! Тастап кетіп жатқандар бар, көбісі екі-үш жерде жүгіріп, жұмыс істейді. Сенесіз бе, соңғы 20-25 жылда қазақ классикалық музыкасының негізін қалаған Жұбановтар елінен Алматыдағы А.Жұбанов атындағы республикалық дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатына биыл бір бала ғана түсті. Анасы Айымжан Жаманқұлова бізде жалғыз виолончелист. Бұрын 90-шы жылдарға дейін республикалық музыка мектептерінің ұстаздары бүкіл Қазақстанды аралап, музыкаға ерекше қабілеті бар балаларды жинайтын. Қазір ел аралап, таланттарды жинауды қойды. Тағы сол қаржы мәселесіне келіп тіреледі. Ақтөбедегі музыка мектептеріне балалардың түсуі жақсы, бірақ грант аз бөлінеді. Біздегі қосымша білім берудің бәрі ақылы. Ал, негізінде музыка, спорт, өнер мектептерінің бәрі тегін болуы керек. Музыка мектептеріндегі оқу орташа 10 мың теңгеден басталады. Оған қоса балалар аспаптарды өздері сатып алады, өз қалтасынан төлеп конкурсқа қатысады, ең аяғы сахнаға киетін костюміне дейін өзі алады. Жас ұрпақты музыка мен өнерге баулудың қажеттілігі өте зор. Әйтпесе сонау 1943 жылы, соғыстың қызып тұрған шағында, елдің жағдайы ауыр кезде Ақтөбеде музыкалық мектеп ашудың не керегі болды?! Бүгінгі таңда осы мәселені зерттеп, диссертация жазып жатырмын. Чернышевский атындағы Саратов университетінің аспирантурасында оқимын.

    Өнерде жүргеніңізге қанша жыл болды?
    Оқу оқыған жылдарымды қоса есептегенде 40 жыл болыпты. 10 шақты аспапта ойнай аламын, кәсіби баяншымын. Ептеп ән айтатыным бар. “Қуыршақ” театрына 20 шақты музыка жазып бердім. Қазақстан композиторлар одағының мүшесімін. Музыка саласына бар өмірімді арнағаныма өкінбеймін. Жекелей адамдардың іс-әрекетіне қарным ашып, ренжитінім бар. Төрт қызым бар. Үлкені консерваторияда скрипка сыныбын бітірді, екінші қызым осында музыкалық колледжде оқиды. Қалған екеуі де музыкант болады деп ойлаймын. Әйелім Ирина Анатольевна фортепиано сыныбынан сабақ береді. Кон-цертмейстер.

    Эстрада әншілеріне ән жазасыз ба?
    Эстраданың әншілері “ән жазып беріңізші” деп келіп жатады. Өте аз жазамын. Өте жеңіл жанр. Кеңес одағының кезіндегі эстрадалық әндермен салыстырғанда, қазіргілер баланың әндері сияқты. Сол әндерді халық 2000, 5000 мың теңге төлеп тыңдайды. Ал классикалық музыканың 500 теңге тұратын концертіне көп ешкім келмейді. Дей тұрғанмен, ең қарапайым концертті өткізу үшін біз бір ай бойы күні-түні дайындаламыз. Мысалы, өткенде мен Виктор Цойдың 55 жылдығына арнап жаңа форматта концерт қойдым. Жастар көп келді. Аншлаг болды. Әрине, күнде Егор Кридтің әндерін оркестрге салып, концерт жасасаң, халық көп жиналады. Бірақ біздің бағытымыз ол емес қой. Бізге келетін тыңдармандар кімдер? Үлкен кісілер, әжелер, аталар. Елге үлгі болу керек шенеуліктер өте аз келеді. Кейінгі уақытта облыс, қала әкімдерінің отбасымен концертімізге келулері қуантып жүр. Тіпті бұл бізге мотивация. Әкім бар жағдайды жасап отыр ғой. Дегенмен, тағы да қайталаймын, кадр мәселесі қатты қинап тұр. Жалғыз виолончелист бала күтіміне байланысты демалысқа кетті, альт, контрабас, флейтада ойнай алатын музыканттар жоқ. Сырттан сирек келетін музыкант қыздарды алып қалу үшін, жігіттерімізге “тезірек алып қалыңдар, кетіп қалмасын” деп асықтырамын (күліп). Басқаша қалай енді?! Жұбанов университетінде музыкадан сабақ беремін. Студенттер сонда да театр, эстрадаға әуес.

    Бұның бәрі неге байланысты деп ойлайсыз? Неге халық классикалық музыканы аз тыңдайды?
    Бұл халықтың жаппай музыкалық сауаттылығына байланысты. Біздің музыкалық білім беру ісіне балабақшадан бастап реформа жасау керек. Сосын қазақстандық композиторлардың шығармаларын жарыққа шығару керек. “Біржан-Сарамен” шектеліп қалуға болмайды. Эстрада – уақытша, классика – мәңгілік. Вивальдиді ойнаймыз. Вивальдидің туғанына 400 жыл болды, қаңқасы да қалмаған шығар. Бірақ шығармасының ажалы жоқ. Сол сияқты.

    Классикалық музыканың емдік қасиеті туралы айтыңызшы. “Музыкатерапия” деген ем түрі бізде енді қолға алынып келеді ғой...
    Келісемін. Музыканың емдік қасиеті орасан. Осыдан біраз бұрын аяғы ауыр келіншектерге арнап, концерт қойдық. Ішіндегі сәбиіне оң әсер ететін шығармаларды арнайы таңдап алып, орындап бердік.

    Алда қандай жоспарларыңыз бар?
    Біз қазір шығармашылық лаборатория ашуды қолға алдық. Бұл біз үшін өте маңызды жоба. Алда жұмысын көре жатарсыздар. Жастарға арналған мюзикл жазу ойымда бар.

    Оқу, сабақ, концерт, музыка жазу, отбасы...Қалай үлгеріп жүрсіз?
    Үлгеремін. Мұнда сабақ беремін. Музыка жазу оңай емес. Оған бір апта, жарты ай кетеді. Ал, филармонияда концерт қоямын. Концерт қойғанда демаламын, шыны керек. Кенже қызым 2-ге енді толады. Ең тәтті уақыты. Сондықтан демалыс күні уақыт тауып, қасында бірге болуға тырысамын. Ол да менің ең маңызды шаруаларымның бірі (күліп).

    Әдемі сұқбат бергеніңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бейбіт Оралұлы: Ән айту еріккеннің ермегіне айналды
  • Дина Ниязова: Сахнада өліп-тірілгендей боламын
  • Қайырғали Қожанбаев: Қайрат Нұртасқа зар боп қалдық
  • Бағлан ҚЫСТАУБАЕВ: “Арт Тұмарды” көбіне қызын өзге ұлтқа ұзатушылар шақырады
  • The Spirit of Tengri этнофестивалі аяқталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге