Қадырғали Көбентай: “Біздің халық әртіс десе, сайқымазақ деп қабылдайды”

    Ол – өнер үшін туылып, ән мен гитараны жанына серік еткен бүгінгінің сал-серісі. Оның бір басында бірнеше талант тоғысқан: суретшілігімен қоса ақындығы, әншілігі, сазгерлігі, актерлігімен қоса тарихты бір адамдай біледі. Ұстаз. Шәкірті бар. Ол әдемі поэзияны әнге қосып, халықтың эстрадалық сауатын жоғары деңгейге көтеруді армандайды. Ол - ҚР Мәдениет қайраткері, композитор, театр және кино актері, әнші-сазгер Қадырғали Көбентай.

    Қадырғали аға, Ақтөбеге қош келдіңіз! Концертіңіз қарапайым форматта, пафоссыз, қылғынған галстуксіз өтті. Барып көрдік. Республикалық БАҚ сынды бірден «таңертең көңіл-күйіңізді қалай көтересіз?» деп қисынсыз сұрақ қоймайық. Шынын айту керек: сіз туралы тереңірек білгіміз келеді, Ақтөбе жұртшылығына да бұл артық болмас?!
    Рахмет! Өзім қазір интервью беруден қашатын болдым. Өтірік сұрақтар қаптап кетті. Сөйлеп жатсаң, ортан белінен бөліп тас-тайды. Ойланып жауап берейін десең, басқа сұраққа ауысып кетеді. Менің бір байқағаным, орталық телеарналарға қарағанда облыстық телеарналарда, газеттерде мықты, сауатты журналистер жұмыс істейді. Жалпы әдебиетті, поэзияны жақсы көремін. Семейдің Үржар ауданы, Тасбұлақ селосы деп паспортымда жазылғанымен, кішкентайымнан Аягөзде өстім. Шешемді «сен» деп өстім, аса жақтырдым деп айта алмаймын, өйткені апамның баласы болдым. Қай жерге барсақ та, апам ылғи мені шалдардың қасына қосып жіберетін. Солардың әңгімесін тыңдап, қастарында жүретінмін. Мектепте офицер болуды армандадым, шап-шақ киімдеріне қатты қызығатынмын. Одан әдебиетке қызығушылығым оянды. Ершаттың әкесі Бейісхан Бекбаев деген ұстазым әрі әнші, Әсет Найманбаевтың ешкім білмейтін әндерін біледі. Жасы 70-тен асса да, әнді керемет орындайды. Мені қолымнан жетектеп драма үйірмесіне, оркестрге апарып, домбыра үйретіп, күй тартқызған сол кісі. 7-ші сыныптан бастап мектепте өтетін кештерді жүргізуге баулып, конференсье жасады. Қазір конференсье деген жоқ қой. Қағазға жазып бергенді оқып, робот сияқты сайрап тұра береді. Содан 8-ші сыныпта «Жас таланттар» конкурсына қатысып, ауданнан өтіп, облысқа келген кезде әділ қазылар «айна-лайын, сенің орның театр институты екен» деп мені Семейдің музыкалық училищесіне қалдырғылары келді. Ойлана келе ауылға қайтып кеттім. Шешем ауылда жалғыз. Әкем ерте қайтыс болып кеткен. Апаларым тұрмыс құрған. Үйде кішкентай қарындасым екеуміз ғана. Бірдеңе айтсам, таң қаласыз. Біздің ауылдан үш кәсіби гитарист шықтық. Мақсұтхан Диханбаев деген ағамыз қазір де ауылда тұрады. Біз ойнап жүрген, гармониясы бөлек “теріс бұрауды” қатты меңгерген кісі. Гитараға сол кісінің ойнауын көріп, қатты қызықсам керек. 9-сыныптан бастап гитара үйреніп, ән айта бас-тадым. Сөйтіп жүріп Жүргеновтен бір шықтық қой (күліп). Нұрмұхан Жантөрин ағамыздың класына оқуға түстім. Осы Нұрмұхан ағам, Тұңғышбай ағам кезінде «Актерлік – жаман мамандық, басқа оқуға түс. Жүрегің ауыратын болады. Ертең саған ел адам деп қарамайды, әртіс деп қарайды. Сонда жүрегің ауырады» деп қанша айтып-бақса да, тыңдамай әскерден келген соң, өзімнен кіші Дулыға, Асылбектермен актерлік мамандықты 1-ші курстан бастап оқыдым. Шынымен, қазір жүрегім ауырады. Инфаркт алып үлгердім. Біздің халық әртіс десе, сайқымазақ деп қабылдайды. Қайдағы бір әкімнің алдына апарып, ән салдырғылары келеді. Мені талай жерге қонаққа шақырып, «гитараңызды ала келіңіз» деп қайта-қайта айтқан кездерінде, әйелімнен гитарамды беріп жіберетін әдетім болған. Өстіп-өстіп өнер жолы басталып кетті. Бағыма орай ұстаздарым мықты болды: Бейісхан ағамнан
    бастап, Нұрмұхан Жантөрин, Хадиша Бөкеева, Тұңғышбай Жаманқұлов, Асқар Тоқпанов. Асқар Тоқпанов бағымды ашты. Ол кісі өте қатал адам болды. Барлық театрлар Тоқпановтан қаймығатын, «Асқар Тоқпанов келе жатыр» десе, тым-тырақай қашатын. Бәрі спектакльді қорқып ойнайтын. Өйткені Асқар ағамыз спектакльді орта кезінен тоқтатып тастап, ұнамаған актерді таяқпен ұрып қуып жіберетін. Осындай адам болған. Мен тісқаққан «пәлемін», курстас-тарымды ертіп, гастрольге шығып тұрамын. Сабақтан қашамыз. Сөйтіп жүргенде Тұңғышбай ағама ұсталып қалдым. Ол кісі «Ал концерт қойғыш екенсіңдер, ендеше Алматыда концерт бересіңдер. Асқар Тоқпановты шақырамын» деді. Быт-шыт толқып, ес-түссіз дайындалдық. «Фариза, Фариза жан» әнін алғаш сол кезде гитарамен алып шықтым. Көзім түк көрмейді, иен далада мал бағып жүрген кезім есіме түсті ме, әйтеуір өзімше орындап шықтым. Есімді жисам, халық сұмдық қол соғып жатыр екен. Бір кезде көрермен арасынан таяқ шошаң ете қалды. Асқар Тоқпановтың таяғы. Біткен жерім осы шығар дедім. Басымды иіп, артқа шегініп жатқанымда, таяғымен қасына шақырды. Ол кезде бір күн аш, бір күн тоқ студент болсам да, гитарам қымбат еді. «Қабырғам сынып, басым жарылса да, гитарам сынбаса екен» деген оймен гитарамды артыма қарай жасырып, қасына бардым. Маңдайымнан сүйіп, өнер жолыма батасын берді. Оралхан Бөкей бізге сабақ берді. Өмірден өтерінен бір күн бұрын біздің курста соңғы сөйлескен мен болдым. Үндістанға іссапармен ұшайын деп жатыр екен. Екеуміз баққа барып, сыра іштік. «Сен өте қызбасың, біздің халық Абайдың айтқанындай-ақ халық қой. Сондықтан ұлы істі үндемей тындыра бер, Қадырғали» деді. Соңғы айтқан сөзі осы болды. Кейін түсіндім ғой. Осы кісілерден көзі тірі тек Тұңғышбай аға ғана. Тұтас дәуір көшіп кеткендей болды.

    Соның өзінде Тұңғышбай аға да бір өліп-тірілді дейсіз ғой?
    Тұңғышбай аға мықты кісі ғой. 90-шы жылдары «Әкемтеатрды» аяғынан тұрғызған адам. Бірақ соңғы жағдай өзіне қатты соққы болды. Ең сорлысы, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» деген атағын алып тастапты. Өзі Жамбылда туып-өскен ғой. 70-ке келген шалды сонша қорлайтындай не көрінді? Сотына бастан-аяқ қатыстым. Бір дәлел табылмады. Айтсаң ұқпайтын дүние. Өзім де талай рет сол келеңсіздіктердің бел ортасында жүрдім. Мәдениет министрі бопсалауға дейін барды.

    Сол бопсалаудың соңы немен бітті, аға?
    Аяғы не болушы еді?! Адамдарын жіберді, «осымен қояйық, ешқайда жазбай-ақ қой» деді. «Қызыма бірдеңе бола қалған жағдайда» деп едім, «болды, тиіспейміз» деді. Сонымен бәрі бітті.

    Ал, Тұңғышбай ағаның қал-жағдайы қалай?
    Жақсы. Өткенде режиссер ретінде Оралға барып, «Шығыстың шерлі махаббаты» деген спектакль қойып келді. Сол Әуезов театрында жұмыс істейді. Туған күнінде студенттері боп жиналып барып, мәз-мейрам болдық. Тұқаң мені жақсы тәрбиеледі. Шәкірт, студент деп төмендеткен жоқ. Конкурент деп қарады. «Екеумізге бір рөл түссе, мен саған шәкіртім деп қарамаймын, тартып аламын. Бәріне дайын бол» деп айтатын. Сырлас дос болып кеттік. Әйелі Дәрия Жүсіп курстасым ғой. «Бажеке» деп қалжыңдаймын кейде (күліп). Өнер адамдарының арасында дос болу қиын ғой. Атағың дүрілдеп тұрса, бәрі маңайыңда жүреді. Басыңа Тұқаңның ісі түссе, ізім-ғайым жоқ болады. Өзі мына пендешілігі ең жоғары халық қазақ қой. Атаққұмар. Мысалы, шетелде саған атақ берсе, атақпен қоса ақшалай сыйлығын беріп, айлығыңды өсіріп жібереді. Жұмысты жақсы істеген сайын, материалдық жағдайың да жоғарылай береді. Ештеңеден тарықпайсың. Бізде «Мәдениет қайраткері» деген атақ берсе, темір төсбелгі мен бір жапырақ қағаз қолыңа ұстатып жібереді. Болды. Ол темірдің көк тиындық құны жоқ. Ең сорлысы, ГАИ қызметкеріне көрсетсең де, «енді қайтейін» дейді. Бағаланбайды. Біздің қоғамның даму жүйесі, бағыты дұрыс емес.

    Көңіліңізден шықпайтын қоғамда қалай өмір сүріп жүрсіз, аға?
    Ой, мен сияқтылар толып жүр ғой. Ертеректен Мұқағалимен қатты «ауырған» адаммын ғой. Өлеңдерін жатқа айтып, жатып-жастана оқитынмын. Кейін студент болып, әдеби өмірге араластық. Сонда көз көргендерден «Мұқағали қандай болған?» десем, «ішкіш болған» деп қолдарын бір сілтейтін. Асқар Сүлейменов 2-3 кітабымен-ақ классик жазушы болған адам. «Асқар Сүлейменов қандай болған?» деп сұрасам, «ой, ішіп алса, Кеңсайға барып, Мұқағалидың зиратының басында отырып жылайтын» дейтін. Бәрінің айтатыны – сол. «Мен өзі кімдерді жақсы көргенмін?» деп сол кезде қорыққаным бар. Жақсы көретін жазушымның тағы бірі Бердібек Соқпақбаев асылып өлді. Мен қазір ол кісілерді түсінемін. Өйткені олар мына қоғамды қабылдай алмады, өзгертуге дәрмені жетпейді. Сосын іштей тұншығып, запыранын жұтып өтті. Марқұм боп кеткен Өтежан Нұрғалиев деген ақын ағамыз да жақсы ішті. Бір ғажабы, ол кісі көшеде айқайлап тұрып, ішіндегісінің бәрін айтатын. Соның арқасында беріге шейін жаны қалып жүрді. Айта берсем, мысал көп. Мен осыларға қарап түсіндім. Сосын да театр атаулының бәрін тастадым. Кез-келген ұжымның өзінің бір «интригасы» болады. Театрдан кеткеніме 15 жылдай уақыт болды.

    Жақсы актер қандай болу керек? Бір ауыз сөзбен түйіндеп беріңізші.
    Кейіпкерінің сөзін жаттап алып, судыратып айтып шықпай, әуелі оны зерттейтін, қандай образды алып шықса да, соны ақтап ала алатын актерді нағыз актер деп есептеймін. Адамның бәрі жаман боламын демейді, тұрмыс итермелеуі мүмкін. Алқашты менен асырып ойнаған адам жоқ. Сол образды алып шығу үшін, бақандай бес жылымды жұмсадым.

    Жарыңыз Рәбиғамен қалай таныстыңыздар? Екі өнер адамының бірге өмір сүруі...Сұрағым ыңғайсыз болса, айып етпеңіз. Өнер адамдары көбіне бір шаңырақ астында тұра алмайды ғой. Сіздерге өзіңіз айтып отырсыз, ширек ғасырдан асыпты. Сыры неде?
    Екеуміз бір курста оқыдық қой. Әскерден келген кезім. Аудиторияға алғаш кіріп келгенімде шошаң-шошаң етіп алдымнан ең бірінші сол шыққан (күліп). Сол кезден бас-тап жүре бастадық. Екеуміздің басымыздан талай қызықтар өтті ғой. Университетте оқып жүргенімізде «Алатау аруы» байқауында үшінші орын алды, мен ол кезде басқа қаладамын. Келсем бүкіл ақын-жазушылар менің келіншегіме ғашық боп, жатақханада жүр ғой. Солармен жағаласып, жаға жыртысып жүріп алдым ғой (күліп). Жап-жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ешқандай мәселе жоқ. Кейде
    гастрольден кейін шаршап, үйде ұзақ жатып алсам, «бір жаққа барып келсейші, жатсаң жалқау боп кетесің» деп өзі шығарып салады. Балаларымыздың алды жұмыс істеп, оқу оқып жүр. Шүкір.

    Өнер адамының мұраты болады ғой. Көбісі «өнерді насихаттау үшін жүрмін деп, жеке басының құлқына кетіп қалады». Жасырын емес қой. Сіздердің мұраттарыңыз не? Шәкіртіңіз Ершат Қайырханнан басқа шәкірт тәрбиелеу, өнер орталығын ашу ойыңызда бар ма?
    Бір-ақ ғана мақсат бар: Ершат екеумізді гитараны қазақиландырдық қой, біз соны қалайда ұрпаққа ғылыми түрде болсын, таспаға түсіріп болсын жазып, қалдырып кетуіміз керек. Менің арманым - гитараның қазақи гармониясын кеңінен танытып, ұрпаққа қалдырып кету. Мектеп ашсақ па деген ойымыз бар. Жоспар өте көп. Мықты поэзиядан тұратын, қазіргі жеңіл-желпі әндерді басып озатын эстрада әндерін шығарсақ па деп ойлаймыз. Мұның өзін біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Гитарадан қобыздың, домбыраның үні шыққанда жұрт қатты таң қалады. Кейде зал лық толы болады, кейде жарты-ақ зал жиналады. Бірақ әлі күнге «концертің нашар өтті» деген адамды естіп көрмеппін. Тұңғышбай ағам айтып еді: «3000 көрерменнің 30-ы сені түсініп кетсе, сен бақытты адамсың» деп. Сондықтан концертіме келген 30-ақ адамның 3-еуі ой түйіп, өнеріме басын иіп кетсе, мен бақыттымын!
    Өнеріңіз өрлей берсін, аға!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Талғат Тілеулесов: “Қазіргі ақындар жап-жас боп, өмірден баз кешіп жүреді”
  • Берік НҰРМАҒАНБЕТОВ: Қазақтар кез келген әзілге күлмейді...
  • Татьяна Бурмистрова: Шын ниет болса, бәрін де үйренуге болады
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге