Баянғали Әлімжанов: “Тәуелсіздік алғалы эфирден жыршыларды көрсетпейтін болды”

    Бұл кісіні қазіргінің “Біржан салы” деп атайды. Жыршы-жыраулығы бір төбе әрі Қазақстандағы жалғыз “Манасшы”. Оған Құдай бар талантты аямай бере салған, бағы мен бабы қатар келіскен бақытты жан, өмірді шексіз сүйетін ақын. Ол – азулы айтыскер, драматург, жазушы, сатирик, кинорежиссер, тележүргізуші, сыншы, Қырғызстан Композиторлар одағы мен Мәдениет министрлігінің А.Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Баянғали Әлімжанов.

    Баянғали аға, Ақтөбеге қош келдіңіз! Еліміздегі бірден-бір “манасшы”, жыршы-жырау екеніңізді білеміз. Өзіміз қазір төрт шумақ өлеңді әрең жаттап айтамыз. Кітапханада жас-тармен кездесуде қаншама өлең-жыр оқыдыңыз. Бұл жоғарыдан берілген қасиет пе әлде есте сақтау қабілетін дамытатын әдіс-тәсілдер бола ма?
    Бір сөзбен айтқанда, әуелі жыр адамға қону керек. Сосын кез-келген жыр адамға қона бермейді. Байқасаңыз, жыршылардың да репертуары бар. Қазақта не көп, өлең-жыр көп. Оның бәрін бірдей жаттап алу мүмкін емес, жадыңа қонбайды да. Солардың ішінде өзіңе ерекше әсер еткен, санаңа сіңіп кеткен өлеңдер болады. Алдымен бірнеше қайталап оқып, есіңе сақтайсың. Бірте-бірте қаныңа, жаныңа сіңіп кетеді. Мысалы, “Батыр Баянды” ең алғаш оқығанда жан-дүнием бір төңкеріліп түскендей болды. 70-ші жылдары Мағжанның өлеңін оқымақ түгілі, атын айтуға болмайтын кез. Содан қайталап оқып, қайталап көшіріп, студенттердің арасында айтып жүріп, өзімнің жырым сияқты сіңді. “Тыңдаушысыз сөз жетім” дейді. Тыңдаушылар алдында сол жырларды дембіл-дембіл айтып тұрмасаң, көмескі тартып қалады. Есте сақтау қабілетің жоғары бола берсін. Оған қарап тұрған дүние жоқ. Адамға эмоциялық тұрғыдан қатты әсер еткен жыр ғана қонады.

    Қазіргі таңда еліміздегі жыршылық дәстүрдің даму деңгейі қандай?
    Қазір Құдайға шүкір. Ең әуелі “Сыр елі – жыр елі” деп Сыр бойын ауызға аламыз. Қызылордадағы Қорқыт ата университетінде жырауларды кәсіби деңгейде оқытатын арнайы факультет ашылған. Оған мұрындық болған замандасымыз, белгілі жырау – Алмас Алматов. Өзі ұстаз, өзі ғалым. Басқа қалаларда ашыла қоймады. Енді Атырау, Маңғыстау, Ақтау, осы Ақтөбеде жыршылық дәстүрді сақтап қалған бірен-сараң адамдар бар. Біздің Арқада да жырды жанына серік еткен аздаған кісілер бар.

    Бірең-саран деп отырсыз ғой, сол кісілердің теледидар-радио хабарларына қатысып не болмаса халық алдында өнер көрсетіп, кеңінен танылып жүргенін байқамадық...
    Ал ол былай. Сен бір жанды тақырыпқа ойыстырып әкеттің ғой. Кешегі Кеңес одағының заманында “Халық қазынасы”, “Терме” деген хабарлар циклы болды. Соған еліміздің түкпір-түкпірінен жыршы-жырауларды шақыртып, студияда жыр айтқызып, мүмкіндігімізше таратып жүрдік. “Бес ғасыр жырлайды” деген де хабар шығардық. Ал енді өз алдымызға тәуелсіз ел болған кезде жырымыз эфирге шықпай қалды. Мен бұл саясатты түсінбеймін. Талай рет мықты-мықты азаматтардың алдына барып, “Халық қазынасын” қайта жаңғыртайық” деп өтініш айттым. Анау-мынау деп сылтауратып әлі жүр. Неге екенін, кімге керек екенін білмеймін. Әйтеуір бұл хабарлар эфирге шықпай қойды. Анда-санда “Алматы”, “Білім және мәдениеттен” там-тұмдап үзіп береді. Тіпті болмаған соң, “Халық аңыздары” деген хабар жасайық” деп ұсыныс тастадым. Бәрі жақсылап қарсы алып, мақұлдап шығарып салады. Әр жағы мүлгіген тыныштық.

    Шымбайыңызға батып жүргені көрініп тұр. Түбі шығарар деген үміттеміз. Ал, өзіңіздің қандай үлкен жаңалықтарыңыз бар?
    Ең үлкен 12 томдық шығармалар жинағымды шығардым. Менің шығармашылығым сала-сала ғой. Өлең-жыр өзі бір күні құйылып келгенде ұстап қалып, қағазға түсіріп, артынша пісіресің дегендей. Ол бір сала жазылып жатыр. Бірнеше жаңа пьесалар жазып бітірдім. Прозалық шығармалар, мақалалар жаздым. Орыс тілінде де жазып жатқан шығармаларым бар. Мақсат қуып, пәлен том қыламын немесе пәлен санға жеткіземін деген жоспарым жоқ. Күнде еңбек етіп, қағазға түсіріп, жұмыс істеп жатқан жағдайым бар. Өнер – халықтыкі. Мен өмірі бастық болмаған, мансап қумаған адаммын. Таза шығармашылықпен айналысып келемін.

    Сізге Құдайдың өзі талантты аямай бере салған, бабы мен бағы қатар шапқан жансыз ғой. Сан қырлы Баянғалисыз. Айтыңызшы, сізге қай Баянғали жақын?
    “Бұрын әкім еді, қазір депутат” деген сияқты мені де “бұрын айтыс ақыны еді, қазір жыршы боп кетті”, “бұрын жыршы еді, қазір манасшы боп кетті” деп айтады (күліп). Олай емес қой. Бұның бәрі - менің әлемім, менің рухани қазынам. Тереңірек үңіліп қарасам, Құдай мені әуелі ақын етіп жаратты ма деп ойлаймын. Ақындықпен бәрі үйлесетін сияқты боп көрінеді. Өйткені киноға сценарий жазсам да, ақынның көзімен қараймын, жазушылықта да солай. Бірақ “ең бастысы мынау” деп дөп басып айта алмаймын. “Әкеңді жақсы көресің бе, шешеңді жақсы көресің бе” деген сияқты бұл бір күрделі сұрақ. Кейде орысша құйылып келгенде, орысша жазамын. Ал, бірақ ол шығармаларды қазақшаға аудара алмаймын.

    Жыршылық дәстүрдің қазіргі күйіне ептеп қанықтық. Ал енді аға буын ретінде жас ақындардың өлеңіне қандай баға бересіз?
    Көпшіліктің алдына шықса, “ой, фәни жалған”, “қамшының сабындай қысқа ғұмыр” деп тұрады. Шалдар айтсын, үлкен кісілер айтсын, жастарға не жорық?! Жандарым-ау, әуелі өмірді сүріп алсаңдаршы. Той-жиында да солай сөйлеп тұрады. Өмір бар жерде өлім бар. Ол –заңдылық. Ал, бірақ жап-жас балалар сары уайымға салынып тұрғанда, жаның ашиды тура. Ертең жастары ұлғайғанда қандай өлең жазады? “Әрбір жұтқан демге де қыл шүкірлік, Әрбір татқан дәмге де қыл шүкірлік, Күнге шүкір, шүкір және түнге де, Тіршіліктің әр сәтіне шүкірлік”. Шүкірлік – Аллаға рахмет деген сөз. Солай емес пе?!

    Бір сұқбатыңызда “менің екі арманым болды: футболшы болу және жазушы болу” депсіз. Кейде “бәрін қойып, футболшы болуым керек еді” дейтін кездеріңіз болады ма?
    Бала кезімдегі ең үлкен екі арманым болатын. Футболды қызығып, жақсы ойнадым. Әй, бірақ футболшы бола алмайтын едім. Өйткені оқуы екі бөлек, бәрібір әдебиетті қуатын едім. Әрі осыған байланысты жеке басымызда трагедиялық жағдай да болды. Бұл жөнінде мен “Бақыттың бір үлесі” деген әңгімемде жаздым. Әлі күнге немерелеріммен футбол ойнаймын. Қыстыгүні сырғанақ жасап, сырғанақ теуіп ойнаймыз. Өңкей 10-12 жасар балалардың арасында 63 жастағы мен де жүгіріп футбол ойнаймын. Ол бір қайталанбас қызықты шақ, тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.
    Үйдегі апай туралы айтыңызшы...
    Апайыңды неменеге сұрайсың?! (күледі-ред.) Жақында “Өмірлік менің серігім” деген өлең жаздым, ұлым Нұрлан әнін шығарды. Сол әнде бәрі айтылған. Бұл бір ғажап адам, шынын айтқанда. Қара шаруаның адамы. Жұрт әйеліне жұмыс істете алмай жатқанда, біз тоқтата алмаймыз. Әкесі, қайын атамыз еңбекқор адам еді. Малсақ болды. Сол кісіге тартқан шығар. Алматыда қызмет істеп жүргенде шешем ауырып, ауылға көшіп бардық. Араларына бір жыл салып әуелі шешем, сосын әкем қайтты. Сол кезде айтыстан бір қалмадым. Атасын өзі жуындырып, батасын алып, өз қолымен жөнелтті. Жасымыз ұлғайған соң ба, әйелімізді көп мақтайтын болдық қой (күліп). Көп айтпаушы едік. Төрт балам бар. Бұйырған бірер “жамандарым” бар. Қарап отырсаң, Алла тағала өмірді керемет жаратқан ғой. Адам баласы соны түсінбей бүлдіреміз. “Жүрегіңе сыйғыза алсаң болғаны, күллі ғалам саған сыйға берілген”. Солай ғой?! Мәшһүр Жүсіп атаңның өлеңі бар: “Тілей бер бір Құдайдан өз бағыңды, басқаның қақысына көңіл бөлме” дейді. Осыны қазір небір экстрасенстер, психологтар жаңалық ашқандай айтып жүр. Күпіршілік қылмай, асылық айтпай, өзгенің бағын қызғанбай, өз бағыңды қадірлей алсаң, өте жеңіл жүресің. Сөздің тоқ етері - осы.

    Асығыс болсаңыз да, уақыт тауып сұқбат бергеніңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Талғат Тілеулесов: “Қазіргі ақындар жап-жас боп, өмірден баз кешіп жүреді”
  • Сағындық Ниянқұлов: Артықтау «мінезінен» өлеңдерім жарық көрмейді
  • Гүлімай Қуанышева: “Iшімде “өгей Гүлімайды” ертіп жүремін”
  • Аян СЕЙІТОВ: Менің барым да, нарым да – айтыс
  • Төрежан МӘНДІБАЙ: Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге