Әлия Маханалина: “Ақтөбеде жылына жүзден астам әйелден сүт безінің қатерлі ісігі анықталады”

    Ол бала кезінен дәрігер болуды армандап, 20 жылдан бері қаншама пациенттерді қабылдап келеді. Ол – Ақтөбедегі ең алғашқы маммологтардың бірі. Ол – әрі ана, әрі жар, әрі маммолог-онколог, әрі хирург, тіпті, психолог және мотиватор. Ол өзінің саласын жанындай жақсы көреді, бар ғұмырын арнауға әзір. Ол –1-ші санатты дәрігер Әлия Маханалина.

    Әлия Болатқызы, жұмыс арасында уақыт тауып, сұқбат беруге келіскеніңізге рахмет! Сүт безінің қатерлі ісігі әлемде ең көп таралған төрт аурудың ішіне кіреді екен. Бірақ көп адам оны мастопатиямен шатастырып, дер кезінде емделмей жатады дегені рас па?
    Қатерлі ісік пен мастопатия екі бөлек диагноз. Бірақ кейде сол асқынып кеткен түйнек қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Олай да болады. Дүние жүзі бойынша онкологиялық патологияның ішінде сүт безінің қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Ал ер адамдардың 1 пайызында ғана кездеседі. Екінші орында гинекологиялық қатерлі ісік. Жас қыздарды ерте жастан ВПЧ-ға қарсы вакцинация жасауға үгіттеу сол үшін жүргізіледі. Қазақстан бойынша жылына жобамен 4000 әйел сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығады да, содан әрбір 10-шысы көз жұмады. Ерлер арасында бірінші орында өкпе мен асқазанның қатерлі ісігі тұр. Бұрын терінің қатерлі ісігі статистика бойынша 10-шы орында тұратын, қазір 4-ші орынға шықты. Бір жылдары статистикамен айналысқанда күйеуге шықпаған, бала тумаған жас қыздардың жатыр мойнының қатерлі ісігіне, аналық безінің қатерлі ісігіне көптеп шалдыққандарын көріп, дәрігер болсам да, аздап шок алдым. Заманауи қоғамда ерте жыныстық қатынасқа түсіп, инфекция жұқтыру таңсық емес. Мүмкін тәрбиеміз ақсап жатқан шығар?! Қатерлі ісіктің пайда болуына қандай факторлар әсер етеді? Гормональді аурулар, гормональді дәрілерді көп ішу, әйелдің бала емізгені не емізбегені, эндокриндік патологиялар (мысалы қант диабеті), қанша баласы бар, сүт безінің жарақат алуы, бірнеше рет түсік жасату, ерте басталған және кеш аяқталған етеккір циклы да себеп. Ал 10%-ы тұқымқуалаушылықтан болады. Егер әжесінде, анасында бұл диагноз анықталса, сақтық үшін дәрігерге қаралудың артығы жоқ. Неліктен Еуропа елдерінде сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығу жиі кездеседі? Себебі ол жақта әйелдер гормональді дәрілерді жиі қабылдайды. Бізде гормональді дәрілерге толысып кетеміз деп онша үйір емес. Егер сүт безін жарақаттап алсаңыз, ауырсынып жүре берудің жөні жоқ. Оны бақылау керек. Сүт безінің жарақат алған бөлігінің қатерлі ісікке айналғаны тәжірибеде кездесіп жатады.

    Әу баста қатерлі ісік неден қалыптасты? Неден пайда болды? Қарап отырсақ, тамыры тым тереңде жатқан сияқты.
    Әлі күнге неден пайда болғаны жөнінде ақпарат жоқ. Бұл жасушалардың мутацияға ұшырауы. Түрлері көп: сүт безінің өзінде, сүт шығаратын үрпіде, ең сирек кездесетін түрі мастит сияқты симптом беріп, ірің болмаса да, қатерлі ісік боп шығып жатады. Диагноз қойылып, дәлелденген соң, әйел адам бір минутын да жоғалтпауы керек. Себебі кеселді жердің зардабы бүкіл денеге тарайды. Бұрын сүт безінің қатерлі ісігі анықталса, өзара әсері болмасын деп, аналық безді де қоса алып тастайтын. Қазір ондай әдістер жоқ. Қазір белгілі бір уақытқа дейін етеккірді дәрінің көмегімен тоқтата тұрады. Медицина баяу болса да, алға жылжып келеді. Бізде ауызша болжам жасауға болмайды. Материал болу керек. Қолмен ұстап, диагноз қоюға болмайды.

    Қазіргі таңда Ақтөбедегі ахуал қандай? Статис-тика не дейді?
    Бізде Ақтөбеде жыл сайын 100-ден астам әйелден сүт безінің қатерлі ісігі анықталады. 2008 жылдары көрсеткіш жоғары болып, бәрі шулап кеткен кез болған. Ол жылдары скрининг енгізді. Сондықтан әйелдер арасында бұл диагноз көп анықталды. Негізінде 18 жастан бастап жастар денесінде пайда болған өзгерістерді анықтайтын дәрежеде болу керек. Айна алдында шешініп, түгел өзін қарап шыққаны дұрыс. 25 жастан бастап профилактикалық тексерістен өтіп тұрған жөн. Әрине, қатерлі ісік өте бір зұлым ауру. Соңғы сатысына дейін ешқандай симптом бермей, іштен ірітіп жатуы мүмкін. Анықталғанда бәрі кеш болып жатады. Егер жасушалар мутацияға ұшырай бастағаннан төс ауырып, ісіп, сондай белгілері болғанда, бәлкім көп әйелдерді аман алып қалуға болушы ма еді?! Кішкентай түйін болса да, дәрігерге көрсету керек. Адамдар әр түрлі болады ғой. Менің бір Шалқарда тұратын пациентімде қатерлі ісік қаупі бар. 2-3 рет хабарласып, келуін өтінгеніммен, “қолым тимейді” деп әлі жүр. Қолымда материал болмаған соң, оған бірден диагноз қоя алмаймын. Сондай адамдар болады. Қабылдауға келетін әйелдер өте көп. Клиникаға айына орта есеппен 100 шақты әйел қаралуға келеді.

    Қатерлі ісікті емдеу тегін ғой?
    Әрине, тегін. Егер сүт безінде орналасқан түйін қатерсіз ісік боп шықса, портал арқылы кезекке тұрып, ота жасатуға болады. Ақшасы бар адамдар кезексіз, ақылы да емделе алады. Дәрілер, барлық ем түрлері тегін. Химиялық препараттар өте қымбат. Мемлекет бұл жағынан жағдай жасап отыр деп айта аламын.

    Қатерлі ісіктің жыл өткен сайын жасарып келе жатқанын айтады. Бұл қаншалықты рас?
    Жасарып келеді деп кесіп айта алмаймын. Бірақ бүгінгі таңдағы өмір сүру ритмі, күндіз-түні бітпейтін жанталас, жұмыс, стресс – бұның бәрі иммунитетімізге ауыр соққы, салдарынан қатерлі ісікке шалдығып жатады. Менің байқағаным, ауылда тұратын әйелдерге қарағанда қалада тұратын әйелдер, үлкен апалар осы аурумен жиірек ауырады. “Кеңсе синдромы” деген болады ғой. 50-60 жас аралағындағы әйелдерді міндетті түрде скринигке жібереді. Себебі 10 жыл аралығында қатерлі ісіктің пайда болу қаупі өте жоғары. Басқа елдерде 40-60 жас аралығын қамтиды. Меніңше, соңғысы дұрыс.

    “Сіз қатерлі ісік бар” деген қорқыныш диаг-нозды екінің біріне айта бермейтін шығарсыздар. Әдетте мұндай хабарды қалай қабылдайды?
    Сіз оны айтасыз. “Онкологтың кабинетіне барыңыз” десе де, біздің әйелдердің түрі бұзылып, жүрегі соғып, аяқ астынан тыпырши бастайды. Әйелдер әр түрлі қабылдайды. Біреулер “маған жасырмай айтыңыз” десе, екінші біреулер тұйықталып, үндемей отырады. Ол кісілерге диагнозын айтпауға тырысып, туыстарын шақыртуға мәжбүрмін. Кейбіреулер тіпті “менің немерелерім бар, балам оқу бітіреді, тексерілуге уақытым жоқ” деп жайбарақаттық танытады. Бұл дұрыс емес. Адам ең алдымен өзін ойлауы керек. Тіпті сол бала-шағасының қызығын көруі үшін күресуі керек. Сосын адамның сенімі, үміті, жігері де бұл кеселдің кері шегінуіне әсер етеді. Керісінше жағдайда адам өзін-өзі іштей жеп, тіпті өліп кетуі мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, қатерлі ісік туралы естіген адам 4-5 сатыдан тұратын күйді бастан кешеді. Әуелі шок алады, сосын жоққа шығарады, кейін маңайындағы адамдардан сұрастыра бастайды, сосын барып емделуге бекінеді. Диагнозын қабылдайды. Осы аралықта 2-2,5 жыл өтеді екен.

    Қазіргі уақытта қатерлі ісікпен күресуде, оның емдеуде біздің облыстың әлі жете ме? Болмаса не жетіспейді?
    Барлық Қазақстан бойынша хос-пис ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл – жақсы жаңалық. Ақтөбеде жеке өз алдына онкодиспансер жоқ. Медициналық университетке қарасты қала сыртында орналасқан онкологиялық орталығымыз бар. Бұрын қатерлі ісікті алып тастаған соң, имплант салу үшін науқастарды Алматыға жіберетінбіз. Қазір бұл процедура жоғары технологиялық болып саналмайды. Біздің дәрігерлер де бір уақытта қатерлі ісікті алып тастап, орнына имплант салып беретін жағдайға жетті. Жаңа аппараттар сатып алынды.

    Өзіңіздің осы медицина саласына келуіңізге қандай да бір жағдай түрткі болды ма әлде әуелдегі арманыңыз ба?
    Осы Ақтөбеде туып-өсіп, мектеп бітірген соң, бірден медициналық училищеге оқуға түстім. Тіпті басқа мамандық туралы мүлдем ойланбаппын. Оны бітірген соң, хирургиялық мейірбике боп қызмет еттім. Кейін медициналық институтты бітірген 1998-ші жылдар біз үшін ауыр болды. Жұмыс жоқ. Айлық жылдап берілмейтін. Көбісі сауда-саттық саласына кетіп қалды. Одан кейін оралмады. Себебі түсінікті. Медициналық университетті жаңа бітірген түлек бірден жұмысқа шығып кетпесе, 2-3 жылдан кейін дәрігер болуы өте қиын. Өзім Әйтеке би, Хромтау аудандарында біраз уақыт жұмыс істедім. Жолдасым да дәрігер, екеуміз бір топта оқыдық. Бір ұлымыз бар.

    Сіздердің әңгімелеріңіз үйде де, түзде де медицина тақырыбында ғана өрбитін шығар?
    Жоқ (күліп). Мектепті жаңа бітірген ұлымыздың болашағын ойлаймыз. Ақылдасамыз. Жоспар өте көп. Өзім құмырсқа сияқты тырбаңдап еңбек еткенді, жаңа нәрселерді игергенді жақсы көремін. Маған қоғамға танылу, атымды шығару, қандай да бір атақ-марапаттан дәмету мұрат емес. Мен практик-дәрігермін. Қолымнан келгенше адамдарға көмектескім келеді. Шағын кабинетті үлкен клиникаға айналдырсақ деген де ойымыз бар. Бәрін уақыт көрсетеді.

    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 6500 адам қатерлі ісікке шалдыққан
  • Сүт безі ісігінен 20 әйел қайтыс болды
  • Ақтөбелік әйелдер ұялғаннан ауруларын асқындырып алады
  • Ақтөбелік үш бірдей емхананы сотқа берді
  • Қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа шындықты айту керек
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге