Аян СЕЙІТОВ: Менің барым да, нарым да – айтыс

    Ол “жұлдыз” ауруына ерте “шалдыққан”. Дүйім жұрт оны он бес жасында таныды. Қазір оның сөзіне жазылған әндерді белгілі әншілер орындап жүр. Бірақ, ол кейбір әріптестері сияқты той басқармайды. Соған қарамастан оның өнеріне сұраныс азайған емес. Оны танытқан - айтыс. Ол бір кездері айтыс сахнадан алыстағанда ұмытыла жаздап, қазір қайта таныла бастады. Ол – айтыскер ақын Аян Сейітов.

    Аян, көпшілік сізді айтыс ақыны ретінде таниды. Білуімізше, сіз әнге сөз де жазады екенсіз ғой. Бұл жайлы сәл кейін айта жатарсыз. Алдымен айтысқа қалай келгеніңізді айтып беріңізші?
    Ақындық маған Алланың бұйрығымен келген өнер. Мектепте оқып, ұмытпасам 5 оқып жүргенде болу керек, ақындық қабілеті бар оқушылар үшін айтыс үйірмесі ашылды. Оған екі сөздің басын құрайды-ау деген біраз бала өтті. Уақыт өте келе іріктеліп, санаулы адам қалдық. Айтыстағы қадамымды бақылап отырған алғашқы ұстазым - анам болатын.
    Содан кейінгі ұстазым - айна. Айнаға қарап отырып көп дайындалатынмын. Өзіммен өзім талай рет айтыстым.

    Бала Аянның арманы қандай еді?
    Армандамадым десем, өтірік болар. Ауданнан іріктеліп, облыстық "Жас қанатта" "Айтыс" номинациясында жеңіп жүрдім. Теледидардан Жүрсін Ерманның айтысын көріп, “мен де қатыссам ғой” деп армандайтынмын. Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына арналған республикалық айтысқа облыс ақындары іріктелген болатын. 2004 жылы. Іріктеуден бірінші орын алып, республикаға шықтым. Ол кезде жасым 15-те. Оның алдында "Шабытқа" да қатыстым. Бір жылы “Шабытқа” барғанымда Мырзатай Жолдасбеков қазылық етіп, төраға болды. Бірінші орын алдым. Осы сайыста Мырзатай Жолдасбеков менің сөз саптауым мен айтысымды ұнатып қалып, Жүрсін Ерманға қолқа салып, айтысқа қосқан еді. Республикалық айтыстарға содан бері қатысып келемін.

    Жүрсін Ерман сізге оң қабақ танытатын секілді. Әлде мен қателесіп отырмын ба?
    Жүрсін мені мүмкін баласындай, мүмкін немересіндей көретін болар. Ол кісі ақындардың бәрін бірдей жақсы көреді. Бір-бірінен бөліп жармайды. Соңғы берген үш сұхбатында да: "Ақтөбеде төрт ақыным бар" депті. Мені, Қайнар Алагөзов, Марат Ахметов пен Ершат Қайболдинді айтып өтіпті. Сондықтан, ақтөбелік айтыскерлер де Жүрсін Ерманның аузында деп зор сеніммен айта аламын.

    Қазір айтысқа шығып жүрсіз бе?
    Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы сияқты мейрамдар қатар келіп қалды. Айтыс көп. Биылдыққа мен қатысқан ең бірінші айтыс Ассамблеяға байланысты Көкшетауда өтті. Мамырдың басында Жеңістің 70 жылдығына арналып Атырауда айтыстық. Шілдеде Астанада, одан кейін Ақтөбеде де өткізіледі деген сыбыс бар. Қолдан келгенше қай-қайсысынан да қалмауға тырысамыз.

    Айтыста лақап атыңыз бар ма?
    Айтыскерлер арасында Бекарыс Шойбековті "Киллер", Бауыржан Халиолланы "Бомба" деп айтады ғой. Менің үйтіп "атып-жарып" жатқан ештеңем жоқ. Бірақ, Бекарыстың маған "Бұзау" деп ат қойғаны бар еді. Әлі күнге дейін мені солай атайды. Кейде қалжыңдаймын: "Ау, мен ендігі өгіз болдым ғой" деп. Бар болғаны осы. Әйтпесе, Жүрсін Ерманның алдында лақап атым жоқ.

    15 жасыңызда ең мықты деген айтыскерлерді жеңіп, есіміңіз ел аузында жүрді. Сізге танымалдылық қалай әсер етті?
    "Жұлдыз" ауруымен ауырдың ба?" дегеніңіз ғой. Көз алдыңызға елестетіңізші, он бес жасар бала. Астыңа халық көлік мінгізіп қойса, дандайсымау мүмкін бе? Меніңше, өз басым "жұлдыз" ауруына ерте шалдығып, ерте айыққан екенмін. Соған әлі күнге қуанамын. Дер кезінде өзімді тыйдым. Бұл "аурудан" "сауығу" керек. Сырқатың созылып кетпеуі керек. Танымал адамдардың бәрі мұны бастан кешті деп ойлаймын. "Ауырып болғандар" "ауырып жүргендерді" көре қалса мырс етеді.

    Естуімізше, сіз біраз әнге сөз жазған екенсіз. Әншілерден ұсыныс қашан түсті?
    Негізі, мен мүлдем әнге сөз жазбайтын едім. Алғаш қолқа салған Еркін Нұржанов болды. Ол маған өзінің екі әніне сөз жаздырды. Қолымнан келеді екен. Қолдан келетін шаруаны істемесе тағы болмайды. Мамырдың 29-ына Ақтөбеде болатын кеште Қайнар (Алагөзов-ред.) екеуміздің сөзімізге жазылған әндер орындалмақ. Ақын ретінде бізді ақтөбеліктердің барлығы демей-ақ қояйын, жартысы біледі. Бірақ, әнге сөз жазып жүргенімізді, сазгерлік те қырымыз барын білетіндер аз. Кешті ұйымдастырғанда соны да ойладық. Шынында да, авторлар көп жағдайда әншілердің көлеңкесінде қалып жатады. Біздің әндеріміз жастардың арасында кеңінен айтылып жүр. Рас, менің сөзіме жазылған әндерден әлі хит шыға қоймады. Өз басым кез келген әнге сөз жаза алмаймын. Себебі, менің табиғатым лирикалық әндерге жақын. Бірақ, ән ұнап тұрса, тойға да жаза беремін. Неге екенін білмеймін, соңғы үш жылдықта менен ән шықпай жүр. Кезінде менің әндерімді Асхат Тарғынов та орындады.

    Айтыңызшы, айтыс сіздің өміріңізде не өзгертті?
    Менің барым да, нарым да - айтыс. Онсыз мен ешкім емеспін. Мені танытқан айтыс. Мен той да басқармаймын. Мені көбіне "Келінімнің бетін ақынға аштырамын" деп шақырады. "Екі жасқа арнау айт" дейді. Жүрсін ағамның түсіндіргені бар еді: "Сен тойда жүрсең, ертең жасың келгенде босағада қаласың. Ал сахнада жүрсең, төрде боласың" деп. Сол сөз тап жаңа айтылғандай жадымда сайрайды да тұрады. Асаба болу үшін актерлік шеберлік те керек, бір жағынан. Ол менің қолымнан келмейді. Астана мен Алматы деп айтпай-ақ қояйын, Ақтөбенің халқы менен көбіне беташар сұрайды.

    Есіңізде болар, айтыста ең мықты қарсыласыңыз кім болды?
    Ол жерге кіл мықтылар жиналады емес пе? Бірақ, мен үшін ең мықты айтыскер Бекарыс Шойбеков болды. Тепе-тең келе жатып, ақыры ұсталып қалдым. Мен қызбен де, жігітпен де жақсы айтысамын. Жасыратыны жоқ, кей ақындар не қызбен, не ермен айтыса алмайды.

    Қазір немен айналасып жүрсіз? Тұрақты жұмысыңыз бар ма?
    Жоқ. Жұмыс ұсынып жатқан да ешкім жоқ. Той-томалақпен, айтыспен күн көріп жүрмін. Обалы не керек, айтыстағылар жүлде алсын-алмасын, қатысқан ақынның өзін құр жібермейді. Тұрақты кірісі болмаса да айтысты тастағалы жатқан мен жоқ.
    Көзім жеткен бір нәрсе - Ақтөбеде билік басында отырғандардың қай қайсының да мұрнына өнердің иісі бармайды. Ақтөбеде ақындар жиналатын жер жоқ. Театрдың ба, Жастар сарайының ба, бір өнер ошағының жанынан ақындар мектебі ашылса ғой. Қазір республика бойынша айтыскер ақындар одағы құрылды. Жер-жерде филиалдары ашылып жатыр. Жуырда Батыс Қазақстан облысында ашылды. Жеке кабинеттері бар. Бір адам басшылық етеді. Атырауда да бар. Мемлекет штат бөліп қойған. Тұрақты жалақы алады. Төрт адамға жұмыс берді. Біздің Ақтөбенің билігіне де неге осындай шаруаны қолға алмасқа? Мән жайды айтып барар да едік. Билікке сөзіміз өтпейді. Ешқайсысы іздемейді, іздеп барсаң қабылдамайды. Менде бос уақыт көп. Уақыттың көбі ойланумен өтіп жатыр.

    Құпия болмаса, отбасыңыз жайлы айтып кетіңізші?
    Қазір 25-темін. Бір қызым бар. Өзім 17 жасымда үйлендім. Екі қарындасым, бір інім бар. Олар студент. Өмір мені өз қатарластарымнан ерте есейтті. Анам кісі қолынан қайтты. "Шалқарда қанішерлер шығып, үш әйелді өлтірді" деп кезінде бүкіл ел шулады емес пе? Соның бірі менің анам болатын. Марқұм өте сауатты еді. Мектепті алтынмен бітіргеннен кейін Мәскеуде Комсомолдың жоғары мектебін аяқтаған. Қабілетті, көзі ашық, алғыр адам болатын. Қай салаға салса да, істі тез үйіріп әкететін еді. Айтысқа басында қатысып жүргенімде маған
    кесек-кесек ойларды анам ұсынатын еді. Мен тек соны өлеңге айналдыратынмын. Ізденуден қашқаным емес, бірақ анамның жоқтығы қазір маған қатты білініп жүр.

    Өнеріңізді бағалайтын тыңдармандарыңыз аз емес. Сізден қолтаңба сұрап, суретке түскендер көп болды ма?
    Адамды танымал қылатын бірден-бір күш ол - экран. Кезінде айтысқа алғаш шығып жүрген кезде, теледидардан апта сайын айтыс беретін. Бүкіл Қазақстан көрді. Сол кездері қолтаңба сұрап, естелікке суретке түскендер көп болды, әрине. Кейін үш-төрт жылдай айтысты экран түгілі, сахнадан алып тастады. Енді ғана танылып келе жатқандай едік, аздап ұмытылып та қалдық. Қазір енді "нұротандықтар" айтысты қайта қанатының астына алып жатыр. Қайтадан танымал бола бастадым (күліп).

    Қолына мүмкіндік тие қалса, көптеген өнер адамы Алматыға, Астанаға кетуге тырысады. Сізге де неге сол жақты бетке алмасқа? Әлде туған топырағыңызды қимай жүрсіз бе?
    Мен байлыққа да, басқаға да аса қатты қызықпаймын. Өйткені, ертеңгі күні кез-келген нәрсенің сұрауы бар. Бір жағынан, мен қалаған нәрселер үнемі бола бермейді. Өлең жазу үшін Алматыға баруды да армандамаймын. Ел қатарлы өмір сүрсем, маған соның өзі жетіп жатыр. Бұйыратын бақ Ақтөбеде де бұйырады.

    Алдағы жоспарыңыз қандай? Айтыстарыңыздың жинағын шығаруды қолға алған жоқсыз ба?
    Жоқ. Шынымды айтсам, жиырма бесімде жыр жинағын құрастыруға қысыламын. Айтыстардың саны көбейсе, болашақта қолға алуға болады. Әзір білек сыбана кірісіп кеткен дәнеңем де жоқ. Өтірік айтпай-ақ қояйын, мен өте жалқау адаммын. Сол жалқаулығымнан біраз нәрселерден құр қалып жүрмін. Кейбір айтыстарға ұйықтап қалып бара алмай да қалдым.

    Сұқбатыңызға рақмет! Сізді алдағы уақытта да аламан айтыстардан көре берейік!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әділғали БАЯНДИН: Маған қыздардың күлкісі шабыт береді
  • Асхат ТАРҒЫНОВ: Нигериялық Рич Димен дуэт құрмақшымын
  • Жайлау Асылханов: Маған кейбіреулер “Отсталыйсың!” дейді
  • Төрежан МӘНДІБАЙ: Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге