Айжан Табаракқызы: «Қуанып жүріп, өлең жазатын ақынды көрмеппін»

    Ол – ақындықты мұрат тұтпайды, ол үшін өлең – бір сәттік көңіл-күйдің көрінісі. Оның мінезі, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі ер-жігітке тән, бірақ жырлары – нәзік, шынайы, мөлдір лирика. Ол кейде жалғыздықты аңсап, күз боп мұңаяды, кейде дауылдатып, құйындатып өтеді. Ол -Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, республикалық жас ақындар жыр мүшәйраларының лауреаты, «Әдебиет» порталының редакторы, ақын Айжан Табарак.

    Айжан, Ақтөбеге қош келдіңіз! Бірінші рет бұл жаққа табан тіреп отыр екенсіз әрі жүлделі болдыңыз. Құтты болсын! Ел-елді аралағанды жақсы көресіз ғой. Ақтөбеге келгендегі алғашқы әсеріңіз қандай?
    Рахмет! Қолыма ақша түссе, саяхаттағады ұнататыным рас. Ақтөбеде рухани орта қалыптасқан. Шағын қала бола тұра «Өнер орталығы», «Жұбановтар әлемі», «Шығармашылық академиясы» бар қала екен. Сол жағы ұнады. «Жұбановтар әлемінің» ішкі интерьері қатты ұнады. Бұндай ғимаратты бірінші рет көруім. Қыздарға «Қарғалы» деген өзенге алып барыңдаршы» деп өтініп едім. Қазір соған барамыз. Сосын Ертай Ашықбаевты көрсем деп едім (күлді – ред.). Марапаттау кезінде болыпты, бірақ көре алмадым. Ғазиза Жұбанованың 90-жылдығына арналған республикалық конкурста 22 ақыннан 70 шақты өлең бәйгеге түскен екен. Жабық мүшәйра болған соң, өлеңдерімізді 2 ай бұрын бүркеншік атпен жібердік. Бізге жүлде қоры, қазылар алқасы туралы ешқандай ақпарат берілген жоқ. Қорытындысы бойынша бас жүлде маған бұйырыпты. Марапаттау кезінде белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлы ағамыз да «Сенің өлеңдерің екенін білген жоқпыз...» деп өз пікірін білдіріп жатыр. Бізге жүлдеден бұрын алдыңғы буын ағалардың осындай бір ауыз жылы пікірі көбірек қуантатынын жасырмаймын....

    Сұрағым ыңғайсыз болса да қояйын. Келмеген, көрмеген жер туралы өлең жазып, бас жүлде алдыңыз. Тақырып Ақтөбенің тарихы, Ғазиза Жұбанованың өмір жолы туралы екенін айтып отырсыз...
    Осы сұрақ алдымнан шығатынын білгем... Менің өлеңім Ақтөбе туралы емес, лирикалық өлең болды. Қарғалы деген өзен туралы, сол өзеннің жағасындағы жастардың бір-біріне берген серті жайлы. Арасында замандас құрбым Индираны мазалап, ақпараттар сұрастырдым. Қарғалы өзенін сол үшін көруге құмартып отырмын. Шыны керек, ол өлеңге өзім дұрыс баға бере алмаймын. Ал, Ақтөбе маған жат емес. Себебі, бұл жер талай қазақтың аймаңдай тұлғаларын тудырған қасиетті топырақ қой. Өзгесін айтпағанда өзім өлеңдерін жатқа оқитын Ертай Ашықбаев ағамыз, Мейірхан Ақдәулетұлы, Бауыржан Бабажанұлы, Жанна Елеусіз, Гүлімай Әбішқызы, Гүлжайнар Қалдина сынды ақындарының өзі төбе...
    Айжан Табаракты шығармашылық орта, өлең сүйетін қауым жақсы білер. Ақтөбе жұртшылығына өзіңізді таныстырып өтсеңіз...
    Туған топырағым – қазақтың байырғы жері Моңғолиядағы Байбесік деген жердің Ақкөл деген кішкентай Қаратөбел ауылы. Мектеп бітірер кезде мені рухани қолдап, болашағыма алаңдаған ұстаздарымның нұсқауымен Қазақстанға келдім. Шынымды айтсам, Моңғолияда қалғым келмеді. Ол жақта әлеуметтік жағдайымыз да онша болған жоқ. Қоныс аударардан бұрын екі жыл уақытымды қазақ елінің тарихын, мәдениетін оқуға арнадым. Қазақстанға келгеніме 13 жыл болды. Негізгі мамандығым – экономист. Сол салада біраз жыл қызмет еткен соң, филология саласына ойысып, қазір сол дипломмен журналистика саласында қызмет істеп жүрмін. Ата-анам ертеректе Моңғолияда қайтыс болған. Құдайға шүкір, ағаларым, әпкем, бір інім бар. Барлығы Ерейментауда тұрады.

    Өлеңдеріңіз пессимистік сарында жазылған. Бұған әке-шешеден ерте айырылып, оларға еркелей алмай қалғаныңыз себеп пе?
    Мені осы сұрақ шаршатады... Мен негізі осы уақытқа дейін қуанып жүріп, өлең жазатын адамды көрмеппін. Егер бар болса, маған оқытыңыз. Ондай кезде адам өлең жазбайды. Міне, қазір бас жүлде алып, қуанып отырмын. Қаншама адамдар құттықтап жатыр. Қуанышты бөлісуге болады. Ал, ішіңдегі қайғыңды, шеріңді, сағынышыңды өзің ғана көтересің. Мүмкін жақын досың болса айтарсың. Ондай адам болмаса ше? Өлеңге айтасың. Біз қайта бақыттымыз, өлеңмен сыртқа шығарамыз. Жай адам ондай дүниелерді қалай арқалап жүреді екен?!

    «Маған өлең көп көмектесті» деп осыны меңзеп тұрсыз ба?
    Әуелі Алла шығар... Атамекенге келгеннен кейінгі тағдырыма өкпем жоқ. Грантқа оқуға түсе алмай, ақылы оқысам да, жұмыс істедім. Ағайын-туысым жанымда. Өзім дінге келдім. Шын мәнінде біздің өмір сүруіміздің басты қағидасы ол – Құдайды тану екенін түсіндім. Өлеңнің шыңы – ақиқатты тану. Өлең маған осы жағынан көмектесті. Жақсы адамдармен таныстым, жанында жүрдім...

    «Оңашада отырып (кешсін Құдай), Өмір деген – өлең деп пал ашамын» дейсіз бір өлеңіңізде. Нені меңзегеніңіз?
    Өлеңге қатысы бар адамдардың басынан мистикалық жағдайлар өтіп жатады. Мұқағали ақын қанша ғұмыр жер басып жүретінін алдын – ала айтып кеткен. Ника Турбина қалай өлетінін өлеңмен суреттеп кеткен. Ника Турбинаның біраз өлеңдерін аударып шыққанмын. Өмірі әсер етті ме екен, кумиріме айналып кеткелі біраз болды. Никаның таланты бала жасында күллі Одаққа тарап, әйгілі болғанмен, өсе келе оны ешкім елей қоймады. Адамды не өлтіреді? Елемеу өлтіреді. Жалпы өз басым өлеңді тегін нәрсе деп ойламаймын. Бұрын мұндай тақырыпта ой қозғап көрмеппін. Деңгейім жетпейді деп ойлап келдім бе екен. Ақындардың түйсігі жай адамның түйсігінен гөрі жақсы дамыған деп ойлаймын. Олар күзді жақсы көреді. Мен де күзді жиі өлеңге арқау етем, күзге мұңымды шағамын. Мұның себебін ғылыми тұрғыда қарайтын болсақ, күзде жапырақтар сарғайып, шөптер қурап, күннің жылуы азаяды. Сол кезде табиғат энергияны адамнан тартады екен. Көңілсіздік, депрессия содан пайда болады. Біз де сол көңілсіздікті бастан кешеміз.

    Өлеңдеріңіздің барлығы өміріңізден алынған ба?
    Өлеңді әдебиет үшін жазған емеспін. Кейбіреулер соған машықтанып, әдейілеп ізденіп жазып жатады. Маған өлең жаздыратын: реніш, сағыныш, торығу. Қолдан тағдыр жасау деген жоқ. Өзімнің бұрынғы сүрген тағдырым ғұмыр бойғы өлең жазуыма жетеді. Өлең жазу үшін ондай тағдыр тілемеймін өзіме. Егер бәрі жақсы болып, өлең жазбай кететін кезге жетсем, шексіз қуанушы едім. Ал, қазіргі жастардың өлеңдерінен білімнің иісі аңқып тұрады. Біз енді қара дүрсін сезіммен жазсақ, олар шетел әдебиетінің үлгілерін алып келіп жатыр. Жас ақындарды жиі қадағалап, өлеңдерін оқып жүремін. Маған ұнайды. Олардан көп нәрсе үйренуге болады.

    «Ақында адамзаттан дос болмайды, тек қана мұңын шағар қаламына» дейді ғой. Қара қаламнан өзге ақ, адал достарыңыз көп пе? Ақындардың арасында шынайы достық деген бола ма?
    Мен енді досым жоқ деп айтсам, жанымда жүрген жақындарым ренжіп қалар. Бірақ кейінгі кезде байқағаным, менің өмірімдегі дос деген ұғым – ол ақша сияқты. Менде ақша кейде бар, кейде жоқ. Әсіресе керек кезінде ақша таппай қиналып қаламын. Достарым да сол сияқты. Дос деген не? Дос деген – жай бір тізесіне басыңды қойып, жылап алатын адамың. Ал, ешкімнің алдында жылай алмайсың ба, көз жасыңды көрсете алмайсың ба, ол саған дос емес. Ал, менің жыламағаныма көп болды... (күлді – ред.). Ақындардың арасында шынайы достық деген бола ма жоқ па дегенге бәрінің атынан жауап беруге болмайтын шығар. Қызғаныш болатын сияқты... Қазақта бір жақсы сөз бар: «ол неге менен асып кетті деме, мен неге одан қалып қойдым деп ойлан» деген. Бұл сөзді бәріміз білеміз, бірақ «ұмытып» кете береміз...

    Өлеңдеріңіздің «иесі» өмірде бар адам ба әлде «ақ бұлттан» жасап алған образыңыз ба?
    Жиынтық образға жазамын. Біреудің көзі ұнайды, біреудің сөзі ұнайды. Ақындар өмір бойы бір адамға арнап өлең жазады дегенге өз басым сенбеймін. Жұматайға да Ләйласы прототип болған шығар. Жиынтық образдардың бәрін жинап әкеп Ләйланың «қалыбына» сыйғызған шығар?! Білмеймін ғой. Маған бәрі солай көрінеді...

    Қаншама өлеңдеріңіз бар. Ал, жинағыңыз біреу-ақ. «Сен жыламашының» жалғасы қашан шығады?
    Өкінішке қарай, мемлекеттік тапсырысқа жылда өтпей қаламын. Оған не, кім кедергі екенін білмедім. Қайырлысы осы шығар. Әдебиетте кемелденіп алу үшін шықпай қала берген де жөн бе екен...Осыдан 1 жыл бұрын поэзияны жақсы көретін Қорлан Қалиева деген апай «сенің өлеңдерін жинақ боп шыққан ба?» деп сұрады. Шықпағанын айтып едім, қаржылай көмек беріп, алғашқы кітабымның жарық көруіне себепші болды. Азды-көпті оқырмандар кітап шыққанын біліп сұрай бастаған соң, «Меломанға» кітап дүкеніне сатылымға қойғымыз келді. Бірақ, олар қазақ тілді кітаптардың өтпейтінін айтып, аз ғана данасын әрең алған. Бір аптадан соң өздері хабарласып, қайта кітап жеткізіп беруімізді өтінді. Сөйтіп жүріп бәрін солар сатты өзі... (күлді –ред.). Қазір де жеке поштама кітабымды сұрап, жазатындар өте көп. «Кітап оқылмайды» дейміз ғой, бірақ біз соны оқылатындай етіп жазбаймыз ғой. Білмеймін, екінші жыр жинағым шыққанша өлеңімді қойып кетпесем болғаны (күлді – ред.). Әу бастан ақын болуға ұмтылған емеспін. Отбасын құрып, таңдау түсіп жатса, өлеңді орта жолдан тастап кете беремін. Жастар жазсын, біз қартайдық (күлді – ред.).

    Өлең жазудан бөлек бізге беймәлім қандай қырларыңыз не хоббиіңіз бар?
    Мен өзім теннисті қатты жақсы көремін. Кезінде үлкен тенниске барғым келген, көру қабілетім нашар болды. Қазақстандық Зарина Диясқа және Мариа Шараповаға жанкүйермін. Соңғы кезде Шарапова доппинг мәселесінен кейін ұнамай жүр. Заринаның фанатымын, әр ойынын қалт жібермей көремін, рейтингісін бақылап отырамын.
    Ашық сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Талғат Тілеулесов: “Қазіргі ақындар жап-жас боп, өмірден баз кешіп жүреді”
  • Фариза атындағы мүшәйра өтті
  • Гүлімай Қуанышева: “Iшімде “өгей Гүлімайды” ертіп жүремін”
  • Гүлжайнар Қалдина: “Балалар қызығып оқитын кітап жоқ”
  • Ертай АШЫҚБАЕВ: ...Түн ішінде жарқырап, көзге онша түспеймін ғой күндіз мен...
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге