Нұрлыбек Қалауов: “Қазір “ұры” айтыскерлер көбейіп кетті”

    Ол Ойылының ыстық құмын Алматының асфальтына айырбастамаған қаламгер. Ол бір көргенде жаны нәзік, көп сөйлемейтін, сабырлы көрінгенмен, азаматтық лирикасы жанып тұрған от дерсің. Ол - Ақтөбенің “Нұрағасы”, бүгінде ел ағасы. Ол – айтыстың ардагері, ұстаз, журналист. Ол – ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, айтыскер, ақын Нұрлыбек Қалауов.

    Аға, әңгімемізді сіздің “Сыр” деген өлеңіңізден бастайықшы. Бірнеше қайтара оқимын. Көп ақында кездеспейтін ұйқас. Сосын өлеңде біраз жайттың басын ашасыз. Өкініш, бақытсыздық, шайыр болу...Тарқатып айтыңызшы.
    Мен саған былай түсіндірейін. Менің ең алғашқы өлеңім 4-сынып оқып жүргенде сонау 60-шы жылдары “Қазақстан пионері” газетінде басылды. Ойыл ауданына қарасты Қайыңды жеті жылдық мектебінде оқимын ол кезде. Директордың талабы сондай ма, бастауыш сыныпта оқушы екі деген баға алмайтын. Екі қойдырмайды да, себебі ол бала білмесе, дұрыстап үйретпеген мұғалім кінәлі боп шығады. Бір күні біздің сыныптағы оқушы екі алып қалды. Біз үшін сол трагедия болды. Өзі ұрыншақ, тентек, қарап жүріп қыздарды жылатып қоятын әлгі. Содан осыны мазақтап өлең жаза-
    йыншы деген ой келді. “Парталардан секіріп, асау тайша тулады” деп жазып, әкеме айтпай, “Қазақстан пионері” газетіне салып жібердім. Ойымда түк жоқ. Бір айдан соң әлгі шатпағым “Тентек” деген атпен басылымда шығып тұр. Оны алғашында білген жоқпын. Сабақ үстінде бәрімізді линейкаға жинады. Содан директорымыз Абдолла Қожақов деген кісі қолындағы газетін нұсқап: “біздің ортамыздан ақын шықты, ол 4-сынып оқушысы Нұрлыбек Қалауов” дегенде жүрегім тоқтап қала жаздады. Бәрі құттықтап жатыр. Сол оқиға мені қанаттандырып жіберді.

    Тентек досыңыз сізге ренжіген жоқ па?
    Бәрі оған “мынау сен туралы өлең”, “сені жазған” деп айтып жүрді. Ол досым ренжіген жоқ. Ол уақытта бізде бауырмалдық сезім басым тұратын. Қазіргінің балалары болса, бұртиып үйіне айтып баратын шығар?! Қайта бәрі арқамнан қағып, қуанып жүрді. Сондағы қызықты қарасайшы. Жаңағы газетті төс қалтама бүктеп салып алғанмын. Әлсін-әлсін мал жайғап жүріп те оқимын, қораның сыртына да шығып оқимын, сиырға шөп салып тұрып та оқимын. Кешке дейін қайта-қайта оқыдым ғой (күлді-ред.) Ал, сіз айтып отырған өлеңнің жазылуында бір ерекшелік бар. Мұнда әр жол түгел ұйқасады. Бұндай тек Қасым Аманжоловта бар. Шын мәнінде менің өкініштерім жоқ. Ең бірінші өкінішім: журналистика факультетіне түсе алмай қалғаным болатын. Мүмкіндік туып тұрды. Дегенмен, менің алдымдағы бала кенеттен қайтыс болып, әке-шешем алысқа баруымды қолдамады. Ол ағам енді шынында суырып салма ақын еді. Өте талантты бала болды. Содан әке-шешем шаршап қалды, шешем өзі бұрыннан ауыратын, одан сайын ауру болып қалды. Ол уақытта филология жоқ, педагогика институтына физика-математика мамандығына келіп түстік қой. Бірақ өлеңді тоқтамай жазып тұрдым. Алматыға барып, журналистикаға түсіп, сол жақта тұрғанымда деген өкініш көпке шейін мазалап жүрді. Өлеңнің шығу тарихы – осы.

    Ең бірінші рет айтысқа қатысқаныңыз есіңізде шығар? Ол кездің айтыстарының ерекшеліктері қандай еді?
    1977 жылы Байғанин ауданында Нұрпейіс Байғанин атамыздың ескерткіші ашылатын болды да, мені сол айтысқа шақырды. Енді өлеңдерім шығып жүр, ел-жұрттың ақын деп таныған кезі. Әкемнен рұқсат сұрадым. “Өзіңе сенсең қатыс, сенбесең мына ауыл-ауыл арасында айтып жүргенің жарайды” деді. Намыстанып кеттім. Бірақ ол кезде айтыстың шарты басқаша. Коммунистік партияның гүрілдеп тұрған уақыты. Айтысатын болсаң, комиссия алдын-ала айтатын сөзіңді қарайды. Коммунистік партияны, Ленинді мақтайтының тағы бар. Содан бірдеңелерді шатпақтап жазып, комиссияға тапсырдым. Жақсылық Айжанов екеуміз айтысатын болдық. Ол әлгі Ойылдың жағдайын айтып, құрылысының тұралап тұрғанын тілге тиек етсе, мен айдалаға шауып, шопандарды мақтаймын. Саңырау мен кереңнің сөйлескені сияқты әңгімеміз үйлеспей қойды. Сосын не істедім? Осы соңғы айтысым шығар, не болса ол болсын дедім де, жанымнан шығарып айтыстым. Арасында ащы-ащы ойларымды айтып-айтып аламын да, алдымдағы қағазыма қарап қойып, жазғанымды оқимын. Қызық енді. Сөз арасында айта кетейін: мен Ғарифолла Құрманғалиевтің алдында ән айтқан адаммын. Сондықтын әншілігім де бар, сыналап айтқан сыным да орынды болған шығар, әйтеуір не керек бірінші орын алдым. Енді айтыспаймын деп жүріп, айтысып кеттік қой (күлді-ред.) Талай-талай айтыстарға қатыстық. Құр қалғанымыз жоқ. Қатты өкініп кеткен кезіміз есімде жоқ, жылаған кездеріміз болды. Эмоцияның адамдарымыз ғой. Кейде төрешілер өзіңнен төмен адамды жоғары бағалап, әділетсіздік жасағанда, Сабыр Адаймен мұңдасып шер тарқататынбыз. Ақынның нағыз бағасын беретін халық қой. Бәйге алу мақсат емес, көкейдегі сөзімді айтып кетсем деп уайымдайтынмын. Айтыс ақындарының тілінің байланып қалатыны бар. Айтатын нәрсесін айта алмай былжырақтап, шабытына келмей, бабына түспей қиналады. Менің ең қорқатыным сол болатын. Ағыл-тегіл жырлап, қарсыласыңды тұқыртып, жанып отырсаң, ол бір жанның рахаты. Тіпті ондай кезде бәйгенің де керегі жоқ. Бір жолы Фариза апамыз айтысқа әділқазы болып келіп, үзілісте мені қасына шақырды. “Мені танисың ба?” деді. “Танимын”. “Қәне, бір өлеңімді оқышы” деді. “Екі өлеңіңізді, үш өлеңіңізді оқиын” деп, өлеңдерін оқып жатыр едім, болды-болды деп санымнан қақты. Қатты риза болған болуы керек, суретім мен бірнеше өлеңдерімді сұратты. Ауылға қайтып кеп, кәдімгідей дайындалып, өлеңдерімді іріктеп жазып, салып жібердім. Көп ұзамай “Лениншіл жасқа” жарқ ете қалыппын. Содан кейін апамды пір тұтып кеттім.

    Өткен айтыстарды сағынатын кездеріңіз болады ма?
    Сағынатын кездерім болады. Қазіргі айтыстар жалықтырады. Неге? Мысалға, ұры айтыскерлер көп, көбі жазба, жаттама. Ақтөбеде айтқанын Көкшетауда, болмаса Қарағандыда, Шымкентте айтады. Бізді байқамайды деп ойлай ма екен?! Ал, біздің кезімізде ондай болған жоқ, кіммен айтысатынымызды да білмейміз. Айтыс басталардан бұрын қарсыласыңды көрсетеді, танымасақ сол жерде танысамыз. Сонымен, сахнаға шығып кете береміз. Нағыз суырып салма айтыс болатын ол уақытта. Мысалы, қазіргілер күні бұрын жаттап алып, Есет атаның айтысында жесірлердің көбейіп кеткенін, жер-судың тартылғанын, имансыздықтың белең алғанын жырлайды. Тыңдап отырған адамға керемет, әрине. Бірақ...

    Есет Көкіұлының айтысы қалай өтті?
    Айтыс жақсы өтті. Айтыс керек. Өзім бел ортасында жүрген соң, сынап жатқаным ғой. Қалай болғанда да, айтыс өте беру керек. Әр дәуірдегі айтыстың өзіндік ерекшелігі болады. Біз қазіргідей тереңдеп барудан гөрі, шабыттану жағына баса мән беретінбіз. Өзім 2000 жылдардан бастап айтыскерлер мектебін жүргіздім. Ақтөбеде ізбасарларымыз бар. Қазіргі таңда мектепті Оралбай Кәметия деген шәкіртім басқарып, ауыл-аудандарды аралап, айтыс өткізіп жүр.

    Республикалық айтыстарға талай рет қатыстыңыз, Фариза апаңыздың өзі “бұл өзі ақын болып туған бала” деп баға беріпті кезінде. Алматыға көшіп барып, шығармашылығыңызды шыңдау ойыңызда болды ма?
    Менің өзіме қойған шартым мынадай еді: мен егер ақын болатын болсам, Алматыда тұру міндетті емес. Ақын болатын болсам, ауылда жүріп те мойындатуыма болады. Осы ойға келуіме ұстазым, ақын Мұхтар Құрманәлиннің “ақын қайда да ақын емес пе?!” деді бір сөзі қатты әсер етті.

    Өмір жолыңызды қарап отырсам, мектептен бастап берісі кітапхана директоры сияқты кілең басшылық қызметтерде болыпсыз. Жауапты істерде жүріп, сезімге берілу, сырлы өлең жазу мүмкін бе?
    Басшылық қызметтің ақындыққа зияны бар. Себебі бастық болу – ол жауапкершілік, қарамағыңдағы адамдардың тағдыры. Арасында айтысқа қатыссаң, мектебіңде бір жағдай болып қалады. Қатыспайын десең, ол-ауданның бұйрығы. Сөйтіп жүрген кездер болды. 24 жасымнан бастап мектеп директоры болдым. 10 жыл Құрманның мектебін басқардым. Үлкен ұжым қалыптасты, медалистер шықты, үш қабатты мектеп салдық. Аудандық газетте бір жылдай хат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істедім. Маған дейін газетке жылына 70 шақты хат келеді екен. Көбісі арыз-шағым. Содан ауыл-ауылдан талантты балаларды тарттырып, жазғандарын өңдеп жіберіп, газетке бастық. Мен жұмыстан кетерде жылына мыңнан аса хат келіп түсетін болды.

    Ақтөбе облыстық зағип жандар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананы басқардыңыз ғой. Қандай проблемалары бар?
    Көз мүгедектері туралы көп айтуға болады. Қоғамның көзқарасы жаныма батады. Олар да-біз сияқты шаруасы бар, кітапханаға немесе дәрігерге бара жатқан адамдар. Қоғамдық көлікке мінсе, “осылар неге үйге отырмайды екен” деп кейиді. Көзі нашар көретін адамға “көзің жоқ па, былай тұрсайшы” деп итереді. Осындайлар жағдайларды көп естимін. Ол адамдардың ішінде де өнерлі, оқуға құштар, еңбекқор адамдар өте көп. Көбісі кітапхана жанынан ашылған цехте тігін тігеді, біразы массаж курсын бітіріп шықты. Бір қиындығы, кітап жеткіліксіз. 40 мыңдай ғана кітап бар. Брайль әліппесін көбісі меңгеріп кете алмайды, кітап оқитын магнитофондар өте аз. Ескі магнитофондар жаңадан шыққан кітаптарды оқи алмайды. Дискілік кітаптар жасайтын мекемелер ісіне салғырт қарайды. Оларға қазір Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің әндерін көбейтіп басу тиімді болып тұр ғой. Қазақ тіліндегі дискілер жоқтың қасы. Осындай мәселелеріміз бар.

    Бір жыл бұрын зейнеткерлікке шығыпсыз, аға. Шығармашылыққа түбегейлі бет бұрған шығарсыз?
    Қызыл Тұрдалыұлы деген Ойыл өңірінің тумасы, әнші, композитор, палуан, күрескер ақынның жоқтаушысы жоқ. Өзі 1860 жылы туып, 1921 жылы аштықта аштан өлген екен. Көкжар жәрмеңкесінде Мұхитпен танысып, шәкірті болған. Сол туралы жинаған деректерім бар. Және де Жиеналы ишан Ізбасарұлы деген үлкен діни қайраткер болған. Бірнеше жерде мешіт салғызып, Ойыл, Жем, Сағыз өңірлерінің діни қызметкерлерін оқытып, патшалы Ресейге қазақтан солдат бермеуге әрекет еткен адам. Кейін Ойылдың басында ақтар басын шауып өлтірген. Қызыл Тұрдалыұлы екеуі құрдас, бір ауылдан шыққан. Екеуіне арнап зерттеу кітабын жазып жатырмын. Материалдар көп. Кезегімен сөйлету керек. Тек осы Ойыл өңірінің өзінде осындай зерттелмей жатқан адамдар өте көп. Әсіресе, еліне еселеніп еңбегі сіңген діни қайраткерлер аз жазылған. Шама-шарқымыз жеткенше осы кісілердің есімін жарыққа шығаруға сеп болсақ дейміз. Қазіргі жұмысым – осы. Одан бөлек бәйбішем екеуміздің “жұмысымыз” – ол немере бағу.

    Сұқбатыңызға көп рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Талғат Тілеулесов: “Қазіргі ақындар жап-жас боп, өмірден баз кешіп жүреді”
  • Жұлдыз Қожабекова: Ақтөбелік айтыскерлерге моральдық және материалдық қолдау қажет
  • Қайнар Алагөзов: Ағаларыма теріс жағымнан көрініп қалған сияқтымын
  • Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл
  • Аян СЕЙІТОВ: Менің барым да, нарым да – айтыс
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге